109
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Ақын жөнінде қаңқу көп: «Олжас қазақ тіліне мемлекеттік
мәртебе беруге қарсы болған екен», – дейді.
Қазақтың басында тоталитаризмнің қамшысы ойнап тұрған
кезде «ұлтшыл» атанған Олжас ел-жұрты егемен болғанда енді
«космополит» атанғалы тұр ма?! Ақынға жабылмаған жала бар ма
еді: Бұқар жырау – «ханшылықтың жаршысы», Шортанбай – «кері
тартпа», Мағжан – «халық жауы», Қасым – «ұлтшыл», Мұқағали –
«маскүнем».
Оған әлі күнге дейін әртүрлі құйтырқы сауалдар қойылады:
– Сіз неге орыс тілінде жазасыз?
Немесе:
– Сіз қай халықтың ақынысыз осы? – дегендей сұрақтар.
– Өлеңімді орыс тіліне тәржімалап бер деп көрінгенге көзтүрткі
болмайтын қазақ ақынымын! – дейді ол.
Әрі қысқа, әрі нұсқа.
Олжасты көшедегі көрінген пенденің түсініп, оған көрінген
пенденің тұщынуы шарт емес. «Менің шығармаларым елдің бәріне
ұнауы мүмкін емес», – дейді А.Вознесенский. – Елдің бәріне
ұнайтыны кір жуатын порошок – «Новость».
Олжасты қырғыз Айтматов, башқұрт М.Кәрім, орыс Возне-
сенский, тәжік Каноғат, литван Марцинкиявичус, латыш Вациетис
жанындай жақсы көреді. Олардың бәрі де бір-бір халықтың бетке
ұстар ұлдары. Бір өзі бір-бір ұлттың өзекжарды ойын айтып жүрген
жақсысы мен жампозы!
...Мен оны алғаш рет 1975 жылы Павлодарда өткен жас ақын-
жазушылардың аймақтық кеңесінде көріп, аң-таң қалған едім.
Уыздай жас. «Поэт красивым должен быть, как бог» деп өзі айтқан.
Біз ер жігіттің сұлтаны Сәкен ағаны көре алмай қалған буын быз.
Бірақ, бізге талай ортада тамсана айтып жүруге Олжас ағаның асқақ
тұлғасы жетіп жатыр еді.
Кейінгі кезде ағамыздың шашы бурыл тарта бастапты. Қазақтың
басына түскен ХХ ғасырдың зіл батпаны оның да иығын жан шып
бара жатқандай. Бірақ Ақын әлі асқақ тұр.
«Табаны жерде тұрғанда тапжылмайтұғын Антейдей (К. Мырза-
беков)» – тәкаппар! Ол қашан көрсең де осы қалпында.
Оның ең сұлу кезін, ең тәкаппар сәтін мен 1989 жылдың ақпа-
нында көрдім. Алматы. Қазақстан Жазушылар одағының үйі нің
алды. Халық – құж-құж.
– Уа, бұ немене тағы? – дейміз үрейленіп. Өйткені осыдан үш
жыл бұрын Алматыда желтоқсан оқиғасы болып, ел-жұрт ұлардай
шулаған-ды. Тағы да соған ұқсас бірдеңе болып қалды ма деген күдік
қой баяғы.
– Олжас сөйлеп жатыр! – дейді біреулер. Өзі көрінбейді. Елден
ерекше ер-жігіттің дауысы – Олжас дауысы саңқылдап тұр.
110
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
– Қайда барасың, өңмеңдеп! Бәрібір ішке кіре алмайсың! – дейді
қасымдағы маған жақтырмай қарап. – Халық Олжасты сыртқа
шақырып жатыр. Қазір шығады ғой...
Айтқандай болған жоқ, алпамсадай Олжастың асқақ тұлғасы
көзге шалынды. Аруақ қонған арқасы қозып, Ақын сөйлеп тұр. Сөз
төркіні – Семейдегі экологиялық жағдай. Сөз түйіні – дүние жүзінде
ядролық сынақты біржолата тоқтату мәселесі.
Бұрын-соңды мұндайды көрмеген, бұрын-соңды мұндайды есті-
меген ел-жұрт ішінен тынып, үнсіз тұр. Төбеде – тоталитарлық қо-
ғам дық жүйе. Төрде – коммунист-хатшылар тұрған заман ғой – бұл.
– Бауырым-ай! Бар екенсің-ау?! – деді біреу қазақша.
Біреулер жылап жіберді. Мен де егіліп қоя бердім...
Алматы Алатаудың қойнына сыя алмай, дүрлігіп бара жатты.
Олжастың сондағы сұлу кескін-келбеті, тәкаппар тұлғасы әлі көз
алдымда.
«Семей-Невада» қозғалысы сол күні аттандап, атқа мінді.
Олжас Сүлейменов – Алла тағаланың Алашқа бере салған алтын
айдарлы ұлы. «Жабағылы жас тайлақ, жардай атан болған жер,
жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер, жарлысы
мен байы тең, жары менен сайы тең; балығы тайдай тулаған, бақасы
қойдай шулаған (Қазтуған жырау)» қайран қазақтың зұлымдық пен
зобалаң атаулыға кеткен есесін қайтару үшін Тәңірі осы Олжасты
қарымтаға туа салған секілді! ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың өлі
арасында иісі қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген қартына
дейін аузына қарап отырған тұлғасының бірі осы – Олжас
Сүлейменов! Тұлға дегеніміз – жаћан дүниеге жыланша ысқырып,
қол астындағы бейкүнә елін билігімен арбаған қаћан Шыңғысхан,
император Цезарь, фюрер Гитлер, генералиссимус Сталин де емес,
француз Дидро, ағылшын Шекспир, американ Уитмен, неміс Гете,
орыс Пушкин, қазақ Абай сынды, Қазтуған жырауша бейнелеп
айтқанда: «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі, қары ұрымы
Сұлтандайын жүрісті, айдаса қойдың көсемі, сөйлесе – қызыл
тілдің шешені, билер отты би соңы, буыршынның бұтар шайнар
аузы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы, бұлт болған Айды ашқан,
мұнар болып Күнді ашқан» қасқалар болады!
Олжас — аңызға айналған тұлға. Өзімнің сүйікті геройымның
ғұмырнамасындағы ақиқатты ашып айтқым келген соң ба, аңызына
да соқпай кете алмай барамын. «Жаманның артынан бөз ереді,
жақсының артынан сөз ереді» – дейді қазақ. 1986 жылы Брежнев
алаңынан шыққан бір топ өрімдей жас Қазақстан Жазушылар одағы
үйінің алдына келіп:
– Мағжан!
– Сәкен!
– Олжас! — деп айқай салыпты.
111
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Олар сол кезде ұлтына арқа сүйеу болар Алатаудай тұлға іздеді.
Олжас – жоқ!
Сол күні Олжас ағамыз қайда болды екен? Ел-жұрты егіле
іздегенде есіл ер қайда отырды екен сол күні?! «Империя белгілі бір
бодан ұлттың басына найзағай ойнатар тұста сол елдің сөзін сөйлеп
шығатын азулы деген ұлдарының аузын алдын-ала жауып тас тайды
екен, – дейді бір білгіштер. Ол да мүмкін. Иә кім біледі, мұның
бәрі алыпқашпа сөз де болар, халық өзін қалтқысыз сүйетін ұлдары
туралы осындай таңғажайып аңыздар шығара береді.
-3-
АНТИ-ПОЭЗИЯ бүгін алшаң-алшаң басады. Кремльдің
Свердлов залында аппақ нейлон көйлек, қара костюм-шалбар
киіп, шоқпардай галстук тағынған кеңес шенеуніктері мына жарық
дүниенің діңгегін өз қолымен ұстап тұрғандай шалқақ-шалқақ
етеді. Бұлардың сұсты суреттері мереке сайын империя алаңдарына
айрықша айбар беріп тұрушы еді. Оларды еңбектеген баласы,
еңкейген кәрісі бар, қалың ел жапа-тармағай қолдарына ұстап,
көшеге шығатын. Бейне бір аспаннан жерге Иса пайғамбар түскен
сықылды…
Бүгінгі жиынның мәнісі, мүлде, бөлек. Мұнда әлемдегі ең
ұлы державаның көсемдері осындағы әдебиет және өнер қайрат-
керлерімен жүзбе-жүз сөйлеспек. Жер шарының жартысын айтқа-
нына көндіріп, айдағанына жүргізген «Дүние жүзі халықтары-
ның әкесі» Сталиннің қаћарлы бейнесі көзден бір ұшып, жер аяғы
кеңігеніне де біраз уақыт болған. Күні кеше ғана партияның ХХ
съезі болып өтіп, Гулаг тұтқындарының кеудесінде шыбын жаны
бары аман-есен отбасына оралған-ды.
Бұл кезді тарихшылар «жылымық» дейді. Бұған дейін тарихтың
тегершігі (винтик – И.В. Сталин) атанып келген басы жұмыр пенде
баласы енді өзінің кәдуілгі адам екенін аңғарып, кеудесін қомдап,
көкірегін көтере бастаған. Енді атам заманнан осылардың мұңын
мұңдап, жоғын жоқтап келе жатқан ақын-жазушы, сыншы-сурет-
ші, мүсінші секілді еркін ойлы жандарды есіркеп, еркелететін заман
келе жатқандай. Осының алдында ғана Борис Пастернакты біраз
итке талатып алғаны болмаса, коммунистік идеяның көш-керуе-
нінің қазіргі жүрісі көңіл көншітіп, тіпті, ақын адамның кеудесіне
айрықша шабыт ұялататындай ма, қалай?
Әдебиет дейтін киелі шаңырақтың табалдырығын елуінші
жылдардың соңында аттап, бүгінде берісі – кеңес, әрісі – алыс жат
жұртқа да атақ-даңқы шығып, ауызға іліне бастаған жас ақын Андрей
Вознесенский де осы алқалы топтың арасында жүр. Кремльге
шақырып жатыр дегенде мұның шаңырағының төбесі көкке аз-ақ
Достарыңызбен бөлісу: |