94
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
жетсек, қажетімізге жаратсақ кәні...Бір жетпесе, осы жағы жетпей
жатыр-ау бізде. Абайды енді-енді ұқсата, ұғына бастаған дай мыз.
Мұқағали, шүкір, күннен-күнге ән мен жырға айналып ба рады. Ал,
Төлеген ше, ұмыттық па қалай?.. Жұмекен ше? – тісіміз бат пайды
ма, иіріміне бойлай алмай жүрміз бе, неге жақ ашпаймыз? Кеңшілік,
Жұматайларға да арнайы шындап тоқтайтын, үңілетін кез жетті емес
пе? Бұларға қай жанкешті қашан тұтас ғұмырын арнай алады екен?
Бұл үрдіс, дәстүр, жалпы бізде бар ма? Жоқ болса, нені малданып,
кімді күтіп жүрміз? Кешегі сыншыларымыз, зерттеушілеріміз бүгін
қайда жүр? Неге үнсіз, тілсіз, дымсыз жүр? Бүгінгі қазақ поэзиясына
бағдар айтып, баға беру енді кімнің қашан қолынан келер екен?
Әсіресе, мұны дәл қазіргі сәтте аруақты, рухты Жұматайлар әлемі,
ақындар әулеті көбірек күтіп отырған сияқты көрінеді де тұрады
маған.
«Егемен Қазақстан» газеті
4.02.1995 ж.
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
АНТИ-ПОЭЗИЯ
-1-
АНТИ-ПОЭЗИЯ кәріне мініп тұр. Адамзаттың алғашқы
ақыны Гомер туған күні ол да қоса туған. 1837 жылы, қаңтардың
29 жұлдызында орыстың ұлы ақыны Пушкин Дантестің көздеп
атқан оғынан мерт болды. Күз өтіп, қыс келген сайын, осынау
қаңтарда ойы жүйрік орыс халқы азалы ақынын есіне алып, азапты
ойға шомады. Ақындары мен батырларының туған күндерін ат
шаптырып, палуан күрестіріп, қыз қуып, есінен тана тойлай тын
біздің жұрт, қалай екенін қайдам, олардың өлген күндерін ұмы-
тып кете береді. Орыстар өз ұлтының ұлы перзенттерінің туған күні
түгілі, өлген күні де ойланады. Ұлт болып толғанады. Бізде мұндай
күндер тойланып жатады… Сол қалыптасқан қатаң үрдісті қаса қана
бұзып, сүйегі орыстікі болса да, рухы бізге де жақын Пушкин нің
қаза болған айында қазақтың да небір боздақ ұлдарының ит мініп,
ирек қамшылап өлмегенін айтудың реті келіп отыр…
Ұлылық пен сұлулық, ақыл мен парасатты алтын мұрат көрген
ақсүйектердің атақты Ренессанс заманының соңғы көші адамзат
95
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
баласының басынан үдере көшіп, тоңмойын қара тобырдың қара
күш заманы, төңкерістер ғасыры келе жатты.
Махамбеттің фәниден бақиға көшкен күні мына жарық дүниеде
не болғанын біз біле қоймаймыз. Бізден көрі көзі ашық, көкірегі ояу
орыстар Пушкиннің жөргекте жатқан күнінен табытқа түскен күніне
дейін көз майын тауыса зерттеп, қолына ұстаған дүние, қаламы мен
шимайлаған қағазы, кескін-сурет, қолжазбаларына дейін қа сиеттеп
жүр. Зерделі пушкинтанушыларды айтпағанның өзінде А.Керн,
Д.Фикельмон сынды замандастарының жазбаларын қайда қоясың;
тіпті, ақынның ғашық болған әйелдерінің түсін түстеп, әсемдігін
әспеттейтін «Дон-Жуанский список Пушкина» дейтін кітап та
жарық көрді. Пушкинді былай қойып, оны атып өлтірген Дан тестің
итшелеген өмірі мен пенделік пиғылын ақтара-төңкере зерттеген
әдебиеттер қаншама.
Бізде Махамбеттің қалай қаза тапқаны туралы жөні түзу тарихи
дерек жоқ. Махамбетті өзінің сарай ақыны қылмақ болған Жәңгір хан
кім? Түр-нұсқасы Иудаға ұқсайтын, доспын деп келген бас кескен
Ықылас ше? Махамбеттің басына мың сом бәйге тіккен Баймағам-
бет сұлтан кім еді? Кейбір қазақ, тіпті, оны мыңды айдаған бай еді,
мырзалығы да соған сай еді деп мақтап та жібереді… Абай атамыз
айтатын «қырқын мінсең, қыр астыра қоймайтын қырт мақтан» ғой
баяғы. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» дейтін Елтайды
да ер-азамат еді деп есіп жүргендер де бар. Ерің Елтай болса, ел
болғандай екенсің?! Адамдықтың көзі бітеліп, надандықтың іріңді
суы іркіле бастағанда, міне, осылай құлан құдыққа құлайды да,
құрбақа құлағында ойнай жөнеледі. Махамбет-Исатай хан-сұлтан,
бай, феодалдарға ғана қарсы күрескен жоқ. Солардың ту сыртында
тұрған орыс патшасына жолбарыс болып атылып, қасқыр болып
шапқан еді. Жәңгір мен Баймағамбеттердің есіл дерті – қарын
қамы, Исатай-Махамбеттердің ойы халық қамы болатын-ды. Бірақ
көтеріліс күшпен жаншылды. Исатайдан айырылған ақын Қараойда
жалғыз үй қалды.
Ұлттық әдебиетіміздегі ақын қазасына байланысты айтулы бір
туынды Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі. Содан болар, осы
шағын әңгімені арқауға ала отырып, Махамбеттің басы кесілген
Қараойдағы қаралы күн мен бүгінгі қазақтық болмыс тіршілі гіміз-
дегі кейбір мәселелер хақында ой толғағалы отырмыз. «Соттан кейін
ел ішінде екі-үш жыл бейбіт өмір кешкенде, Махамбеттің түбіне
ауылдың ұсақ әкімдері жетті. Қайда жүрсе ізін аңдыған тыңшы-
лығымен, қардай боратқан қара шағымымен жетті. Махамбетті
сұлтанның ордасына шақырғанда Баймағамбеттің ойы сағы сынған,
туы шағылған ақынды сарайға бұлбұлша сайратып қоймақ-ты. Бірақ
Махамбеттің: «Ежелгі дұшпан ел болмас, етектен кесіп жең болмас»
96
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
деп салуы – ат құйрығын кесісуімен тең болғанын, ақын не көрсе
де тілінен көретінін кейінірек ұғынады» (Т.Ә. «Сырлы наз». «Жазу-
шы» баспасы. Алматы. 1977ж. 10-бет). Ақын туған елін қызғыш
құстай қорғаштаса, тобыр оны Иса пайғамбарды ұстап бергендей, өз
қолымен құрбандыққа шалып, онысына іштей рахаттанып жатты.
Халыққа – азаттық, тобырға – құлдық керек екен!
Махамбеттің басын кескен кім?
«Бағзы замандағы Қарабайдың үйі мен осы замандағы өз үйінің
халі Махамбетті тың бір ойға бастады. Малын қызғанып жа-
панға қашқан Қарабайдың қара шаңырағын жалпақ жұртпен жал-
ғастырушы Жантық болса, халқын қызғанып, Қараойға бекінген
Махамбеттің қара шаңырағын пейілдес елмен астарлас
тырушы
– Ықылас. Екеуінің тәтті ұрттылығы егіз елес туғызып, сезімі нің
секемін күшейтті. Енді Ықылас кешіккен сайын сыбайлас аң шыдай
сүйіндірмей, сауықшыл жардай кәдік туғыза бастады. Ықылас
ертеден Махамбеттің көңілін жығып көрген пенде емес. Бірақ мұның
бір өзі баяндылыққа айғақ бола алмайтындай. Ер мен ердің арасы
шекіссе бекімек, өкпеқалдық өмір жасынан байқалмақ. Кімнің
тарысы піссе, соңың тауығы болатындар Махамбетке қияметте
дос бола алмақ емес. Ықыластың дастархандық қомағай лығы енді
қобалжу туғызғандай» (бұл да сонда – 18-бет). Ықыластардың табиғи
болмысы адамнан гөрі хайуанға ұқсас, бұларға – тамақ, киім-кешек
керек. Махамбетке рух керек. Рух болғанда да, аламанға жел берген,
аса жұртты меңгерген, қара қазақ баласын хан орнына теңгерген
(Махамбет) – Рух!
«Қол шаяр алдында Жаңаберген Исатайға бағыштап құран оқы-
ды. «Күнту – тұрабадан» аса бергенде сүрініп еді. Махамбет қақы-
рынып қалды.
Махамбеттің бұл қылығы да бидің шымбайына батты. «Мұсыл-
манша, орысшаға судай кәпір ғой бұл!» деп отыр» (бұл да сонда
18-бет).
Махамбеттің түбіне жеткен надандықтың ұсқыны осы күн-
шілдігінен көрінеді. Қазақтан Оразбай туса, Абай болғысы келеді.
Әйләуләйшіл әншісі Әміреден нем кем деп домбыраға қол салады.
Әңгімешіл тантығы Әуезов те мендей басы жұмыр пенде екен ғой
деп, өзіне өзі тамсанып, мәз болады! Мұқағалидың көңілді бір
отырыста әріптестеріне қарап:
– Сендер осы неменеге жетісіп ішесіңдер? Мен болсам, берер
дүниемді беріп, тындырар шаруамды тындырып ішіп жүрмін! – деуі
содан-ды.
«В истории русской культуры вряд ли есть событие равное по
своему трагизму смерти Пушкина» – дейді Николай Раевский.
Махамбет өлген күні қара халық қара жамылды, деп жазды бір
білгіш. Өтірік! Қараойдағы қаралы үйі ғана қан жылады. Әйелі Әуес
Достарыңызбен бөлісу: |