Қабылдаған:о.Толеген А Орындаған:Тангирқулова Улпанай Хордалылар типіне сипаттама - Денесінің арқа жағында ұзына бойы орналасқан арқа желісі-хордасы болады
- Хорданың үстіңгі жағында ұзына бойы орналасқан орталық жүйке жүйсінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар.Төменгі сатыдағы хордалыларда бұл өмір бойы сақталады,ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда даму барысында оның алдыңғы бөлігі миға,артқысы жұлынға орналасады
- Хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады.Бқл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады да,жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады.
Хордалыларда бұдан басқа,омыртқасыз жануарларға ұқсас елгілері де болады.(екінші реттік дене қуысы,екінші реттік ауыз қуысы,денесінің екі жақты симметриялы болуы,бұлшық еттерінің метамерлі орналасуы). - Хордалыларда бұдан басқа,омыртқасыз жануарларға ұқсас елгілері де болады.(екінші реттік дене қуысы,екінші реттік ауыз қуысы,денесінің екі жақты симметриялы болуы,бұлшық еттерінің метамерлі орналасуы).
- Хордалылардың табиғатта және адам өмірінде алатын орны ерекше.Олар биосферадағы зат пен энергия айналымында,әсіресе,тірі организмдер арасындағы қоректік тізбек құруда елеулі рөл атқарады.Олардан алынатын өнімдер(терісі,еті,жұмыртқасы,уылдырығы)шаруашылықтың түрлі салаларында қолданылады
Хордалылардың пайда болған уақыты жануарлар эволюция барысында полеонтологиялық қалдықтар өте аз сақталған кезеңге сәйкес келеді.Ғалымдардың пайы мдауынша,хордалылар Кембрийдің алғашқы кезеңінде мүмкін одан ерте пайда болуы мүмкін деген болжам айтқан. - Хордалылардың пайда болған уақыты жануарлар эволюция барысында полеонтологиялық қалдықтар өте аз сақталған кезеңге сәйкес келеді.Ғалымдардың пайы мдауынша,хордалылар Кембрийдің алғашқы кезеңінде мүмкін одан ерте пайда болуы мүмкін деген болжам айтқан.
систематикасы - Ходалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
- Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді: личинка — хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар (Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.
Бассүйексіздер - Бұл тип тармағына бас хордалылар (cephalochordata) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан – бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды.
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі – (Branchiostoma Lanceolatum). - Сыртқы түрі. Ланцетник – ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан — ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.
Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары – цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. - Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары – цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |