Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет34/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95

130
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Тіпті 19 ғ. басында И.А.Крыловтың мысалдары пайда болғанда, 
кейбір жазушылар оны дәстүр бойынша притча деп атағанын 
Ф.И.Буслаев жазған.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл!
Абай Крыловтың «Қарға мен бүркіт» атты мысал өлеңі түйінін 
қарғыстың ауыры қылып аударды.
Ежелгі орыс притчаларында, «Құстың тілі туралы» әңгімеде 
екі жапалақтың құдандасу арқылы өрбитін өзара әңгімесі 
патшаның қатігездігін нұқып айтып, әміршіні жөнге салады. Бұл 
мысал көшпелі сюжет, Низамиден Науаиге ауысты. Ең кереметі, 
данышпан кейіпкердің есімі – Алтын Золотое Слово. Оның бір 
оқиғасында қазақтың фразелогиялық сом тіркесі айна-қатесіз 
бейнелі суреттелген: «Мылтықтың басуына құланның қасуы». Сәл 
өзгешелеу, бұғының (олень) қасынуы делінеді. Татар ордасында 
дейді, демек Алтын Орда дәуіріндегі славяндармен араласқан 
түркілік синтез әдебиет.
Мысал даналықтың мәйегін таңдайды. Руми даналық пен 
надандықтың ара салмағын дәл таниды. Бұл екеуі күн мен түндей 
алмасып, ет пен сүйектей бір-бірін толықтыруға жаралған, бір-
бірінсіз күні жоқ. Адам надандықтан мүлдем арылса, даналық үстем 
болса, бұл оны күйретер еді. Надандық тіршіліктің үзілмей ұдайы 
жалғасып тұруын қамтамасыз етеді. Соның үшін мысалда қисапсыз 
қазына жасырылған. Ол таңдаулыларға бұйырады. Румидің мына 
сөзі соған куә: 
«Сен жарық дүниедегі баршасын ұмыта аласың, неге туғаныңды 
ұмытудан өзгесін. Өзіңді арзан сатушы болма, өйткені сенің құныңа 
баға жетпейді. Сен екі дүниеге – көк және жер дүниесіне татисың. 
Ал егер сен өз құныңды білмесең, не істерсің?»
ІІ. «Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана»
«Хамсадан» біздің ғасырға келіп
 қалып ең қалай, паң Ләйлә?!
О, Ләйлә, сен де асыл ең.
Түпнегізінде Жұматайдың Ләйләсі де сол Ләйлі. Трагедия 
жанрын жұрт есі кеткенше сүйеді. 12 ғ. Низами Гәнжәуидің «Ләйлі-
Мәжнүн» поэмасын кейіннен 79 ақын көз жасын көлдетіп жырлады. 
Қайғының ең сұлу бейнесін егіле суреттейтін бұл сюжет таңдауға 
түсе берді. Әуелде Вергилийден, сосын шығыстық поэзиядан 
Шекспирге ауысты. Ең беделді зерттеушілер ортағасырдың негізгі 
мәтіні аударма болғанын жазады. Әсіресе, Ренессанс әдебиетінде 
қарыздану көркем шығарманың маңызды сыңары болды. Сюжет 
даяр үлгіден алынды. 


131
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Гәнжәуи жазған жырдағы қызбен аттас ең,
О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде,
Басқа мұратты бас қатырсам да таппас ем.
Жұматай Жақыпбаев, шұғылалы сұлу ақын, ол емеспін десе де 
Мәжнүні тағы өзі ғой, ақындар жазмышынан озмыш кеткен жоқ. 
Ләйлі-нағыз ақындар тегіс сүйген өлең Ару, зікір салу. Ақан сері 
Ләйлім-шырақ деп сәулеге теңейтін арманға арзу. Құлагер көзіккен 
соң Ақан серіні дәруіш болмады деп кім таласар. Дәруіштік қарғыс 
емес, бата десек ше. Қожа Хафиз өмір бойы лашықта дәруіш өмірін 
сүрді. Ұлы шайырлардың сүйегі қурап қалса да, тірі сөздерінен 
жарық дүниеге мейір, сағыныш нұры құйылады.
Руми бізге өзі әлі тумай тұрған жүзжылдықтардың ең асыл 
керуенін алып келген керуенбасы. Шынайы мол қазына қисапсыз. 
«Жүрекке сәуле қонбаса» (Абай) ашылмайды. Румиден тұтас алу 
мүмкін емес. Оның шығармашылық мұрасы табиғат құбылуына тең. 
Жылдың төрт мезгіліндей бір мезетте жалынан ұстатпайды. Румиде 
Ләйлі-Мәжнүн сарыны «Месневиді» көктей өтетін лейтмотив. 
Ол баршамызға бірдей ашыла бермесе де, әркім оған өз жүрегімен 
келуге рұқсат. Руми поэмасында Ләйлі-Мәжнүн образы эпикалық, 
хиссалық емес, притчалық, эпизодтық түрде берілген.
Низами 1209 жылы дүние салды. Ол 12 ғ. өмір сүрді. Низамидың 
ірі зерттеушісі А. Бертельс былай дейді: «Ибн-аль-Араби (Испанияда 
өмір сүрген) 13 ғ. басында былай деп үйретті: «Көркем әйелден 
Құдай бейнесін тану хақ» («Видение бога в прекрасной женщине 
– самое совершенное»). Осы уақытта (11-12 ғғ.) ескі исламға (7 ғ.) 
дейінгі арабтың Узра тайпасының махаббат культі мистикалық араб 
поэзиясында өріс алды. Низамидың «Ләйлі мен Мәжнүні» арабтың 
Узра тайпасының махаббаттың күл қылып өртеп жіберетін күші 
туралы аңызының жетіліп дамуы болып табылады».
Шығыс шайырларында жер бетіндегі махаббаттан космостық 
құбылыстың өзегін көру зор, соның таңғажайып әсерінен екі 
ғашықтың сұлу бейнелері өшпестей із қалдырды. Ләйлі-Мәжнүнде 
астральдық әлемнің белгілері бар. Мысалы, Рудакидың (860 маңы 
– 941) көруінде. Оның газелдерінде Ләйлінің бұрымын көр генде 
Мәжнүн есін жоғалтты деп жырлайды. «Расында адамзатты көркем 
бейнеде жараттық» (95:4), сұлулықтың тылсым сырын Құран 
растайды. Махаббат пайғамбары. Бұл Рудакиде анық қосарлы. Ол 
гүл жүзінен Ләйліні, бұлттың жауған тамшыларынан Мәжнүн нің 
көз жасын көреді. Жаңбырдан гүл өседі. Жазғытұры қызғалдақ Ләй-
лінің шырайындай құлпырар, толассыз жауған шоқ бұлт Мәж нүн ше 
егіледі. 
Сағди (1203-1210 арасы – 1292) қос ғашықты Шираздан тапты, 
бірақ шемен қатқан Мәжнүнді Ләйлімен жүздесу азаптан құтқара 


132
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
алмайды. Жұрт Мәжнүннен елден неге жырақсың, кісікиіксің, 
Ләйліге деген махаббатыңнан не қалды? деп сұрайды. Жігіт жаны 
шырқырап ауырып тұрғанын көріп олар қызға хабар салайық деп 
аяйды. Мәжнүн тыйым салады: «Ләйлінің жаны қатты қиналып 
азап шекпесін десеңдер, оған мен жайлы ләм-мим демеңдер».
Мы, словно ищущий Лейли, неуловимого желаем:
Меджнуны в поисках бредут с неутомимым исступленьем...
Бұл Кемал Худжанди (? – 1391-1400 арасы), шырағданнан там-
ған 
дай алтын көз жасын ағызатын парсы-тәжік ақыны. Қазір 
суфизм нің бір символы шырағданға сұқтанатын кім бар, ескіліктің 
қалдығы көреді.
Шираз бұлбұлы Қожа Хафиз Айды бесік қылған аспаннан Ләйлі-
Мәжнүннің мекенін көреді. 
Жәми (1414-1492) сен Ләйліге ұқсайтын аруды сүйесің жүрегім, 
Мәжнүннің жолын таптайсың деп торыға жырлайды.
Мир таинства любви творит издревле.
Чем можешь землю одарить, о сердце?
Бұл сырды қазаққа Абай ашты: Махаббат қылса тәңірі үшін. 
(«Алла деген сөз жеңіл»). 
Низамиде Ләйлінің ұзын бұрымын көрген сәтте Кейс Мәж нүнге 
айналып, қалың -малға өз жүрегін берді.
Руми Ләйлі-Мәжнүнді жер бетіндегі өмірден құдіретті тұс палға 
шендестіріп, ұшпаққа шығарды. «Жүректің әмірі», «Жүректің бұй-
рығы» концепциясын Низами, Руми, Хафиз, Кемал Худжанди мен 
Жәми енгізді. Руми адам тұлғасын құдайшыл жаратылыстың шы ңы-
рау биігіне көтерді. 
«Месневидің» бірінші кітабында «Әлдебір халиф Ләйліге сұрақ 
қойғаны және берілген жауап туралы әңгімеде» суфизм филосо  фия-
сының неоплатондық сарыны ашылды. (О.Ф.Акимуш кин).
Халиф Ләйліден Кейс байғұсты ақылынан алжастырған сен-
бісің? – деп сұрайды, себебі ол керемет сұлулықты оның бойынан 
көріп тұрған жоқ. Жас қыздың жауабы мынау: «Сұлулықты көруің 
үшін сен Мәжнүн болуың керек. Оның нұры көзіңде ойнап, маған 
екі дүниеде де адал болуың керек. Бейқам жандарға шадыман дықты 
сезіну қайдан болсын, сені аяп тұрмын. Бұзылып – шіритін оңғақ, 
жалған дүниеге жаны құмарлар құр қаларына дау жоқ». Ләйлінің 
халифке көңілі толмайды. Мәжнүн құдайға деген шынайы, сөнбес 
таза махаббат ишарасы, Ләйлі -Жарға сүйіспеншілігінің арқа  сында 
бұл қасиетке ие болды. «Ләйлә, илло-алло»... деп тұр екен, – деп 
жырлайды біздің Жұматай. Басқалар Ләйліден нәзік, қа 
раторы 
қызды көрсе, бұл олардың мистикалық мағынада соқыр екенін 
көреді. Суфийлер көкірегі ояу күйді «жүрек көзі» дейді. 
Ләйлі – арабша, еврейше «лил» – түн деген сөз. Мәжнүннің зар 
жылап сүйген сүйіктісінің есімі түп атауы Лилитке тіреледі. Көне 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау