«Концессиялар туралы» 006 жылғы шілдедегі №167-iii қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 1,09 Mb.
бет1/6
Дата14.05.2018
өлшемі1,09 Mb.
#12483
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Концессиялар туралы

(2016.08.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы

3-бап. Концессияның негiзгi принциптерi

4-бап. Концессияның қолданылу аясы

5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы

6-бап. Концессионерге жер учаскелерiне құқықтар беру

7-бап. Концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздері

1-1-тарау. Алып тасталды

2-тарау. КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiктерi

9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері

10-бап. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi

10-1-бап. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері

11-бап. Республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi

12-бап. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органының өкiлеттiктерi

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлеттiктерi

14-бап. Концессионерлердiң қызметiн мемлекеттiк қолдау

3-тарау. ОБЪЕКТIЛЕРДI КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ

15-бап. Объектiлердi концессияға беру тәртiбi

15-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды дайындау

15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу

16-бап. Тiзбе жасау

17-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны

18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

18-1-бап. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

18-2-бап. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

19-бап. Концессионердi таңдау жөнiнде конкурс өткiзу

20-бап. Концессионердi айқындау және концессия шартын жасасу

20-1-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері

4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ



21-бап. Концессия шартының мазмұны

21-1-бап. Концессия шартының түрлері

22-бап. Концессия шартының нысаны

23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзiмi

24-бап. Концессия шартын тоқтату

25-бап. Концеденттiң құқықтары мен мiндеттерi

26-бап. Концессионердiң құқықтары мен мiндеттерi

26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер

26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР



27-бап. Дауларды шешу

28-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

29-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 



 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылды  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ықтимал концессионерлердің», «ықтимал концессионерлерге», «ықтимал концессионердiң», «ықтимал концессионерлер», «ықтимал концессионерлермен», «Ықтимал концессионер», «ықтимал концессионер», «Ықтимал концессионерге», «ықтимал концессионерге» деген сөздер тиісінше «әлеуетті концессионерлердің», «әлеуетті концессионерлерге», «әлеуетті концессионердiң», «әлеуетті концессионерлер», «әлеуетті концессионерлермен», «Әлеуетті концессионер», «әлеуетті концессионер», «Әлеуетті концессионерге», «әлеуетті концессионерге» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 



2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 



1-тарау. Жалпы ережелер

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды



1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері - қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері;

3) жекешелік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын және осы заңда көзделген жағдайларда концессионердің кредиторларымен тікелей келісімді жасасуға уәкілеттік берген мемлекеттік органдар әрекет етеді;

 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда



5) концессионер - концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға;

6) концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;

7) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрi - конкурсты ұйымдастырушы) - концессионерді таңдау жөніндегі конкурстар өткiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін.

Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау - концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;

10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негiздеме) - маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) концессиялық ұсыныс - тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;

13) концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым - концессия мәселелерi бойынша қызметтер көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған ұйым;

14) концессия объектiсi - концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

15) концессия объектісін құру - Қазақстан Республикасының аумағында бұрын болмаған концессия объектісін құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде құру, концессия объектісінде жаңа өндірістік жабдық орнату, концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де жұмыс түрлерін жүргізу;

16) концессия объектісін пайдалану - концессионердің концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен және жағдайларда концессия объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

17) концессия объектісін реконструкциялау - жаңа технологияларды енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, техникалық жағынан ескірген және (немесе) физикалық тұрғыдан тозған жабдықты жаңғырту және неғұрлым өнімді жаңа жабдықпен алмастыру негізінде қайта құру, сондай-ақ концессия объектісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің технологиялық немесе функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге де бөліктерін немесе тұтас ғимаратты өзгерту, концессия объектісінің сипаттамалары мен пайдаланылу қасиеттерін жақсарту жөніндегі өзге де іс-шаралар;

18) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

19) 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган - стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

21) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

22) 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы - мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24) тармақша жаңа редакцияда

24) тiзбе - орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң: объектілер республикалық меншікке жататын болса - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекiтетiн тiзбесi;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды

25) тікелей келісім - осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы



2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Осы Заңның ережелері жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп, жүзеге асырылады.

Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.



2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



3-бап. Концессияның негізгі принциптерi

Концессияға байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге:

1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына;

2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) еркін бәсекелестікке;

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) барлық әлеуетті концессионерлердің теңдігіне және кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



4-бап. Концессияның қолданылу аясы

Тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға беріле алады.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5-бап. Концессия шарты бойынша меншiк құқығы

1. Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын және жылжитын мүлік, концессия объектілері бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты айрықша құқықтар концессия шартында көзделген тәртіппен концессионердің уақытша иеленуіне және пайдалануына беріледі.

2. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия обьектілерінде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс обьектілері және концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар мемлекеттік меншікке беріледі.

3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.

4. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердiң концессия объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде алған өнiмi мен өзге де табыстары оның меншiгi болып табылады.

5. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде кепiл нысанасы бола алмайды.

6. Концессия объектiлері концессия шарты қолданылған мерзiм ішінде иелiктен шығарылуға жатпайды.

7. Егер концессия шартында өзгеше белгіленбесе, концессионер өзiне концессия шарты бойынша иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттiк мүлiктiң, сондай-ақ концессия шартын орындау нәтижелерi бойынша пайда болатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну тәуекелiн көтереді.

8. Концедент концессиялық жобаны қоса қаржыландырған және (немесе) концедент концессионерге инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеген кезде, концессия объектісі мемлекеттік меншікке беріледі.

 

6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру



Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау