Қаржылық менеджмент


Арбитраждық баға белгілеу теориялары



жүктеу 1,45 Mb.
бет7/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,45 Mb.
#21794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
4.3. Арбитраждық баға белгілеу теориялары.
САРМ – бірфакторлы модель (үлгі). Ол бір фактор бағалы қағаз бен тәуекел табыстылығының араларындағы тәуекелділікті білдіретін коэффициенттің функциясы болып келеді. Стивен Росс арбитраждық баға белгілеу теориясы деп аталатын әдісті ұсынды (АРТ).

АРТ тұжырымдамасы тәуекел факторлардың кез келген санын енгізу мүмкіндігін қарастырады, қажетті табыстылық үш, төрт, одан да көп факторлардың функциясы болуы мүмкін. Нарық табыстылығы көптеген факторлардан тәуелді: елдегі экономикалық жағдайдан, әлемдік экономикалық тұрақтылы-ғынан, инфляция қарқынынан, салық заңнамасының өзгеруінен, өнеркәсіптік өндірістің көлемдерінен және т.б. Стивен Росс арбитраждық баға белгілеу теориясы деп аталатын әдісті ұсынды. (АРТ). Оның тұжырымдамасы тәуекел факторының кез келген санын енгізуін қарастырады, сондықтан қажетті табыстылық үш, төрт және одан да көп факторлардың функциясы болуы мүмкін. Нарықтың табыстылығы жалпы ішкі өніммен бағаланатын елдегі экономикалық ахуал, дүниежүзілік экономикасының тұрақтылығы, инфляцияның қарқыны, салық заңнамасының өзгерістері, өнеркәсіп өндірісінің көлемдері сияқты көптеген факторлардан тәуелді. Әр түрлі компаниялардың акцияларына осы факторлардың әсері бірдей емес, ал әр қоржынның табыстылығы негізгі факторлардың өзгерісіне байланысты. Сонымен, кез келген акцияның талап етілген және нақты табыстылығы – бір ғана фактордың емес, бірнеше экономикалық факторлардың функциясы. АРТ негізінде біріңғай бағаның іргелі заңы жатыр, ол бойынша жетілген нарықта тәуекелі бірдей қоржындар мен активтерде бірдей құн, сәйкес, бірдей табыстылық болуға тиісті.

Әйтпесе арбитраж мүмкіндігі пайда болады: инвестордың салымынсыз бір немесе әр түрлі нарықтарда әр баға бойынша активтерді немесе қоржындарды бір мезгілде сатып алу-сату есебінде тәуекелсіз пайда алу. Ол үшін қоржынды немесе активті төмендеу бағамен сатып алып, оны іле жоғарылау бағамен сату. Осыдан шыққан айырым оң шама болып, операция тәуекелі нөлге теңеледі, себебі сату мен сатып алу бір-бірінің орнын толтырады. Арбитраждық операциялардың өткізуі бағалардың нарықтық тепе-теңдігін қалпына келтіреді. Демек, арбитраж тепе-тең баға белгілеудің негізгі механизмі ретінде табылады. Арбитраждық баға белгілеу теориясы нарық қоржынның бар болуы мен қалыптасуын талап етпейді. Негізгі факторлар ретінде субъектілердің шаруашылық қызметіне ықпал жасайтын әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер пайдалануы мүмкін:

- ұзақмерзімді және қысқамерзімді мөлшерлемелердің арасындағы айырым;

- сенімді (мемлекеттік) және тәуекелді облигациялар араларындағы табыстылық айырымы;

- ІЖӨ өсу қарқынының өзгеруі;

- кәсіпорындық өндірістің өсу қарқындарының өзгеруі;

- мұнайға бағалардың өзгеруі;

- шағын кәсіпорындарға инвестициялар тәуекелі;

- күтілетін инфляцияның шамасы және т.б.

Қазіргі уақытта АРТ параметрлері мен отандық жағдайларға бейімделуін анықтау мақсатымен осындай (сәйкес) зерттеулерді өткізу қиын. Оның себептері: нарық мінез-құлқының экономикалық емес факторлардан тәуелділігі, сенімді (шын) статистикалық деректердің жоғы, макроболжамдаудың мемлекеттік және жеке институттарының дамымағандығы және т.б. Осы қиындықтарға қарамастан, АРТ моделі отандық менеджментімен және институционалды инвесторлармен (коммерциялық банктермен, сақтандыру компанияларымен және т.б.) тәуекелді активтердің бағалауы мен басқаруы үшін пайдалануы мүмкін.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар

1. Қаржы активтер табыстылығын бағалау моделін сипаттаңыз.



2. Капитал нарығы сызығын сипаттаңыз.

3. - коэффициенттің есебі қандай кезеңдер бойынша жасалады?

4. Арбитраждық баға белгілеу теориясы неде тұрады?

5. Опциондардың баға белгілеу теориясының негізгі элементтерін атап айтыңыз.


5 ТАҚЫРЫП. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТҰТҚА ӘСЕРІ.

ФИРМАНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУ.
5.1. Шығындарды жіктеу;

5.2. Шығынсыздықты талдау, шығынсыздық кестесі;

5.3. Операциялық тұтқа. Операциялық тұтқаның күші (DOL).

5.1. Шығындарды жіктеу.
Қаржы менеджменті тұрғысынан шығындар үш санатқа бөлінеді:

а) ауыспалы (маржиналды);

б) тұрақты;

в) аралас.

Тұрақты және ауыспалы шығындар пайда болу бойынша жіктеледі: ауыспалылар өнім көлемінің өсуімен байланысты шаруашылық белсенділіктің шығындарын сипаттайды, ал тұрақты шығындар шаруашылық жүргізу қабілеттілігімен, яғни басқару нәтижелілігін көрсетуімен байланысты шығындармен сипатталады.

Ауыспалы шығындар - өндіріс көлемінің өсуі мен азаюы және өнімді өткізу барысында сәйкес көбееді немесе азаяды (сомада). Бұндай ауыспалы шығындарды кейде маржиналды шығындар деп атайды. Ауыспалы шығындар түсім көлеміне шығындар деңгейін салыстыру (%) жолымен талданады. Бұл топқа кіретіндер: шикізатқа шығындар; көлік шығындары; еңбек төлеміне шығындар; өндірістік мақсаттар үшін отынға, газға және электр энергиясына; орау мен ыдысқа (қап, күпсек, қорап, жәшік және т.б.) шығатын шығын.

Тұрақты шығындар - бұл өндіріс көлемінің өзгерістері мен өнімнің өткізуі сомасына әсер етпейтін шығындар. Олар техника жартылай не толық жұмыс істеп немесе тіпті жұмыс істемей тұрса да есептеледі. Тұрақты шығындар абсолюттік сома бойынша талданады. Бұл топқа жататындар: жалға берілетін төлем; негізгі активтердің амортизациясы (мерзімді қарыздарды ауық-ауық төлеу жарнасымен не сатып алу жолымен төлеп құтылу); материалдық емес активтердің тозуы; ғимараттар мен үй-жайлардың күтуіне кететін шығындар; кадрларды даярлауға шығатын шығындар және т.б.

Тұрақты шығындардың маңызды ерекшелігі келесіде: олардың көбін кәсіпорын міндетті түрде (іскерлік белсенділігі, нарық коньюктурасының, шаруашылық қызмет нәтижелерінің деңгейінен тәуелсіз) жабуға мәжбүр.



Аралас шығындар – оған шамасы өндірістің көлемінің өсуімен немесе төмендеуімен өзгеретін шығындар кіреді, бірақ, ауыспалы шығындарға қарағанда, тура сайма-сай емес. Басқаша айтқанда, бұл шығындардың тұрақты да, ауыспалы компоненттері бар. Мысалдар: тұрақты – сыйлық еңбекақы, сатудан пайыздарды қарастыратын сауда агеттерінің сыйақысы; өнімнің сақтауы мен тасымалдауына шығындар; коммуникацияларға (телефон, Интернет және т.б.).

Материалдық – техникалық қамтамасыз етуге шығындар жартылай ауыспалы болып келеді. Осындай шығындардың өзгерісі сатылы сипатты. Өзгерістер секіріс тәрізді де, бір қалыпты да болуы мүмкін.

Ш
Ауыспалы шығындар
ығындар

Аралас шығындар

Тұрақты шығындар


Шығындар көлемі

7 – сурет. Шығындар түрлері.
Ұзақмерзімді болашақта барлық шығындар ауыспалы болып келеді. Кәсіпорынның қызметінде әдетте бір кезеңді атап бөлуге болады (әдетте бір жылдан аспайтын), оның барысында өндіріс деңгейінің өзгеруі тек қана кейбір пайдаланатын ресурстар есебінде қамтамасыз етіледі (шикізат, материалдар, қызметкерлер құрамының саны және т.б.), ал қалғандары тұрақты болып қала береді. Дәл осы кезең үшін шығындар тұрақты және ауыспалыларға бөлінеді. Бұл кезеңді релевантты деп атайды. Дәл осы үшін шығындарды тұрақты мен ауыспалыларға бөлінуі іске асырылады.

5.2. Шығынсыздықты талдау, шығынсыздық кестесі.
Шығынсыздықтың талдауы шаруашылық қызметінің барлық шығасын (шығындарын) жабатын сатулар көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым бұл деңгей төмен, соғұрлым кәсіпорынның «өмір сүру» қабілеттілігі жоғары да оның іскерлік тәуекелі төмен. Кәсіпорынның қаржылық беріктігін анықтау үшін ең алдымен тиімділік табалдырығы (қауіпсіздік шегі, шығынсыздық нүктесі) түсінігін айқындау керек.

Шығынсыздық нүктесі - өмір сүру үшін кәсіпорынның осы белестен өтуі қажет. Шығынсыздық нүктесінен төмен сатулар залалдарды әкеледі; Сол себептен экономистер шығынсыздық нүктесінен тиімділік шегі (табалдырығы) деп атайды. (Табалдырық) шек неғұрлым жоғары, соғұрлым оны аттау қиын. Тиімділік табалдырығының төмендеуіне жалпы маржаның өсуімен (бағаны көтеріп немесе өткізу көлемін өсіріп) ауыспалы шығындарды азайта отырып) немесе тұрақты шығындардың қысқартуымен жетуге болады.

Бизнес үшін ең тәуір жағдайлар – төмен тұрақты шығындардың жоғары жалпы маржамен үйлесуі. Тұрақты шығындардың жалпы маржа коэффициентіне бөлуімен тиімділік табалдырығын есептеп аламыз.

Тиімділік (шегі) табалдырығы (шығынсыздық нүктесі) - бұл өткізуден алынған түсім, оның барысында кәсіпорынның залалы да, пайдасы да жоқ. Жалпы маржа тұрақты шығындардың жабуына жетіп, пайдасы нөлге тең.
Пайдалылық шегі тұрақты шығындар________ (5.1)

= жалпы маржа коэффициенті


Жалпы маржа коэффициенті = жалпы маржа___

сатудан түскен түсім (5.2 )

Өндірілетін тауарлардың қандай санына тиімділік шегі (табалдырығы) сәйкес келіп тұрғанын анықтап, сатулар бірлігінде өндіріс көлемінің шекті маңызын табамыз. Осы санынан төмен өндірудің кәсіпорын үшін пайдасы жоқ.
Шығынсыздық нүктесі тұрақты шығындар__

(сатулар бірлігінде) = (тауар бірлігінің бағасы –

ауыспалы шығындар) тауар бірлігі

(5.3)


Тиімділік шегін біле отыра, кәсіпорынның қаржылық беріктігінің шегін анықтай аламыз. Өткізуден алған нақты түсім мен тиімділік шегі арасындағы айырым кәсіпорынның қаржылық беріктігінің қорын құрайды. Егер өткізуден түсім тиімділік шегінен төмен түссе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлайды.
5.3. Операциялық тұтқа. Операциялық тұтқаның күші (DOL).
«Тұтқа» (леверидж) түсінігі көптеген ғылымдарда кең пайдаланады да, бір объектіге ықпалды кұшейтуге мүмкіндік беретін қарапайым құралды немесе тетікті білдіреді. Қаржы менеджментінде бұл фактордың аз ғана өзгеруі нәтижелік көрсеткіштердің маңызды өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Операциялық тұтқа – кәсіпорын өзінің қызмет барысында шығаратын тұрақты шығындар үлесі. Бұл көрсеткіш өнімнің өзіндік құнында кәсіпорынның тұрақты шығындардан тәуелділігін сипаттап, оның іскерлік тәуекелінің маңызды сипаттамасы болып келеді. Фирманың технологиялық саясатымен анықталатын өзіндік құн пайыздар мен салықтарды төлеу алдындағы пайданың шамасына әжептәуір әсер етуі мүмкін (ЕВІТ). Өзіндік құн неғұрлым жоғары, тұрақты шығындар үлесі соғұрлым жоғары және сәйкес, фирманың бағалы қағаздар тәуекелі де жоғарылау.

Өндірістік тұтқаның жоғары деңгейі жоғары технологиялы өндірістерге тән. Операциялық тұтқаның әсері келесіде: түсімнің кез келген өзгерісі әрқашан пайданың айтарлықтай өзгерісіне әкеледі. Тауарлар мен қызмет көрсетулердің өзіндік құнындағы тұрақты шығындардың үлесі маңызды болса, кәсіпорынның операциялық тұтқасы деңгейі жоғары, демек, іскерлік тәуекелінің де. Бұндай кәсіпорын үшін сатулар көлемінің сәл ғана өзгеруі пайданың әжептәуір өзгеруіне әкеледі. Өнімнің сату бағасы мен әр бірлігіне кететін ауыспалы шығындар арасындағы айырым тұрақты шама болуға тиісті. Сату бағасы мен жеке ауыспалы шығындар арасындағы айырым өнім бірлігіне жалпы пайда деп аталады. Операциялық тұтқаның ықпал ету күшін анықтау үшін практикалық есептерде жалпы маржаның пайдаға қатысын қолданады. (DOL – degree of operational leverage). Жалпы маржа өткізуден түскен түсім мен ауыспалы шығындар арасындағы айырым болып табылады. Оны түсім сомасымен салыстырып, жалпы маржа коэффициентін - өткізуден түскен түсімдегі жалпы маржаның үлесін табады. Экономикалық әдебиетінде жалпы маржа жабу сомасы деп аталады.

Операциялық тұтқаның _Жалпы маржа__

ықпал жасау күші = пайда (5.4)

( DOL)

Операциялық тұтқаның деңгейі сатулар көлемінің 1% өзгеруіне қарай пайданың пайыздық өзгерісінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда ЕВІТ өзгеруі DOL% құрайды. Сонымен, түсімнің 1% өзгеруі пайданың маңызды құбылуына әкеледі. Шығынсыздық нүктесінде операциялық тұтқа деңгейінің маңызы шексіздікке ұмтылады. Сатулар көлемінің шығынсыздық нүктесінен сәл ауытқулар барысында бизнес тиімділігінің айтарлықтай өзгерісі байқалады. Осыдан бірқатар қорытынды шығаруға болады:



1. Бірдей жиынтық шығындар барысында тұрақты шығындар үлесі неғұрлым жоғары (төмен), операциялық тұтқаның деңгейі соғұрлым жоғары (төмен).

2. Шығынсыздық нүктесіне қатысты сатулардың жоспарлы деңгейі неғұрлым жақындау (алыстау) орналасса, соғұрлым операциялық тұтқаның деңгейі жоғары (төмен), демек, кәсіпорынның іскерлік тәуекелі де.

3. Кәсіпорын шығынсыздық нүктеден өткеннен кейін тұтқаның оң әсері біліне бастайды.

4. Сатулар көлемінің әрі қарай көбею және шығынсыздық нүктесінен алыстау барысында тұтқа әсері төмендейді.

5. Тұрақты шығындар үлесінің өсуі өткізу көлемдерінің өсуіне бағытталған стратегияны таңдау қажеттілігіне әкеледі. Операциялық тұтқа менеджерлерге кәсіпорынның тиісті стратегиясын таңдауға көмектесетін көрсеткіш болып келеді. Оның деңгейі келесі факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін:

- өткізу бағасы;

- сатулар көлемі;

- ауыспалы және тұрақты шығындар;

- атап айтылған факторлардың әр нұсқалары.

Капиталсыйымды салалар кәсіпорындары (ауыр өнеркәсібі, машина жасау және т.б.) операциялық тұтқаны басқаруда мүмкіндіктері аз, ал қызмет көрсету аясының кәсіпорындары нарық жағдайына қарай операциялық тұтқа деңгейін оңай реттеп отырады. Осы шектеулерге қарамастан менеджментте тұрақты шығындардың жалпы шамасы мен жеке салмағына ықпал жасаудың жеткілікті тәсілдері бар. Олардың санына келесілерді жатқызуға болады:

- нарықтың жайсыз коньюктурасында коммерциялық, жалпы фирмалық және әкімшілік шығындарын қысқарту;

- бар жабдықтың толық пайдалануы;

- пайдаланбайтын және материалдық емес активтердің жартысын сату;

- коммуналдық қызметтер көлемін азайту;

- жалға беру төлемдердің шарттарын қайта қарау;

- қосымша келісім-шарт, аутсорсинг және т.б.

Ауыспалы шығындарды басқару барысында менеджменттің барлық күші олардың үнемдеуіне бағытталуы тиісті. Кәсіпорынмен шығынсыздық нүктесінен өту алдындағы оның қамтамасыз етілуі маржиналды табыстың өсуіне әкеледі, бұл осы нүктеден тез өтуге мүмкіндік береді. Ауыспалы шығындардың негізгі үнемдеу қорлар санына жатқызуға болады:

- шикізат пен материалдарды жеткізудің кәсіпорын үшін пайдалы жағдайларын қамтамасыз ету;



  • негізгі және қосымша өндірістердің қызметкерлер санын азайту, олардың еңбек өнімділігінің өсуі есебінде;

  • еңбек төлемінің келісімді түрлерінен уақыт бойынша еңбекақы төлеу түріне көшу;

  • жайсыз нарық коньюнктура кезеңдерінде шикізат, материалдар мен дайын өнім қорларының көлемін азайту;

  • ресурстарды сақтайтын технологияларды енгізу;

  • өнім сапасына зиян келтірмей, материалдарды арзандауларға айырбастау. Операциялық тұтқаның дұрыс пайдалануы, тұрақты және ауыспалы шығындарды мақсатқа сәйкес пайдалануы, тез өзгеріліп тұрған жағдайларда олардың ара қатысын дер кезінде өзгерту кәсіпорын пайдасының қалыптасу әлеуетін жоғарылатуға және оның іскерлік тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.



жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау