Қаржылық менеджмент


Қаржы активтерінің табыстылығын бағалау модельдері (үлгілері)



жүктеу 1,45 Mb.
бет4/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,45 Mb.
#21794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4.1. Қаржы активтерінің табыстылығын бағалау модельдері (үлгілері).
Қаржылық активтер – қаржы ресурстары (ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар) болып келетін компания активтерінің бөлігі. Инвесторлар жалғыз бағалы қағазға емес, бағалы қағаздар қоржынына ие болуға тиісті.

Қаржы активтер табыстылығын бағалау моделі (Capital Assets Prising Vjdel,CAPM) тәуекел мен активтердің талап етілген табыстылығы арасында байланыс орнатады, яғни келесі сауалға жауап береді: тәуекелдің белгіленген шамасының орнын толтыру үшін қандай табыстылық керек? САРМ негізіне бірқатар шарттар енгізілген, олардың ішінде мінсіз капитал нарығының бары. Шарттар тізімі келесі:



  • әр инвестордың негізгі мақсаты - өз игілігінің мүмкін өсімін көбейту;

  • барлық инвесторлар тәуекелсіз пайыздық K rt мөлшерлеме бойынша шексіз мөлшерде қарыз алу және беруге құқығы бар;

  • кез келген активтерді «қысқа мерзімге сатуға» шектеулері жоқ;

  • барлық инвесторлар күтілетін маңыздардың шамасын, өзара байланысы (корреляция) мен дисперсиясын бірдей бағалайды;

  • барлық активтер бөлінеді және өтімді;

  • барлық қаржылық активтердің саны алдын ала белгіленген;

  • трансакциялық шығындар жоқ;

  • салықтар назарға алынбайды;

  • барлық инвесторлар бағалы қағаздардың сатуы мен сатып алуы бойынша қызметі бағалар деңгейіне ықпал жасамайды деп ұйғарады.

Сол себептен бұл үлгі дамымаған және тұрақсыз нарық жағдайларда пайдалана алмайды. САРМ моделі (үлгісі) қаржы активтерінің тәуекелді қоржынына кепілді табыстылықты қамтамасыз ететін тәуекелсіз активті қосу мүмкіндігіне негізделген. Бұл тиімді қоржын шегін анықтауға мүмкіндік береді.
4.2. β – коэффициенті тұжырымдамасы.
САРМ қисынын түсінуіндегі келесі қадам – тиімді қоржындардың тәуекелі мен табыстылығынан жеке бағалы қағаздың тәуекелі мен табыстылығына көшу. САРМ теориясында бағалы қағаздың тәуекелдігі оның β – коэффициентімен өлшенеді. β – коэффициент – акцияның нарықтық тәуекел өлшемі. Бағалы қағаздардың β (бетасы) қоржын тәуекелін неге бағалайды?

- нарықтық тәуекел әртараптандырылған қоржынның көптеу үлесін құрайды;

- қоржынға қатысты бағалы қағаздар тәуекелі β (бетамен) өлшенеді;

- қоржын тәуекелін оған кіретін бағалы қағаздар бетасымен анықтауға болады.



β өлшенетін акция тәуекелі мен акцияның табыстылығы арасында байланыс орнататын теңеу бағалы қағаздар нарығы сызығының теңеуі деп аталады.

(4,1)

мұнда:


Ki – і акциясының талап етілген (күтілген табыстылығы);

Krf – тәуекелсіз табыстылық;



Km – барлық акциялардан немесе нарық қоржынынан тұратын қоржынның талап етілген табыстылығы.

Bi – і - акцияның - коэффициенті.

жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау