Сыныбы:
|
7 «а»
|
Күні:
|
26.02.16
|
Пәні:
|
Физика және астрономия
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Манометрлер. Сорғылар.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Атмосфералық қысым және оның өзгеруі туралы, манометрлер мен сорғыларды техникада және тұрмыста қолданылуын мысалға ала отырып , жұмыс істеу принциптері туралы оқып үйрену;
|
Құрылымы:
|
1. Ұйымдастыру бөлімі.
|
|
2. Менің үйдегі дайындығым. Үй тапсырмасын тексеру
« Өрмекші торы» әдісі бойынша
|
|
3. Топтастыру
|
|
4. Тұсаукесер. «Ой қозғау». Постер қорғау
|
|
5. «Еске түсірейік!». Қайталау
|
|
6. «Өз мүмкіндігіңді көрсет» кітаппен жұмысы
|
|
7. Кім жүйрік! «Константинополь» әдісі
|
|
8. Үйге тапсырма
|
|
9. Бағалау
|
Күтілетін нәтиже
|
А) оқушылар ауа қабаттары, манометр, сорғы туралы біледі;
В) олардың атқаратын қызметін атай алады;
С) Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады
|
Құрал-жабдықтар:
|
Оқулық, АКТ, дид матер, есептер жинағы
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Сабақтың барысы:
|
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу.
|
Кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыны хабарлайды
|
Кіріспе
|
ІІІ: Үй тапсырмасына шолу.
«Менің үйдегі дайындығым» «Өрмекші торы» арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды сөздер арқылы топқа бөлу. (Мыс: І топ-«Атмосфера», ІІ-топ «Альтиметр», ІІІ-топ «Манометрлер» ІV- топ. «Сорғылар»,
|
Оқушылар «Өрмекші торы» әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қойып, оған жауап береді.
Оқушылар топқа бөлініп отырады
|
Тұсаукесер
|
ІV. «Ой қозғау»
Қалыпты атмосфералық қысым неге тең? Ауа қабаттары қалай аталады?
Атмосфераның қысымы бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
Манометр грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?Манометр дегеніміз не?
Су сорғысының құрылысы қандай және ол қалай жұмыс жасайды?
|
Оқушылар флимчардқа түсіріп, постер қорғайды.
Оны бармақ арқылы бағалайды
|
Негізгі бөлім:
|
Атмосфераның құрылымы өте күрделі. Оның негізгі қабаттары:
Трапосфера; стратосфера;
мезосфера; термосфера;
Биіктігі 760 мм.сын.бағ. қысымына тең, 0°С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.
Манометр, грекше манос-сирек, метрео-өлшеймін
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигманометрмен өлшенеді. Грекше сфигмос-жүрек соғуы
Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі – сорғылар.
Сорғылардың кейбір түрлерін пайдалану арқылы сұйықтармен газдардың бағытталған қозғалысын тудыруға болады.
|
|
Қайталау
|
«Еске түсірейік!». Қайталау
Мұғалім сабақты қорыту үшін жаңа сабақты өзі түйіндейді
|
Оқушылар өз деректерін қосып отырады
|
|
«Өз мүмкіндігіңді көрсет» кітаппен жұмысы
|
|
Сабақты бекіту:
|
Кім жүйрік! «Константинополь» әдісі
Сорғы. Манометр. Атмосфера. Альтиметр.
|
Оқушылар осы сөздерден барынша көп сөз құрастыруға тырысады.
10- одан да көп сөз ойлап тапқан- «өте жақсы», жақсы: 8 және одан да көп сөз
жаман емес: 6 және одан да көп сөз
|
Үйге тапсырма:
|
§41,42,43
|
Күнделіктеріне жазады
|
Пос. Махамбет