Қаржылық менеджмент



жүктеу 1,45 Mb.
бет10/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,45 Mb.
#21794
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Жалпы инвестициялар – кәсіпорынның негізгі капиталына жиынтық салымдар.

Таза инвестициялар – кәсіпорынның негізгі капиталын кеңейтуге және жетілдіруге ақша құралдарын салу. Олар жалпы инвестициялар мен жұмсалған негізгі капиталдың орнын толтыруға шыққан шығындар араларындағы айырым ретінде есептеледі. Егер жалпы инвестициялар амортизациядан аз болса, ол инвестицияларда қайтымдылық жоқ екендігін білдіреді. «Капитал жұмсау» термині өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарға салымды білдіреді, ал бюджет белгіленген жоспарланған уақыт барысында қаражаттардың құйылуы мен жылысуын көрсететін жоспар. Сонымен, капитал жұмсау бюджеті – негізінде қолжетімді инвестициялық жобалардың талдауы және олардың жалпы санынан таңдауы бар негізгі құралдарға болжанған инвестициялау сызбасы. Капитал жұмсау бойынша шешімдерді таңдау үдерісі (негізгі капитал және капитал жұмсау сметасы, олардың қайтымдылығы) капитал жұмсауды бюджеттеу деп аталады. (9 сурет).

Күтілетін түсімдерді есептеу


Тәуекел дәрежесін анықтау

Дисконттау мөлшерлемесін таңдау


Активтер құнын есептеу

Активтердің құнын қажетті капитал жұмсаумен салыстыру

9 сурет. Капитал жұмсауларды бюджеттеу.


Инвестициялық шешімдердің талдауы мен бағалауы дисконттау әдісінде негізделген. Дисконттау – болашақ шығындар мен табыстардың құнын қазіргі кезеңге келтіру, келешекте берілетін соманың бүгінгі баламасын белгілеу. Капитал жұмсау инвестицияларды жоспарлау барысындағы дисконттау үдерісіне 5 негізгі кезеңдер кіреді:

1) осы жобадан күтілетін ақша түсімдерін есептеу;

2) жоспарланған ақша құралдарын алу тәуекелінің дәрежесін есептеу;

3) капиталдың бағасы (құны) деп аталатын дисконттау коэффициентін таңдау;

4) фирма активтерінің құнын есептеу;

5) активтер құнын жоба бағасымен салыстыру: егер акттивтердің ағымдағы құны жоба бағасынан асып түссе, жоба қарастыруға қабылданады.

Егер фирма қолайлы жағдай жасап, дұрыс инвестициялық шешім қабылдаса, яғни ағымданы құны шығындардан көбірек болса, фирманың құны да өседі. Осы компания акцияларының бағамдық құнының өсуін күтуге болады, бұл қаржыларды басқарудың негізгі мақсаты болып табылады.

Бюджетті әзірлеу барысында бірқатар алғышарттарды ескеру қажет:

а) жобалар тәуелсіз де, балама да болуы мүмкін;

б) капитал жұмсау бюджетіне кезекті жобаны енгізу оның қаржыландыру көзін табуын ұйғарады;

в) жобаларды бағалау үшін пайдаланатын капитал бағасы тіуекел дәрежесіне қарай өзгеруі мүмкін;

г) қаржыландыруға жататын объектілердің саны көп бола алмайды;

д) бюджетті әзірлеу барысында ресурстық және уақыт өлшемдері бойынша ескеруі қажет шектеулер бар.

10.2 Капитал жұмсау бюджетін қалыптастыру барысында шешімдерді қабылдау өлшемдері.
Қазіргі заманғы инвестициялық саясат күрделі инвестициялық шешімдер жинағымен көрсетілген, мұнда кәсіпорын қаржылар салымының бастамашысы рөлінде де, сыртқы инвестициялардың объектісі ретінде де болады. Инвестициялаудың жеке құралдар тиімділігін бағалау инвестициялық шығындар көлемін (бір жағынан) және олар бойынша қайтарым ақша ағыны сомаларын (екінші жағынан) салыстыру негізінде іске асырылады. Қазіргі уақытта қаржылық менеджментінің практикасында екі топқа бөлуге болатын әдістер пайдаланады.

Жай (қарапайым) әдістер:

1. Жинақталған ақша ағыны (АСҒ)

2. Инвестициялардың қайтымдылық мерзімі (РР)

3. Пайдалылық коэффициенті (ARR)



Дисконттық әдістер:

1. Таза дисконтталған табыс (NPV)

2. Табыстылықтың ішкі нормасы (IRR)

3. Пайдалылық индексі (PI)

4. Дисконтты қайтымдылық кезеңі (DRR)

Жинақталған ақша ағыны (accumulated cachflow, ACF) – бұл инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңіндегі таза ақша ағынының сомасы мен оны іске асыруға шыққан инвестициялық шығындар сомасы арасындағы айырым.

n n


ACF = ∑ CFt - ∑ ICt (10.1)

t=1 t=1

CFt – t кезеңінде инвестициялық жобаны іске асырудан таза ақша ағыны

Ict – t кезеңіндегі инвестициялық шығындар

n – есептеу мерзімдегі кезеңдердің жалпы саны.

Инвестициялардың қайтымдылық мерзімі ( payback period, PP) инвестициялық жобаны қаржыландыру уақытынан бастап ақша ағыны инвестициялық шығындар ағынына тең болған сәтке дейінгі уақыт.

n n


∑ CFt : ∑ ICt = 1 (10.2)

t=1 t=1


Пайдалылық коэффициенті ( accounted rate or return,ARR). Бұл инвестициялық жобаны іске асырудан инвестициялық шығындардың жиынтық шамасына таза пайданың жиынтық шамасының қатысы.
n n

ARR = ∑ NIt : ∑ ICt (10.3)

t=1 t=1

Нарық экономика жағдайларында инвестициялық шешімдер тиімділігін бағалау және де басқа қаржылық операцияларын өткізу барысында уақыт факторының маңызы зор. Бизнестің «алтын» ережесі: «Бүгін алынатын сома ертең алынатын балама сомадан көптеу». Ағымдағы кезеңде инвестицияланған табыстың әр бірлігі (1+r) соманы алуға мүмкіндік беруімен бұған сәйкес, ағымдағымен салыстырғанда, болашақ табыстың әр бірлігінің құндылығы аздау, себебі оны алу мұрсаты (мерзімін ұзартуы) келешекте (1+r) мөлшерде қосымша табыс алу мүмкіндігінен айырады. Шамасы бірдей, бірақ алу мерзімі әр түрлі екі ақша сомалар құндылығының бірдей еместігі – қаржы әлемінде кең таралған құбылыс. Оның болуы бірқатар себептермен келісілген. Олардың кейбіреулерін келтіруге болады:



- жалпы жағдайларда сақтағаннан шұғыл тұтынуды ұнату (артық көру);

- нарық жағдайларында қолдағы ақша сомасы инвестицияланып, біраз уақыттан кейін табыс әкелуі мүмкін;

- шынайы дүниеде болашақ әрқашан белгісіздікпен байланысты, сондықтан келешек табыстардың ағымдағылардан тәуекелі жоғарылау;

- тіпті аз ғана инфляция барысында ақшалардың сатып алу қабілеті төмендейді. Бұл құбылыстың зерттеулері ақшаның уақытша құндылығы қағидасында (Time Value of Money – TVM) көрініс тауып, қазіргі заманғы менеджментінде негізгі болып саналады. Осы қағидаға сәйкес бүгінгі түсімдер болашақ түсімдерден құндылау. Демек, ағымдағымен салыстырғанда, келешек түсімдердің құндылығы аздау. Ақшалардың уақытша құндылығы қағидасынан екі маңызды ереже туындайды:

- уақыт факторын есептеу қажеттілігі, әсересе ұзақмерзімді қаржылық операцияларын жасау барысында;

- әр түрлі уақыт мерзімдеріне жататын ақша шамаларын қосудың дұрыс еместігі (қаржылық менеджменті тұрғысынан).

Сонымен, қаржы менеджментінде уақыт факторын ескеру қажеттілігі оны бағалаудың арнайы әдістерін талап етеді.

n

PV = FV : (1 + r) (10.4)



Таза дисконтталған табыс (net present value, NPV) -

бұл ағымдағы құнға келтірілген таза ақша ағынының сомасы мен инвестициялық шығындар сомасы арасындағы айырым.

n n n n

NPV=∑ CFt :(1+r) - ∑ ICt :(1+r) (10.5)



t=1 t=1
Егер инвестициялық шығындарды бір мезгілде жасаса, келесі есептеу алгоритмі қолданады:

n n


NPV=∑ CFt :(1+r) - ICt (10.6)

t=1


NPV көрсеткіші қараған жобаны қабылдаған жағдайдағы коммерциялық ұйымның экономикалық әлеуеті өзгеруінің болжамдық бағалауын білдіреді. Әр түрлі жобалардың NPV қосуға болады, бұл өте маңызды қасиет.

Табыстылықтың ішкі нормасы (internal rate of return,IRR) – бұл норма барысында дисконтталған шығындар ақша құралдарының дисконтталған түсіміне тең.

n n n n

∑ ICt :(1+r) = ∑ CFt :(1+r) (10.7)

t=1 t=1


IRR өлшемінің маңызы келесіде: коммерциялық ұйым инвестициялық сипатты кез келген шешімдерді қабылдауы мүмкін. WACC көрсеткіші инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін база болып табылады.

Егер IRR >WACC болса, жоба қабылданады.

Егер IRR< WACC болса, жоба қабылданбайды.

Пайдалылық индексі (profitablity index, PI) жобаның салыстырмалы пайдалылығын немесе салымдар бірлігіне есептегенде жобадан ақша түсімдерінің ағымдағы құнын көрсетеді. n n n n

PI= (∑ CFt :(1+r)) : (∑ ICt :(1+r)) (10.8)

t=1 t=1

Қайтымдылықтың дисконтты кезеңі (discounted payback period,DRR) – инвестициялық жобаны қаржыландырудан бастап дисконтталған табыстар ағыны дисконтталған шығындар ағынына тең болған сәтке дейінгі уақыт кезеңі.

n n n n


(∑ ICt : (1+r)) : (∑CFt : (1+r)) = 1 (10.9)

t=1 t=1


10.3 Жобаның жеке (бірлі-жарым) тәуекелі.
Барлық қаржы мәселелерін шешу барысында тәуекелді талдау өте маңызды, әсіресе капитал жұмсау бюджетін қалыптасуымен байланысты. Тәуекел неғұрлым жоғары, оның орнын толтыру үшін талап етілетін табыстылық соғұрлым жоғары.

Инвестициялық жобалардың тіпті бір фирма шеңберінде тәуекел дәрежесі бойынша айырмашылықтары болса да, бюджет бойынша шешімдерді қабылдау үдерісіне енгізудің маңызы зор. Сонымен, тәуекелдердің бағалауы инвестициялық жобаларды талдаудың маңызды да ажырамас бөлігі болып келеді. Ол келесілерге мүмкіндік береді:



  • жобаларды олардың тәуекел дәрежесі бойынша саралауға;

  • жобаға қатысушылардың барлығы үшін пайда алу ықтималдығын салыстыруға;

  • жобаларды тәуекелдер дәрежесі бойынша жіктеу;

  • инвестициялық зерттеулер кезеңінде тәуекелдерді басқарудың оңтайлы әдістерін таңдауға.

Тәуекелдерді талдау кезеңінде жобаны бағалауға жалпы амалдың мәні келесіде: тиімділік өлшемдері жобаның шығыс ақпаратының барлық немесе көптеген есептелетін өзгерістер барысында өздерінің қолайлы маңыздарын сақтай ма?

Кәсіпорынның даму стратегиялық мақсаттарына жобаның сәйкестігі, оның іске асырылуына менеджердің сенімділігінің, жақсы ойланып әзірлену деңгейінің және оның болашақ қатысушылары араларында тәуекелді үлестіру (бөлу) тетігінің маңызы зор.

Тәуекелдерді 3 типке бөлуге болады:

- жеке (бірлі - жарым) тәуекел (жоба тәуекелі фирма қоржынындағы басқа жобаларға байланыссыз, жеке қарастырылған жағдайда).

- фирма ішіндегі тәуекел (корпоративтік тәуекел), жоба тәуекелі фирманың жобалар қоржынымен байланысында қаралады.

- нарықтық тәуекел – жоба тәуекелі қор нарығында фирма акционерлерінің (акция ұстаушыларының) капиталын әртараптандыру тұрғысынан қарастырылады.

Қаржы менеджментінің тәжірибесінде өз тәуекелдерді талдаудың сапалы және сандық әдістері пайдаланады.



Сапалық талдау әдістері жай, қарапайым болуы мүмкін, мұндағы басты міндет – тәуекелдің әлеуетті салалары мен факторларын табу.

Сандық талдау жеке тәуекелдер өлшемдерінің сандық тәуекелін ұйғарады. Әдістердің таңдауы әр түрлі факторлармен анықталады. Олардың ішінде ең маңыздары:

  • инвестициялық тәуекелдің түрі;

  • бар ақпараттың толықтығы мен сенімділігінің дәрежесі;

  • тәжірибелі сарапшыларды тарту мүмкіндігі;

  • жобаны әзірлеушілері мен менеджерлерінің біліктілігі;

  • қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың бары және оларды қолдану мүмкіндіктері және т.б.

Инвестициялық тәуекелдерді бағалау әдістерінің барлық жағдайларға жарайтын немесе әмебебап түрі жоқ. Жеке (бірлі-жарым) тәуекел – бұл фирма ішіндегі және нарық тәуекелдерінің маңызды факторы.

Жеке тәуекелдің талдауы жобаның ақша ағындарына тән белгісіздікті анықтаудан басталады.

Тәжірибеде жобаның жеке (бірлі-жарым) тәуекелін бағалаудың төрт әдісі пайдаланады.

1) сезімталдығын талдау

2) нұсқаларын таңдау

3) Монте-Карло әдісімен ұқсатып үлгілеу (модельдеу)

4) шешімдер денін талдау.

Шешімдер дені – бұл әдіс әдетте даму нұсқаларының дұрыс саны бар жобалардың тәуекелдерін талдау үшін пайдаланады. Шешімдер денінің төбелері таңдау қажеттілігі туындайтын жағдайларды, ал ағаштың бұтақтары әр түрлі оқиғаларды (шешімдер, салдар, операциялар) көрсетеді. Ағаштың әр бұтағына сандық сипаттамалар жазылуы мүмкін, мысалы төлем шамасы және оны жасау ықтималдығы. Бұл әдістің пайдалануы келесі қадамдардың жасауын ұйғарады:

1. Әр уақыт сәті үшін мәселені және әрі қарай дамитын оқиғаның мүмкін нұсқаларын анықтайды.

2. Шешімдер денінде мәселеге сәйкес төбені және одан шығатын бұтақтарды көрсетеді.


3. Әр бұтақта оның ықтимал құндық бағасын жазады.

4. Барлық төбелер мен бұтақтардың маңызына қарай NPV (немесе IRR, PI) өлшемінің ықтимал маңызын есептейді.

5. Алынған нәтижелердің ықтимал үлестіруін талдайды.

Монте – Карло әдісімен ұқсатып үлгілеу.

Бұл әдіс кіріс ауыспалылар ықтималдықтарын үлестіру талдауы мен сезімталдығының талдауын біріктіреді. Оның іске асыруы бағдарламалық қамтамасыз етудің күшті жүйесін талап етеді.

Компьютерлік модельдеудің бірінші кезеңі ақша ағынының әр шығыс ауыспалысының ықтималдықтарын үлестіруде. Бұл үшін әдетте параметрлердің аз ғана санымен толық берілетін үздіксіз үлестірулер пайдаланады.

Модельдеу (үлгілеу) үдерісі келесі тәсілмен орындалады:

1) Модельдеу (үлгілеу) бағдарламасы әр шығыс ауыспалы үшін маңызын таңдайды.

2) әр өзгеріп тұрған ауыспалы үшін таңдалған маңыз, басқа факторлардың берілген маңыздарымен бірге (салық мөлшерлемесі, амортизациялық аударулар және т.б.) модельде әр жыл сайын таза ақша ағындарын анықтау үшін пайдаланады.

Сонан соң жобаның NPV есептеледі.

3) 1 және 2 кезеңдер көп мәрте қайталанады (мысалы 100 рет), 100 NPV құрайды.



Жобаның корпоративтік тәуекелі - бұл жобаның жалпы жиынтық тәуекеліне үлесі, яғни жобаның ықпалы, сонымен бірге фирманың басқа активтерінен түскен табыстармен өзара байланысы.

Сондықтан орташа квадраттық ауытқулардың жоғары маңызы бар жобалар төмен корпоративтік тәуекелге ие болады, егер оның табыстары фирманың басқа активтерінен табыстармен өзара байланысы теріс болса. Нарық тәуекелін екі негізгі әдістермен өлшеуге болады:



1) таза ойын әдісі;

2) есепті әдісі.

10.4 Сезімталдығын талдау. Нұсқаларды талдау.
Жобаның ақша ағындарын анықтайтын көптеген ауыспалылар ықтималдықтарды үлестірудің қандай да бір заңына бағынады. Сатылған өнімнің көлемі өзгерген сайын, NPV және IRR да өзгеріп отырады.

Пайдалылық өлшемдерінің сезімталдығын талдау.

Бұл әдіс келесі сауалдарға жауап алуға мүмкіндік береді: егер қандай да бір шығыс шаманың маңызы өзгерсе, нәтижелік шамамен не болады? Осыдан оның екінші атауы – «егер..., не болады?». Бұндай талдаудың өткізуі келесі қадамдардың орындауын талап етеді:

1. Математикалық теңеу немесе теңсіздік түріндегі шығыс және нәтижелік көрсеткіштер араларындағы байланыс беріледі.

2. Шығыс көрсеткіштері үшін ең ықтимал маңыздары мен олардың өзгеруі мүмкін өрістері (ауқымдары) анықталады.

3. Шығыс көрсеткіштердің маңызын өзгерту жолымен олардың соңғы нәтижеге жасайтын ықпалы зерттеледі.

Пайдалылық өлшемінің (NPV,IRR) сезімталдығы ең аз жоба тәуекелі аздау деп саналады. Әдетте сезімталдығын талдау рәсімі бір шығыс көрсеткіштің өзгерісін ұйғарады, ал басқалардың маңыздары тұрақты шама болып саналады. Сезімталдықты талдау әдісі жеке шығыс көрсеткіштердің нәтижеге тигізетін ықпалын сипаттайды. Сонымен бірге ол әрі қарай жүргізілетін зерттеулердің бағыттарын көрсетеді. Егер кейбір шығыс көрсеткіштің өзгерістеріне нәтижелік көрсеткіштің күшті сезімталдығы анықталса, соңғыға ерекше назар аудару қажет. Сонымен бірге бұл әдістің бірқатар кемшіліктері де бар, олардың ішіндегі ең маңыздылары:

- негізгі ауыспалылардың байланысы үшін пайдаланатын модельдердің (үлгілердің) қатал заңдылығы мен себептік байланыстылығы);

- шығыс және нәтижелік көрсеткіштердің болжанған (ұйғарылған) ауытқулардың ықтималдық бағалауын алу мүмкіндігінің жоғы;

- жалғыз шығыс көрсеткішті көрсету, ал сол уақытта басқалары тұрақты шама болып келеді. Бірақ тәжірибеде көрсеткіштер арасында өзара байланыстар бар, біреуінің өзгерісі автоматты түрде басқалардың өзгерісіне әкеледі. Қазіргі заманғы компьютерлерімен қолданбалы бағдарламалардың арнайы пакеттері соңғы кемшіліктен қашуға мүмкіндік береді.

Нұсқалар әдісі. Бұл әдіс нәтижелік көрсеткіштің сезімталдығын зерттеуін оның ауытқуларының ықтималдық бағаларын талдауымен қосуға мүмкіндік береді. Инвестициялық тәуекелдерді талдау үдерісінде осы әдістің пайдалануы келесі қадамдардың орындалуын талап етеді:

1. Негізгі шығыс көрсеткіштердің бірнеше өзгеру нұсқаларын анықтайды (мысалы, пессимистік, ең ықтимал және оптимистік).

2. Әр өзгеру нұсқаға қандай да бір ықтималдық бағаны қояды.

3. Әр нұсқаға таңдалған өлшемнің ықтималдық маңызын, сонымен бірге орташа маңыздан оның ауытқуларының бағаларын есептейді.

4. Алынған нәтижелердің ықтималдық үлестірулерін талдайды.

Ең аз стандартты ауытқулары бар жоба тәуекелі ең аз деп саналады. Нұсқаулар әдісі менеджерге таңдалған пайдалылық өлшемнің мүмкін ауытқулары, сезімталдығы туралы ақпарат береді. Бағдарламалық құралдардың қолдануы нұсқалар санын шексіз жоғарылату, қосымша (32 дейін) негізгі ауыспалыларды енгізу, ықтималдықтарды үлестіру (бөлу) кестелерін құру жолымен осындай талдаудың тиімділігі мен көрнекілігін әжептәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді. Осы әдістің пайдалануы тек қана NPV және IRR типті нәтижелік көрсеткіштердің зерттеуіне бағытталған. Ол пайдаланушыға төлемдер ағындарының және де басқа көрсеткіштердің ауытқулары туралы ақпарат бермейді. Бұл әдіс инвестициялық және қаржылық талдаудың көптеген бөлімшелерінде пайдаланады. Сезімталдығын талдау – басқа жағдайлар өзгермей бір кіріс ауыспалының өзгерісіне NPV мен IRR қаншалықты өзгеруін дәл көрсететін әдіс.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1. «Инвестиция» деген ұғымға толық анықтама беріңіз.

2. Инвестициялық шешімдердің қабылдау өлшемдерін анықтаңыз.

3. Капиталды дисконттаудың қажеттілігі неде?

4. Ақша ағындарын дисконттауда капиталдың орташа құны есебінің маңызы неде?

5. Инвестициялық талдаудың қандай әдістерін білесіз?

6. «Таза келтірілген табыс», «қайтымдылық мерзімі» әдістерін сипаттаңыз.

7. Инвестициялық шешімдерді қабылдауда жеке тәуекелді есептеудің ерекшеліктері қандай?

8. Нұсқаулардың сезімталдығын талдау қандай өлшемдерде негізделеді?

9. Монте-Карло әдісін сипаттаңыз.




11 ТАҚЫРЫП. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ АҚША АҒЫНЫН БОЛЖАУ. КАПИТАЛ ЖҰМСАУ БЮДЖЕТІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
11.1. Ақша ағынын бағалау;

11.2. Ақша ағынын бағалаудың оңтайлы бюджетін қалыптастыру;

11.3. Капитал жұмсау оңтайлы бюджетін қалыптастыру.

11.1. Ақша ағынын бағалау.
Шаруашылық тәжірибеде кез келген операция немесе басқарушылық шешім ақша қаражаттарының қозғалысын шақырады. Осы қозғалыстың үздіксіздігі, ұтымдылығы мен пайдалылығы көбінесе бизнестің тұрақтылығына, оның экономикалық нәтижелеріне мүмкіндік жасайды. Қаржылық менеджментінде ақша қаражаттарының қозғалысын динамикасын (қимылдарын) сипаттау үшін «ақша ағыны» арнайы категория пайдаланады.

Кез келген бизнес кіріс, шығыс және нәтижелі ақша ағындары түрінде көрсетілуі мүмкін. Ақша қаражаттарының қозғалысынан жиынтық нәтиже фирма құнының өсу түрінде білінеді. «Ақша ағыны» ұғымы (қолма-қол ақша ағыны, төлемдер ағыны) қаржы менеджментінде негізгі болып табылады. Кез келген фирма ағымдағы төлемдерді, шикізат пен материалдардың сатып алуын іске асыруы үшін, жалақыны төлеу үшін ұзақмерзімді активтерді сатып алып, міндеттемелерді дер кезінде өтеу үшін жеткілікті ақша құралдарына ие болу керек.

Ақша қаражаттарының тапшылығы автоматты түрде өтімділіктің жоғалуына әкеледі, фирманың менеджменті икемді және тәуелсіз шешемдерді шығаралмай, оның қызметі енді сыртқы субъектілерден мысалы, несие берушілерден бағынышты болып қалады.

Бұндай жағдайдың нәтижесі – банкроттық, мәжбүрлеп құрылымын өзгерту, жұтылу және т.б. Осыған байланысты фирманың барлық түрлердегі ақша қаражаттары қаржылық басқарудың ең маңызды объектісі болып келеді. Инвестициялық жобаның талдауындағы ең маңызды кезең: екі негізгі элементтерден тұратын болжамдалған ақша ағынының бағалауы. Кәсіпорынның ақша ағындарын зерттеу тұжырымдамасы ұйғарады:



  • кәсіпорын ақша ағындарын олардың жеке түрлері бойынша сәйкестендіруін;

  • қаралатын уақыт мерзімінде ақша ағындарының жалпы көлемін анықтауын;

  • қаралатын уақыттың жеке мерзімдері бойынша жеке түрлердегі ақша ағындарының жалпы көлемін үлестіруін;

  • кәсіпорынның ақша ағындарының қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы сипатты факторлардың бағалауын.

Бұл тұжырымдаманың мазмұнын ескере отыра ақша басқаруы ұйымдастырылады. Жобаның ақша ағындарын болжау инвестициялық талдаудың ең күрделі кезеңі болып табылады.
1. Осы кезеңде келесі ақша ағынының әр элементінің шамасы қандай?

2. Ақша ағынының әр элементін іске асыру мерзімдері қандай?

3. Ағынның әр элементін алу ықтималдығы тәуекелі қандай?

Инвестициялық жобадан экономикалық нәтиже қосымша өзгерістермен немесе ақша ағындарының өсуімен анықталады. Оны іске асыруын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

- инвестициялық (негізгі қорларды сатып алу, пайдалануын бастау, қажетті айналым капиталын қалыптастыру, қызметкерлер құрамын оқыту және т.б.);

- аяқталу немесе жою кезеңі.

Инвестициялық жобаны іске асыру кезеңдеріне сәйкес оның жиынтық ақша ағынының үш негізгі элементін айыруға болады:

1. Ең алғашқы шығындардың таза көлемі (таза бастапқы инвестициялар);

2. Алдын ала болжанған қызметтен (операциядан) уақытша жұмсалмай жатқан ақша ағыны;

3. Жобаны аяқтау нәтижесінде пайда болған таза ақша ағыны.



11.2. Ақша ағынын бағалаудың ығысушылығы.
Ақша ағындарын бағалау капитал жұмсау бюджетін қалыптастырудың қиын бөлігі болып келеді. Ақша ағындарының болжамы бірнеше жылға жасалады, сондықтан бағалауда қателер болуы мүмкін. Ірі фирмалар жыл сайын көптеген жобаларды бағалап, орындауға қабылдайды.

Ақша ағындарды бағалаудағы қателер кездейсоқ сипатты да бір – бірін жауып отырады. Сонымен, кейбір жобалар үшін таза келтірілген әсердің бағалары (NPV) жоғары, басқалар үшін – төмен, бірақ NPV орташа нақты маңызы барлық қабылданған жобалар бойынша NPV жиынтық болжанған бағаға салыстырмалы жақын болып келеді.

Шағын фирмалар үшін қателер қауіпті: кейде олар барлық инвестицияларынан айырылады, кейбір жағдайларда – мүлкінен де. Ақша ағындарын болжау барысында кез келген фирмаларда міндетті түрде бағалауда ығысушылықтар болады. Көп жағдайларда менеджерлер алғы күндерге зор сеніммен қарайды, соның нәтижесінде табыстар көбейіп, шығындар азаяды. Менеджерлердің жалақысы қызмет көлеміне байланысты, сол себептен олар фирманың пайдалылығында емес, оның көлемін ұлғайтуға мүдделі болып, әлеуетті жағымсыз (келеңсіз) жағдайларды дұрыс бағалай алмайды. Егер бұндай ығысушылық фирмаға тән болса NPV=0 жобаның қабылдауы шығынға әкеледі және, демек, акционерлердің табыстарының азюына. Бағалаудың ығысушылығын біле тұра, менеджерлер болжамдық бағалаудың дәлдігі жөнінде деректерді жинақтап, оларды капитал жұмсау бюджеті бойынша шешімдерді қабылдау үдерісінде ескереді немесе ақша ағындарының болжамдық бағалауын азайту жағына түзетеді немесе жаңа жобалар үшін тиімділік нормалары мен капитал бағасының жоғарылау маңызын белгілейді. Тиімділігі жоғары деп бағаланатын жобалар үшін ақша ағынын бағалаудың ығысушылығын табу үшін ең алдымен осы жобаның тиімділігі негізінде не жатыр деген сауалды қоюымыз керек. Егер фирманың бірқатар ажырамас артықшылықтары болса, мысалы, патенттік қорғау, бірегей өндірістік немесе маркетингтік тәжірибесі немесе тіпті бәріне де әйгілі маркасы (белгісі), онда осындай артықшылық пайдаланатын жобалар шынында да өте табысты болып келеді. Бірақ ұзақмерзімді келешекте бәсекелестіктен жоғары пайда төмендейді. Егер бәсекелестік күшееді деген болжам болса және менеджерлер жобаның жоғары тиімділігін сол деңгейде ұстап тұратын бірегей факторларды таба алмаса, онда компанияның жетекшілері бағалаудың ығысушылығы мәселесін қарастыруға тиісті.

11.3. Капитал жұмсаудың оңтайлы бюджетін қалыптастыру.
Инвестициялық шешімдер тиімділігін бағалау нәтижелері көбінесе шығыс деректердің толықтығы мен сенімділігінің толықтығына байланысты. Тәжірибеде бұл мақсаттарда бюджеттік амал кең қолданады, оның мәні келесіде: жобаның өмірлік кезеңі уақыт аралықтарына бөлініп, кіріс және шығыс ақша ағындары түрлерінде әр уақыт аралығы сипатталады. Инвестициялық және қаржы менеджментінде бұл үдеріс капитал жұмсау бюджетін әзірлеу деп аталады. Капитал жұмсау бюджетін әзірлеу келесі іргелі қағидаларға негізделеді.

Ақша ағындарының өсу қағидасы.

Инвестициялардың экономикалық негіздеуінде тек қана қосымша ақша ағындары (салықтарды ескере отыра) есептеледі. Бұл ағындар қабылданған инвестициялық шешімдер нәтижесінде пайда болған кәсіпорынның жалпы ақша ағынындағы таза өзгерістер болып келеді. Кәсіпорынның ақша ағындарының өзгеруіне әкелмейтін табыстар мен шығындардың кез келген баптары маңызды емес және талдау мақсаттары үшін пайдаланбайды. Бұл қағиданың пайдалануы келесілерге мүмкіндік береді:

- жобамен байланысты барлық ақша түсімдері мен ауытқуларын толық есептеуге;

- айналым капиталын көбейтуге мүмкін талаптарды назардан тыс қалдырмауға;

- жобаға жатпайтын шығындарды есептен алып тастауға және т.б.

Қосымша ағындардың пайдалануын талдау кезеңінде жобаны өз жеке табыстары мен шығындары, активтері, айналым капиталы бар жеке кәсіпорын ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бұл амалдың артықшылығы: менеджерді нақты бір жобаның ерекшеліктеріне жұмылдыру.



Балама шығындарын есептеу қағидасы.

Балама шығындар дегеніміз активтерді немесе қорларды басқа мақсаттарда пайдалануы мүмкін болып, бірақ уыстан кетіп қалған пайда. Мысалы, өндірістің орналасуына жоспарланған жер телімінің белгіленген құны бар, оны сатуға немесе жалға, кепілдікке беруге болады. Кез келген босатылып жатқан активтердің сатылуы амортизациялық ақша аударулардың қысқаруына және сәйкес, салық төлемдерінің өсуіне әкеледі. Жалпы жағдайда, егер қор шектеліп тұрса және басқа мақсаттарды іске асыру үшін бос сатылуы немесе пайдалануы мүмкін болса, осындай мүмкін пайдаланудан алынған кез келген әлеуетті пайдалар балама шығындар деп есептелуге тиісті. Жаңа модельдің (үлгінің) немесе қандай да бір өнімнің шығаруы ағымдағы модельдің немесе оларға сәйкес модельдің сатуын төмендетеді. Бұл ахуал «каннибализм әсері» деп аталады. Бұндай әсерлердің нәтижелерін болжау күрделілігіне қарамастан, олар балама шығындар болып табылады да, капитал жұмсау бюджетін әзірлеу үдерісінде ескерілуі тиіс.



Қайтымсыз шығындарды болдырмау қағидасы.

Инвестициялық шешімдер әрқашан да келешекке ұмтылады. Өткенде шыққан шығындар өзгеріске жатпайды, олар қайтымсыз, инвестициялық шешімдердің қабылдауына әсер етпеуге тиісті. Мысалы, егер бұрын жаңа өнімді әзірлеуге қомақты сома ұсталса, бұл шығындар оның өндірісі үшін жабдыққа қаражаттарды инвестициялау ағымдағы шешім үшін ешқандай маңызы болмауға тиісті. Кейінірек ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру шешімі мақсатқа сәйкес еместігі анықталуы мүмкін. Бірақ осы сәтте сұрақ осылай қойылады: егер бұрын іске асырылған әзірлемелердің нәтижелерін пайдалануын ұйғаратын жаңа инвестициялар болашақ табыстарға қатысты экономикалық шындалған болса, оларды жүзеге асыру қажет. Қайтымсыз шығындарға қатысты ештеме істеуге болмайды, тек қана жасалған қателіктерден қорытынды жасап, келешекке тиімді инвестицияларды жасау жолымен ең жоғары дәрежеде шығындардың орнын толтырудан басқа. Бұрынғы жобаларда инфрақұрылымдық инвестициялар орын алатын, мысалы, электр энергияның өндірісіне, көлік желісін құруға және т.б. Инфрақұрылым бір өндірістің әрі қарай дамуын қамтамасыз ету есебімен құрылған. Бұл жағдайда құрылған инфрақұрылымға шығындар үлесін жаңа капитал жұмсау элементі ретінде жіктеу экономикалық дәлелденген. Өндіріске құйылған инвестициялар фирманың ұзақмерзімді даму стратегиясының бөлігі ретінде инфрақұрылымды кеңейтудің жаңа айналымы үшін түрткі болған жағдайда ахуал басқалау. Инфрақұрылымның дамуының бір бөлігін осы өндірістік салымдар нәтижесі ретінде, ал екінші бөлігін - өндіріске құйылатын ағымдағы немесе болашақ инвестициялар үлесі ретінде қарастыру қажет.



жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау