Қаржылық есеп 2 оқу құралы Қостанай, 2012 ббк 65. 052. 201. 1я73



жүктеу 1,18 Mb.
бет2/6
Дата07.12.2017
өлшемі1,18 Mb.
#3405
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:


1.Қолданылуы тоқтатылуы тиіс ұзақ мерзімді активтер туралы айтыңыз.

2.Құнсызданудан болған залалды тану және күшін жою туралы мәлімет айтыңыз.

3.Егер ұйым ұзақ мерзімді активті сату жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданса қандай іс-әрекет көрсетуі тиіс?

4.Сату бір жыл өткен соң орын алса, не істеу тиіс?

5.Айналымнан тыс активтер дегеніміз не?
5 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (ҚЕХС(IFRS)37)
Бағалау резерві – мөлшері бойынша не орындалу мерзімі бойыншабелгісізміндеттеме.

Міндеттемелер - реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстарды ұйымнан шығаруға себеп болатын өткен кезеңдер оқиғаларының нәтижесі ретінде пайда болған ұйымның ағымдағы міндеттемесі.

Бағалау міндеттемесін уақытқа қатысты немесе міндеттемені өтеу үшін қажетті болашақ шығындар сомасына қатысты белгісіздік болғандықтан, сауда кредиторлық берешек және есептеу сияқты басқа міндеттемелерден ерекшелеуге болады. Салыстыру үшін:

-сауда кредиторлық берешек сатып алынған немесе жеткізілген және шот-фактура жазылған немесе жеткізушімен ресми келісілген тауарлар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу міндеттемесін білдіреді; және

-есептеу сатып алынған немесе жеткізілген, бірақ ақы төленбеген және шот-фактура жазылмаған немесе жеткізушімен ресми келісілмеген тауарлар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу міндеттемелерін білдіреді; бұған қызметкерлерге тиісті (мысалы, демалысқа ақы төлеуге есептелген сомалар) сомалар кіреді. Кейде есептеу сомасын немесе уақытын бағалау қажет, әдетте бұл жерде бағалау міндеттемелеріне қарағанда белгісіздік едәуір төмен.

Есептеу сауда немесе өзге де кредиторлық берешектің бір бөлігі ретінде есепте жиі көрсетіледі, ал бағалау міндеттемесі бөлек ұсынылады.

Шартты міндеттемелер - бұл:

-бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйымның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме; немесе

-бұрынғы оқиғалардан туындайтындықтан, бірақ:

- экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе

-міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды.

Жалпы алғанда, барлық бағалау міндеттемелері шартты болып табылады, өйткені оларды уақыт және сомаға бөлу анықталмаған. Алайда осы Стандартта «шартты» термині танылмаған міндеттемелер мен активтерге қолданылады, өйткені олардың болуы ұйым толық бақылауға алмайтын белгісіз болашақ оқиғалардың біреуінің немесе одан да көбінің басталуы не басталмауымен расталады. Бұдан басқа, «шартты міндеттеме» термині мойындау талабына жауап бермейтін міндеттемелерге қолданылады.

Бағалау міндеттемелері:

-өткен оқиғалар нәтижесінде ұйымның ағымдағы міндеттемелері болғанда (заңды және енгізілген);

-осы міндеттемелерді орындау үшін ықтимал болып табылатын экономикалық пайдасы бар ресурстарға қандай да бір қажеттілік туындағанда; және

-міндеттеме сомасына сенімді есеп жасалғанда танылады.

Осы шарттар сақталмаған жағдайда ешқандай бағалау міндеттемелері танылмайды.

Ағымдағы міндеттемелер

Кейбір жағдайларда, ұйымның ағымдағы міндеттемелерінің бар-жоқтығы анық болмайды. Мұндай жағдайларда бұрынғы оқиға, есепті күнгі ағымдағы міндеттемелердің болу ықтималдығы осындай міндеттемелердің болмау мүмкіндігінен асып түскен жағдайда барлық бар куәліктерді ескере отырып, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына алып келеді деп есептеледі.

Қаржылық есептілікте есептік кезеңнің соңындағы ұйымның болашақтағы ықтимал жағдайы емес, оның қаржы жағдайы көрсетіледі. Сондықтан болашақта келтірілетін шығындар бойынша ешқандай бағалау міндеттемелері мойындалмайды. Ұйымның қаржылық жағдай туралы есебінде танылатын жалғыз міндеттеме есептік күнінде болған міндеттемелер болып табылады.

Міндеттемелерді сенімді бағалау

Бағалауды пайдалану қаржылық есептілікті дайындаудың елеулі бір бөлігі болып табылады және оның сенімділігін жоймайды. Бұл қаржылық жағдай туралы есептің көптеген басқа баптарына қарағанда өз сипаты бойынша неғұрлым белгісіз болатын бағалау міндеттемелеріне тән. Өте сирек жағдайларда ғана ұйым ықтимал нәтижелердің диапазонын анықтауға және, тиісінше, бағалау міндеттемелерін мойындау кезінде пайдалану үшін барынша сенімді міндеттемелерді бағалауға кабілетті.

Ерекше сирек жағдайларда, сенімді бағалауды жасау мүмкін болмаған жағдайларда, мойындау мүмкін емес міндеттемелер болады. Мұндай міндеттемелер шартты міндеттемелер ретінде ашылады.

Шартты міндеттемелер

Ұйым шартты міндеттемені мойындамауға тиіс.

Шартты міндеттеме, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайды қоспағанда.

Ұйым міндеттеме бойынша ортақ жауапкершілік атқарған жағдайда, басқа тарап міндеттемелердің бір бөлігін жойса, ол шартты міндеттеме болып есептеледі. Ұйым, сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкін міндеттемелердің бір бөлігінде бағалау міндеттемелерін таниды.

Шартты міндеттемелер бастапқыда күтілгендей дамымауы мүмкін. Сондықтан экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігінің пайда болуын белгілеу үшін олар үздіксіз бағаланады. Егер болашақ экономикалық пайданы шығару бұрын шартты міндеттеме ретінде қарастырылған бап бойынша қажет болатыны мүмкін болса, онда бағалау міндеттемесі ықтимал өзгеріс болатын кезеңдегі қаржылық есептілікте танылады (сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда).

Шартты актив - бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйым толық бақыламайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал актив ретінде айқындалады.

Шартты активтер әдетте жоспарланбаған немесе күтпеген оқиғалардан пайда болады, олар ұйымға экономикалық пайда әкелу мүмкіндігін туғызады. Оған нәтижесі белгісіз, ұйым сот қарауы арқылы қанағаттанатын талап-арыз мысал бола алады.

Шартты активтер қаржылық есептілікте танылмайды, өйткені ол ешқашан іске асырылмайтын кірісті мойындауға алып келуі мүмкін. Алайда, кірісті алу іс жүзінде күмәнсіз болған жағдайда, тиісті актив шартты актив болып табылмайды және оны мойындау орынды.

Бағалау міндеттемелері ретінде танылған сома есепті күнге ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағалауды білдіреді.

Ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағалау -бұл есепті күніне міндеттемелерді өтеу үшін ұйым орынды төлеген немесе осы күнге үшінші тарап аударған сома. Әдетте, есепті күнге міндеттемені өтеу немесе аудару мүмкін емес немесе өте қымбат болады. Алайда, ұйым міндеттемені өтеу немесе аудару үшін дұрыс төлеген соманы бағалау есепті күнгі ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағасын береді.

Көптеген оқиғалар мен жағдайлардың болуы шүбәсіз тәуекелдіктер мен белгісіздік бағалау міндеттемелері бойынша ең дұрыс есептік бағалауды алу үшін ескерілуі тиіс.

Тәуекелдік нәтиженің өзгергіштігін көрсетеді. Тәуекелдіктерге түзету енгізу өлшенетін міндеттеменің сомасын көбейтуі мүмкін. Белгісіздік жағдайында пікір айтқан кезде кірістер мен активтерді көтермеу үшін және шығыстар немесе міндеттемелерді төмендетпеу үшін сақтық керек. Алайда, белгісіздік артық бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтамайды. Мысалы, аса жағымсыз нәтижелердің болжанатын шығындары сақтықпен бағаланса, онда кейін нәтиже шын мәніндегіге қарағанда неғұрлым ықтимал ретінде қарастырылмайды. Тәуекелдік мен белгісіздікке түзету бағалау міндеттемелерін кейін көтеру арқылы қайталанбас үшін сақтық қажет.

Дисконтталған құн

Ақшаның уақытша құнына әсер көп болғанда, бағалау міндеттемелерінің сомасы міндеттерді өтеу үшін қажет шығындардың дисконтталған құнын білдіреді.

Есептік күнінен кейін пайда болатын ақша қаражаттарының кетуіне жататын бағалау міндеттемелері ақшаның уақытша құнына байланысты неғұрлым қиын болса, осы сомада ақша қаражаттарының кетуі кейінірек пайда болады. Сондықтан, ықпал елеулі болса, бағалау міндеттемелері дисконтталады.

Дисконттау бағамы (немесе бағамдары) міндеттемелерге тән ақша мен тәуекелдіктің уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсететін салыққа дейін бағам (немесе бағамдар) болуы тиіс. Дисконттау бағамы (бағамдары) ақша қаражаттарының болашақ тасқындары түзетілген тәуекелдіктерді көрсетпеуге тиіс.

Болашақ оқиғалар

Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті сомаға әсер ететін болашақ оқиғалар олардың болуы туралы жеткілікті объективті растаулар болған жағдайда бағалау міндеттемелері сомасында көрсетіледі.

Күтілетін болашақ оқиғалар бағалау міндеттемелерін өлшеу кезінде ерекше болуы мүмкін. Мысалы, технологиядағы болашақ өзгерістер нәтижесінде алаңды тазалау бойынша шығындарды ұйым оны пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты төмендеуі мүмкін деп санайды. Танылған сома алаңды тазалау сәтінде қажет болатын технологияға қатысты барлық бар негіздемелерді есепке ала отырып, техникалық білікті объективті бақылаушылардың орынды күтулерін көрсетеді. Сондықтан бар технологияларды қолдану тәжірибесімен немесе тазалау бойынша бұрын оған қолданылған неғұрлым ірі немесе неғұрлым күрделі қолданылып жүрген технологияны қолданудың күтіліп отырған шығындарына байланысты шығындардың күтіліп отырған қысқартуын енгізу орынды. Алайда ұйым бұл барынша объективті негіздемемен расталмайынша тазалау үшін мейлінше жаңа технологияны әзірлеуді күтпейді.

Активтердің күтілетін шығарылуы

Активтердің күтілетін шығарылуынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін өлшеу кезінде есептелмеуге тиіс.

Күтілетін шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғаларға тығыз байланысты болғанның өзінде, активтердің күтілетін шығаруынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін өлшеу кезінде есептелмеуге тиіс. Мұның орнына ұйым тиісті активтерді қарастыратын Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты белгілеген сәтте активтердің күтілетін шығаруынан болған пайданы таниды.

Бағалау міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін қажетті кейбір немесе барлық шығындарды күтілетін басқа тарап өтейді деп өтеу ұйым міндеттемені өтей алатыны күмәнсіз болған жағдайда ғана, сонда ғана өтеу мойындалады. Өтеу жеке актив ретінде ескерілуге тиіс. Өтеу ретінде танылған сома бағалау міндеттемесінің сомасынан аспауға тиіс.

Пайда мен шығын туралы есепте бағалау резервтеріне жататын шығыс өтеуге қатысты танылған соманы шегеріп тастағанды білдіреді.

Бағалау резервтері бастапқыда мойындалғандар үшін осы шығындар бойынша ғана пайдаланылады.

Бағалау резервтеріне қарсы бастапқыда жасалғандарға қатысты шығындар ғана есептеледі. Бастапқыда басқа мақсаттарда жасалған бағалау резервтеріне қарсы шығындарды есептеу екі түрлі оқиғаның әсерін жасыратын болады.

Болашақ операциялық шығындар

Бағалау резервтері операциялық қызметтен болған болашақ шығындар үшін мойындалмауға тиіс.

Болашақ операциялық шығындар бағалау резервтері үшін белгіленген мойындаудың жалпы талаптары бойынша анықтамаға жауап бермейді.

Болашақ операциялық шығындарды күту белгілі бір активтер қызметінің құнсыздануының көрсеткіші болып табылады. Ұйым 36 Активтердің құнсыздануы (IAS)ХҚЕС-ына сәйкес құнсыздануға осындай активтерге тексеру жүргізеді.

Міндет жүктелген шарттар

Ұйымда міндет жүктелген шарт болған жағдайда, осы шарт бойынша ағымдағы міндеттеме танылады және бағалау резерві ретінде өлшенеді.

Көптеген шарттар (мысалы, сатып алуға арналған әдеттегі тапсырмалар) басқа тарапқа өтемақы төлемей-ақ жойылуы мүмкін және тиісінше бұл жерде міндеттеме болмайды. Басқа шарттар әрбір келісетін тараптар үшін құқықтар мен міндеттерді белгілейді. Оқиға осындай шартты міндет жүктелген шарт жасағанда, ол осы Стандартты қолдану аясына тап болады және танылатын міндеттемесі болады. Міндет жүктелген болып табылмайтын орындалу үстіндегі шарттар осы Стандартты қолдану аясына кірмейді.

Олар бойынша алынатын экономикалық пайдадан асып түсетін, орындауы болмай қоймайтын шығындарды қажет ететін шарт ретінде міндет жүктелген шартты айқындайды. Шарт бойынша болмай қоймайтын шығындар шарттан шығудың ең төменгі құнын көрсетеді, ол, өз кезегінде, шартты орындауға кеткен шығындардың және өтемақы немесе оны орындамағаны үшін айыппұл төлеуге кететін шығындардың ең төменгі мөлшерін білдіреді.

Қайта құрылымдау - жоспарланған және басшылық бақылайтын:

-ұйымның қызмет аясын; не

-осы қызметті жүргізу тәсілдерін елеулі түрде өзгертетін бағдарлама ретінде айқындайды.

Төменде қайта құрылымдау анықтамасына кіретін оқиғалар мысалы берілген:

-қызмет түрін сату немесе тоқтату;

-елде немесе аймақта шаруашылық бөлімшелерін жабу немесе шаруашылық қызметін бір елден екінші елге немесе аймаққа ауыстыру;

-менеджмент құрылымындағы өзгерістер, мысалы, менеджменттің қандай да бір деңгейін жою; және

-ұйым қызметінің сипатына және бағытына елеулі әсер ететін түбірлі қайта ұйымдастыру.

Қайта құрылымдау бойынша шығындарға бағалау міндеттемелері бағалау міндеттемелерін мойындаудың жалпы талаптарын сақтаған жағдайда ғана танылады. Бұл контексте қайта құрылымдау бойынша міндеттеме ұйым:

-қайта құрылымдаудың жан-жақты ресми жоспары болғанда туындайды, олар:

- қызметті немесе оның бір бөлігін;

-негізгі орналасқан жерін;

-орналасқан жерін, функциясын және оларды жалдаудың тоқтатылуына байланысты өтемақы берілетін қызметкерлердің шамамен алынған санын;

-келтірілетін шығындарды; және

-жоспарды орындау мерзімдерін айқындайды; және

-осы жоспарды орындауды бастай отырып немесе мүдделі тұлғаларға жоспардың тетіктері мен ерекшеліктерін жариялай отырып, қайта құрылымдауды жүргізетінін мүдделі тұлғаларға негізделген күтулермен түсіндіреді.

Ұйымның қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыра бастауына, мысалы, жабдықтарды бөлшектеуді бастау не активтерді сату немесе қайта құрылымдау жоспарының негізгі сипатын ашық жариялау куә болуы мүмкін. Қайта құрылымдаудың жан-жақты жоспарын ашық жариялау тәжірибеден туындайтын міндеттемелерге себеп болады - ұйымның қайта құрылымдауды жүзеге асыратыны туралы тапсырыс берушілер, жеткізушілер және қызметкерлер (немесе олардың өкілдері) сияқты басқа тараптарда шын мәнінде күту тудыру үшін жеткілікті деректермен (яғни, жоспардың негізгі сипаттары белгіленді) жасалған жағдайда ғана қайта құрылымдауды жүргізуге болады.

Қайта құрылымдау жоспары оны тараптарға жариялаған кезде тәжірибеден туындайтын міндеттемелердің себебі болып табылуы үшін қайта құрылымдау жоспарына елеулі өзгерістер енгізудің күмәнді болуы оны орындаудың тез басталуы және оны аяқтаудың осындай мерзімі онда жоспарлануға тиіс. Қайта құрылымдау басталар алдында едәуір кідіріс болса немесе қайта құрылымдау негізсіз ұзақ уақытқа созылса, жоспар басқа тараптар жағынан негізделген күтулер тудыратыны күмәнді болады, бұл уақытша шектеу ұйым үшін жоспарын өзгерту мүмкіндігін жасайтындықтан, ұйымға қазіргі уақытта қайта құрылымдауды жүргізуді міндеттейді.

Қайта құрылымдау бойынша бағалау резервтерінің құрамына қайта құрылымдауға байланысты пайда болатын тікелей шығындар, яғни бір мезгілде:

-міндетті түрде қайта құрылымдаумен байланысты; және

-ұйымның ағымдағы қызметімен байланысты емес шығындар ғана кіреді.

Қайта құрылымдау бойынша бағалау резервіне мынадай міндеттемелер:

-жұмыс істеуді жалғастырып отырған қызметкерлерді қайта даярлауға немесе орнын ауыстыруға кеткен шығындар;

-маркетингке шығындар;

-жаңа жүйелерге және тарату желілеріне инвестициялар кірмейді.

Болашақта істі жүргізуге жататын осындай шығындар есептік күнге қайта құрылымдау бойынша міндеттемелер болып табылмайды. Осындай шығындар қайта құрылымдаудан бөлек келтірілген болса, онда олар танылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Бағалау резервтері және шартты міндеттемелердің арасындағы байланысты айтыңыз.

2.Міндеттемелер дегеніміз не?

3.Бағалау резервтері дегеіміз не?

4.Шартты міндеттемелер-бұл:

5.Шартты актив дегеніміз не?



6 Ақшаның уақытша құны

Кейде ұйым иеленушілер ретінде мүмкіндігі бар іс-әрекет ететін иеленушілер дивидендтері сияқты ақша қаражатынан (ақша қаражаты емес активтерден) басқа активтерді бөледі. Мұндай жағдайларда ұйым өз иеленушілеріне өздерінің ақша қаражаты емес активтерін немесе ақша қаражаты баламасын алуда таңдауға мүмкіндік береді. (IFRIC) ХҚЕСТК ұйымның осындай үлестірімдерді қалай есептеу керектігіне сілтеме беру жөнінде өтініштер алады.

(IRFS) Халықаралық қаржы есептігі стандарты ұйымның иеленушілерге үлестірімдерді бағалау түрі жайлы сілтеме бермейді. (көбіне дивиденд ретінде айтылатын). 1 (IAS) ХҚЕС капиталының өзгеруі жайлы есептілігінде немесе қаржы есептілігі жазбаларында иеленушілер үлестірімдер ретінде танылған дивидендтер мәліметін талап етеді.


жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау