«Қаржы және есеп» кафедрасы «Практикалық аудит» пәнінен обсөЖ сабақтарын жүргізуге арналған



жүктеу 134 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі134 Kb.
#20811
түріСабақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және заң факультеті
«Қаржы және есеп» кафедрасы


«Практикалық аудит» пәнінен ОБСӨЖ сабақтарын

жүргізуге арналған

әдістемелік нұсқау

Шымкент - 2017ж

Оқу әдістемелік нұсқау кафедраның мәжілісінде қаралды, талқыланды.


Хаттама № “ ” 2017ж.
ХГТУ, Шымкент 2017 ж.

Кіріспе
Студенттердің өзіндік жұмысы – бұл студенттердің оқу қызметінің ерекше бір түрі. СӨЖ ойлау қабілеттерін ынталандырады, берілген ғылымның материалдарын саналы және терең меңгеруге септігін тигізеді. Ол әдебиетпен дұрыс жұмыс істеу, іздену және өз көзқарастарын айқындап, өз ыңғайын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Студенттің өзіндік жұмысы тұлғаның қалыптасуына елеулі дәрежеде ықпал етеді. Тұлғаны қалыптастыра отырып өзіндік жұмыс студенттерге жұмыс және бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру тәжірибелерін жинақтауға мүмкіндік береді.

Студенттердің өзіндік жұмысы оқу жоспарының әрбір пәні бойынша ұйымдастырылады. Жалпы өзіндік жұмысты студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысына (СОӨЖ) жіктейді. Бұлар оқытудың кредиттік жүйесіндегі оқу процесін ұйымдастыруда негізгі формаларының бірі болып табылады және аудиториядан тыс сабақтарды сипаттайды.

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – бұл студенттің оқытушының қатысуынсыз өз бетінше оқуға бөлінген, оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаумен қамтылған белгілі бір тақырыптар мен тапсырмалар бойынша жұмысы.

Студенттердің өзіндік жұмысын бақылау формасы бойынша жазбаша және ауызша болуы мүмкін. Жазбаша бақылау формасында оқушылардың өзіндік жұмысының нәтижелері конспект, реферат, баяндама, шығарма, кроссвордтар, эссе, есеп берулер, бақылау жұмысы және ғылыми мақала үлгісінде және т.б. рәсімделеді. Студенттердің өзіндік жұмысының нәтижелерін ауызша бақылауында коллоквиум, конференция, іскер ойындар және жеке сөйлесулер және т.б. үлгілермен рәсімделінуі мүмкін.


Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру

1. Эссе – белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама-қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі. 1-тақырыпты оқып

- үйрену барысында «Рыноктық экономикасы дамыған елдерде жұтылу тактикасы» тақырыбына эссе жазу қарастырылған. Ол 1 немесе 2 парақтан (А 4) тұрады. Міндетті түрде әдебиет көзін келтіру керек.



2. Аннотация – қандайда бір мақалаға (сынап- мінеу, түсіндіру) талдау жасау. Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндірілді. Төлем қабілетсіздігінің тероиялық негіздері және форменсіз кәсіпорындар (тақырып1), «ҚР банкроттық процедураларының негізгі проблемалары» (тақырып4), «Еуропа елдерінде кәсіпорындардың қосылуының қазіргі тәжірибесі» (тақырып8) тақырыптары шегінде аталған тапсырмаларды орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда1, егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек . Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдауына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікрімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаныз. Алыну көзіне деген міндетті талап - басылым ресми түрде болуы шарт.

Тапсырма көлемі: А4 беті-бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем) Міндетті түрде әдебиет көзін келтіру керек.



3. Шағын топтардағы жұмыс.Шағын топтағы жұмыстың ерекшелігі ортақ максималды нәтижеге жету үшін , топтың әрбір мүшесінің тұлғалық ерекшелігін ескере отырып, олардың міндетін нақты бөлумен байланысты.

4. Презентация – бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өндеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдылығы композиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценириі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Презентацияны жасау кезінде сіздерге шағын топ құру ұсынылады және топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру керек: біреулер материал жинаумен, екінші – оларды өңдей отырып, сценарий жазады, үшіншісі – сызбаны құрастырады немесе презентацияға тартпалы материалдар дайындайды, тағы біреулері – ауызша айтуға, сұраққа жауап беруге дайындалады.



Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

5. Тақырыпқа байланысты блок – схема немесе салыстырмалы кесте құру. Берілген тақырыпқа байланысты материалды зерделеу негізінде кестелік – графикалық түрдегі қысқаша ақпаратты таныстырған жөн.

6. Глоссарий – тақырыптын ішіндегі басты терминдерді таңдау.Сіз жаңадан танысқан терминдерден сөздік құруыныз керек , сонымен бірге олардың әрқайсысына түсініктеме беруіңіз керек.Кроссворд түрінде құрылуы мүмкүн.

7. Сақтандыру құжаттарын толтыру – нұсқаулық және заңнамалық құжаттар негізінде, ережелерге сүйене отырып, қатаң түрде сақтандыру құжаттарының нысанын: сақтандыру полисі, сақтандыру шарты, сақтандыру кесісі, авриялық сертификаттарды толтыру қажет.

8. Іскерлік ойын – «ҚР банкроттық процедураларының негізгі проблемалары» бойынша топ ішілік жұмыс жүргізіледі. Атап айтқанда банкроттық процедураларына сәйкес топ екі топшаға бөлінеді: біржағы банкроттыққа ұшыраған кәсіпорын, екінші жағы кредиторлар реттінде жұмыс жасайды.

9. Текстік тапсырмаларды құрастыру – берілген тақырып бойынша сізге сұрақтар құрастыру қажет.Сұрақтың құрылымы түсінікті, сауатты болу қажет. Әр сұраққа 5 жауп жазу керек,олардың тек біреуі ғана дұрыс болу қажет.

10. Бизнес – жоспар құру – Бизнес–жоспар – сақтандыру қызметін ұйымдастыратын субъектінің мақсатқа жету бағытын баяндау. Бизнес –жоспар әдетте 3-5 жылға жасалады. Сақтандыру саласына байланысты, және де нақты жағдайға байланысты – жоспардын құрылымы мен құрамы өзгеше болуы мүмкін, бірақ мазмұндық жағы ұқсас болуы керек. Бизнес –жоспарды жасағанда,жоспардың мақсатын нақты білу керек.Студенттер бизнес- жоспардың мазмұнын және проектердің , бизнес идеялардың орындалу процесін ашу қажет.Берілген тақырыпты ашу үшін студенттерге келесі ережелерді ұстану қажет. Ең көп тараған бизнес –жоспар түрлері:

    • Бизнес – жоспар түйіні немесе бизнесті рәсімдеу;

    • Кәсіпорын;

    • Кәсіпорынды басқару;

    • Кәсіпорын мақсаты;

    • Маркетингтік іс-шара;

    • Сақтандыру қызметін жүргізу бойынша ұйымдық іс-шаралардың жоспары;

    • Қаржылық жоспар;

    • Қаржыландыру стратегиясы.

Жазбаша жұмыстардың бағаларының критерийлері

А:

  • Тақырып дәлелдемелермен терең ашылған;

  • Тапсырма материалдың жетік білуін, оны мақсатты талдай алуын, қорытынды жасай білуін растайды;

  • Мазмұндаманың логикалық жалғастығы, композиция б/ша құрылған;

  • Тапсырма әдеби тілмен дұрыс жазылған,грамматикалық қателеріз мазмқны б/ша стилистикалық сәйкес.


В:

  • Тақырып толық жеткілікті және көз жетерләктей ашылған;

  • Жұмыс материалдардың жақсы меңгергендігін анықтайды, тақырыптың қайнар көздерін және өзінің ойын жазу үшін оларды пайдалана алуы;

  • Мазмұндаманың логикалық жалғастығы;

  • Жұмыс қатесіз дұрыс әдеби тілмен жазылған.

С:

  • Тақырып басты және негізгі түрде ашылған;

  • Тақырыпқа дұрыс, біржақты жауап және толық емес жауап берілген, тақырыптан тыс кетулер бар;

  • Өз ойын тудырғанда қателер бар;

  • Жазбаша сөйеудің негіздерімен меңгергендігі байқалады.

Д:

  • Тақырып толық ашылмаған;

  • Тақырыптан тыс кетулер және толық емес жауап берілген;

  • Өз ойын тудырғанда қателер табылған.


1-Тақырып. Қорытынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері

Әдістемелік ұсыныстар:

Сақтандыру түсінігі: практикалық аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар. Практикалық аудитте қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер.


Негізгі әдебиеттер


  1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

  2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

  3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

  4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер


  1. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

  2. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

  3. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

  4. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.


2-Тақырып. Сатып алу кезеңінің аудиті



Әдістемелік ұсыныстар: Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Сатып алу кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Сатып алу кезеңінің шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.

Негізгі әдебиеттер


1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.



Қосымша әдебиеттер


5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.




3-Тақырып. Өндіріс кезеңінің аудиті

Әдістемелік ұсыныстар:

Өндіріс кезеңінің аудиті: өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелдіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.


Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.


Қосымша әдебиеттер


5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.



4-Тақырып. Қаржылық қортындының қалыптасуы мен сату кезеңінің аудиті
Әдістемелік ұсыныстар:

Сату кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Қаржылық қортынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Қаржылық қортынды есептің қалыптасуы мен сату кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Аудит жүргізу барасында тексеруге арналған негізгі тұжымдар. Дебиторлық қарыздар аудиті.


Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.


Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.

5-Тақырып. Ақша қаражаттарының аудиті
Әдістемелік ұсыныстар:

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да щоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жүргізілгенде тексерілітін негізігі аудиторлық тұжырымдар.


Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.



Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.
6-Тақырып. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті

Әдістемелік ұсыныстар:

Ұзақ мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясының аудиті. Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар.



Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:



  • негізгі құралдардың нақты қолда барлығына жөне сакталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;

  • еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша топталғандығын;

  • есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;

  • есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;

  • есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғандығын;

  • негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;

  • бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.


Тақырып- 7. Инвестициялау кезеңінің аудиті
Әдістемелік ұсыныстар:

1. Инвестициялардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бөлінісі қаржылық құралдармен операциялардағы пайда болатын қатынастардың барлық мәнін аша алмайды. БЕХС-39 «Қаржылық құралдар: тану және бағалау» стандарты қаржылық инвестициялардың жіктелуін бекітеді:

- сатуға арналған;

- өтелуге дейін ұсталатын;

- қарыздар мен дебиторлық берешек;

- сатуға арналып қолда бар.

2. Шаруашылық қызметінің процесінде жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару нәтижесінде қызметкерлердің саны өзгереді, жұмысы бойынша ауысулар жүргізіледі. Сондықтан оны аудиторлық тексеру маңызды орын алады. Жалпы кәсіпорын бойынша, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің саны туралы және осы санның өзгерісінің себептері туралы; жынысы, жасы, санаты, лауазымы, мамандығы, жұмыс стажы, білімі және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Адам құрамын есепке алу үшін № Т-2 нысанындағы жеке карточка, ал ғылыми қызметкерлер үшін № Т-4 нысанындағы ғылыми қызметкерді есепке алу карточкасы қолданылады. Жұмысқа келген адамдар соңғы жұмыс орны туралы жазулар жазылған еңбек кітапшасын кадрлар бөліміне көрсетуі тиісті.
3. Инвестициялау кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудиттің бағыттары. Инвестициялау кезеңінің аудитін жұргізудің ақпараттық көзі. Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар.
Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.


Қосымша әдебиеттер

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.


Тақырып- 8. Міндеттемелер мен капиталтардың аудиті
Әдістемелік ұсыныстар:

1. Меншіктік капитал -бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері деген анықтама берілген. Яғни меншіктік капиталдың шамасы бухгалтерлік есептің балансында бағаланып көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнына тікелей байланысты. «Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар» бухгалтерлік есептің стандартында меншіктік капиталға: жарғылық, резервтік төленбеген, косымша төленген және төленбеген, айналымнан шығарылған капитат және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады деп көрсетілген. Демек, бүл аталғандар меншіктік капиталдың элеменітері ретінде аудиттің зерттеу объектісіне айналады. Алдымен меншіктік капиталдың элементтері аудитін қарастырмай тұрып, меншіктік капиталдың элементтерінің қалыптасуына ықпал ететін меншік түрлеріне сәйкес әрқайсысы шаруашылық жүргізушісі мәртебесіне ие бола алатын шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтап алу қажет.

2. Резервтік қапиталды құру міндетті жөне ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заң актілерінде қаралған баптарға сәйкес құрылса, ал екіншісінде - шаруашылықтың құрылтайшыларының жүргізіп отырған саясатына сәйкес құрылады. 
Негізгі әдебиеттер:

1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.

Тақырып- 9. Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану
Әдістемелік ұсыныстар:

Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен түрады: жоспар кіріспесі, өңдіріс мақсаты - өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік (қамсыздандыру); қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтын аналитикалық есебі). Бизнес- жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудитгің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:

1) Өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары


қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.

2) Бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін


мәліметтер жиналады.
Тестті жүргізгенде қолданылатын аналитикалық әдістер. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау.
Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.




Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.


Тақырып-10. Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану және аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері.


Әдістемелік ұсыныстар:

Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит төуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс төртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

1) шаруашылық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;

2) аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып:



  • аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анық-
    тайды;

  • жұмыс атқару төртібі, жұмыс орны, аудитордың жөне
    тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;

  • аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем
    сомасы анықталады. 



Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.




Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.


Тақырып-12. Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау. Аудиттің сапасына жауапкершілік.
Әдістемелік ұсыныстар:

Орташа және ірі аудиторлық фирмалардың орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша үрдістердің жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік стандарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиісті. 

Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік стандарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуы тиісті.Ағымдағы файлдар – жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар


Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.




Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.


Тақырып-13. Аудиттің этикалық принциптері. Аудиттің Халықаралық стандарттарының статусы.
Әдістемелік ұсыныстар:

Аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданды және оларды мемілекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды.



Мақсаттары : ең жоғарғы стандарттардың талаптарына сәйкес жұмыс істеу, қоғамның мүддесі соны талап ететіндіктен ең жоғары кәсіби деңгейге жету. Кодекстің негізі принциптері: сенімділік - қоғамға дұрыс ақпараттар ж/е сенімді ақпараттық жүйелер қажет. Кәсіптенгендік - қоғамда клиенттер, жұмыс берушілер ж/е бақада мудделі жақтар бухгалтерлік есеп саласында кәсіптенген маман ретінде көрсете алатын тұлғларға деген қажеттілік бар. Қызметтердің сапасы – аудиторлар көрсететін барлық қызметтердің ең жоғарығы стандарттарға сай келетіндігіне кепілдік қажет.Нанымдылық (көз жеткізгендік) – аудиторлардың кәсіби қызметін пайдаланушылар көрсетілген аудиторлық қызметтерді реттейтін кәсіби этиканың тұжырымдамалық негі бар екендігіне нанымды болуғы тиісті. Негіз болатын принциптер. 

Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.




Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.
Тақырып-14. Аудиттегі жұмыстың сапасын бақылау. Бақылаудың жеке тексеру ретіндегі сапасының және жалпы бақылау сапасының маңыздылығы.
Әдістемелік ұсыныстар:

Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы. Орташа және ірі аудиторлық фирмалардың орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша үрдістердің жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік стандарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиісті. Ағымдағы файлдар – жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар. Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізінен төмендегі мәселелерге көңіл аударуы қажет:

- аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы;

- жасалған жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы;

- айқындалған аудиторлық үрдістердің мақсатына жеткендігі;

- тексеру нәтижелерінің қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болғандығы.
Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.




Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005

8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.

Тақырып-15. Аудиттің қаржылық есептілік элементтерінің мақсаты және жету әдістемелері
Әдістемелік ұсыныстар:

Жоғарыда айтылғандай, қаржылық есеп берудің мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну болып табылады."Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында "аудитор тексеріліп отырған қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер жеткілікті екеніне сенімді болу керек" деп көрсетілген. Аудиттағы дәлелдеулер жинау - мақсатты түрде жүргізілетін процесс.Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:маңыздылық;аудиторлық тәуекелдік;қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.Алдыңғы тауарларда осы тұжырымдамалардың жалпы түсінігі, олардың мәні, олардың аудитті жоспарлау кезінде қолданылуы берілді. Енді қаржылық есеп беру аудиті орындалу тұрғысынан қарастырылады.



Негізгі әдебиеттер:
1. Глушков И.Е. «Бухгалтерский учет на современном предприятии» М.: 2001.

2. Назарова В.А. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы, 2005

3. Байболтаева Н.Ә. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы, 2006.

4. Радостовец В.К. және т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.




Қосымша әдебиеттер:

5. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» Алматы «Экономика», 2005.

6. Финансовый учет на предприятии Под ред. Рахимбековой Р.М., Алматы-2003.

7. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами (часть 1, 2), Алматы-2005



8. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. және т.б. Қаржы есебі -Оқу құралы. Алматы-2003.
жүктеу 134 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау