Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы 005 жылғы ақпандағы №30-iii қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 232,43 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата01.01.2020
өлшемі232,43 Kb.
#25674
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ


 

Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы

(2018.02.07. берілген 

өзгерістер мен толықтырулармен

)

 

2009.30.12. № 234-IV ҚР 



Заңымен

 тақырыбы жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

)

 



Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80-VІ 

Заңын

 қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);



ҚР 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VІ 

Заңын


 қараңыз (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

3-бап. Қазақстан Республикасының қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасы

4-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау

5-бап.  Қызметкер  еңбек  (қызметтік)  мiндеттерiн  атқарған  кезде  оны  жазатайым  оқиғалардан  міндетті  сақтандыру

объектісі мен субъектілері

6-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi

6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау

7-бап. Алынып тасталды

8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi

9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

10-бап. Пайда алушының құқықтары

11-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты

12-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы

13-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы

14-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

15-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы

16-бап. Сақтандыру сомасы

16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мəн-жайлары

17-бап.  Сақтандыру  сыйлықақысының  мөлшерiн  айқындау  жəне  оны  қызметкерді  жазатайым  оқиғалардан  мiндеттi

сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тəртiбi

17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті

18-бап. Сақтандыру жағдайын жəне келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

19-бап.  Зиянның  мөлшерiн  айқындау  тəртібі. Қызметкердi  жазатайым  оқиғалардан  мiндеттi  сақтандыру  шарты

бойынша сақтандыру төлемдерi

19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру  төлемдерін  жүзеге

асырудың ерекшеліктері

20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары

21-бап. Алынып тасталды

22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздемесi

23-бап. Аннуитет шартын жасасу

24-бап. Қызметкердi еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дəрежесiн анықтауға куəландырудың тəртiбi

24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері

25-бап. Дауларды шешу

26-бап. Алынып тасталды

27-бап.  Қазақстан  Республикасының  қызметкерді  жазатайым  оқиғалардан  мiндеттi  сақтандыру  туралы  заңнамасын

бұзғаны үшiн жауаптылық

28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тəртiбi

 

 

2009.30.12.  №  234-IV  ҚР 



Заңымен

 бүкiл мəтiн бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн  атқарған  кезде  оның  өмiрi

мен  денсаулығына  зиян  келтiргенi  үшiн  жұмыс  берушiнiң  азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгiн»,  «Қызметкер  еңбек

(қызмет)  мiндеттерiн  атқарған  кезде  оның  өмiрi  мен  денсаулығына  зиян  келтiргенi  үшiн  жұмыс  берушiнiң  азаматтық-

құқықтық  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру  туралы  Қазақстан  Республикасының»,  «Қызметкер  еңбек  (қызмет)

мiндеттерiн  атқарған  кезде  оның  өмiрi  мен  денсаулығына  зиян  келтiргенi  үшiн  жұмыс  берушiнiң  азаматтық-құқықтық

жауапкершiлiгiн»,  «жұмыс  берушiнiң  жауапкершiлiгiн»  жəне  «Жұмыс  берушiнiң  жауапкершiлiгiн»  деген  сөздер  тиiсiнше

«қызметкердi  жазатайым  оқиғалардан»,  «Қазақстан  Республикасының  қызметкердi  жазатайым  оқиғалардан  мiндеттi

сақтандыру туралы», «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «қызметкердi жазатайым оқиғалардан» жəне «Қызметкердi

жазатайым  оқиғалардан»  деген  сөздермен  ауыстырылды    (ресми 

жарияланғаннан

  кейiн  алты  ай  өткен  соң  қолданысқа

енгiзiлдi) (

бұр.ред.қара

)

 

Осы Заң қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi



1

Источник: Информационная система "ПАРАГРАФ"

Документ: 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ

Статус: Действующий 28.10.2019 11:05:46




жəне оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық жəне ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

 

2007.07.05. 



№ 244-III

 ҚР  Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.

ред

.қара);  2009.30.12.  №  234-IV  ҚР 



Заңымен

  1-бап  жаңа  редакцияда

(ресми 

жарияланғаннан



 кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (

бұр.ред.қара

)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1)  аннуитеттiк  сақтандыру  шарты  (бұдан  əрi  -  аннуитет  шарты)  -  сақтандырушыны  шартта  белгiленген  мерзiм  iшiнде

сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;

2) еңбек жөніндегі уəкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан əрi - уəкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес

еңбек  қатынастары  саласында  мемлекеттік  саясатты  iске  асыруды  жүзеге  асыратын  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік

органы;


3) кəсiптiк еңбекке қабiлеттiлiк - қызметкердiң белгiлi бір біліктiлiктегi, көлемдегi жəне сападағы жұмысты атқару қабiлетi;

4) кəсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дəрежесi - қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан

Республикасының 

заңнамасына

 сəйкес айқындалатын төмендеу деңгейi;

5)  кəсiптiк  тəуекел  сыныбы  -  өндiрiстiк  жарақаттанудың  жəне  кəсiптiк  аурулардың  экономикалық  қызмет  түрлерi  бойынша

қалыптасқан деңгейi;

6)  қызметкердi  жазатайым  оқиғалардан  сақтандыру  -  еңбек  (қызметтiк)  мiндеттерiн  атқарған  кезде  өмiрi  мен  денсаулығына

зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешенi;

7) пайда алушы - осы Заңға сəйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

8)  сақтандыру  жағдайы  -  осы  Заңның 

16-1-бабында

  көзделген  мəн-жайлар  кезiнде  қызметкер  (қызметкерлер)  еңбек

(қызметтiк)  мiндеттерiн  атқарған  кезде  зиянды  жəне  (немесе)  қауiптi  өндiрiстiк  фактордың  əсер  етуi  нəтижесiнде  ол  (олар)

ұшырайтын,  соның  салдарынан  қызметкердiң  кəсiптiк  еңбекке  қабiлеттiлiгiнен  айрылу  дəрежесiн  белгiлеуге,  кəсiптiк  ауруға  не

өлiмге əкеп соғатын өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн

атқарған кездегi жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);

2018.02.07. № 166-VI ҚР 

Заңымен

 8-1) тармақшамен толықтырылды



8-1)  сақтандыру  омбудсманы  -  «Сақтандыру  қызметі  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына


  сəйкес  сақтандыру

нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға;

9)  сақтандыру  сомасы  -  сақтандыру  объектiсi  сақтандырылған  жəне  сақтандыру  жағдайы  басталған  кезде  сақтандырушы

жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;

10)  сақтандыру  сыйлықақысы  -  сақтанушының  сақтандырушыға,  соңғысы  пайда  алушыға  қызметкердi  жазатайым

оқиғалардан  мiндеттi  сақтандыру  шартында  белгiленген  мөлшерде  сақтандыру  төлемiн  жүргiзуге  мiндеттемелер  қабылдағаны

үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;

11)  сақтандыру  төлемi  -  сақтандыру  жағдайы  басталған  кезде  сақтандырушының  пайда  алушыға  сақтандыру  сомасының

шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

12) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi

12)  сақтандырушы  -  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында

  белгiленген  тəртiппен  Қазақстан  Республикасының

аумағында  «өмiрдi  сақтандыру»  саласында  аннуитеттiк  сақтандыру  сыныбы  бойынша  жəне  мiндеттi  сақтандырудың  осы  түрi

бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;

13) тармақша ресми 

жарияланғаннан

 кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi

13) сақтанушы - қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.

 

2009.30.12.  №  234-IV  ҚР 



Заңымен

  2-бап  жаңа  редакцияда  (ресми 

жарияланғаннан

  кейiн  алты  ай  өткен  соң  қолданысқа

енгiзiлдi) (

бұр.ред.қара

)

2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар



1.  Осы  Заң мемлекеттік мекемелердiң қызметкерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан

сақтандыруды реттемейдi.

2. Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi

сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен босатпайды.

 

3-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы



1.  Қазақстан  Республикасының  қызметкердi  жазатайым  оқиғалардан  мiндеттi  сақтандыру  туралы  заңнамасы  Қазақстан

Республикасының 

Конституциясына 

негiзделедi  жəне  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексiнен,  осы  Заң  мен

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық

шарттың ережелерi қолданылады.

 

4-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау



2012.05.07. № 30-V ҚР 

Заңымен


 1-тармақ өзгертілді (

бұр.ред.қара

)

1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан



Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уəкiлеттi орган жүзеге асырады.

 

2009.30.12.  №  234-IV  ҚР 



Заңымен

  5-бап  жаңа  редакцияда  (ресми 

жарияланғаннан

  кейiн  алты  ай  өткен  соң  қолданысқа

енгiзiлдi) (

бұр.ред.қара

)

5-бап. Қызметкер  еңбек  (қызметтiк)  мiндеттерiн  атқарған  кезде  оны  жазатайым  оқиғалардан  мiндеттi  сақтандыру  объектiсi



2

Источник: Информационная система "ПАРАГРАФ"

Документ: 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ

Статус: Действующий 28.10.2019 11:05:46




жүктеу 232,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау