Жоғары оқу орындардағы сыбайлас жемқорлық



жүктеу 328,4 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі328,4 Kb.
#21065


ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 

130 


УДК 691.33 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРДАҒЫ СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚ 



 

Еркісқызы Айман 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

«Жемқорылық  – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ 

соларға  теңестiрiлген  адамдардың  лауазымдық  өкiлеттiгiн  және  соған 

байланысты  мүмкiндiктерiн  пайдалана  отырып  не  мүлiктiк  пайда  алу  үшiн 

олардың  өз  өкiлеттiктерiн  өзгеше  пайдалануы,  жеке  өзi  немесе  делдалдар 

арқылы  заңда  көзделмеген  мүлiктiк  игiлiктер  мен  артықшылықтар  алуы,  сол 

сияқты  бұл  адамдарға  жеке  және  заңды  тұлғалардың  аталған  игiлiктер  мен 

артықшылықтарды  құқыққа  қарсы  беруi  арқылы  оларды  сатып  алуы  . 

Заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк  және  қылмыстық  жауапкершiлiкке 

әкеп  соқтыратын  сыбайлас  жемқорлықпен  жымдасқан  немесе  сыбайлас 

жемқорлық  үшiн  жағдай  туғызатын  әрекеттер  сыбайлас  жемқорлыққа 

байланысты 

құқық 

бұзушылықтар 



(сыбайлас 

жемқорлықпен 

құқық 

бұзушылықтар) болып табылады» [1] 



Жемқорлық  адамды  бүкіл  өмірі  бойында  сүйемелдеп  келеді  –  туғанынан 

дүние  салғанына  дейін.  Жемқорлық  фактілерімен  елдің  әрбір  тұрғыны 

соқтығысады,  ол  жиі  жеңе  алмайтын  және  шарасыз  нәрсе  ретінде  қабылданады. 

Қазіргі  таңда  мұндай  жағдай  жемқорлық  республика  ауқымындағы  ұлттық 

қауіпсіздікке қатер төндіреді дегенге дейін жетті. Қандай қызмет саласында оның 

жоқтығын  анықтау  қиын  –  ол  байқалмай  барлық  салаларға  және  жаңа 

«технологиялық»  құбылыстар  мен  тәсімдерге  еніп  кетті,  әсіресе  соңғы 

оңжылдықта.  

Білім  беру  жүйесі  мелекеттіміздің  болашағын  ашық  етіп  және  бәсекеге 

қабілеттілігін  жоғарлатай  түсіреді.  Бұл  мақсатты  көздей  тұрып  білім  жүйесінінң 

барлық  санаттарында    жемқорлықтан  сақтау  үлкен  рольге  ие.  Бұл  зерттеу 

жұмысында  жемқорлықты  қабылдау  дәрежесін  анықтау  мақсатныда  Солтүстік 

Қазақстан  Мемлекеттік  университетінің  студенттер  мен  оқытушылар  арасында 

жемқорлық  ұғымын  түсіну,  оның  тудыру  себептері  мен  оған  кім  кінәлі,  параны 

алу  факторлары,  білім  жүйесін  өзгерте  отырып  жемқорлық  жеңу  мүмкінкіндігі 

туралы мәселелерін назарға алып сауалнама жүргізілді.  

Респонденттердің  ассоциативті  реті  жемқорлықты  кері  анықтамалармен 

сипаттауына  қарамастан,  олардың  барлығы  бұл  заңға  қайшы  қызмет  түрінің 

формаларын,  әдістерін  және  бағасын  жеткілікті  біледі.  Студенттердің  30,5% 

ойынша, студенттің сабақ оқуға құлқы жоқтығы оның пара беруінің себебі болып 

табылады, ал 25,10% оқылатын сабақтардың қиындығы бір себеп десе, 12,5% бұл 

себепті оқытушылардың қаталдығы деп көрсетеді. Демек біздің ЖОО-да жоғары 

білім алу үшін жеткілікті білімі жоқ арсыз, алайда диплом үшін қылмысқа баруға 

дайын студенттер тобы бар. Студенттердің айтуынша, оқытушылардың пара алу 

себептері мынадай болып келеді (алғашқы үштік): 32% қалыптасқан тәртіп, 16% 

жалақының төмендігі, 20,7% жауапкершілігі жоқтық пен жаза қолданылмауы. Ең 

қызығы 

студенттердің 



15,3%-ның 

оқытушылар 

параны 

«оқымайтын 




Еркісқызы Айман 

131 


студенттерді»  жазалау  үшін  алады  деп  ойлайтындығы.  Қазақстан  ЖОО-да  пара 

алудың алғашқы үш себебіне: студенттердің оқуға ынтасы жоқтығы, оқытушылар 

жалақысының  төмендігі  мен  университет  басшылығының  бақылауы  төмен 

дәрежеде  болуы.  Студенттердің  оқу  ақысының  қайда  жұмсалып  жатқандығына 

қызықпауына  қарамастан,  респонденттердің  12,5%  жемқорлықтың  себебі 

қоғамдық  бақылаудың  жоқтығы  деп  есептейді.  Студенттердің  пікірінше,  келесі 

білім беру процесі формалары жемқорлыққа көптеп бой алдырады: Сынақ – 25%, 

диплом алу – 19,6% , ҰБТ тапсыру – 20,4%. Сауалнама нәтижелері ЖОО-да сынақ 

тапсыру  уақытында  жемқорлықтың  өсетіндігін  дәлелдеді.  ЖОО  ақпараттың 

жабықтығы ЖОО ішіндегі жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етпейді.  

Студенттер  тәрізді  оқытушылардың  да  жемқорлық  түсінігінің  ассоциативті 

реті кері сипатта. Оқытушылардың көп бөлігі  «пара алдыңыз ба?» деген сұраққа 

«жоқ» деп жауап берді. Бұл пара алудың қандай түрлері бар және қандай әдістер 

қолданылатындығы  жайлы  ақпараттың  болуының  өзінде.  Оқытушылар 

бірауыздан  жемқорлық  билік  органдарынан  басталады  дейді.  ЖОО-да 

жемқорлықтың  инициаторлары  ретінде  оқытушылардың  30,4%  -ы  білім  беру 

процесінің барлық қатысушылары, респонденттердің 21% -ы студенттер, 22% -ы 

қалыптасқан  қарым-қатынас  жүйесі,  ал  19,5%  -ы  оқытушылар  деп  есептейді. 

Көңіл  аударарлық  жайт  студенттер  мен  оқытушылардың  пара  алу  мен  беру 

себептері  жайындағы  пікірлерінің  бірдей  болуы.  Студенттерді  пара  беруге 

итермелейтін  себептерге  келетін  болсақ,  бірінші  орында  жауап  алынғандардың 

40%-ның пікірінше, студенттердің оқуға ықыласының жоқтығы, оқытушылардың 

қаталдығы  –  12,3%.  11%-ы  студенттерді  пара  беруге  мәжбүрлеу  итермелейді, 

10,9% -ы білім беру дәрежесінің төмендігі деп жауап берді. Оқытушыларды пара 

алуға  итермелейтін  себептерге  тоқталатын  болсақ,  респонденттердің  40%  -ы 

жалақының төмендігіне сүйенсе, 19% -ы қалыптасқан тәртіп деп есептесе., 20% -ы 

үшіннегізі  себеп  -  жауапкершілік  пен  жазаның  жоқтығы.  Әсіресе  шындыққа 

жанаспайтын жауаптар оқытушыларды пара берушінің қауіп төндіруі  -  5% және 

пара-беруші  студент  жақтан  моральдық  іс-әрекет.  Ойландыратын  тағы  бір  факт, 

оқытушыларға  пара  беруші  мен  оқытушыны  байланыстырушы  адамның  қысым 

көрсетуі.  Сонымен  қатар  оқытушылар  ЖОО-да  жемқорлықтың  болу  себептерін 

көрсетті: төмен жалақы  -40%, моральдық  қасиеттер  - 29%, оқытушылрдың 11%-

ының пікірінше бәріне кінәлі студенттер деп есептейді. Оқытушылардың 20% -ы 

үшін ЖОО-да қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі негізгі себеп болып табылады. 

Сұрақтардың  нәтижесі  бойынша,  жемқорлық  –  қоғамдық  қарым-қатынасты 

құраушылардың  бірі  және  біз  оған  көнуге  тиіспіз  (31%  -ы  жемқорлық  барлық 

ЖОО-на тән деп есептейді). 

Мәжіліс  спикерінің  орынбасары  Дариға  Назарбаева  еліміздегі  білім 

ордаларын  жемқорлық  жайлап  кеткенін  баса  айтып,  сынға  алды.  Вице-спикер 

«Жемқорлық  білім  берудің  барлық  саласындағы  жүйелі  проблемаға  айналғанын 

мойындауымыз  керек.  Соның  салдарынан  білім  алушылардың  ынтасы  төмен. 

Олар  курстық  жұмыс  жазуға  уақытын  кетіргенше,  ақша  төлей  салғанды  жөн 

санайды. Жастардың бір бөлігі колледждер мен жоғары оқу орындарына білім алу 

үшін  емес,  диплом  алу  үшін  барады»  дей  келе,  саладағы  олқылықтарды  тізіп 

берген болатын.  

«Астана»  телеарнасындағы  «Кеш  емес»  ток-шоуында  Аманкелді  Момышев 

осы  тұрғыда  жақсы  пікір  білдірген  еді.  Қоғам  қайраткері:  «Жастарды  осы 

дәрежеге  жеткізіп,  білімсіз  қалдырған  өзіміз.  Неге  дейсіз  ғой?!  Біздегі  білім 




Жоғары оқу орындардағы сыбайлас  жемқорлық 

132 


жүйесіндегі  ұлттық  бірыңғай  тестілеуге  бірден  өтіп  кетудің  өзі  қате  болды. 

Көршілес  Ресей  мемлекеті  сынды  біртіндеп,  аса  ұқыптылықпен,  жан-жақты 

жүйені  реттеп  барып  ауысуымыз  керек  еді.  Қай  заманнан  болсын  мектепте  озат 

және  нашар  оқитын  оқушылар  болған.  Баға  қоятын  заманда  бес  пәнді  арасына 

дайындыққа  уақыт  беріп,  бес  күнге  қоятын  мемлекеттік  емтихан  тапсыру 

барысында кімнің кім екенін анықтап алатын болған. Қазір уақыт үнемдейміз деп 

бес пәнді бір күнге сыйғызып, білімі төмен болса бағы жанғандардың оқуға түсіп 

кетіп жатқанын көріп жүрміз. Мектепте оқуға қызықпаған оқушы университеттен 

білім іздей ме?!» деген болатын. Осы проблеманы үзбей көтеріп жүрген «Астана» 

телеарнасының  аталған  тақырыпқа  байланысты  жүргізген  сауалнамасында 

қарапайым  халықтың  басым  бөлігі  «университетті  диплом  үшін  ғана 

оқитындарын»  айтқан  болатын.  Бағаға  бола  барын  бермей  қоятын  бала  жоқ, 

ұсыныстан  бас  тартар  ұстаз  жоқ  жағдайда  білімнің  сапасы  құлдырай  беретіні 

сөзсіз.  Маңғыстау  облысында  жоғары  педагогикалық  білім  туралы  1990-2000 

жылдардағы  үлгідегі  200  диплом  тексеріліп,  мұғалімдер  дипломының  90%-ы 

жалған  болып  шықты.  Физика,  география  мен  химия  пәндерінің  жалған 

оқытушылары  ұзақ  жылдар  бойы  облыстың  жалпы  білім  беретін  мекемелерінде 

жұмыс  істеген.  Тексеру  барысында  олардың  жоғары  білімі  туралы  жалған 

дипломдарды  жерасты  өтпе  жолдарынан  сатып  алғандығы  анықталған  болатын. 

Яғни  бір  облыстың  барлығы  дерлік  дипломды  сатып  алған.  Оның  үстіне  бұл 

тексерілген бір саланың ғана көрсеткіші. [2] 

ҚР білім беру ұйымдарында 2007 жылдың аяғына қарай 4, 9 (10) сыныптарда, 

ЖОО 2 және 3 курстарда енгізілген аралық мемлекеттік бақылау өткізу берекелі 

статистикасын  аздап  бүлдірді.  Бұл  компьютерлік  тестілеу  белгілі  бір  дәрежеде 

оқушылар мен студенттердің білім сапасын бақылауға мүмкіндік берді. Алайда ол 

4жылдан  соң  алынып  тасталды  –  2011жылдың  аяғында.  Шамасы,  объективті 

тестілеу  кезіндегі  көрсеткіштер  көңіл  жұбатпады,  әсіресе,  жоғарғы  оқу 

орындарында, ол дәстүрлі жемқорлыққа кедергі келтірді.  

Бұл ұлттық «дәстүр» жоғарғы оқу орындарында шарықтау шегіне жетті. Егер 

мектептерде  жақсы  баға,  тестілеу,  емтихан,  аттестат  үшін  «төлем»  әлі  жаппай 

таралмаса  да,  ЖОО-да  -  бұл  тестілеу,  сынақ,  емтихан,  курстық,  дипломдық 

жұмыстар үшін орнықты төлем жүйесі бар айқын ақиқат. Мысалы, емтихан 5-15 

мың теңге тұрады.  

Нұр  –  Отан  партиясының  «Жас  Отан»  жастар  қанаты  «STOPҚылмыс»  аты 

жоба аясында  «Таза сессия» акция ұйымдастырылған.  «Таза сессия»  - Қазақстан 

ЖОО-ының  студенттері    арасында  анонимдік  сауалнама.  Бұл  сауалнаманың 

нәтижесі  бойынша  ЖОО-дағы  жемқорлықтың  көлемі  анықталған  болатын. 

Мысалға  «бір ЖОО-нда «пәнді жабу» үшін 12 мың теңге болса, басқа бір ЖОО-

нда  бұл  сомаға  бүкіл  сессияны  жаба  алады.  Орта  есеппен  алғанда  сессияны 

тапсыру үшін шамамен 29 мың теңгені құрайды, бір пәнді жабу 5 мың. Курстық 

жұмысты  сатып  алу  –  орта  есеппен  алғанда  шамамен  13  мың  теңге,  ең  арзан 

дегені 2-3 мыңнан басталады. Ал дипломдық жұмыс сатып алу сомасы шамамен 

60  мың  теңгені  құрайды,  ең  арзаны  –  30  мың  теңге.  Ал,  мысалы,  жатаханаға 

орналасу үшін студент 15 мың теңгені төлейді. Грант иегері болғылары келсе 500 

мың теңгені тала етеді, ал кейбір облыстарда 100 мың теңге. Орташа сомасы 250 

мың  теңгені  құрайды.»  [3]  Бұл  деректен  көріп  тұрғанымыздай,  қалтада  ақшан 

артық болса ЖОО орынды ешбір кедергісіз бітіруге болады.  



Еркісқызы Айман 

133 


Ең  қызығы,  бұл  бәріне  белгілі  жайт,  соған  қарамастан  ресми  деңгейде  бізде 

білім  беру  жүйесі  сәтті  деп  саналады.  Тек  мынаны  қоспағанда,  қылмыстық 

жауапкершілікке бала-бақша меңгерушілері, орта мектептің директорлары, ЖОО 

ректорлары жауапқа тартылмайды, дегенмен оқу орындарындағы жемқорлық жиі 

олардың қатысуымен өркендеуде.  

«Азаттық  корреспондентімен  оның  телефонын  Ғаламтордан  тауып  алған 

компаниялардың  бірінде  келесі  бағалаулар  хабарланды.  Курстық  жұмыстар  бес 

мың теңге тұрады (30 доллар шамасында), дипломдық жұмыстар – 50 мың теңге 

(300 доллар шамасында), ал диссертациялар — 70 мың теңге (400 долларға жуық). 

Шын  мәнінде  алаяқтық  бола  тұрып,  аталған  құбылыс  билікпен  ешбір 

бақыланбайды, ол бойынша ешбір статистика жүргізілмейді» [4] 

Мұнда  «ағынға»  бағалар  көрсетілген,  яғни  ең  төмендері.  Шынында  бағалар 

аса жоғары: басқа деректер бойынша дипломдық жұмыстар 500 доллардан бастап 

одан жоғары бағаланады, диссертациялар - 2 мыңнан 20 мың долларға дейін. Оқу 

үрдісінің  «майдандық»  шарттарында  курстық,  дипломдық  жұмыстардың 

тақырыптарын  осы  ЖОО  оқытушылары  анықтайды  және  сәйкесінше,  белгілікті 

«тарифтері»  бар  сынақтар  мен  емтихандарды  есепке  алмағанда,    «көмек  пен 

дайындық сабақтар үшін» бағаларды да олар анықтайды.. Ал ЖОО студенттері өз 

күштерімен оқитын студенттер көп емес деп бағалайды. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2012 жылы 1-2 салаларда салалық 

қауымдастық  базасында  пилоттық  режимде  бірқатар  Біліктілікті  растау 

орталықтарын құруға бекерден тапсырма берген жоқ. Яғни ЖОО бітірушілерінің 

біліктілігін  тексеретін  жаңа  ЖОО  дейінгі  құрылым  қалыптасуда.  Бұл  жанама 

түрде  жоғары  мектептерде  білім  деңгейінің  төмендегенін  және  оның 

дипломдарына сенімсіздікті растайды.  

Осындай объективті деректермен ЖОО немесе колледж бітіргеннен соң жаңа 

өмір бастаушы маман үшін жемқорлық «әдетті» болып қалуы таңданарлық емес. 

Егер  тура  және  ауыспалы  мағынада  адам  ана  сүтімен  бірге,  туғанынан  онымен 

бірге  өмір  сүруі  тиіс,  жалпылаушы  жемқорлық  «энергетикасын»  сіңіріп  жатса, 

соңынан одан және қоғамнан «жемқорлықтық вирустарды» қалай өшіріп тастауға 

болады? Себебі бұл жемқорлық кестесі оқу орнын аяқтағаннан кейін де өмірінің 

келесі  кезеңінде  әрекет  етеді:  жұмысқа  орналасу  кезінде,  оқуды  жалғастыру 

кезінде, диссертация қорғағанда және т.б. 

Қортындылай  келе,  бұл  баяндамада  білім  жүйесіндегі  жемқорлық 

факторларының  шеңберін  тарылтуға,  онымен  күресу  амалдары  және 

жемқорлықты алдын алуға азаматтық тұрғыдан үлес қосуды мақста етіп қойдық. 

Бұл мақсатқа жету үшін жемқорлық ұғымын талдап, оның білім жүйесінде болу 

себептерін айқындадық. 

Білім беру сферасындағы жемқорлықтың төмендеуі үшін:  

1.  Оқу  үшін  ақша  төлеген  әр  бір  студент  ақшаның  қайда  және  не  үшін 

баратындағын білу үшін қаржыландырудағы ашықтық болуы тиіс

2.  Жоғары білім жүйесінде қаражатты бөлу және пайдалану процессінің әрбір 

қатысушының    жауапкершілікті  анықтайтын  нормалар  жүйесін,  нұсқаулар  мен 

ережелерді құру; 

3.  Әкімшілік қызметкерлерінің және басқа еліктірілген қоғамдық ұйымдарға, 

ата-аналар  мен  мұғалімдер  ассоциациясының  және  профсоюздардың  мүшелерін 

қоса,  аудиторлық  тексеріс  пен  бақылау  жүргізуде,  олардың  есептілікті 

дайындауда,  басқару  әдістерінде  квалификациясын  көтеру;  қатынасу  деңгейін 




Жоғары оқу орындардағы сыбайлас  жемқорлық 

134 


көтеру  мақсатымен  информацияға  қол  жеткізуді  кеңейту;  ортақтастық  сезімін 

дамыту және қоғамдық бақылаудың жетілдендіру; 

4.  ЖОО-ның  студенттеріне  мемлекеттік  және  басқа  тілдерде  жемқорлыққа 

қарсы және құқықтық білім беруді кіргізу

5.  ЖОО  студенттерінің  құқықтық  санасын  көтеру  және  құқықтық  білім 

беруіне көбірек назар аудару, бой алдырмау керектігін түсіндіру; 

6.  БАҚ  және  қоғамның  қатысуымен  ЖОО-ның  әрекеттеріне  эффективті 

бақылау жүйесін құру;  

7.  Үздік  оқытушыларды  таңдау,  білім  гранттарын  тағайындау  ашықтық 

жағдайында жасалуы;.  

8.  ЖОО оқытушыларының біріңғай рейтингін енгізу; 

9.  Сыртқы  бөлім  экстернаттарды  максималды  бақылауға  алынуы  тиіс.  4 

сессияны (2 жылда) тапсыру арқылы  екінші жоғарғы білім алу проблематикалы. 

(ССР  кезінде  ол  үшін  5  жыл  оқу  керек  еді).  Сондықтан  білім  алуды  3-4  жылға 

ұзарту  қажет.  Барлық  пара  мен  жемқорлық  сыртқы  бөлімде  және  экстернатта 

көптеп кездеседі.  

10. Неліктен алдыңғы қатардағы ЖОО аралық бақылаудан төмен нәтижеге ие 

болады?  Өйткені  студенттердің  минимум  30%-ы,  50%-ы  да  ол  жерде  оқымауы 

тиіс.  Біріншіден  өту  баллын  көтеру  керек,  екіншіден  ЖОО-да  ақылы  оқытуды 

алып  тастау  керек.  Тәжірбие  жүзінде  мемлекеттік  ЖОО  аудиториялар  мен 

оқытушаларды жеңілдік негізінде қолданылатын жеке меншік ЖОО-ны құрайды . 

Бұнымен олар мемлекетті алдауда. 

 

11. ЖОО-дарында  дипломдық  жұмыстарды  тек  ғылым  саласына  баратын 



түлектер  жазуы  тиіс,  себебі  сауалнама  кезіндегі  студенттердің  шамамен  20%-ы 

  параны  дипломдық  жұмысты  жазу  кезінде  ұсынады.  Ал  егер  оны  тек  болашақ 

ғалым болтындар жазса, онда жемқолықтың төменденуіне сенуге болады. 

12. Оқушылар  мен  ата-аналардың  қатысуымен  жемқорлыққа  қарсы  күреске 

бағытталған конференциялар мен ашық сабақтар ұйымдастыру қажет. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.  Сыбайлас  жемқолыққы  қарсы  күресу  туралы.  Қазақстан  Республикасының  Заңы.  – 

Алматы: ЮРИСТ, 2004, - 15б 

2.  А. Нұрымхан «Ресбуликалық қоғамдық - саяси газеті «Айқын»: Диплом алатын «дүкенде» 

білімнің құны қанша?!»//http://aikyn.kz/articles/view/54971  08,08,2014 

3.  МК  «Жас  Отан»  провели  анонимный  опрос  студетов  на  предмет  корруции  в  вузах//  

http://nurotan.kz/kz/node/5035  15,09,2014 

4.  Ерден Қарсыбеков. Как получают научную степень на заказ. 21.01.2013   

 

 

Коррупция  в  высших  учебных  заведения  Республики  Казахстан    -  народная  проблема,  и 



нужно  найти  решения  и  способы  преодоления  этой  задачи  и  это  может  помочь  нашему 

государству процветать. 

 

Corruption  in  higher  education  institutions  of  the  Republic  of  Kazakhstan  -  The  People's  problem 



and need to find solutions and ways of overcoming this problem, and it can help our country prosper. 

 

 



 

 

жүктеу 328,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау