Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет23/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54

62 
 
          Міне,  осы  күрделі  және  кӛп  жақты  проблемаларды  шешу  барысында  қоғам  экономикалық 
ӛсуді,  халықты  толық  жұмыспен  қамтуды,  баға  тұрақтылығын,  экономикалық  еркіндікті, 
табыстарды  әділдікпен  бӛлуді,  ауруларға,  қарт  адамдарға,  халықтың  әл-ауқаты  нашар  бӛлігіне 
әлеуметтік  кӛмек  кӛрсетуді  мақсат  етеді.Дүниежүзілік  тәжірибе  кӛрсетіп  отырғандай,  бұл 
проблемалар тек нарықтық қатынастар жағдайында ғана тиімді шешіледі екен.   
         Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан 
бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық кӛпжақты, соған 
байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде 
оның кӛптеген анықтамалары бар. 
         Олардың  біріне  мына  анықтамаларды  келтіруге  болады.  Нарық  тауар  ӛндірушілер  мен 
тұтынушылардың  арасындағы  қатынастарды  қамтитын  процесс  немесе  нарық  сұраныс  пен 
ұсыныстың ӛзара әрекет ететін сферасы. 
Үшіншілері,  нарықты  шаруашылық  субъектілерінің  арасындағы  қоғамдық  байланыс  формасы 
ретінде кӛрсетеді. 
          Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты 
екенін  ескеру  керек.  Біріншіден,  нарық    айналыс,  айырбас  сферасындағы  тауарлардың  ӛтімін 
жүзеге асыру процесі, ал екіншіден, нарық- ол адамдар арасындағы ӛндіру, бӛлу, айырбас, тұтыну 
процестерін қамтитын экономикалық  қатынастар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы-несие жүйесін, 
тауар-ақша  байланыстарын  және  меншіктің  әр  түрлі  формаларын  пайдалануға  негізделген 
экономиканың күрделі механизмі ретінде әрекет етеді. 
     
Нарықтық қатынастарға айналыс сферасындағы  құбылыстардан  басқа мыналар кіреді: 

кәсіпорындарды жалға берумен байланысты қатынастар

бірлескен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен  алмастыру процестері; 

еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процесі

белгілі бір процентпен несиелерді  беру кезіндегі несие қатынастары

тауар,  қор,  валюта  биржалары  мен  басқа  да    сфераларын  қамтитын  нарық 
инфрақұрылымының басқару процесі
    
Нарықтық    экономика  ӛзін-ӛзі  реттеуші  жүйе  ретінде  әрекет  етеді.  Ол  жеке  тұлғаның 
тәуелсіздігіне,  тұтынудағы  таңдау  жасау    еркіндігіне,  кез-келген  табыс  әкелетін  кәсіпкерлік 
қызметті  жүзеге  асырудағы  ӛндірушінің  еркіндігіне,  еңбек  түрлерін  таңдаудағы  жұмысшының  
еркіндік принциптеріне неізделген. 
    
Нарықтық    экономика  жүйе  ретінде  бәсекелестік  және  монополизмді  байланыстыруда 
белгілі  бір  оптималды  тепе-теңдікке  қол  жеткізеді,  сондай-ақ  ӛндіріс  құрылымын  қоғамдық  
тұтыну құрылымымен сәйкестендіреді, жаңа техника мен технологияны  енгізуді ынталандырады 
т.б. 
     
Нарықтық экономика тауар өндірісі дамуының нәтижесі. 
Нарықтық  экономиканың  да,  тауар  шаруашылығының  да  пайда  болу  шарттары  –  тауар 
ӛндірушілердің  оқшаулануы мен қоғамдық еңбек бӛлінісі болып табылады. 
    
 Әр  түрлі  елдер  нарықтық  экономикаға  түрлі  жолдармен  жетті.  Соған  қарамастан  оларға 
нарықтық    экономиканың    қалыптасуының    ортақ  заңдылықтары  тән.Оларға  мыналар  жатады: 
тәуелсіз тауар ӛндірушілердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі мен әр түрлі экономикалық  
субъектілердің  меншік  құқына  кепілдік  берілуі;  сұраныс  пен  ұсынысты  теңестіретін  еркін 


63 
 
нарықтық баға; тауар ӛндірушілердің бәсекелесуі;қаржы, бағалы қағаздар, валюта еңбек нарығы; 
экономиканың дүниежүзілік интеграция процестеріне қатысуы және т.б. 
     
Сондай-ақ,  әр  мемлекет  экономиканы  нарық  арқылы    басқаруда  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерге 
сүйенеді. Мысалы: АҚШ-та нарықты, экономиканы басқаруда әр адамның іскерлік қасиеті негізге 
алынады жән тұрмыс жағдайы тӛмен, әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықтың бӛлігіне белгілі 
уақытқа  дейін  жәрдем  беріледі.  Ал,  Голландияда  нарықты  экономика  кәсіби  шеберлігі  жоғары 
мамандарға  сүйене  отырып,  ӛнімді  кӛп  ӛндіруге  және  әлеуметтік  жағынан  қорғалмаған 
адамдардың  мұң-мұқтажын  ӛтеуге  бағытталған.  Дамыған  елдерде  нарықтық  жүйенің  әр  түрлі 
модельдері қолданылады. (Бұл туралы біз жоғарыда, екінші тақырыпта айттық). 
 
Қазіргі  нарықтың еркін  бәсеке  дәуіріндегі  нарықтан  елеулі айырмашылығы  бар.  Ӛйткені, 
қазіргі  нарық  тауарлардың  ӛтіміне  кепілдік  береді,  мемлекет  ақша  және  қаржы-несие  саясатын 
белсенді  жүргізеді,  халықты  әлеуметтік  қорғау  мәселесін  шешеді.  Қазіргі  цивилизацияланған 
нарық теңгермешілікке және арқа сүйеушілікке жол бермейді. 
 
Нарықтың  мәні  оның  атқаратын  қызметтерінен  кӛрініс  алады  және  ең  маңызды 
қызметтеріне жататындар: 

тауар  өндірісінің  өзін-өзі  реттеу  қызметі.  Ол  тауарға  сұраныс  ӛскенде  тауар 
ӛндірушілердің ӛндіріс кӛлемін ұлғайтқанынан және бағаны ӛсіргенінен кӛрінеді. 

ынталандыру  қызметі  –  фирмалар  үстеме  пайда  табу  мақсатында  жаңа  техника  мен 
технологияны  енгізу,  еңбек  процесін  тиімді  ұйымдастыру  арқылы  қосымша 
мүмкіндіктерді іздестіреді. 

реттеуші  қызметі.  Нарықтың  кӛмегімен  экономикада  микро  және  макро  экономикалық 
тепе-теңдік  қалыптасады,  шаруашылық  ӛмірді  демократияландыру,  ӛзін-ӛзі  басқару 
принципін  жүзеге  асыру  арқылы  экономикадағы  зиянды,  тиімсіз  ӛндірістерді  біртіндеп 
жояды және перспективалы ӛндіріс орындарына жол ашады. 
Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Нарықтың артықшылықтарына жататындар: 

әр түрлі қажеттіліктерді керекті мӛлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті

ӛндірушілер мен тұтынушылардың дербестілігі

экономикалық жағдайлардың ӛзгеруіне тез бейімделуі

ресурстарды тиімді бӛлуді қамтамасыз ететін қабілеті, нарық тұтынушыларға аса қажетті 
тауарларды ӛндіру үшін ресурстардың кӛпшлігін сол тауарларды ӛндіретін ӛндіріске қарай 
бағыттауды қамтамасыз етеді. 
Нарықтың кемшіліктеріне мыналар жатады: 

нарықтың  тек  ақша  тӛлей  алатын  адамдардың  сұраныстарын  қанағаттандыруға 
бағытталуы; 

нарықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен тауарларды (жол, білім және денсаулық 
сақтау жүйесі, қоғамдық кӛлік, ғылым т.б.) ӛндіруге мүдделі еместігі; 

нарықтың жұмысбастылық пен тұрақты табысқа құқықтық кепілдік бермеуі; 

нарықтың қоршаған ортаны қорғау, қалпына келмейтін ресурстарды сақтаудағы ӛте тӛмен 
қабілеттілігі; 

нарық  коньюнктурасының  тұрақсыз  болуы  жұмыссыздықты,  ӛндірістің  тепе-теңдігін 
бұзылуын, инфляцияны және т.б. келеңсіз құбылыстарды туғызуы. 
Нарықтың мұндай жағымсыз жақтары абсолютті түрде болмайды, олар қоғамдағы нарықтың 
ішкі құрылысымен және тағы басқа да жағдайлармен байланысты. 
 
Нарық қҧрылымы және нарық механизмі. 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау