60
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде ақшаның үш қызметіне ғана кӛңіл бӛлінеді. Олар
мыналар : айналыс құралы, құн ӛлшеуші және қор жинау құралы.
Ақшаның пайда болуымен байланысты жалпы тауар айналысын Т-А-Т моделі түрінде
кӛрсетуге болады. Бұл процесте ақша делдалдық ролін және айырбас құралы қызметін атқарады.
Бұл моделдегі ақшаның қозғалысын екі актіге бӛлуге болады: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауар
айырбасында сатып алу мен сату бір уақытта болуы керек, егер осы процестің бір актісі баяуласа
немесе тоқтап қалса, онда экономикада дағдарыс болуы мүмкін. Ақша айырбас құралы қызметін
атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, ӛйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша
тауарға тікелей айырбасқа түседі. Бұл жағдайда ақша сатып алушылар мен сатушылар қолында
ұзақ тұрмайды, қолдан-қолға кӛшіп отырады. Ақша айналыс құралы ретінде айналыс сферасына
тұрақты болуы қажет. Тауар айналысына ақшаның қажетті саны ақша айналыс зағы негізінде
анықталады, оны былай деп тұжырымдауға болады:
АС
БС
AK
, мұндағы
АК – айналысқа керекті ақша саны;
БС – тауарлардың бағаларының сомасы;
АС – ақша айналымының саны;
Қазір барлық елдерде тауар айналысында қағаз ақшалар қолданады. Егер мемлекет
айналыс сферасына оған қажетті ақша санынан кӛп қағаз ақша шығарса, онда қағаз ақша
құнсызданады, инфляция пайда болады, яғни ақшаның сатып алу қабілеті тӛмендейді Қазіргі
экономикалық теорияда баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін анықтау үшін американ
экономисі Фишер И. ұсынған математикалық формула пайдаланылады:
М х V = P x Q, мұндағы
M – ақша массасы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Q – айналыстағы тауарлар саны;
P – тауарлар бағаларының деңгейі;
Осы формула бойынша айналыстағы ақшаның санын (ақша массасының кӛлемі) мына
қатынас арқылы есептеуге болады:
V
PQ
M
Тауарлар бағаларының деңгейін мына формула арқылы анықтауға болады:
Q
MV
P
61
Ал ақша айналымының жылдамдығын тӛмендегі формуламен анықтаймыз :
M
PQ
V
Ақшаның айырбас құралы қызметін қарастыру барысында мына жағдайға назар аудару
керек. Егер сатушы немесе тауар ӛндіруші тауардан алынған ақшаны жұмсамаса, онда айналым
процесі үзіліп қалады. Ақша дербес қозғалысқа ие болады да айналыс сферасынан тыс шығып
қазына жинау қоры қызметін атқара бастайды. Ақшаның бұл қызметін толық бағалы (алтын және
күміс) ақшалар ғана атқара алады. Қазына жинау алтын кесек, алтын монеталар, алтын немесе
күмістен жасалған зергерлік бұйымдар түрінде қорланады. Ал қағаз ақшалар ақшаның бұл
қызметін атқара алмайды.
Ақшаның қор жинау немесе қазына жинау қызметі ақша айналысын реттеуде маңызды рӛл
атқарады: тауар айналысы азайғанда ақшаның кейбір бӛліктері қазынаға айналады, ал тауар
айналысы жандану кезеңінде қазына айналыс құралына қайта айналады – осылай қозғалыстар
арқылы ақшаның қазыналық жинау қызметі айналыстағы тауарлар және ақша кӛлемінің тепе-
теңдігін реттеп отырады.
Қазіргі экономист-ғалымдардың назарында ақшаның тағы бір қызметі ол құн ӛлшеуші
қызметі. Мұнда ақшаның жалпылама эквивалент ролі тікелей кӛрінеді. Оның мәні барлық
тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Ал тауар құнының ақшалай көрінісі баға болып
табылады. Тауардың бағасын анықтау үшін қолма-қол ақшаның қажеті жоқ, оны ойда
топшыланған ақша атқара алады. Әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды
(бағаларды) бірдей ӛлшемге келтіру керек, яғни бір масштабқа түйістіру керек. Баға масштабы
дегеніміз барлық тауарлардың бағасын ӛлшеу үшін және белгілі бір елде ақша ӛлшемі етіп
алынған алтынның белгілі салмақ мӛлшері. Мысалы, АҚШ-та баға масштабы немесе ақша ӛлшемі
ретінде басында 1,50463 гр. таза алтынға теңестірілген долларды айтуға болады. Баға масштабын
мемлекет заң жүзінде белгілейді. Осыған байланысты ол елдегі экономикалық жағдайға қарай
ӛзгеріп отыруы мүмкін. Баға масштабын заң жүзінде тӛмендетуді - девальвация деп айтады,
ӛсіруді – ревальвация дейді. Мысалы, 1929-1933 ж.ж. дүние жүзілік экономикалық дағдарыс
доллардың құнын 40,9 % тӛмендетті (девальвация), оның алтын құрамы 1,50464 гр. таза
алтыннан 0,888671 гр. алтынға дейін тӛмендеді. Қазіргі уақытта баға масштабы ретінде
тауарлардың бағаларын және айналыстағы ақшаның санын ӛлшеу үшін заң жүзінде бекітілген
ақша ӛлшемі (теңге, доллар, иена т.б.) немесе елдің ұлттық валютасы пайдаланылады. Нарық
шаруашылығының субъектілері тауарларының бағасын ұлттық-валюта мен ӛлшеу арқылы әр түрлі
тауарлардың құндарын салыстыра алады.
4.Тақырып. Нарық. Нарықтың қҧрылымы мен инфрақҧрылымы.
Нарықтың мәні және қызметтері.
Кез-келген қоғам, ең басты проблеманы – яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық
қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын
үнемі шешіп отыруы тиіс. Ол үшін қоғам экономиканың негізгі үш сұрағын: нені ӛндіру керек?
Қалай және кім үшін ӛндіру керек? деген мәселелерді шешуі керек. Нені ӛндіру керек деген
мәселені шешу үшін қандай тауарларды, қандай мӛлшерде ӛндіру керектігін анықтап алу қажет.
Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастырудың қандай әдістерін,
ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке
жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай-ақ, қоғам ӛндірілген ӛнімдерді, табыстарды
кімдердің мүдделері үшін және қалай бӛлінетіндігін де ескеруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |