Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет26/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54

68 
 
Келесі  кедергі  –  патенттік  арқылы  қорғау.  Қазіргі  технологиясы  жоғары  салалардың 
ӛнімдері  патентпен  қорғалған.  Нарыққа  кіру  үшін  патент  иелеріне  технологияны  ӛз  ӛндірісінде 
пайдалану үшін ақша тӛлеу керек немесе ӛз технологиясын жетілдіруі қажет. 
Олигополиялық нарық жағдайында, баға жағынан бәсеке жетілген бәсекеге қарағанда аса 
тиімді  болмайды.  Егер  жетілген  бәсеке  жағдайында  баға  сұраныс  пен  ұсынысқа  байланысты 
ӛзгерсе,  ал  олигополиялық  бәсекелестікте  ӛзгеруі  шамалы  болады.  Сондықтан,  олигополиялық 
нарық,  бәсекелестердің  бағаны  тӛмендеткеніне,  сату  кӛлемін  ӛсірумен  емес,  қайта  бағаны 
тӛмендетумен бәсекелестеріне қарсы тұра алады.  
Сондықтан, олигополия кӛп жағдайда баға бәсекелесі орнына баға арқылы жетекшілік ету 
мен келісімге бейімделеді.  
Баға арқылы жетекшілік ету дегеніміз алдыңғы қатардағы бір фирма ӛз бағасын белгілейді, 
ал  қалған  олигополистер  соған  ілеседі.  Бірнеше фирмалардың  арасында  баға  мен  нарықты ӛзара 
бӛлісу жӛнінде келісім жабық түрде жүргізіледі. 
Олигополиялық  нарықта  әр  түрлі  тауар  ӛндіріледі.  Ӛнім  түрлеріне  байланысты 
олигополия:  таза  және  дифференциялды  болып  бӛлінеді.  Таза  олигополия  біртектес  тауарды, 
мысалы цемент, газ, мұнай, шойын, рудалар шығарумен айналысады.  
Дифференциялды  немесе  бӛлшектенген  олигополияға  тұтыну  тауарларды  ӛндірумен 
шұғылданатын  фирмалар  жатады.  Жетілмеген  бәсекелестіктің  үшінші  түрі  -  таза  монополия
«Монополия»  ұғымы    грек  сӛзінен  аударғанда  «монос»  -  біреу,  «полео»  -  сату,  яғни  монополия 
дегеніміз – ұсыныстың кӛлемін толығымен бақылайтын бір ғана сатушыдан немесе ӛндірушіден 
тұратын  нарықты  айтамыз.  Бұл  жағдайда  фирмалардың  біреуі  ғана  нарыққа  үстемдік  ете  алады. 
Мысалы, олар тиісті шеңберде бағаны ӛзгерте алады. 
Монополия келесі белгілермен ерекшеленеді: 

ӛнімді бір фирма немесе бір сала ӛндіреді; 

тауардың  алмастырушысы  жоқтығынан,  тұтынушылар  тауарды  тек  сол  фирмадан  алуға 
мәжбүр болады; 

фирма – монополист бағаны толығымен бақылайды; 

бәсекелес фирмаларға бұл нарыққа кіру үшін тосқауыл қойылған. 
Бұл тосқауылдар табиғи және жасанды болуы мүмкін. 
Табиғи  тосқауылдар  кейбір  ӛндіріс  процесінің  спецификалық    ерекшеліктерімен    байланысты. 
Мысалы:  орны  толмайтын  ӛндіріс  элементтеріне  меншік  иелері  –  табиғи  монополияға  жатады. 
Мұндай монополиялар тек мемлекеттің бақылауында болады. 
 
Жасанды  тосқауылдарға  нарықта  жұмыс  істеу  үшін  берілген  патенттер  мен  лицензиялар 
жатады.  Мысалы,  патенті  бар  фирмалар  біршама  уақытқа  дейін  монополист  болып  есептеледі. 
Сондай-ақ,  лицензия  арқылы  мемлекет  сол  салада  жұмыс  істеуге  шектеу  жасайды.  Сондықтан, 
патент  және  лицензия  арқылы  жасанды  монополия  пайда  болады.  Мұндай  монополия  уақытша 
сипат алады. Ғылым, техника, кәсіпкерлік дамыған сайын кеміп отырады. Жетілмеген бәсекенің әр 
түрлі  формаларына  қоғаммен  мемлекеттің  кӛзқарасы  әрқашан  екі  жақты  болады.  Монополия 
нарықта  ӛнім  шығаруды  шектейді  және  бағаны  ӛсіреді,  соның  салдарынан  халықтың  ӛмір  сүру 
деңгейі  тӛмендейді.  Бәсекенің  болмауына  байланысты  монополистер  ғылыми  техникалық 
прогрестің дамуын шектейді. Сондықтан, мемлекет бәсекені қорғауға монополияға қарсы шаралар 
қолданады, оны біз монополияларға қарсы күрес деп айтамыз. 


69 
 
Мемлекеттің монополияларға қарсы шаралары
 
Монополиялардың  экономикаға  әсер  ететін  тиімсіз  жағын  бәсеңдету  немесе  жою 
мақсатында мемлекет олардың ісіне тікелей немесе жанама түрде араласып отырады. 
 
Мемлекеттің фирмалардың нарықты монополияландыруды болдырмау үшін әкімшіл және 
нормативті бағыт бағдар әдістерін қолданады.  
 
Әкімшілік  (заң  шығаратын)  реттеу  әдісі,  заңдар  арқылы  жүргізіледі,  монополия  мен 
бәсекелестіктердің арасындағы тепе-теңдікті қолдау және т.б. әдістер қолданады.  
 
Монополияларға қарсы заң негізінен алғаш рет АҚШ пен Канадада 1890 ж. қабылданды. 
Оны  –  Шерман  заңы  деп  атайды,  мұнда  тауар  ӛндіру  мен  сауданы  шектеуге  бағытталған  кез-
келген  бірлестіктердің  іс-әрекеттері  мен  келісімдері  заңсыз  деп  есептелінеді.  Кейінірек,  1914  ж. 
тағы бір маңызды заң – Клейтон заңы қабылданды. Бұл заң бірінші кезекте әр түрлі монополиялық 
практикаларға  қарсы  бағытталған.  Ол  заңда  баға  дискриминациясы  заңсыз  деп  есептелінеді, 
бәсекелес корпорациялардың акцияларын сатып алу, ықтиярсыз келісім жасауға тыйым салынған. 
 
Батыс  Европада  монополияларға    қарсы  заң  соғыстан  кейінгі  кезеңде  қабылданды. 
Американдық заңдармен салыстырғанда оларда бір қатар ерекшеліктер бар. Бір жағынан, ол сырт 
кӛзге  тұтынушылар  құқын  қорғауға  бағытталса,  ал  екіншіден,  егер  бұл  ерекшеліктер  ғылыми-
техникалық  прогреспен  байланысты  болса,  онда  ірі  корпорацияларды  құруға  және  ӛндірісті 
шоғырландыру процесін қолдауға бағытталған. 
 
Батыс  Европада  монополияларға  қарсы  заңдар  барлық  монополияларға  емес,  ол  тек 
бәсекелестікті шектейтін кәсіпорындарға ғана бағытталған. 
 
Нарықтық  экономикада  монополияға  қарсы  заң  шығарумен  қатар  нормативті  әдіс 
қолданылады: үкімет тапсырысы, салықтар, пайыздар т.б. 
 
Осы  тетіктерді  пайдаланып,  үкімет  нарықтың  әр  түрлі  секторы  мен  бӛлшектерінің 
(сегменттеріндегі) бәсекелестік қарқынына әсер етіп, ондағы монополияның құрылуын шектейді. 
 
Монополияға қарсы заң шығару мен нормативті әдістерінің маңызы мен мазмұны жағынан 
ерекшеліктері болғанымен, барлық елдерге тән олардың ортақ белгілері бар: бәсекелестікті қорғау 
және қолдау; нарықта үстемдік ететін фирмаларға бақылау жасау; бағаны бақылау; тұтынушылар 
мүддесін қорғау; орта және шағын бизнестің дамуына кӛмек кӛрсету және мүддесін қорғау. 
 
Сҧраныс заңы. Сҧранысқа әсер ететін факторлар. 
 
Шаруашылықтың нарықтық моделіне негізделген экономикалық жүйеде Не ӛндіру керек? 
Қалай  ӛндіру  керек?  Кім  үшін  ӛндіру  керек?  Деген  сұрақтарға  ӛндірілген  ӛнім  кӛлемі  мен 
нарықтық  баға  жауап  береді.  Мысалы:  кей  жағдайда  саны  шектеулі,  аз  тауарлардың  нарықтық 
бағасы  жоғары  болуы  мүмкін.  Ол  негізінен  тұтынуды  шектейді,  ал  кейде,  баға  тұтынылатын 
тауарлар мен қызметтер кӛлемінің артуына мүмкіндік туғызады. 
 
Нарықтық баға деңгейінің ӛсуі мен тӛмендеуіне не әсер етеді? Тауарлар мен қызметтердің 
бағаларын  белгілейтін  механизм  қандай?  Ол  сұраныс  және  ұсыныс  заңдарына  негізделген.  Біз 
нарықтық  экономиканың  осы  негізгі  заңдарын  түсіне  отырып,  экономикалық  жүйені  толығымен 
түсінуге мүмкіндік аламыз. 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау