Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет24/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54

64 
 
Нарықтың  қызметтері  оның  құрылымымен  тығыз  байланысты  болады.  Оған  ӛндірісті 
тікелей  қамтамасыз  ететін  элементтер,  сондай-ақ  материалдық  және  ақша  айналысының 
элементтері  кіреді.  Нарықтың  құрылымы  кӛп  жақты  болады.  Тауарлар  мен  қызметтер  нарығы, 
нарық қатынастарының тарихи бірінші объектісі болып табылады. 
Еңбек  бӛлінісінің  дамуы  барысында  тауар  және  қызмет  кӛрсету  нарығы  біршама 
ӛзгерістерге  ие  болды.  Тауар  және  қор  биржалары,  кӛтерме  және  бӛлшек  сауданың  әртүрлі 
формалары, маркетингтік ұйымдар пайда болып, дами бастады. 
Тауарлар  мен  қызметтер  нарығына  –  тұтыну  тауарлар  нарығы  –  азық-түлік  және  азық-
түлік  емес  тауарлар,  қызмет  кӛрсету  нарығы  –  тұрмыстық,  коммунальдық,  кӛліктік,  тұрғын  үй 
және ӛндірістік ғимараттар нарығы жатады.  
Объективті  экономикалық  жағдайлардың  пісіп  жетілуіне  байланысты,  бұл  нарықтан  жер, 
еңбек, капитал, яғни ӛндіріс факторлары нарығы бӛлініп шықты. 
Ӛндіріс  факторлар нарығы деп ӛндіріс құрал-жабдықтарын (капиталды), жұмыс күшін, 
жерді сату және сатып алуды жүзеге асыратын нарықты айтамыз.  
Жер  нарығы  –  тек  жердің  ӛзі  ғана  емес,  ауыл  шаруашылық  ӛнімдерін  ӛндіру  үшін 
фермерлер  пайдаланылатын  жерлер,  жер  қойнауындағы  пайдалы  қазбалар,  құрылыстар, 
ғимараттар орналасқан жерлерде жатады. 
Жҧмыс  кҥші  нарығы  –  еңбек  биржасы  формасында  ұйымдастырылады.  Бұл  арқылы 
жұмыс  күшіне  сұраныс  пен  ұсыныс,  жұмыссыздарды  әлеуметтік  қорғау,  даярлау  және  қайта 
даярлау жүзеге асырылады. 
Капитал  нарығы  -  ӛндіріс  құралдарын,  ғимараттарды,  құрал-жабдықтарды  сату  мен 
сатып алуды ұйымдастырумен айналысады. 
Қаржы нарығы – бұл нарықта сату және сатып алу объектілері ретінде қаржы құралдары, 
ақшалар,  облигациялар,  вексельдер  және  басқа  да  бағалы  қағаздар  жатады.  Бұл  бағалы  қағаздар 
қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтық тепе-теңдіктің нақты барометрі болып 
табылады және тауар ӛндірісіндегі кез-келген ӛзгерістерге әсер етеді.  
Осы  аталған  нарықтың  үш  түрі  бір-бірімен  ӛзара  байланыста  болады.  Егер  олардың 
арасында тепе-теңдік орын алса, онда экономикада макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жетеді. 
Егер  осы  нарықтардың  біреуінде  тепе-теңдік  бұзылса,  онда  экономикада  диспропорция  орын 
алады.  
Шаруашылықтың  жеке  субъектілері  экономиканың  негізгі  үш  проблемасын  шешумен 
айналыспайды,  онда  нарықтық  тепе-теңдік  қандай  жағдайда  орын  алады  деген  сұрақ  туады. 
Нарықтың  жеке  субъектілерінің  іс-әрекеті  экономиканың  жалпы  тиімді  жұмыс  істеуі  емес,  жеке 
мүдделеріне  бағытталған.  Бұл  жағдайда  нарық  қатынасының  барлық  экономикалық 
субъектілерінің іс-әрекеті нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы нарық механизмі 
арқылы  сатушылар  мен  сатып  алушылардың  тауарлар  жӛнінде  қабылдаған  шешімдері  бір-біріне 
жеткізіліп  отырады  және  осы  шешімдер  баға  жүйесі,  бәсеке,  сұраныс  пен  ұсыныс  арқылы 
үлестіріліп отырылады. 
Нарық  механизмі,  ең  алдымен  баға  арқылы  нарық  жүйесінде  белгілі  бір  тәртіп 
орнықтырады.бағалар  қызмет  кӛрсету  мен  тауар  ӛндірісінің  ӛсуін  немесе  тӛмендеуін 


65 
 
ынталандырады.  Мысалы:  егер  де,  қандай  да  бір  тауарға  қажеттілік  ӛсетін  болса,  онда  сатушы 
шектеулі ұсынысты сәйкестендіру үшін тауар бағасын ӛсіреді, ал жоғары баға тауар ӛндірушілерді 
ӛнімді кӛп ӛндіруге ынталандырады. Егер сатушыдағы тауарлар тұтынушылардың сатып алғысы 
келетін  тауарлардан  кӛп  болатын  болса,  онда  сатушылар  тауарларды  артылып  қалмауы  үшін, 
бағаны  тӛмендетуге  мәжбүр  болады.  Бұл  жағдайда  тұтынушылар  тауарларды  кӛптеп  сатып  ала 
бастайды,  ал  ӛндірушілер  ӛнімді  ӛндіруді    азайтады.  Осының  нәтижесінде  ӛндірушілер  мен 
тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас тұрақтанады.  
Мұндай  нарықтық  тепе-теңдік,  нарықтық  экономиканың  маңызды  элементі  сұраныс  пен 
ұсыныс  негізінде  жүзеге  асырылады.  Дәл  осы  сұраныс  пен  ұсыныс  арқылы  ӛндірушілер  мен 
тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.  
Нарық  механизмінде  бәсеке  ең  маңызды  ролді  атқарады.  Бәсеке  баға  сияқты  ӛндіріс 
кӛлемінің ӛсуін немесе тӛмендеуін қамтамасыз етеді. 
Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмі үш принциптерге негізделеді: 

маржиналды (шекті) талдау; 

шығындарды баламалы таңдау; 

экономикалық ұтымдылық; 
Нарықтық механизмнің тиімді, әрі нәтижелі әрекет етуі кӛп жағдайда нарық инфрақұрылымының 
даму  дәрежесіне  байланысты  болады.  Нарық  инфрақұрылымы  қызметтер  мен  тауарлардың 
нарықта  еркін  қозғалысын  қамтамасыз  ететін  мекемелер  мен  ұйымдар  жүйесі  болып  табылады. 
Нарық инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда (кӛтерме және бӛлшек 
сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады. 
Сонымен  қатар,  нарықтық  экономика  тиімді  жұмыс  істеу  үшін  жарнама,  ақпарат  және 
консултативтік  қызметтер,  бақылау  және  аудиторлық  мекемелер  қажет.  Оларсыз  нарықтың 
табысты қызмет етуі мүмкін емес. 
 
5.Тақырып. Нарықтық механизм және оның элементтері 
 
1. Нарықтық механизм элементтері 
2. Сұраныс: түсінігі, заңы, қисығы 
3. Ұсыныс: түсінігі, заңы, қисығы 
 
Нарықтық  экономикада  шаруашылықтың  барлық  субъектілері  пайданың  ең  жоғары 
деңгейіне жету үшін бәсекелестік қатынаста болады. Яғни, нарықтық экономика бәсекені міндетті 
түрде  қажет  етеді.  Бәсеке  деп  –  шаруашылық  субъектілері  арасындағы  тауарларды  сату  немесе 
сатып  алу,  үстеме  пайда  және  ӛндірістің  жақсы  жағдайы  үшін  күрес  болып  табылады.  Мұндай 
күрес  тӛмендегі  объективті  жағдайлардан  туындайды:  әр  ӛндірушінің  толық  шаруашылық 
оқшаулануынан,  оның  нарық  конъюнктурасынан  тәуелділігі,  тұтынушылардың  сұранысы  үшін 
күресте басқа тауар ӛндірушілерге қарсы тұруы. 
 
Бәсеке жағдайында тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандыру негізінде ӛндірілген 
тауардың сатылуына мүмкіндік туады.  
 
Тұтынушы  үшін  күрес  –  нарықтағы  үлес  үшін  күрес,  ал  ол  –  тауардың  арзандығы  мен 
сапасына  байланысты  болады.  Бұл  жағдайда  тұтынушы  шаруашылық  іс-әрекетіне  ықпал  ете 
алатын нарық субъектісіне айналады. Бәсеке нарық механизмінің қажетті және маңызды элементі 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау