Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет21/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54

58 
 
Тауар ӛндіру процесінде адамның еңбегінің нақты түрімен қатар, оның күш-қуаты  (дене 
және  ой  күші)  жұмсалады.  Адамның  жалпы  күш-қуатының  жұмсалуы  абстракты  еңбек  деп 
аталады. Абстракты еңбек тауардың құнын жасайды. 
Әрбір  тауардың  құны  (абстракты  еңбек  жұмсалған)  белгілі  бір  мӛлшерде,  не  аз,  не  кӛп 
болады,  ал  тауар  құнының  мӛлшері  оны  ӛндіруге  жұмсалған  еңбектің  мӛлшеріне  және  оны 
ӛңдеуге кеткен тауар ӛндірушінің уақытына сәйкес анықталады. Бірақта бір түрлі тауарды ӛндіру 
үшін  әр  тауар  ӛндіруші  әр  түрлі  мӛлшерде  уақыт  жұмсайды.  Тауардың  құны  еңбектің  жеке 
жұмсалу  уақытымен  белгіленеді.  Қоғамдық  қажетті  жұмыс  уақыты  дегеніміз  сол  кезде  кӛп 
тараған  техникамен,  еңбек  интенсивтілігінің  орташа  деңгейі  негізінде  сол  тауарлардың  басым 
кӛпшілігін ӛндіруге кеткен уақыт. 
Құнның  мӛлшеріне:  еңбек  ӛнімділігі,  еңбек  интенсивтілігі,  еңбектің  күрделілігі  ықпал 
етеді.  
Сонымен, тауардың құны оның (тауар) затталған абстракті еңбек болса, ал айырбас құны 
құнның қоғамдық қатынастар ретінде тек айырбас сферасында нақты формада кӛрінуі. 
Құн  туралы  ең  бірінші  ғылыми  теория  ретінде  еңбек  құн  теориясы  негіз  болды.  Оның 
негізін  А.  Смит  және  Д.  Рикардо  қалағанымен,  К.  Маркс    бұ  теорияны  жете  зерттеп  марксистік 
экономикалық  ілімнің  қағидаларын  жасады.  Бірақ,  экономикалық  теория  және  ӛмір 
дәлелдегендейеңбек құн теориясының кейбір қағидалары практика жүзінде дәлел таппады. Біздің 
елімізде  оны  практикада  пайдалану  әрекеті  дәлел  болғандай,  құнды  және  бағаны  тек  шығын 
арқылы анықтау халық шаруашылығында шығындану механизмінің құрылуына әкеліп соқты, яғни 
ӛндіріс  ӛндіріс  үшін  дамыды,  тауарды  ӛндіруге  кеткен  шығын  неғұрлым  кӛп  болса,    соғұрлым  
тиімді  болды.  Бұл  теорияны  практикада  пайдалануға  байланысты  тағы  бір  проблема    тауардың 
құнын  нақты  ӛлшеуге  мүмкін  еместігі,  ал  мұндай  жағдайда  ӛндіріс  нәтижесін  бұрмалауға 
мүмкіндік туады. 
Құн туралы марксистік теорияның ең бір маңызды қателігі,                   К. Маркстің  ең 
басында  тауардың    тұтыну  құнын  әрі  қарай  талдамауы  ,  ол  тауардың  тұтыну  құны  саяси 
экономиканың  пәніне  жатпайды  деп,  тек  тауардың  құнының  қозғалысын  ғана  зерттеді. 
Ғалымдардың  К.Маркстан  кейінгі    буыны  тауардың  екінші  жағынан  тұтыну  құнына  баса  назар 
аударды.   Нәтижесінде, басқа құн теориясы шекті пайдалылық теориясы пайда болады. 
Шекті пайдалылықты дұрыс түсіну үшін пайдалылықтың нақты және абстракты түрлерін 
ажырата білу керек. Бұны келесі мысал арқылы кӛрсетуге болады. Су адам үшін аса қажетті ӛнім 
екендігін біз бәріміз білеміз және  оның қандай қажеттіліктерді қанағаттандыратындығын, қандай 
пайдалылығы бар екендігін тағы да білеміз. Бұл оның абстракты пайдалылығы. Бірақ оның нақты 
пайдалылығы да бар. Егер судың бірінші шелегі адамның шӛлін қандыру үшін керек болса, екінші 
– тамақ жасау үшін пайдаланса, үшіншісі – жуынуға, тӛртіншісі – малға берілсе, бесіншісі – бау-
бақшаны  суғаруға  жұмсалады.  Осылардың  қайсысы  адамға  аса  құнды  болады?  Бәлкәм,  бірінші 
шелектегі  су  болар,  ал  келесілердің  құндылығы  біртіндеп  кеміп  отырады.  Бұл  жерде  бірінші 
шелектегі  су  адамға  аса  құнды  да,  пайдалы  да  болады,  қалғандарының  пайдалылығы  біртіндеп 
азйып отырады. Заттың аса пайдалылығы оның құндылығын  анықтайды. 
Ӛнімнің  бар  кӛлемімен  және  оның  пайдалылы  арасында  ӛзара  байланыс  болады,  оны 
мынадан кӛруге болады, тұтынушының қарамағындағы  игіліктердің саны ӛскен сайын әр кейінгі 
игіліктің  пайдалылығы  бұрынғы  игіліктердің  пайдалылығына  қарағанда  азайып  отырады.  Бұл 
жалпыға бірдей даму заңы – шекті пайдалылықтың тӛмендеу заңы. 
Шекті пайдалылық теориясы мен еңбек құн теориясы шын мәнінде бір-біріне қарсы заңдар 
болғанымен,  олар  бір-біріне  қарама-қайшылықта  болмайды,  яғни  тауардың  құндылығын 
субъективті  және  объективті  жағынан  бағалау  болып  табылады.  Тауарды  субъективті  бағалау 
тауар  шаруашылығының  тұтынушылардың    талаптарын  кӛбірек  ескеруге  бағытталады,  ал 
ӛндірістің  мақсаты адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 


59 
 
Ақша жалпылама айырбас эквивалент ретінде. Ақшаның қызметтері. 
Адамның  қоғамдағы  орны,  оның  тұрмыс  жағдайы,  мемлекет  аралық  қатынастарда    және 
мемлекет  ішіндегі  басқа  адамдармен  арасындағы  қатынастарда  тікелей  немесе  жанама  түрде 
ақшамен  байланысты  болады.  Сондықтан,    ақша  мәселесі,    оның  қоғамдағы  ролі  әрқашанда 
ғалымдардың  назарында  болған.  Қазіргі    кезеңде  ақшаның  пайда  болуы  туралы  екі  кӛзқарас 
қалыптасқан.  Біріншісі    рационалистік,  бұл  бағыттың  ӛкілдері  ақшаның  пайда  болуын  адамдар 
арасындағы  келісімнің  нәтижесінің    жемісі  деп  кӛрсетсе,  ал  екіншілері  ақшаның  пайда  болуын 
эволюциялық  тұрғыдан  қарастырады,  яғни  олардың  пікірінше,  ақша  тауар  айырбасы  мен  тауар 
ӛндірісінің бірте-бірте дамуының нәтижесі деп кӛрсетеді.  
Экономикалық  теория  ақшаның  пайда  болуын  зерттеуде  осы  эволюциялық  концепцияны 
басшылыққа  алады.      Бұл  концепция  бойынша,  ақшаның  пайда  болуы  тауар  айырбасының 
дамуына  байланысты.  Қоғам  құрылымының  бастапқы  сатысында  айырбас  кездейсоқ  сипатта 
болды  және  ақшаның  кӛмегінсіз  жүзеге  асырылады.  Бұндай  айырбас  (қазір  оны  бартер  деп 
атайды)  біраз  қиыншылықтарды  туғызды.  Осы  кезеңге  айырбастың  жәй  немесе  кездейсоқ 
формасы сай келеді, мұнда бір тауар ӛзінің құнын екінші тауар арқылы бейнелейді. Ал осы екінші 
тауар  бірінші  тауардың  құнын  анықтай  отырып,  оған  бірдей  құн  ретінде  қарсы  тұрады  немесе 
мұны эквивалентті құн формасы деп атайды. Эквивалент деп басқа тауарлардың құнын бейнелей 
алатын тауарды айтамыз. 
Ӛндіргіш    күштердің  дамуымен,  жаңа  қоғамдық  еңбек  бӛлінісінің  пайда  болуымен 
байланысты тауар айырбасы енді тұрақты құбылысқа айналды, кеңінен жайыла бастады. Нарықта 
тауарлар кӛбейе түсті. Сол себепті, бір тауардың құнын кӛптеген тауардың құнымен салыстыруға 
мүмкіндік  туды,  яғни  жалпы  эквивалент  ролін  бірнеше  тауарлар  атқара  бастады.  Бұл  айырбас 
процесін қиындатты. 
Қоғамдық  ӛндірістің  даму  барысында  кӛптеген  тауарлардың  ішінен  (жалпы  эквивалент 
ролін  атқаратын  тауар)    біреу  бӛлініп  шықты,  мысалы  аңның  терісі.  Оған  барлық  тауарлар 
айырбасталатын болды. Сӛйтіп, жалпы эквивалент  ролін бір тауар атқарды. Олар әр елде әр түрлі 
болды. Егер егіншілікпен шұғылданатын тайпаларда ол бидай болса, малшыларда – мал болды, ал 
теңіз  және  ӛзендердің  жағаларын  мекендейтін  елдерде  ұлудың  қабыршағы  болды.  Бұл  жағдай 
ұзаққа бармады. Себебі, әр елде жалпы эквивалент ролін әр түрлі тауарлар атқаруы халықаралық 
байланысты, халықаралық сауданың дамуын тежеді, қиындатты. Осыған байланысты, ӛндіріс пен 
қоғамдық  еңбек  бӛлінісінің  дамуының  нәтижесінде  жалпы  эквивалент  ролін  әр  елде  әр  түрлі 
тауарлардың  орнына  бір  ғана  тауар  ,  яғни  ақшалық  (ақша)    тауар  атқаратын  болды.  Сӛйтіп, 
айырбас  процесі  тауарлар  дүниесінен  ерекше  тауар    -    ақшаныңбӛлініп  шығуына  жеткізді. 
Сонымен,  ақшаға  мынадай  анықтама  беруге  болады.  Ақша  дегеніміз  жалпы  эквивалент  ролін 
атқаратын ерекше тауар.  
Тауар қатынастарының дамуының нәтижесінде айырбас сферасында ақшаның ролін асыл 
металдар  -    алтын  мен  күміс  атқаратын  болды.  Себебі,  жалпы  эквивалент  ролі  осы  асыл 
металдарға  кӛшуі,  олардың  табиғи  қасиеттерімен,  яғни  сандық  бӛлінуінің,  сапалық  жағынан 
біртектілігімен,    қолайлылығымен,  ұзақ  уақыт  сақталатындығымен    байланысты  болды.  Есептеу 
единицасы ретінде олардың салмағы негізге алынды. Бұл, әрине, басқа тауар  – эквиваленттеріне 
есептеу,  санауға  қарағанда,  әрі  қолайлы,  әрі  тиімді  болды.  Сондай-ақ,  алтын  табиғатта  сирек 
кездесетін  металл  және  оны  ӛндіру  ӛте  кӛп  еңбекті  қажет  етеді.  Сондықтан,  оның  құны  жоғары 
болады және осыған байланысты басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауар айналысының 
маңызды элементіне айналды. Алтынның ақша ретіндегі ерекшелігі  тікелей жалпы айырбасталу 
формасына ие болуынан кӛрінеді. 
Ақшаның  мәні  оның  атқаратын  қызметтерінен  айқын  және  толық  кӛрінеді.  Ақшаның 
металдық  теориясының  ӛкілдері  ақшаның  үш  қызметін  кӛрсетті:  құн  ӛлшеуші,  қазына 
жинауқұралы және дүниежүзілік ақша.          К. Маркс ақша теориясын дамыту негізінде, оның бес 
қызметін  қарастырды:  құн  ӛлшеуші,  тауар  айналысының  құралы,  қазына  жинау  құралы,  тӛлем 
құралы және дүние жүзілік ақша. 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау