Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс



жүктеу 119,58 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі119,58 Kb.
#13636
түріКонкурс

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

С-O-5 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

min

max

С-O-5

83282

112431

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5, анықтама телефондары: 8 (7273)82-34-54, факс. 382-35-56, электронды мекен-жайы: supalm@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 2 бірлік)

Функционалды міндеттері: Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді алдын ала және ағымдағы мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалауды, оның ішінде еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, пестицидтердің токсикологиясы, электр магинттік өрістер мен физикалық факторлар, қоршаған орта факторларының (су, топырақ, атмосфералық ауа) халықтың денсаулығына әсері мәселелері бойынша қадағалауды жүзеге асыру. Жобалау-сметалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, құрылыстың барысын қадағалау және аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қолданыстағы заңнама, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарының бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі, биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология).

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда департаменттің мүдделерін білдіру. Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, құқықтық жалпы оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілердің, шешімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың олардың қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізу. Департаменттің және аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсету. Есепті кезең бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға, бюджеттік өтінімдерді дайындауға қатысу. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторинг жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Шарттарды уақтылы жасауды үйлестіруді, олардың заңнама талаптарына сәйкестілігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда экономикалық әрекет ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит, қаржы).

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Балалар, білім беру және тағам объектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Балалар және білім беру мекемелерін, мектепке дейінгі, мектеп мекемелерін жобалауға және салуға санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу, балалар ассортиментінің тауарлары мен заттарын, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдарды гигиеналық бағалау, оқыту режимі мен бағдарламасын сараптау. Санитариялық-гигиеналық қадағалауды ұйымдастыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Халықтың салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құру және оның орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Құзыретінің шегінде басқармалардың қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), тағам қауіпсіздігі, техникалық ғылымдар және технологиялар (азық-түлік өнімдерінің технологиясы).

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы кезеңіне - 25.01.2018 жылға дейін)

Функционалды міндеттері: Тұрғындардың денсаулығын инфекциялық және паразиттік аурулардан қорғау мақсатында эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру. Облыстағы және өңірлердегі эпидемиологиялық процесті болжауды ұйымдастыру және жүргізу. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу. Инфекциялық және паразиттік аурушаңдықтың алдын алу жөніндегі қолданыстағы бұйрықтардың орындалуын бақылау. Медициналық және гигиеналық білімді насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), жаратылыстану ғылымы (биология), білім (биология)

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Персоналды басқару қызметінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік қызметтен өту рәсімдерін қамтамасыз ету: конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу, оларды аттестаттау рәсімдерін сақтау, қызмет бабымен жоғарылау, жұмыстан босатылу. Тәртіптік, марапаттау, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың жұмысына қатысу. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету. Қызметкерлерді марапаттауды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің жеке деректерін есепке алу. Саланың кадр қызметінің жағдайы туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есепті дайындауды ұйымдастыру және тапсыру. Біліктілік санаттарын беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Штаттан тыс қызметкерлердің жұмысын үйлестіру. Жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, демалыстар, іссапарлар туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау. Мемлекеттік қызметшілердің демалыстары кестелерін құру және олардың орындалуын мониторингілеу. Әскери міндеттілерді есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу. Департаменттің және аумақтық бөлімшелердің штат кестесінің жобасын дайындау. Персоналды басқару қызметінде ісқағаздарын жүргізу, құжаттарды ведомстволық мұрағатқа тапсыруды ұйымдастыру. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), білім (құқық және экономика негіздері).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытыңдының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жоғарыдағы 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«С-О-5 cанаты үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер; Тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Департамент басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған басқарманың қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мәслихат депутаттары қатыса алады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің economy.gov.kz/ru, интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
жүктеу 119,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау