54
Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу деп мемлекттік кәсіпорындардың
шаруашылығын басқару қызметін тікелей шаруашылық субъектілеріне беру негізінде қайта
құруды айтамыз.
Жекешелендіру – бұл мемлекеттен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктің
объектілерін немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын ақыға немесе тегін жеке меншікке
беру. Жекежелендіру мемлекеттің экономикада билігін шектеу болып табылады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің түбегейлі айырмашылығы мынада: егер
жекешелендіру процесінде мемлекеттік меншіктің субъектісі міндетті түрде ӛзгерсе, мемлекет
иелігінен алу процесі олай болмайды.
Жекешелендіру, дүние жүзі экономикасына тән процесс. Оның негізгі мақсаты екі мәселені
шешуге бағытталған:
1) бюджет тапшылығын кеміту;
2) ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы дүние жүзілік тәжірибені ескере отырып, 1991 жылы жекешелендіру
және мемлекет иелігінен алу процестерін бастады. Бұл процестер тӛрт кезеңді қамтыды.
Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процестерінің І кезеңі 1991-1992 жылдар
аралығын қамтыды. Бұл кезеңде республикада жекешелендіру процестерінің алғы шарттары және
бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік кәсіпорындар жеңілдетілген
талаптармен еңбек ұжымдарына берілді, ал сауда және қызмет кӛрсету объектілері сату негізінде
жекешелендірілді.
Жекешелендірудің ІІ кезеңі (1993-1995 ж.ж.) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993
жылы 5 наурыз айындағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995
жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» негізінде
жүзеге асырылды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - орталықтанған–жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға қажетті жағдайлар жасаудың және мемлекеттің иелігіндегі ӛндірістік объектілерді,
басқа да материалдық және материалдық емес активтерді ақылы немесе ақысыз негізінде
республика халқына қайтаруды кӛздеген.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі негізгі міндеттерді орындау кӛзделген:
- мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу арқылы нарыққа бағытталған шаруашылық
құрылымдарын қалыптастыру, мемлекет меншігінің шағын объектілерін жекешелендіруді ,
қалың бұқара топтарының жекешелендіру процестеріне қатысуларына жағдай жасайды;
- тиімді шаруашылық субъектілері ретінде жеке меншік иелері қалыптастыруды;
- шағын және орта бизнесті дамытуды және т.б.
Бағдарламада мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің келесі негізгі бағыттары
анықталған:
-
ірі және бірегей мүлік кешендірін (жұмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар )
жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
- жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететін орташа кәсіпорындардың кӛпшілігін
инвестициялық жекешелендіру купондары арқылы жаппай жекешелендіру;
- 200-ге жуық жұмысшылар бар кәсіпорындарды, тұрмыстық қызмет кӛрсету , қоғамдық
тамақтандыру, коммуналдық шаруашылық, бӛлшек сауда шағын кәсіпорындарын
жекешелендіру;
- ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды жекешелендіру.
55
1996 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасындағы 1996- 1998 жылдарға арналған
жекешелендіру туралы үшінші бағдарлама қабылданды. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мына
шараларды ӛткізуді кӛздеді:
- жартылай
жекешелендірілген
кәсіпорындардың
мемлекеттік
акциялар
пакетін
(кәсіпорындағы мемлекеттің үлесін), сондай–ақ, шағын жекешелендіру шеңберінде ІІ
кезеңде сатылмай қалған объектілерді жекешелендіруді (ақшаға сату арқылы ) аяқтау;
- жеке жобалар бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру;
- бұрын жекешелендірілмеген кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне енгізу;
- экономиканың кейбір секторларын (бӛлімдерін, секторлық бағдарлама) жекешелендіру
жоспарларын жасау және жүзеге асыру жолдарын қарастыру;
- шетел капиталының қатысуын ұлғайтуды.
Жаңа бағдарламаның негізгі бағыты жеке жоба арқылы жекшелендіру:
- жеке инвесторларға келісілген шарттар негізінде сатуды;
- аукцион және конкурс негізінде сатуды;
- басқару туралы келісім – шарт жасауды;
- акцияларды ашық түрде сатуды кӛздеді.
ІУ кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы үкіметінің
1999 жылғы 1-маусымдағы 683-қаулысымен бекітілген “1999-2000 жылдарға арналған
жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру туралы” бағдарламасына
сәйкес жүзеге асырылды. Бағдарламаның басты мақсаты – жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті
басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін
арттыру және мемлекеттік мүлікті конкурстық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету болды.
1991-2000 жылдары республикада 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілері,
соның ішінде 1991-1992 ж.ж. 6,2 мың объектілері ресей рубіліне жекешелендірілсе, 28 мыңы 1993–
2000 ж.ж аралығында ұлттық валютаға сатылды. Осы кезеңде жекешелендіруден 215,4 млрд. теңге
алынды.
3.Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауар және ақша.
Шаруашылықтың натуралды және тауарлы нысандары.
Қоғамдық ӛндірістің алғашқы нысаны натуралды шаруашылық, осыған қысқаша тоқталып
ӛтейік. Онсыз шаруашылықтың басқа нысандарының мәнін түсіну де қиынға соғады. Натуралды
шаруашылықта еңбек ӛнімдері ӛндірушілердің ӛз қажеттіліктерін қанағаттандыруға және
тұтынуға тікелей бӛлу арқылы түсіп отырады. Яғни, ӛндірілген ӛнімдер ӛндіріс – бӛлу – тұтыну
сатыларынан ӛтеді. ( ол алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық ӛндіріс әдістері
тұсында кеңінен орын алған).
Ӛндірістің натуралды формасы бүкіл экономикалық процестерді қатты тежейді, сыртқы
байланыстарға жол бермейді, сондай-ақ натуралды шаруашылық тұйық, тұрақты, әрі ӛсуі ӛте баяу
процесс. Бұл қазіргі дүниеде де сақталып отыр, әсіресе, дамушы елдерде орын алуда.Тіпті,
дамыған елдердің ӛзінде де бұл шаруашылықтың кейбір формалары сақталуда.
Жалпы алғанда, натуралды шаруашылық тауарлы шаруашылықпен қатар дамыды. Бірақта
жоғарыда кӛрсетілген ӛндіріс әдістерінде натуралды шаруашылық үстем болды.
Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі және
натуралды шаруашылыққа тұп-тура қарама-қарсы. Тауар ӛндірісі деп отырғанымыз, қоғамдық
ӛндірісті ұйымдастырудың белгілі бір формасы ретінде, адамдардың экономикалық қатынастары
нарық арқылы, еңбек ӛнімдерін сатып алу-сату арқылы кӛрінетін процесс. Басқаша айтатын
болсақ, тауарлы өндіріс дегеніміз ӛнімді ӛндірушінің тікелей ӛзі тұтыну үшін емес, нарыққа
шығарып сату үшін ӛндіретін ӛндірісті айтамыз. Мұнда ӛндірілген ӛнім тұтынушының қолына
айырбас арқылы түседі. Яғни, ӛнім ӛндіріс-айырбас-тұтыну сатыларынан ӛтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |