Мемлекеттік несиенің екі негізгі функциясы бар, бөлгіштік функциясы және реттеу функциясы. Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Мемлекеттік несиенің екінші қосалқы функциясы – реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының нарығында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде неСөйтіп, мемлекет бұл нарықтағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер несиенің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістің дамуына) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге жетеді.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Мемлекеттік несие өзінің көріну екі формасы бойынша елде аса зор рөл атқарады.
Халықтың банк жүйесіне шоғырландырылатын салымдары мен мерзімді депозиттерін, мемлекет орталықтандырылған қаржы ресурсы ретінде пайдалануы мүмкін, олардың есебінен банктер экономикаға қайтару негізінде несиелер береді және несиенің: мемлекеттік және банктік екі формасының жақындасуы болады.
Мемлекеттік несиенің екінші формасы – халықтың салымдарының бір бөлігінің мемлекеттік займдарға айналуы мемлекеттік займдармен тығыз байланыста болады, мұнда жинақ (сақтық) мекемелері заем қаражаттар есебінен мемлекетке несие беруді білдіреді.
Халықаралық мемлекеттік кредит - халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет әлемдік қаржы рыногында борышкер немесе кредитор ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар сыртқы мемлекеттік қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі.
Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақшалай және тауар нысанында беріледі. Кредит субъектілері мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады. Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:
· 1) еңбектің халықаралық бөлінісінің тереңдеуі және экономикалық бірігу;
· 2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
· 3) елдердің табиғат ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;
· 4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;
· 5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
· 6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымактастығы.
Мемлекеттік несиенің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда — пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту (конверсия), нығайту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), қайта қаржыландыру)
Мемлекеттік қарыз – ол бойынша есептелген пайыздарды қоса алғанда, шығарылған және өтелмеген мемлекеттік займдар бойынша берешектер сомасы. Займ валюталарын орналастыру нарығына және өзге сипаттамаларына қатысты мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға бөлінеді.
Мемлекеттік қарыз, кеңейтілген ұдайыөндіріс үшін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша қаражаттарын тарту формаларының бірі ретінде мемлекеттік займдарды пайдаланумен байланысты туындайды.
Заемшы, кредитор және кепілдік беруші ретіндегі оның қызметімен байланысты мемлекеттің қаржылық саясаты бағыттарының бірін қалыптастыру кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі. Кең мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару, қаржылық саясат бағыттарының бірі ретінде, мемлекеттің билік және басқару органдарының қолында болады. Атап айтқанда олар бюджет тапшылығының жалпы көлемін, демек, оны қаржыландыру үшін қажет займдар көлемін және ақша айналысына, несиеге, өндіріске, жұмыспен қамтуға әсер ету мақсаттары мен елдің жекелеген аудандарындағы шағын бизнесті қолдау жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың мақсатқа сай келушілігін айқындайды.
Мемлекеттің қарыз міндеттемелерін дайындаумен және шығарумен, мемлекеттік бағалары қағаздар нарығын реттеумен, мемлекеттік қарызға қызмет көрсетумен және өтеумен, ссудалар және кепілдіктер берумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы тар (қасаң) мағынасындағы мемлекеттік қарызды басқару болып түсіндіріледі.
Сыртқы мемлекеттік борыш - Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.сие капиталының нормасы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |