Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


*** Өзің үшін күресте жеңілсең де — елің үшін күресте жеңілуге  хақың жоқ. ***



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет24/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

176

177


***

Өзің үшін күресте жеңілсең де — елің үшін күресте жеңілуге 

хақың жоқ.

***

Халықтың ұлы болмасаң, менің де ұлым емессің.



***

Ханы сорлы — халық сорлы, халқы мықты — хан да мықты.



***

Елу жанға билігін жүргізгендер

Ел басқарам дегенді шығарды.

***

Елде ерлік болмаса,

Əділдік те болмайды.

***

Қазақ осы — алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы — ашық-жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ

(1936 ж.т.)

лматы қаласында дүниеге келген. Саяси жəне қоғам 

қайраткері, ақын, дипломат. Орыс тілді қазақ ақыны. 

Олжас Омарханұлы туралы замандастары «табиғатынан ру-

хани бұғауланбаған адам, оның шығармашылық жəне қоғамдық 

қызметіндегі негізгі ұстаным еркіндік» деп жазған. Еңбектері 

дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. 

Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мəтелдері мен 

аңыз-əпсаналарынан іздеңіз.

***

Мен қайғырам, 

Зəбір көріп қай халық

Қасіретке батар болса қайғы алып.




178

179


***

Айналайын, О, Қара Жер, айналшы,

Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.

***

Кешіре біл ағайынды суысқан,

Ел бақытты, — сен жымисаң,

Туысқан!


***

Мен өз елімді жəне оның халқын, олардың беріктілігі мен 

төзімділігі үшін сүйемін. Бірақ мен ешқашан бір елді екінші елге 

айдап салушы «ұлтжандыларды» сүйе де алмас едім, түсіне де ал-

мас едім.

***

Тілдер туыстығы — мəдени туыстық.



***

«Халықтар достығы» — адамдар арасындағы достық пен өзара 

құрмет сезімінсіз, абстрактілі һəм тұрлаусыз ұғым.

***

Тауларды аласартпай — даланы биіктетейік.



***

Түркілік қоғамда əйелдерге кең құқықтар берілген. Олар мем-

лекеттік істерге белсене араласқан. Тақтың мұрагерін ана тəрбие-

леген.


***

Ұлы ойшылдардың теориялық қисындарының көпшілігі қазір 

түсініксіз көрінуі заңдылық. Олар ертеңгі күннің жарығы болуы 

да мүмкін. Олар замандастарымызды келер дəуірлер ұғымымен 

ойлануға шақырады. Ал онсыз болашақтың таңы атуы екіталай.

***

Отырар ойран болар ма,

Бір сатқын жығып бермесе?!

***

Түсінбестікті тудыратын тарих емес, сол тарихты оқып ұғыну.



***

Нағыз тарих — халықтардың ежелден бергі бейбітшілік, қыз-

меттестік пен өзара байланыстылық шежіресі. Шіркін, сол шежірені 

қалпына келтірсе ғой! Сонда көп ұлтты халқымыздың келешегін 

де айқынырақ көріп-білуге болар еді.

***

Қария тарих — қаптаған жалын

Лап етіп жанған түздерде,

Алауға атам қақтаған жанын,

Аңызы қалған біздерге...



180

181


ƏБІШ КЕКІЛБАЙҰЛЫ

(1939 ж.т.)

аңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақстанның ха-

лық жазушысы. Ірі ойшыл, публицист, қоғам жəне 

мемлекет қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы 

Мемлекеттік хатшысы (1996–2002). Халықаралық жазушы-

лар қауымдастығына кең танымал тұлға. Шығармалары əлем-

нің көптеген тілдеріне аударылып, жоғары баға алған.

...Айналаң — аяулы алтын бесігің. Бесігін ардақ тұтпаған бере-

ке қайтіп таппақшы?!

***

Біздің халқымыздың рухани өмірінде саяси проблемалардан 

гөрі адамгершілік проблемалары үстемірек орын алатын сияқты.

***

Тəуекел қауым — тəуелсіз бола алмайды, алаусыз қауым — азат 

бола алмайды.

***

Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр соған байланысты со-

рын да аз қылып бермеген.

***

Ел тілегі — бір-бірімізге көзіміз түзу болғанда ғана түзеледі.



***

Ел болып алмай тұрып, ешкімнің де жұлдызы жанбайды.



***

Əділдік бар жерде ғана елдік бар.



***

Елдік жоқ жерде жаманның иығы шығыңқы, жақсының еңсесі 

түсіңкі жүреді.

***

Ел жүгендемей жатып, дау түгендейміз.



***

Өз басыңнан бақ ауса да, ел басынан бақ аумасын.



***

Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы — өз халқының тағдыры-

нан тыс қалу.



182

183


***

Тəуелсіздік — тəтті ғана сөз емес, ұлттық жауапкершілік.



***

Ұлтты тану — ұлттық дамудың негізгі шарты.



***

Елің теңелмей тұрып — өзің теңелмейсің.



***

Ұлт мүддесі мен ел игілігі — «екі тепкі, бір қамшы» белсенді-

лікті көтермейді.

***

Ұлдарын өлімге қимайтын елдің өзі де өлмейді.



***

Өз мемлекетіңнің тəуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің 

егемендігін құрметтеу — тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен 

гуманистік жауапкершілік.



***

Атасыздық — отансыздық, отансыздық — опасыздық, опасыз-

дық — имансыздық.

***

Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақтамас, төресіне тəж тұрақтамас. 

Ту тұрмас тұлдыр үйге, тəж тұрақтатпас тұлдыр басқа байлық пен 

ырыс қалай қонатын еді.



***

Халқы азат бола алмай тұрып, ешкім азат бола алмайды.

Азат емес адам өзін ешкіммен тең сезіне алмайды.

***

Рухани бедерсіздік саяси тəуелсіздікті де тəрк етеді. Тойған 

тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нəпсінің азат-

тығы керек.



***

Егемендіктің ең үлкен жаулары — жікшілдік те, алауыздық та 

тек əділетсіздіктен өрбиді.

***

Халықтың өзін-өзі билеу құқы сақталмай тұрып, жеке адамның 

құқы да сақталмайды. Өйткені ұлты азат емес адамның өзі азат бо-

луы еш ақылға сыймайтын шаруа.



***

...Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, бəріміз де мəре-сəре 

болып жатқанда ұрыншақ емес, ұғымсақ, тиіскек емес, үйірсек 

болғанымыз келіңкірейтін тəрізді.



***

Ойдағымыз болды, ортамыз толды. Төбедегі келді. Төрелес-

кенде де ренжитін ретіміз жоқ... Бағзыдағыларымыздың аруағы 

жебегесін, бүгінгілеріміздің тілегі демегесін жетіп отырмыз бұл 

күнге.



184

185


Іргесі берік елді — жау ала алмас.

Аузы бір елді — дау ала алмас.



***

Ел іші — алтын бесік.



***

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

***

Елін сүйгеннің еңсесі биік.



***

Ат үйірін сағынса,

Артқы аяғына қағынар.

Ер үйірін сағынса,

Айыл-тұрман тағынар.

1

 Мұзафар Əлімбаев.



***

Елінен безген ер оңбас,

Көлінен безген қаз оңбас.

***

Кісі елінде күркірегенше,

Өз еліңде дүркіре.

***

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

***

Есі бүтін елінен шықпайды,

Елінің қырын жықпайды.

***

Шетте жүрсең тарығарсың,

Туған жерді сағынарсың.

***

Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

***

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, 

Туып-өскен ел қымбат.



186

187


***

Отанды сүю — отбасынан басталады.



***

Ата мекен — анаң екен,

Қысылғанда панаң екен.

***

Жат жерде жаның қиналса,

Ел қадірін сонда білерсің.

Жұтым суға зар болсаң,

Көл қадірін сонда білерсің.

***

Жат елдің жақсысы болғанша, 

Өз еліңнің сақшысы бол.

***

Есі бар жігіт елін табар,

Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.

***

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Болар жігіт Отанын сүйеді.

***

Алтын тағың болғанша, 

Алақандай жер болсын.

***

Жерін қорлаған — 

Жеріне сыймайды.

Елін қорлаған — 

Еліне сыймайды.

***

Елі жоқ жер жетім,

Ері жоқ ел жетім.

***

Елді ер сақтайды,

Ерді жер сақтайды.

***

Елін сүйген ерлік істейді.



***

Ер жігіт — 

Ел үшін туады,

Ел үшін өледі.



***

Батыр туса — ел ырысы,

Жаңбыр жауса — жер ырысы.

***

Ырысқа қарай ұл өсер,

Қонысқа қарай мал өсер.



188

189


***

Туған елің болмаса,

Тумай-ақ қойсын Күн мен Ай.

***

Ел — иесіз,

Жер киесіз болмайды.

***

Малы жоқ деп,

Ерден түңілмек.

Шөбі жоқ деп,

Жерден түңілме.

***

Отаны бірдің — тілегі бір,

Ошағы бірдің — білегі бір.

***

Бірлік түбі — ерлік.



***

Татулыққа не жетсін,

Тəуекелден не кетсін!

***

Ынтымақ — орман,

Жауа ала алмас қорған.

***

Ынтымақты елге ешкім жетпес,

Ынтымақсыз елдің өкініші кетпес.

***

Отаны бар адам — зор,

Отансыз адам — қор.

***

Отан қадіріне жетпеген

Өз қадіріне де жетпейді.

***

Ерінен айырылған, көмгенше жылайды,

Жерінен айырылған, өлгенше жылайды.

***

Шегараң берік болмай,

Басыңда ерік болмайды.

***

Жауды басындырма,

Жақынды ашындырма.

***

Елі еріксіз болса,

Ері көріксіз болады.



190

191


***

Ер ерлігін істесе,

Ел елдігін істейді.

***

Ердің ерлігін білмеген,

Елдің елдігін білмейді.

***

Елін сатып — асаған,

Екі күн ғана жасаған.

***

Өз халқыңды өз ете алсаң,

Өзге елге құл болмайсың.

***

Қатардан ассаң да,

Халықтан аспақ жоқ.

***

Тозар елдің жанжалы бітпес,

Озар елдің арманы бітпес.

***

Ел қалаған ұл-қыздар,

Ел көгінде жұлдыздар.

***

Жақсылық қылсаң халыққа,

Бір қайырымын аларсың.

Жамандық қылсаң халыққа,

Жапанда жалғыз қаларсың.

***

Елді тастап, шетке кетпе,

Шетке кетсең де, көпке кетпе.

***

Халықтан — қайырымдылықты,

Қариядан байымдылықты үйрен.

***

Өнерлі елдің оты сөнбес.



***

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш — орман.

***

Ауыл болсаң, қауым бол.



***

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.



192

193


***

Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ белге асырар.

***

Көп ел — сарқылмас көл.



***

Ынтымақсыз елді — ұрысы билейді.

Ынтымақты елді — дұрысы билейді.

***

Тату елдің тамағы таусылмайды.



***

Туған жер — тұғырың,

Туған ел — қыдырың.

***

Жер — ырыстың кіндігі.



***

Ер жақсысы елін сағынар,

Ат жақсысы атын сағынар.

***

Жер тоймай — ел тоймайды.



***

Жері азған елде

Тоқшылық болмайды.

Ері ынтымақты елде

Жоқшылық бомайды.

***

Бірлігі бар елдің 

Белін ешкім сындырмас.

***

Игілік басы — ынтымақ,

Ынтымақты елде күншуақ.

***

Ауылың ала болса,

Ат ойнақтың астында қаласың.

***

Жақынымен жауласқан

Жатқа мазақ болар.

***

Жалғыз ағаш үй болмас,

Жалғыз жігіт би болмас.

***

Көп дауыс қосылса,

Бір дауысты жоқ қылар.



194

195


Пайдаланылған əдебиет тізімі жəне дерек көздері

1. Жансүгіров І. Шығармалар. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1958.

2. «Қазақ». № 1. 2006, 28 тамыз.

3. Сейфуллин C. Өлеңдері мен поэмалары. А, 1957.

4. Абайды оқы, таңырқа. Алматы: Ана тілі, 1993.

5. «Айқап» журналы, 1914. II сан.

6. «Аңыз адам» журналы, 2013.

7. Ақшолақов Т., Жұмажанова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С. Қазақ əдебиеті 

(9-сынып). Алматы: Мектеп, 2005.

8. Аталы сөз — баталы сөз. Алматы: Нұрлы əлем, 2006.

9. «Əдеби əлем» порталы.

10. Бабатайұлы Д. Алматы: Раритет, 2002.

11. Бес ғасыр жырлайды. 1-т. Алматы: Жазушы, 1989.

12. Болатбаев Қ. Даналар сөзі — өнердің көзі.

13. Даналардан шыққан сөз. Алматы: Мектеп, 1987.

14. Жолаушин С. Даналар қалдырған асыл мұра. Петропавл, 2011.

15. Келімбетов Н. Ежелгі əдеби жəдігерліктері. Алматы: Раритет, 2005.

16. Қазақтар. IV т. Алматы: IDK — TIPO, 1998.

17. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.

18. Қазақтың би-шешендері. 

19. Майлин Б. Шығармалары. I т. Алматы,1960.

20. Сүйіншалиев Х. Қазақ əдеби тарихы. Алматы: Санат, 2006.

21. Төле би «Мұраттас» ғылыми-зерттеу орталығы. Алматы, 1991.

22. Төреқұлұлы Н. Қазақтың жүз шешені. Алматы: Алтын адам. 



***

Көппен біткен іс мəнді

Көппен ішкен ас дəмді.

***

Тау — тасымен,

Көп басымен мықты.

***

Аз қадірін білмеген, 

Көп қадірін қайдан білсін.

***

Айырылма, жұртым, үйіріңнен,

Айырылсаң, жұртым, үйіріңнен — 

Екі қолың кетпес бүйіріңнен.



***

Ынтымақ — елдің ырысы,

Ылғал — жердің ырысы.

***

Жалғыз ағаш орман болмас,

Жалғыз кірпіш қорған болмас.

***

Елде болса, ерінге тиеді,

Ауылда болса, ауызға тиеді.



196

23. Шаймерденұлы Е. Ақыл-ой антологиясы. Алматы: Өлке, 2004. 

24. http://adebiportal.kz

25. www.zharar.com 

26. http://semeylib.kz

27. wikipedia.org

28. e-history.kz 

29. inform.kz

30. http://bilimdiler.kz

31. «Ақ жол» газеті. Көркем əдебиетті саралау. 1925, 17 сəуір. 

32. http://aimauytov.psu.kz/

33. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. V т. Алматы, 1999. 

204–205-бб.

34. «Жас Алаш» газеті. Ұлтты сүю. 2001, 6 наурыз.

35. Қазақтың мақал-мəтелдері. А., 2004.

Мазмұны

Асыл сөзге өлім жоқ...

Асыл сөзге өлім жоқ... (Құрастырушыдан)

 (Құрастырушыдан) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  4

Тоныкөк  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

Білге (Мерген). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  7

Күлтегін. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  9

Əбу Насыр əл-Фараби  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  13

Жүсіп Баласағұн . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  16

Махмұд Қашқари  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  20

Кожа Ахмет Яссауи  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  23

Майқы би Төбейұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  27

197



198

Асан Қайғы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  30

Шалгиіз Тіленшеұлы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  34

Доспамбет жырау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  36

Төле Əлібекұлы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  39

Қазыбек Келдібекұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  45

Əйтеке (Айтық) Байбекұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  49

Бұқар Қалқаманұлы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  52

Ақтамберді Сарыұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  56

Сырым Датұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  59

Шал Құлекеұлы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  62

Дулат Бабатайұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  65

Махамбет Өтемісұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  71

Шернияз Жарылғасынұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  74

Сүйінбай Аронұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  76

Майлықожа Сұлтанқожаұлы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  79

Шоқан Уəлиханов  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  81

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  86

Абай (Ибраһим) Құнанбаев . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  91

Шəкəрім Құдайбердіұлы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  100

Əлихан Бөкейханов  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  107

Ахмет Байтұрсынов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  110

Міржақып Дулатов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  114

Жүсіпбек Аймауытов . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  119

Сұлтанмахмұт Торайғыров  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  124

Мағжан (Əбілмағжан) Жұмабаев  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  128

Сəкен (Сəдуақас) Сейфуллин  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  133

Бейімбет Майлин  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  137

Ілияс Жансүгіров  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  140

Мұхтар Əуезов  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  144

Ғабит Мүсірепов. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  149

Бауыржан Момышұлы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  154

Нұрсұлтан Назарбаев . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  158

Мұзафар Əлімбаев  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  165

Мұқағали Мақатаев  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  168

Шерхан Мұртаза. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  171

Қадыр Мырзалиев  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  174

Олжас Сүлейменов. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  177

Əбіш Кекілбайұлы  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  180

 

Мақал-мəтелдер  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  184



Пайдаланылған əдебиет тізімі жəне дерек көздері

  . . . . . . . . . . . . .  195



199

жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау