Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет16/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

116

117


***

Заманның көз сал халіне.

Халқыңның ойла пайдасын,

Өзің үшін налыма...

Басыңды тік бəйгеге,

Бір халқыңның қамына...

Қиянаттан бой тартып,

Шық əділет жағына.



***

Күн көреміз қайда барып, Алашым,

Білгіштерің хал мүшкілін қарасын.

Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң,

Əркім жейді біздің қазақ баласын.

***

Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,

Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.

***

Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.



***

Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.



***

...Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.



***

Орысша білмек қазаққа бек лазым.

Саны көп, сапасы жоқ, һəммадан бос,

Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді.



***

Ел шауып, кісі өлтірген боп па батыр.



***

Халық пайдасын ақылмен істер болар.



***

Қызығып қызарғанға кеткендер көп,

Шен алып дəрежеге жеткендей боп.

Ойлайды өз пайдасын, халқын сатып,

Қазақты ең керексіз еткендей ғып.

***

Тұманға кірді біздің қазақ,

Арты — жар, алды — тұйық бұл не ғажап?

***

Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.



***

Қазағым, көрмегенің əлі алдыңда,

Боларсың көне берсең мұнан жаман.



118

119


***

Көздің жасын құрғатар жігіт қайда,

Таршылықта қазақ тұр біздің жылап.

Жүріп, жастар, араға жақындастыр,

Біздің халық өнерден жатыр жырақ.

***

Елең етер намысқа қызып жігіт аз,

Бұл не ғажап — жұрт керең боп қалған ба.

Мен не болсам — болайын саған садақа,

Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба.

***

Бола берме, жазған қазақ, жасқаншақ!



***

Халық тағдыры — қарта ойыны емес.



***

Ұлт əскері — ұлт қорғаны.



***

Сот түзелмей — халық түзелмейді.



***

Адассам — халқыммен бірге адастым, сəулелі жарық жолға 

ұмтылсам — ұлтыммен қосылып ұмтылып бағамын.

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ 

(1889–1931 жж.)

азақ əдебиеті мен мəдениетінің көрнекті қайраткер-

лерінің бірі. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл айма-

ғында дүниеге келген. Жазушы, ақын, драматург, публицист, 

аудармашы, қазақ топырағындағы тұңғыш педагог, психолог-

ғалым. Бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 

Əлем əдебиетіндегі танымал да іргелі туындылардың, ғылыми 

ізденістердің біразын қазақ тіліне аударған. Қазақ əдебиетіне 

«ақ өлең» үлгісін енгізген. Өз шығармаларында қазақ даласын-

дағы əйел теңдігі мəселелеріне назар аударған. «Сегіз қырлы, 

бір сырлы» есіл азамат өткен ғасырдың отызыншы жылдары 

жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялыларының бірі.

Көркем өлеңге құлағы үйреніп қалған қазақ су татыған өлеңді 

оқымайды. Ондай өлеңге мейірі қанбайды... Өлең еместі өлең деп, 

жұрттың алдына тартуымыз ұят.




120

121


***

Төңкерістен кейін қазақ өлеңшілері, жазушылары көркем сөздің 

не екенін білмегендіктен, əйтпесе өнepi жетпегендіктен не болса 

соны жазып, баспаға түcipiп, көркем əдебиеттің құнын түcipiп ба-

рады. Дəмсіз, кенеусіз сөзбен қандай əдебиет болса да туғыза ал-

маймыз.


***

Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің ай-

насы, өсіп-өніп, түрлене беретін мəңгі құламайтын бəйтерегі. 

Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дəуірлерін, қысқасы, 

жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап оты-

ратын қазына.



***

Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң,

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. 

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

***

Басшы тұзу болса, басшыдан бас тартып, ауа жайылатын ха-

лық аз, қазан бұзар, ар соққан біреулер болмаса. Қазақты тура 

жолға бастайтыны да, адастыратыны да — оқығаны... Оқыған — 

қара халықтың шырағы (идеалы), бұқарасы сонша қадірлегенін 

оқығандар білу керек. Халыққа қызмет қыла білмеген, үлгі, шырақ 

болуға жарамаған — оқыған халықтың ықыласын қайырады, кө-

ңілін шығарады. Халықты өзінен алыстатады, өсек арқалайды, 

пайдасы артық тимейді. 

***

Замандастар, тұстастар əділ болуы қиын, өйткені не заманнан 

қаймығады, не ақынды заман өлшеуішімен өлшейді, сыншылардың 

көбі не ақынды жақтаушылар, не жамандаушылар, не бықсыған 

күншілдер, не сол ақынды ат қылып мініп алып, əбүйір-атақ іздеп, 

көзге түсем деушілер болуы мүмкін.



***

Өнегелі ел аяулы ақындарына өшпес белгі орнатады, сөзін жи-

найды, басады, қадірлейді. Өмірін жазады, үлгі қылады. Ақын аты-

на мектеп, білім жұртын, кітапханаларын ашады. Ақынның өмірін, 

сөзін іздеуге, зерттеуге қауым ұйымдар ашады. Ақынның қай жерде 

не сөйлегені, қандай ат мінгені, киім кигені, тамақ жегеніне шейін, 

жатып-тұрғанына шейін қалдырмай тереді. Ақынды қадірлейді, 

қастерлейді, аспанға шығарады. Heгe десеңіз, ақын — елінің тілі 

ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген 

ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жанынан, ардан безбесе, 

ақынын қандай ел қастерлемекші. 

***

Жалынды сөз — жалынды жүректен шығады.



***

...Тозған асылдарымыз жаңартылып, жас тарихымыздың мəде-

ниет табағына олжа салуымызбен келешекте дардиып мақтануы-

мыз анық... Ауыз əдебиетінің жүзден бірі баспаға түсірілген жоқ. 

Ауыз əдебиетіміз қаймағы туырылған күйінде ел аузында қалып 

отыр. Бірақ бұл күйінде ел аузында ұзақ сақталып, көп жасай ал-

майды, қанатын алдырады, мертігеді. Бұның түбі бара-бара біразда 

жоғалу болады.




жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау