№14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта мектебің бастауыш сынып мұғалімі.
Жалпы мақсаты:
|
Қазақтың ою-өрнектерінің шығу тарихымен таныстыру, олардың қолданылу реті туралы білім беру. Әр оюдың өзіндік мән-мағынасын аша білуге дағдыландыру. Ортақ пікірге келуге баулу. Ою түрлерін бейнелеуге машықтандыру.
|
Әдіс-тәсілдер:
|
Топтарға бөлу, ой қозғау, миға шабуыл, мәтінмен жұмыс, постер, кері байланыс, Тренинг «Өзімді сүйемін, өзгені сүйемін», «Аквариумдағы алтын балық», «Конверттегі сұрақ»
|
Кіріктірілген модульдер:
|
АКТ,ООЖТ,СТОҮ,ОҮБОБ,ТДБО,ОБЖК.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады, топтасып жұмыс істейді, ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
|
Сабақ түрі:
|
Кіріктірілген сабақ
|
Негізгі дерек көздері:
|
Интерактивті тақта, бейнекөрініс, флипчарт, маркер, күлегештер, «ВLOB»ағашы,суреттер,сандықша.
|
қ\с
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1
|
5 мин
|
1.Психологиялық дайындық
а)Тренинг «Өзімді сүйемін,өзгені сүйемін»
|
Оқушылар сандықшадан өздеріне ұнаған оюларды таңдап алады.
Алған оюлары бойынша топқа бөлінеді.
Стикерлерге өздеріне деген ізгі-тілектерін жазып «орындалсын» деген ниетпен қоржынға салады.
|
2
|
8 мин
|
2.Үй тапсырмасын қайталау
а) Топтық жұмыс. «Қазақ кілемдері қалай тоқылады?» тақырыбы бойынша тапсырмалар беріледі.
«Конверттегі сұрақ» әдісі
б) Бағалау
3.Үй тапсырмасын бекіту
«Аквариумдағы алтын балық» әдісі
|
Әр топтан бір оқушы конверттен тапсырма алып топ мүшелерімен бірлесе отырып талдайды, постер жасап, қорғайды.
1-топ.Тұскиіз
2-топ.Текемет
3-топ.Сырмақ
4-топ. Алаша
Бір-бірінің жауабын, постерлерін бағалайды.
Ортаға бір оқушы шығады, басқа оқушылар оны қоршап шеңбер құрып отырып, оған үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.
|
3
|
6 мин
|
4.Ой қозғау
а) «Қазақтың ою-өрнектері» туралы бейнежазба
көрсетіледі.
ә) Тақырыпты ашу.
|
Бейнежазба бойынша ашық сұрақтар қойылады.
-Бейнежазбаның мазмұны бойынша не айта аласыңдар?
-Ою-өрнектер сипатына қарай қалай жасалады?
-Бейнежазба арқылы қандай ою-өрнек түрлерімен таныс болдыңдар?
-Бұл бейнежазбаға қандай тақырып қояр едің?
|
4
|
15 мин
|
Мағынаны тану
а)Мақсатын хабарлау.
ә) «Қазақтың ою-өрнектері» мәтіні бөлімдер бойынша топтарға бөлініп беріледі.
в)Сергіту сәті.
«Суреттер галлереясы»
Бағалау
|
ә)Мәтінді мәнерлеп оқып, «Инсерт» әдісі бойынша талдау жасайды.
Мәтіннің мазмұны бойынша постер жасап, қорғайды.
Оқушылар өздерінің ұнатқан ою-өрнектерін бейнелейді. Жұмыстарын аяқтаған соң әр топ мүшелері өзара сараптай келе, келісе отырып үздік суреттерін тақтаға іліп, сол жұмысты қорғайды .
б)Күлегештер арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
|
5
|
6 мин
|
Ой толғаныс
а) Кері байланыс
«Кезбе тілші» әдісі
б) Бағалау
|
Мәтіннің мазмұны бойынша талдау сұрақтары жүргізіледі.
б)Топтар бірін-бірі бағалайды.
|
|
5 мин
|
Үйге тапсырма:
|
Өз дастарқаныңа өрнек ойлап тап. Оның суретін жұмыс дәптеріңе сал.
|
|
|
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
|
|
|
Өзін-өзі бағалау
|
«BLOB» ағашы арқылы өзін-өзі бағалау
|