168
169
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
(1931–1976 жж.)
лматы облысының қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарын-
қол) ауданынына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге
келген. Қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын
ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мəртебесі зор, шоғыры
биік бірегей ақын. Мұқағали (шын аты Мұхаммедқали) шығар-
машылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Ақиық
ақын өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе отырып,
оқырманына тылсым дүниенің тереңінен, жырға орап жеткізген.
Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,
Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
***
Күн көреді əкесіз де анасыз,
Өмір сүрер əйелсіз де баласыз.
Ал Отансыз — нағыз сорлы панасыз!
***
...Оңай сөз ғой «Отанды сүйем деген»,
Іс тынбайды «жанамын, күйемменен...»
Өгей əке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем.
***
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан — мекенің!
***
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
***
Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз,
Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз.
***
О, туған ел!
Достықтың дастарқаны.
Достық керек... кім одан бас тартады?..
Осылай бол!
Осы өмір, осы пейілің,
Досыңды, дұшпаныңды жасқантады.
Осылай бол, достықтың асқар тауы!
***
…Ал екінші бақытым — тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
170
171
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
***
Доссызбын деп айта алман халқым барда.
Саясында хақым бар салқындауға.
Қарғамаса болғаны халқым мені,
Айналмаса болғаны нарқым дауға...
***
Мына дала, мына өлке жап-жас əлі,
Адамдардың жоғалды сан жасағы,
Бір ұрпаққа бір ұрпақ жалғасады,
Мына дала, мына өлке жап-жас əлі...
***
Талай нөсер төгілер, болар жасын,
Алапат күн əйтеуір жол алмасын.
Мына нұрлы өмірге тірек болған
Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын!
ШЕРХАН МҰРТАЗА
(1932 ж.т.)
амбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Бел-
гілі қоғам қайраткері, танымал жазушы, журналист-
публицист, ел мүддесі мен ұлттық құндылықтарымызды қорғау-
ға зор үлес қосып, күсрескерлік танытып, көзге түскен құрметті
тұлғалардың бірі. Шығармалары бірқатар елдердің тілдеріне
аударылған. Шерхан Мұртаза Г.Х. Андерсеннің əңгімелерін, венгр
халық ертегілерін, сондай-ақ өз заманымыздағы танымал
жазушылардың біразының туындыларын қазақ тіліне аударған.
Отанды, ұлтты, əдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп
айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды əрекет керек.
***
Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
172
173
***
Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт — тарихы-
нан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды.
Тілінен айырылған халық — ата-бабасының, туған əкесі мен анасы-
ның атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мəңгүрт деп атайды.
***
Ана тіліміздің мəртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп,
бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
***
Ұлтсыздық — отансыздықтың белгісі.
***
Сақтасаң — қазаққа жау болған қазақтан сақта!
***
Рухани əлемі кең, рухы биік ел — қайсар ел. Ондай елді ешкім
жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де —
жеңіл.
***
Отанды, ұлтты, əдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп ай-
қайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды əрекет керек.
***
Рухани азып-тозу — өліммен тең.
***
Рухтың анасы — ана тіліндегі кітап...
***
Тəуелсіздік — адам құнымен өлшенеді.
***
Мемлекетімізге, зарығып жеткен тəуелсіздігімізге төніп тұрған
орасан қауіп — жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қарлық!
***
Демократия — жүгенсіздік емес,
Бостандық — жүйесіздік емес.
***
Тəуелсіздіктің жолы — қатты, дəмі — тəтті.
***
Астана — қазақтың бөлінбес бірлігінің, мəңгілік тұтастығының
символы болуы шарт.
***
Қазақ елі — жаралы теңбіл барыс сияқты. Ылдидан қарғып
шыққан жолы қан сорғалаған ізге толы. 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалыс — 1986 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске жалғасты.
***
Тəуелсіздік — жаңа шығып келе жатқан Күн. Елдің емес, жас
мемлекеттің емес, өз қарақан басының қамын ойлаған жемқорлар,
парақорлар, Қазақстан байлығын талан-таражға салған сатқындар!
Жаңа шығып келе жатқан күнді көлегейлеп, бұлтпен бүркемелеп,
тұмшаламаңдар!
174
175
ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ
(1935–2011 жж.)
рал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген.
Ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Өз шығарма-
ларына елдік, бірлік, отаншылдық, ұлтжандылық тақырып-
тарын арқау еткен. Көркем аударма саласында да жемісті
еңбектері көп. Əлемдік əдебиет ғұламаларының бірқатарының
шығармаларын қазақ тіліне аударған. Біраз топтамалары мен
таңдаулы өлеңдері ТМД елдерінің жəне өзге де шет тілдерге
аударылған.
Қазақтың қуаты — бірлігінде.
***
Қазақтың ұлттық тілі — өлең.
***
Халыққа да жылы сөз керек.
***
Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра.
***
Ел қамынан қымбат емес өз қамың.
***
Бұл дүниеде татулықтан басқаның бəрі сатулы.
***
Қазақтың құшағы Күннен де ыстық.
***
Барлық жердің қазағы — бір ауылдың алмасы.
***
Алмағаным — ел мойнында, бермегенім — өз мойнымда.
***
Елдің туы жығылмас — тілдің туы жығылмай.
***
Ана тілің — асылың, оны білмеген — масылың.
***
Байлық деген байлық па?
Тіл байлығы тұрғанда!
Достарыңызбен бөлісу: |