122
123
***
Адамның денесі қандай мысқылдап өсіп, жетілетін болса,
сезімі де, пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп өркендемек: адам
туа ұлтшыл, туа адамшыл бола бермейді, ұлтшылдық сезім де сол
сықылды əуелі үй ішінен, одан қала берсе, туған ауыл, туған жер-
ден бастап, жоғары өрлейді.
***
Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
***
Ынсап, ұят, адалдық, тұрақтылық,
Адамдыққа ұласар көрік қылық.
***
«Алаштың» талабы зор, мақсұты мол,
Əртүрлі кемшілікке созып тұр қол.
Бір мақсұт — əйелдің халін аяп,
Азаттық, адамдыққа іздемек жол.
Бұл талап сəті болса — таудай талап,
Ниеті қабыл болғай құдай қалап.
***
Түрленіп мынау заман ағып жатыр.
Жай өтпей əркімге сын тағып жатыр,
Жайынан замананың хабардар ма,
Осы біздің қазақтар неғып жатыр?
Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр,
Өз əлінше өрмегін құрып жатыр
Жіліктің майлы басын бері тартып,
Икемдеп өз алдына бұрып жатыр.
***
Қазағым, қақтықпа, қамалма!
Ел болар қамыңды амалда!
...Ұйымдас, ұрандас, жағалас!
Сен де мін бабаңның тағына!
***
...Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолыңа құрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат,
Аллалап алға бас, ал Алаш!!!
***
Ал, балалар, малдарың аман болсын,
Қызыр жар бол, бəлекет шабан болсын.
Жел тынып, бұлт ыдырап, күн айығып,
Жолығар амандықпен заман болсын.
124
125
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
(1893–1920 жж.)
X ғ. басында өмір кешкен көрнекті ақын, прозашы, пуб-
лицист. Көкшетау облысының Қызылтау ауданында дү-
ниеге келген. Сұлтанмахмұттың жырларынан тағдырға мой-
ынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы
тұрар өжет мінез көрінеді. Ол қазақ арасында көп кезігетін
келеңсіз мінездер мен кертартпа əдет-ғұрып салтын қатты
сынға алған. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған лирика-
лық өлеңдерінде жан сезімін қоғамдық көзқараспен, əлеумет-
тік өмірмен ұштастыруға талпыныс жасайды. Өмір шынды-
ғын көркем бейнелей келе, Сұлтанмахмұт қазақ өлеңінің маз-
мұнын кеңейтіп, ұрпағына сырға толы лирикалық жыр туын-
дыларын мұра етіп қалдырды.
Ел түзелсін десең, əуелі өзіңді түзе.
***
Лайық ел болуға ісің бар ма,
Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
***
Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
***
Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан кө-
ңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дəм де, мəн де болу
керек.
***
Бірінші: ел болуға намыс керек,
Мал-жанды намыс үшін салыс керек.
***
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден емеді,
Бар қиынды тек қана ғылым жеңеді.
***
Ел үшін еңбек етсең, халқыңа сүйкімді боласың.
***
Ер өлсе де, елге еткен еңбегі өлмейді.
126
127
***
Ел болудың бірінші тірегі — білім.
***
Бақытқа жетудің ең «жеңіл» жолы — ел үстінен күн көру.
***
Біздің қазақ — əнқұмар халық.
***
Бір халықтың əні кетсе — сəні кетеді; сəні кетсе — жаны кетеді;
қазақты жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, əнді
сақтаудың қамын қылыңдар.
***
Ер еңбегі — елге ортақ.
***
Елге пайда — ерге абырой.
***
Ердің еңбегін ел білерлік заман бізге де туар ма екен.
***
Ер бар ма елі үшін жан қиятын,
Басшы бар ма етегіне ел сиятын.
***
Қайдан табам халықтың шын баласын...
***
Оқу-білім көркеймек елге егіп пайдасын,
Ел жетіліп көркеймек өнер қанат жайғасын.
***
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
128
129
МАҒЖАН (ƏБІЛМАҒЖАН) ЖҰМАБАЕВ
(1893–1938 жж.)
қын. Қазақ əдебиетінің шоғыры биік жарқын жұлдызы.
Қоғам қайраткері. Солтүстік Қазақстан облысында
дүниеге келген. Кеңес жылдары жазықсыз идеологиялық қуда-
лауға ұшыраған.
Өлеңдерінде əлеуметтік, ағартушылық бағыттарды ұстан-
ған Мағжан ақын ұлт азаттығы тақырыбына ерекше мəн берді.
Ол, сондай-ақ қазақ поэзиясында романтикалық сарындағы мар-
жан жырларымен терең із қалдырған талантты лирик ақын
ретінде де кең танымал.
...Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?
***
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр...
***
Қисық көзді Күншығыс,
Бұл тұруың қай тұрыс?
Серпіл енді, алыбым!
***
Ер түрік ен далаға көрік еді,
Отырса, көшсе, қонса — ерік еді.
Тұрғанда бақыт құсы бастарында,
Іргесі жел, күн тимей, берік еді.
***
Оралдай атамекен жерлеріне,
Қасиетті атаның көрлеріне,
Аузы түкті шет елдер ие болып,
Көрсетіп тұр қысымды ерлеріне.
***
Қазағым, таянды ғой қылта мойын,
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.
Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,
Отырайық жиылып, оңдалайық.
***
Анамыз бізді өсірген, қайран Орал,
Мойның бұр тұңғышыңа, бермен Орал!
Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал.