Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


* * * Түркіні бұзар тəтті сөз. * * *



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

8

9

* * *

Түркіні бұзар тəтті сөз.

* * *

Егер ел басшысы тоңмойын һəм сатқын болмаса — елдің бағы.



* * *

Бақ болмайды басқа бақ — есің барда елің тап.



* * *

Жауыңнан бұрын қимылда — жеріңе жамандық келмейді.



* * *

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.



* * *

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.



* * *

Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айы-

рады.

* * *

Тастағы жазудан тағылым алғайсың.



КҮЛТЕГІН

(684–731 жж.)

кінші Шығыс Түрік қағанатының негізін салған Құт-

лықтың (Елтеріс) ұлдары туралы ел аузында: «Білге 

қаған ел бастап, Күлтегіні қол бастап» деген сөз бар. Олар «елдің 

алтын тұтқасы, айбарлы асыл тірегі» болған. Өз дəуірінің 

белгілі қоғамдық қайраткері Күлтегін батыр, түркі əскерін 

басқарған қабілетті де көрнекті қолбасшы болған.

Күлтегін дүние салғанда, қалың жұрты, ұрпағы оның рухына 

тағзым етіп, алып ескерткіш орнатады, оған елінің тарихын 

қашап жазады. Бүгінде сол ескерткіштің ғылыми көшірмесін 

Елордасы — Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің 

төрінен көруге болады.

Көтерген де — тəңірі, ел берген де — тəңірі.



* * *

Қаған ел құрар.




10

11

* * *

Ел ұстап, заң жасаған.

* * *

Ері жоқ елдің күні қараң.



* * *

Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нəсіп.



* * *

Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауы-

на сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі 

менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.



* * *

Қағанынан айырылған ел — ғаріп, иесінен айырылған жер — 

ғаріп.

* * *

Күшке күш қосылса — құп, елге ел қосылса — құт.



* * *

Биікте көк тəңірі, төменде қара жер жаралғанда — екеуінің ара-

сында адам баласы жаралған; адам баласы үстіне — Бумын қаған 

мен Істемі қаған отырған; отырып түркі халқының ел-жұртын 

қалыптастырған, иелік еткен.

* * *

Халқына — бегі, бегіне — халқы сенген ел ұзақ жасайды.



* * *

Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.



* * *

Бас иесіз — ел тозар.



* * *

Зердесіз қаған ел билесе — сол жаман, əлсіз қаған ел билесе — сол 

жаман.

* * *

Халқын жұтатпаған қаған бақытты.



* * *

Халқын асырау — қағанға парыз.



* * *

Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ.



* * *

Қағанын сатқан халықты тəңірі де жаратпайды.



* * *

Елін сүйген ер бақытты.



* * *

Елді халық едім, қайда енді сол елім?! 

Қағанды халық едім, қайда сол қағаным?!



12

13

ƏБУ НАСЫР ƏЛ-ФАРАБИ



(870–951 жж.)

ристотельден кейін əлем бойынша білім мен мəдениеттің 

Екінші ұстазы атанған ұлы данышпан, ғұлама ғалым, эн-

циклопедист Əбу Насыр əл-Фараби жалпы түркі ойшылдарының 

ең атақтысы, ең мəшһүрі. Мұсылманша толық аты-жөні 

Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Ерте заманда түркі 

халықтарының орталығы болған Отырар қаласында, Сыр бойын-

да дүниеге келген (арабтар Отырарды «Фараб» деп атаған). 

Əлемге əйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астро-

ном, лингвист, музыка зерттеушісі əл-Фараби 150-ден астам 

трактат жазып қалдырған. Тарихи деректердің айтуынша, 

жетпіске жуық тіл білген. 

Əл-Фарабидің философиялық ұстанымдары мен көзқарас-

тарынан басты үш бағытты анық аңғаруға болады. Ғұлама 

ғалым дүниенің мəңгілігін мойындап, танымның болмысқа 

тəуелділігін растаған, ақыл-парасат туралы ілімге талдау жа-

сап, сарапқа салған. 

1

 Сұлтан Бейбарыс.



* * *

Жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым.



* * *

Елін елдікті етті, жауын бейбітті етті,

Бастыны бағындырды, тізеліні бүктірді.



14

15

Егер бізге қайта туу нəсіп болса — мен екінші рет те Сығанақта 



дүниеге келуді қалаған болар едім!

***

Білім жəне атамұраны жақсы тəрбиеменен безеу керек.



***

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдар-

ды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.

***

Білімді болу деген — жаңалық ашуға қабілетті болу.



***

Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жа-

тады.

***

Шын білім — ақиқат, анық білім.



***

Адам мақсатын өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.



***

Мінез бен ақыл жарасса — адамгершілік ұтады.



***

Тəрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген 

этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

***

Өз ісіңнің білгір һəм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, 

жетік білуге ұмтылу керек.

***

Ғақлия көзбен қарасаң,

Дүние — ғажап, сен — есік. 

Жаһалы көзбен қарасаң,

Дүние — қоқыс, сен — меншік.

***

Өрге жүзген өнегелі ісімен, 

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

***

Даналар талай нысан тапқанымен,

Тапқан жоқ тектің тегін əлі бірі.

***

Ең тамаша əрекет — бақытқа қол жеткізетін еркіндік!



***

Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмек-

тесіп отыратын халық — қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа 

жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер 

жүзі осылайша қайырымды болады.



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау