Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


*** Қазақ даласы — Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. ***



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет22/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

160

161


***

Қазақ даласы — Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.



***

Өз ұлтын сүю, шын мəнінде нағыз қазақ болу — өзге ұлт 

өкілдеріне астамшылықпен қарау.

***

Мемлекеттігіміздің діңгегі — қазақ халқы. Ел де, жер де қазақ-

тікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.

***

Қазақ та енді үлкен ұлтқа тəн төзім мен сабырлы мінез көрсетуі 

керек.

***

Абылай — құдіретті хан. Қазақ халқының мемлекеттілігі мен 

тəуелсіздігі осынау даңқты есіммен тығыз байланысты. Ардақты 

бабамыздың аңсаған үш арманы — тыныштық, кəсіп, тəуелсіздік 

еді. Бүгінгі күні сол мақсаттар орындалып, ел еңсесі көтеріліп 

келеді.


***

Отанды сүю — өркениеттіліктің бірінші белгісі.



***

Жаңа Астана — ежелгі қазақ жерінің төрі.



***

Жер астындағы байлық — бір біздің ғана емес, бүкіл келер 

ұрпақтардың ортақ несібесі.

***

Өзгенің есебінен жақсы көрініп — жарылқаушы атануға, ел 

мүддесіне нұқсан келтіруге болмайды.

***

Халқына шындап жаны ашитын қайраткер орға жығатын емес, 

өрге бастайтын жол сілтейді.

***

Ұлт өзінің мемлекетінсіз — ұлт болып өмір сүре алмақ емес.



***

Қазақтың бүкіл тарихы — бірігу тарихы, тұтастану тарихы. 

Қазақ — тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.

***

Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен 

парасатқа баулығанын мақтан тұтамын.

***

Отансыз адам — қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің 

еліңе, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал 

болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын — елін ойлап, 

осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның 

дəрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды 

деген түсінікте болу керек.



162

163


***

Дауы таусылмайтын елдің — жауы да таусылмайды.



***

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.



***

Саясат безбеншісі — ел.

Ауылдың амандығы — ел амандығы.

***

Ауылдың амандығы — ел амандығы.



***

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең 

негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі.

***

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!



***

Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.

***

Ана тілі — бəріміздің анамыз, өйткені ол — ұлтымыздың 

анасы.

***

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі əлі 

бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық 

саласында басымдық танытатын болады.



***

Қазақстанды мекендейтін əртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет 

көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мəдениетін дамы-

туына жағдай жасау — мемлекетіміздің маңызды стратегиялық 

міндеттерінің бірі.

***

Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай 

күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам 

деп қам жеп жүру тек қана менің емес, əр азаматтың ісі мен жа-

дында болуы қажет.

***

Иə, мен біздің кең-байтақ Отанымызда тыныштық пен бей-

бітшілік болғанын қалаймын. Ол миллиондаған қазақстандық 

отбасылар үшін қажет. Мен қайғыдан шашы ағарып кеткен əзіз 

аналардың мырыш табыт құшақтап отырып, егіліп перзенттерін 

жоқтағанын, жастардың жалыны тұтанбай жатып, қанаты қиылып, 

мүгедек болғанын, қариялар жермен-жексен болған үйлерінің ор-

нын іздеп шарқ ұрып, нақақтан көз жасын төккенін қаламаймын.



***

Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен 

бірге жеңемін.



164

165


МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ

(1923 ж.т.)

азақтың көрнекті ақыны, балалар əдебиетінің негізін 

қалаушылардың бірі. Павлодар облысы, Шарбақты ау-

даны, Маралды ауылында дүниеге келген. Ел аузындағы аңыз-

ертегілерді тере жүріп, жаңғырта жырлаған. Ол, сондай-ақ 

халқымыздың мақал-мəтел, нақыл сөздерін жинаушы, зерт-

теуші ретінде де танымал. Мұзафар Əлімбаев — жыр-

бəйгесінде өзіндік орны бар дара ақын. Бүгінде балалар ақыны 

ретінде тынымсыз еңбектеніп келеді 

Ел зердесіне көшкен елеулі сөз.



***

Жаңғырығы жоқ сөздің, жақсылығы шамалы.



***

Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден 

басталады.

* * *

Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге 

халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды 

бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа 

шыдай алатын қайратына қайран қаламын!



166

167


***

Жер күтпеген ерден түңіл,

Ер күтпеген елден түңіл.

***

Ана тілі


Ананың құнар сүті ғой,

Ғұмыр бойы сен еметін.

Ана тілі

Халқыңның ырыс-құты ғой,

Игілігіңе кенелетін.

***

Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік ерлікке жеткізер.



***

Елге пайдасы жоқ елгезектік.



***

Ерден елдің артықтығы — білігі,

Елден елдің артықтығы — бірлігі.

***

Елге көздеген оқ ердің жүрегіне қадалады.



***

Елдің қамын ойлаған ерте есейер.



***

Ұлтын білгің келсе — ғұрпын біл.



***

Отанын ойлаған орта жолда қалмас.



***

Туын жықпайтын — бүтін ел,

Туы жығылған түтілер.

***

Еркіндік туы — елдік.



***

Аздың азаншысы болғанша,

Көптің қазаншысы бол.

***

Үлкен елдің баласына

Ұсақ болу жараспас.

***

Елден жинауды үйренсең,

Елге сыйлауды да үйрен.

***

Қандастықтан жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер 

екенбіз?!



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау