– Жандос Мағазбекұлы Сіз
дің бұл қызметке тағайын дал
ғаныңызға жылға жуықтады.
Көргеніңіз бен көңілге түйгеніңізді
екшелеп үлгерген боларсыз.
Əңгімені неден өрбітеміз?
– Қазіргі таңда Қазақстанда
татулықтың талбесігінде тербел
ген көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері
қоянқолтық бейбіт күн кешуде. Көз
ілеспес жыл дам дықпен дамыған
мына заманда шекарасын бекем ше
гендеп, керегесін кеңейтіп, шаңы
рағын биіктетіп, «Мәңгілік Ел»
болуға ұмтылған Қазақстан жаңа
экономикалық саясатта да тың ба
стамалар ордасына айналу да. Соның
айғағы Елбасы Н.Ә. На зар баевтың
«Қазақстан жолы2050: бір мақсат,
бір мүд де, бір болашақ» атты та
рихи Жол дауында міндеттеген ин
дус триялықинновациялық да му
бағдарламасы лайықты жемі сін
бере бастады.
Қарапайым тілмен халықтың
жүрегінен жол таба білетін Пре
зи дент Жолдауын жұрттың асыға
күтетіні де сондықтан болса керек.
«100 нақты қа дам ның» 86 қадамына
зер са ла лықшы. Қазақстан халқы
Ассамблеясының «Үлкен ел –
үл кен отбасы» кең көлемді жо
басын әзірлеу және жүзеге асы
ру, ол қазақстандықтардың бір
тектілігін нығайтады жә не аза
маттық қоғамның бүтін дігін қалып
тастыру үшін жағ дай туғызады.
Бұл барлық жұ мыс тар Қазақстан
Республи ка сының туристік саласын
дамытудың 2020 жылға дейінгі
тұжырымдамасын (іш кі туризмді
дамытуды қоса есеп тегенде)
және «Астана – Еура зия жүрегі»,
«Алматы – Қазақ станның еркін
мәдени ай мағы», «Табиғат бірлігі
және көш пелі мәдениеттер», «Алтай
інжулері», «Ұлы Жібек жолын
қайта жаңғырту», «Каспий қақ
пасы» өңірлік мәденитуристік
кластерлерін құруды жүзеге асыру
мен байланыстырылады.
Әсіресе, халықаралық маман
дан дырылған «ЭКСПО – 2017»
көр месінің Қазақстанда өтуі елі
міз дің экономикалық және инфра
құрылымдық дамуына ерекше тың
серпін әкеледі деп күті луде. Кен же
леп, тұралап қал ған туризм саласын
да да зор мүм кіндіктер ашылмақ.
Бүгінде киелі шаһар – Түр кіс
тандағы Қожа Ахмет Ясауи ке сене
сінсіз туризм саласын көз ге елес
тетудің өзі әбестік бо лар еді.
Зерттеулерге зер салсақ ға
лам дық тәжірибеде тек туризм нен
түскен табыспен ғана күн көріп
отырған елдер де бар шылық. Оны
айтпағанда, дү ниежүзілік туристік
қау ым дастықтың келтірген дерегі
бойынша, әлемдік ішкі жал пы
өнім нің оннан бір бөлігін, халық
аралық инвестицияның 10 пайы
зын туризм қамтамасыз етеді екен.
Әлемдік өндірістегі әрбір тоғы
зын шы жұмыс орны да аталмыш
саланың үлесіне тиесілі көрінеді.
Осы орайда, Қазақстандағы туризм
мәсе лесі ауызға алынғанда сөз жоқ
ЮНЕСКОның тізіміне ілігіп, әлем
құндылықтарының сана тынан орын
тепкен, тамырын тереңнен тартқан
бай тари хымыздың төрінен ойып
орын алатын түмен бабтың ордасы,
Түркістан – рухани астана мәр те
бесін иемденуге бүгінде толық тай
құқылы.
Ал бұл тарапта бағзы тарихтан
тізгін тартқан алып империяларды
түркілерсіз көзге елестету қандай
қиын болса, исі түркінің Рухани
Аста насы – Түркістанды Қожа
Ахмет Яса уисіз бөле жара қарастыру
әсте мүм кін емес. Енді осыған аз
кем тоқ талып өтсек.
1978 жылдың қыркүйегінде
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі рес
пуб ликалық мұражай болып ашыл
ды. 1989 жылы тамыз айының 28
інде Қазақстан Үкіметінің арнайы
шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық
мұражайы» ұйымдастырылды.
Түр кия елімен арадағы жүргізілген
келісім бойынша көне ғимаратты
қалпы на келтіру жұмыстары 2000
жылы табысты аяқталды. 2003
жылы маусымда Парижде өткен
ЮНЕСКОның 27ші сессиясын
да дүниежүзілік мәдени мұралар
тізі міне енгізілді. Бұл Қазақ стан
нан алғаш тізімге енген әлем жау
һарының бірі, ұлттық мақта нышы
мыз – Әзірет Сұлтан кесенесі еді.
Түркістан – рухани Астана
мәртебесін иемденуге
толықтай құқылы
cұхбАт
ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН
АСХАНАЛЫҚ ЖИҺАЗДАР
БІРЕУГЕ ҚАЙҒЫ, БІРЕУГЕ БАҚ
ӘКЕЛГЕН КАРТИНА
2
4
Бүгінде киелі шаһар – Түркістандағы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінсіз туризм
саласын көзге елестетудің өзі əбестік.
Үкілі үміт
Ел тəуелсіздігінің 25
жылдығы қарсаңында
жаңа газет тұсауын
кескелі тұр. Бұқаралық
ақпарат құралдарынсыз,
баспасөз, теле жəне радио
бағдарламаларынсыз бүгінгі
таңда дүрбелең дүниені əсте
көзге елестету мүмкін емес.
Негізінен алғанда музей ісі
мен туризмді нысанасына
іліктіріп, жаңалықтың жар-
шысы, жақсылықтың ха-
баршысы ниеттегі газеттің
көзі қарақты, ойы орамды
оқырманға жеткізері аз бол-
маса керек-ті.
Сындарлы саясат
ұстанған Елбасы мен
тұғыры тұлғалы қазақ елінің
өткені мен жеткені, руха-
ни Астана – Түркістанның
гүлденуі, шежірелі та-
рихты бауырына басып
жатқан қамал-қорғандар,
обалар, қорық-мұражайдың
қорғау аймағы тізіміне
енетін тарихи-мəдени
ескерткіштер, түркі
əлемінің рухани пірі – Ясауи
мен оның шығармашылығы
күн тəртібіне сұранып-ақ
тұр.
Əлемдік інжу-
маржандардың бірегейі
есебінде ЮНЕСКО тізіміне
іліккен кесене де ел ыры-
сын тасытқан тайқазан да,
иман мен ізгілік нұрын сеп-
кен шырағдан да қаншама
ғасырдың куəгері іспеттес.
Газет халықаралық
деңгейде конференциялар,
байқаулар, көрмелер өткізуге
қол жеткізген «Əзірет
Сұлтан» мемлекеттік
тарихи-мəдени қорық-
музейінің ғана үнжариясы
емес ел мəдениетінің,
ұлтымыздың салт-дəстүрі
мен бабалардан қалған
құнды мұраларымыздың
жоқтаушысы бола білсе де-
ген ізгі тілектеміз.
Ылайым газеттің
оқырманы көп, таралымы
мол болғай.
Бас редактор
Хикметті әуелеткен күн болды
Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, оның үстіне
Түркістаннан Түркияға, Түркиядан Балқан аймағына
дейін Ислам дінінің өркендеп жайылуына өзінің
ойлы жырымен де, уағызымен де тікелей себеп-
кер болған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 850
жылдығына орай ЮНЕСКО 2016 жылды «Ясауи
жылы» деп жариялауы мұң екен жер-жерде
мәдени іс-шаралар шеруі қызу қарқынмен белең
алды. Осынау істің бел ортасында жүрген «Әзірет
Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-
музейінің директоры Ж.М. ӘУБӘКІРМЕН сұхбатты ел
назарына ұсынғанды жөн санадық.
Редакция алқасы
РЕДАКТОР
БАҒАНЫ
берік бАЙбОЛОВ,
Айгүл ҮрКіНбАеВА,
«Әзірет Сұлтан»
қорық-музейінің ғылыми
қызметкерлері
Жалпыға ортақ
еңбек қоғамы
1
-ші хИКмет
Уа, жаратќан
Уа, Жаратқан! Хақ есігін аш алыстан,
Мен бір жемтік, жеді нəпсім – аш арыстан.
Күнəм шексіз, бақытсыздық батпағынан,
Шығара гөр, мен бейбақты қасарысқан.
Дүние – нəпсі, соны іздеген соры қалың
Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім?
Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым,
Қайда барам, ей, достарым, не қыламын?
Нəпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған,
Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған.
Пендең сорлы – танымаған оң мен солды,
Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам.
Десе сенбе: менен де өткен болды əлемет,
Қылығыммен салып біттім елге де əлек.
Жүзім – қара, басып өткен ізім қара,
Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?!
Əзіз жанның жақсылығын танымадым,
Қайтіп онда жан сырына бағынамын?!
Бас ұрмады дəргейіңе масыл, залым,
Иə, Раббым, енді, міне, зары қалың.
Күнəм – ауыр, не бетім бар Досқа қарар? –
Сансыз тəубе жеңілдетпес масқара бар.
Құл Қожа Ахмет жылап келді, ал, панаңа,
Назарың сал, жерім бар ма басқа барар?!
Қожа Ахмет Ясауи
Ə
лемдік деңгейдегі са
рап шылардың пайым
дауын ша, дағдарыс ұзақ
жылдар бойы әлеуметтікэконо
ми ка лық, қаржылық салада
ғы қор даланып келген мәсе
лелердің шешіміне дер кезінде
жау ап тардың болмауынан
туын дап отыр. Ендеше жаһан
дық дағдарыспен күрес бірекі
жылдың емес, алдағы бес жыл
дықтар мен онжылдықтардың
еншісінде болатыны айдан
анық. Әрине, онда да жан
жақ ты сараланған аса сауатты
қадамдар құпталады сарап
шылар. Сонымен қатар, жап
пай шарпыған жаһандық
дағдарыстан жекедара мемле
кеттер оқшауланып шығып кетуі
мүмкін еместігін атап отыр.
Яғни, экономикалық күйзеліске
әлем елдері тек бір лесе атқарған
шаралармен ғана тойтарыс беру
ге болаты нын меңзейді. Әлбетте,
жа һанданған әлемде бұл айқын
мәселе. Дегенмен, әрбір елдің
өзін ше жасалатын ісәрекеті
болма са, ортақ ұстанымға ғана
то қай ласып, басқаның белсен
ділігінен береке күтсе, он да ол
әсіресе, осындай қасаң жыл дар
дағы елдің экономикалық тәуел
сіздігін де бұлыңғыр ете түспек.
Еліміз жаһандық тұрақсыз
дық уақытында қандай болуы
керек?Дағдарыспен күрес те
қандай мүмкіндіктерді жүзе
ге асыру қажет? Ең ақыры
әлеуметтік саясаттың орнықты
әрі жасампаздықпен да
муы үшін не қажет? Осынау
сұрақ тар дың баршасына Ел
басы Н.Назарбаевтың «Қазақ
станның әлеуметтік жаңғыр
тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қо ғамына қарай 20 қадам»
атты бағдарламалық мақаласы
толық жауап бере алады деу
ге негіз бар. Мемлекет басшы
сы Н.Ә.Назарбаевтың бағдар
ламалық мақаласы арқылы бүкіл
қазақстандық қоғамға үн деу
тастап, дағдарыс салқыны әлі
де есіп тұрған осы бір шақта
ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
арт тырып, елді ұйытатын мәсе
лені айқындап беріп отыр.
Бір сөзбен айтқанда, ғаламда
жай лаған дағдарыстан са
уатты қорғану үшін Елбасы
Н.На зар баев Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамына қарай батыл
қадам жасауды ұсынды. Ал
ондағы бағдарланған басты
принцип «еңбек етсең, жемісін
көресің» деген қағидамен тұс
патұс келеді. Елбасы Н. Назар
баев атап көрсеткеніндей,
әлеуметтік мәселелерді кейінге
қалдыруға әсте болмайды. Ал
әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге
асыру бір мемлекеттің ғана
емес, қоғамның әрбір мү ше
сінің міндеті. Бағдарла ма лық
ма қа ланың негізгі өзегіне кел
сек, ең алдымен әлеумет тік
жаңғыртуды теңестіру, әлеу
меттікеңбек қатынастарының
тиімді үлгісін жетілдіру, әрбір
қазақстандықтың еңбегін есе
лей отырып, тұтыну идеология
сы мен жаппай масылдықпен
күрес, еңбек өнімділігі мен ең бек
құндылығына баса мән бері леді.
Жаһандық өркениеттің бар
лық құндылықтары, эконо ми
калық және мәдени байлықтар
виртуалды қаржы институтта
рымен емес, адамның еңбегімен
жасалады. Сондықтан әлеу
мет тік жаңғырту саясатының
негі зіне шынайы өндірістік
еңбек тің қойылуы өте орын
ды саналмақ. Жалпы қоғам ды
еңбекке жұмылдыру арқы лы
азаматтардың мақсатмұ ра
тына, ал тұтас мемлекеттің
да му деңгейін одан сайын
жақ сар туға болатынын алға
тартады. Расында, атабаба
лары мыздың елдің көсегесі
еңбек пен көгеретінін, еңбек
арқы лы ғана көздеген мақсат қа
жететінін ұрпақ сабақтас тығына
аманаттаған. Ұлы Абай «Сенбе
жұртқа тұрса да қанша мақтап,
әуре етеді ішінен қулық сақтап,
өзіңе сен өзіңді алып шығар,
ақылың мен еңбегің екі жақтап»
деген өлең шумағын әрбір от
андасымыз жадында ұстаса
ұтатынын жеткізді.
Бір сөзбен айтқанда, масыл
дықтан бір ғана адамның
мәселесі туындап қоймайды,
бұл мемлекет үшін де көкей
кесті мәселе. Керісінше, еңбек
жеке адамның да, елдің де кө
геруіне зор ықпал етеді. Соңғы
жылдары елдегі өндірістердің
көптеп ашылуы жұмыс орын
дарына деген сұранысты қа
нағаттандырып келеді. Алай
да, кейбір жағдайда маман
мен жұмысшы тапшылығына
қатысты мәселенің өзекті бола
тыны да рас. Бұл ретте Ел
басының «Егер бізге қабілетті
ұлт болғымыз келетіндігі рас
болса, бұл псхологиядан ары
лу қажет! Жаңа біліктілікті
меңгеру және зауытқа, өнді ріске
бару керек. Жас та ересек те бос
отырып, бәрін де сынай бермей
жұмыс бар жерге, нәпақа таба
тын жерге қарай ұмтылулары ке
рек!» дегені дөп айтылған болып
отыр. Сондықтан да, Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы – ел
игілігі жолында қажырлы еңбек
етуге үндеп, қоғам дамуындағы
еңбектің роліне аса зор мән
береді.
Бүгінгі әлем үшін жаһандық дағдарыс туындатқан
толқынмен күрес – аса маңызды мәселе екендігі
даусыз. Ал ондай күресте тиімділік болу үшін ең
алдымен дағдарыстың шығу себептерін түпкілікті
зерделеп, оның туындауына сеп болған бағытты
бағамдау одан да маңызды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНЕСКО тарапынан 2016 жыл – «Ясауи
жылы» деп жариялануына орай, қыркүйек айының 22-23 күндері «Әзірет
Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен
Халықаралық «Ясауитану» байқауы болып өтті. Ел Тәуелсіздігін баянды да
тұғырлы ету, халық мұрасын жадына тоқыған саналы ұрпақ қалыптастыруды
көздейтін бұл байқаудың маңызы аса зор. Елдік сана мен ұлттық идеология-
мызды қалыптастырудың ең тиімді де ұтымды жолы.
Дəулет САЯНұЛЫ,
«Әзірет Сұлтан»
қорық-музейінің менеджері
Республикалық мәденитанымдық газеті. 2016 жылғы 14 қазаннан шыға бастады. №1 (1) қазан 2016 жыл
facebook.com/azretsultan.kz
www.azretsultan.kz
3
Б
иылғы сайыстың басты өзгешелігі: байқау
жылдағыдай республика көлемінде ғана
емес, халықаралық деңгейде ұйым дас
тырылып отыр. Яғни дәстүрлі додаға алыс
жақын шетелдерден (Қырғызстан, Түркия,
Өзбекстан) оқушылар қатысты. Сонымен
қатар, байқау ережесіне де бірқатар өзгерістер
енгізіліп, жатталатын хикметтер саны
қырықтан жетпіске ұлғайды. Биылғы байқауда
еліміздің өңірлерінен келген 611 сынып
аралығындағы оқушылар өз өнерлерін көрсетті.
Білімпаздарға жеңілдік жасауды көздеген му
зей әкімшілігі байқауға қатысушылардың
шығындарын (жатын орны, тамағы, қасиетті
жерлерге зиярат жасаулары) өз мойнына алды.
Сайысқа қатысушылардың білімін сарапқа
салған қазылар құрамында осы байқауға
Астана қаласынан арнайы келген философия
ғылымдарының докторы, теолог Д.Кенжетай,
жазушы, ақын Ә.Манапов, т.ғ.к археолог
М.Тұяқбай, т.ғ.к. Ғ.Искаков, қазылар алқасының
төрағасы, мұражай директоры Ж.Әубәкір болды.
Қазылар алқасының төрағасы «Әзірет
Сұлтан» қорықмузейінің директоры Ж.Әубәкір
алғашқы сөз кезегін алып биылғы байқаудың
ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталып,
сайысқа қатысушыларға ақ жол, тілеклебіздерін
білдірді.
Бірінші кезеңде хикметті жатқа айтудан
сынға түскен үміткерлер дарындылықтың
ерен үлгісін көрсетті. Екінші кезеңде Қазақ
хандығының тарихына, Қожа Ахмет Ясауи
бабамызға, «Әзірет Сұлтан» мұражайына
қарасты тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге
қатысты билеттерге жауап берді.
Демеушілік қаржы есебінен ұйым
дастырылған байқаудың жүлде қоры да биылғы
жылы қомақты болды.
Аса тартысты өткен «Ясауитану» байқауының
екі кезең қорытындысы бойынша Ақмола об
лысынан келген Нұржан Төлеген бас жүлдені
(150 мың теңге), ал Шығыс Қазақстан облысы
нан келген Бекзат Мерекенов бірінші орынды
(100 мың теңге) иеленді. Екінші орынға 75 мың
теңгеден екі орын белгіленген болатын. Түркіс
тандық хикметші Барно Хамидуллаева және
ОҚОдан келген Ақмоншақ Бердібек ІІ орын
(әрқайсысы 75 мың теңге) еншіледі. Ал жүлделі
үшінші орынды Сырлыбай Зұлқайнар (ОҚО),
Бүлдірген Ардахан (Алматы облысы) және Аяжан
Әндірбаева (Ақтөбе облысы) сынды қатысушылар
(әрқайсысы 50 мың теңге) ие болды. Ынталандыру
сыйлығы ретінде бес оқушыға 20 мың теңгеден
жүлде берілді.
Байқауға қатысқан Қыр ғызстан, Түркия,
Өзбекстан елдерінен келген оқушыларға және
Қазақстанның түк піртүкпірінен келген сайы
скерлер мен шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға қо
рықмұражай әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар
мен баспа өнімдері табыс етілді. Сайыс біткеннен
кейін жайыл ған салтанатты дастарқан басына
философия ғылымдарының докторы, теолог
ғалым Д.Кенжетай бас жүлде алған ақмолалық
өренге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінен оқу гранты, ал бірінші, екінші,
үшінші орынға ие болған оқушыларға Қожа
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік
университетіне оқу квотасына түсе алатынын ха
барлап, сүйінші сұрады. Байқауға қатысушылар,
ұстаздар, атааналар, сайысты тамашалаушы
қалың көпшілік ұйымдастырушыларға алғыс
сезімдерін білдіріп, ризашылықтарын айтып
тарқасты.
Қазақ халқының рухани тұтас ты ғын
қалыптастырған, түркі халық тарының руха
ни ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың
хикметтері мен ілі мін насихаттап, өскелең
ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп,
зерттеуге ынталандырып, жас өркеннің интел
лектуалдық пайымпарасатын арт тыратын
бұл байқау әлі де өзінің жалғасын табатынына
сенімді көпші лік риза кейіпте тарасты.