Сәбилік кезінен бастап-ақ, бала қосынды дыбыстармен (міңгір-
леу, былдырлау) сүйемелдей отырып, тілмен, ерінмен, жақпен
көптеген сан-алуан артикуляциялық-мимикалық қимыл-қозға-
лыстар жасайды. Осы қимыл-қозғалыстар бала тілінің дамуын-
дағы алғашқы кезең болып табылады. Олар табиғи өмірлік
жағдайда тіл органдарын жаттықтыру рөлін атқарады. Осы
қимылдардың нақтылығы, күштілігі және сан-алуандылығы
бірте-бірте жетіледі.
Балалар жақсы еліктейді, әрі еліктеуді ерте бастайды. Алғашқы
айлардан бастап-ақ, баланы жөргекке орағанда немесе
ойнатқанда ерінді түтікше түрінде созу, тілді шығару, ерінді
сылп-сылп еткізу, пысқыру, сақылдау сияқты әрекеттер жасай
бастауға болады.
ЕРІНГЕ ЖӘНЕ ТІЛГЕ АРНАЛҒАН
ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАУ КЕРЕК?
Балаға сабын көпіршіктерін шығаруды үйретіңіз. Демді ішке
мұрын арқылы тартып, түтікше етіп созылған ерін арқылы ұзақ,
жұмсақ етіп шығару керек.
Бұл жаттығуды апта-
сына кем дегенде 3-4
рет, 2-5 минут бойы,
әр жаттығуды 2-3 рет
қайталап жасау керек.
Есіңізде болсын, ерте
жаста бөбегіңізге
әрбір 5-7 минут сайын
қарекет түрін ауысты-
рып отыру қажет.
Сусын ішуге арналған түтікшені су құйылған стақанға салып,
баланың алдына қойыңыз. Демді бір рет шығарғанда ұзағырақ
«бүлкілдеуі» үшін түтікшенің ішіне қалай үрлеу керек екенін
балаға көрсетіңіз. Өкпеге мейлінше көп ауа жинап, демді түтік
арқылы шығару керек: «Бүл-бүл-бүл!»
88
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
12
Уақыт өте келе балаға тілімен ойнауды және түтікшеге (сыбы-
зғыға, ысқырыққа және т.б.) үрлеуді үйретіңіз.
Бала біраз есейгенде сөйлеу аппаратын жаттықтыру үшін
арнайы ойын-жаттығулар жасай бастаңыз (бір жарым жастан
бастап). Жаттығу жасағанда қажетті сөздерді баламен бірге
қайталаңыз.
Са-са-са, ызыңдайды маса,
Жу-жу – қане ыдыс жу,
Бом-бом-ботақан, бері келші, қошақан,
Лау-лау-лау, желбірейді жалау,
Ра-ра-ра, жан-жағыңа қара,
Ер-ер-ер, менің соңымнан ер,
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Бастапқыда әртүрлі дыбыстарды айту, соның ішінде, тілдік
емес: пысқыру, зіркілдеу, шиқылдау және т.с.с. өте маңызды
(балалар мәз-мейрам болады). Дыбыстарды әсірелеп (арнайы
баса): ауызды кең ашып, ерінді созып айтыңыз, бала, мәселен,
«ку-ку» дегеннің «қо-қо» дегеннен қандай айырмашылығы бар
екенін көрсін.
Жалпы нағыз әртіс болыңыздар, қиялға беріліңіздер. Тіпті екі
апталық нәрестеге серуенге шығарда киіндіріп жатып сиыр қа-
лай мөңірейтінін, әтеш қарай шақыратынын, ит қалай үретінін
айтып берсеңіз, дән-риза болады. Өзіңіз білетін барлық
жануарларды атап шыққанша бала да киіндірулі. Осының бар-
лығы - алғашқы артикуляциялық жаттығулар, әрі есту қабілетін
де керемет дамытады. Бірақ жаттығуларды мәнерлеп, әртүрлі
дауысқа салып жасау керек.
89
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
12
ІСКЕ СӘТ! СІЗДІҢ
ҚОЛЫҢЫЗДАН
КЕЛЕДІ!
Бала алдымен тыңдап, артынша қайталауға тырысуы мүмкін.
Дыбыстарды бірден таза айтуын талап етпеңіз: артикуляция
аппараты бірте-бірте және дербес тәртіпте дамиды.
Балаға қарама-қарсы отырып, келесі сөздерді айтқанда, сипат-
талған әрекеттерді жасаңыз.
Бала алдымен көреді, сосын қайталауға тырысады.
Тіл серуенге жиналды: (ауызыңызды ашыңыз).
Ол жуынды, (тілдің ұшымен тез үстіңгі тістердің бетімен
жүріп өтіңіз).
Таранды, (үстіңгі және астыңғы тістер арасында тілмен
жүріп өтіп, алға шығарып, қайта кіргізіп, тығып қойыңыз).
Жан-жағына қарады, (тілмен ерніңізді
жалап өтіңіз).
Оңға, солға көз салды,
(тілді аталған жаққа қарай
бұрыңыз).
Төмен құлады, жоғары
өрмеледі, (тілді төмен
түсіріп, жоғары көтеріңіз).
Бір мезетте жоқ болды
(тілді ауыздың ішіне
тығыңыз).
Ұмытпаңыз, бөбек сіздің әрекеттеріңізді айнадан көріп
тұрғандай қабылдайды, сондықтан, «солға» дегенде, тілді оңға
бұрыңыз және керісінше. Мәтінді үнтаспаға жазып қоюға
болады, сонды сіз бұл жаттығуды балаңызбен бірге бар
зейінмен орындайтын боласын.
Баланы көңіл-күйі жақсы болғанда ойнатыңыз. Бәрінен де
жаттығуларды айнаның алдында тұрып жасаған дұрыс, деген-
мен, оларды серуендегенде, түскі ас ішкенде (ерінді, табақты
жалау, тілді мұрынға жеткізу және т.б.),
емханада кезекте тұрғанда, автобуста,
жалпы кез-келген жерде жасай аласыз.
Ол үшін көп уақыт та, көп күш те керегі
жоқ. Бала есейе түскен сайын жат-
тығулар да күрделене түседі.
90
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
12
СӨЙЛЕУ
БЕЛСЕНДІЛІГІН
ЫНТАЛАНДЫРУ
БОЙЫНША АТА-
АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР
13
91
«
C
өйлемейтін» балалар педагогикалық және меди-
циналық тұрғыдан құрамы әртүрлі топты құрайды. Тіл
шығуы неге кешеуілдеп жатқанын бірден анықтау мүмкін
бола бермейді, бірақ педагогикалық тәжірибе баламен
әрекеттестіктің және қарым-қатынастың белгілі тәсілдері
нәтижелі болуы мүмкін екенін көрсетеді.
ТІЛДЕСУ – ТІЛ ШЫҒУЫНА ТҮРТКІ БОЛАТЫН
НЕГІЗГІ СЕБЕП
tТіл дамуы сұхбат барысында жүзеге асады, ал баланың
алғашқы серігі – ересек адам. Көп ата-аналар баласының
тілі тезірек шығуы үшін оған сөйлеу үлгісін көрсеткісі
келеді: «Көлік – деп айтшы, қуыршақ – деп айтшы». «Айт-
шы, айтшы, айтшы...» деп ересектер баланы титықтатады.
Өкінішке орай, тіл шығуы кешеуілдеп жатқан балалар-
ды осылайша асықтыру теріс реакция тудырады. Кейде
олар еліктеп, жекелеген қарапайым сөздерді қайталай
бастайды, бірақ одан әріге бармайды. Тіпті бала қандай
да бір сөзді айта алса да, шынайы өмірде, айналасындағы
ересектермен өзара қарым-қатынаста оны қолданбайды.
Еліктеу – сөйлеп үйренудің міндетті шарты екені мәлім,
алайда, бала өзі, өз бастамасымен сөйлей бастауы үшін
қажеттілік туындауы керек. Алғашқы сөздер ересек адам-
мен қарым-қатынаста, әлденені алғысы келгенде, назар
аудартқысы келген пайда болады.
Балаға сөйлегенде ым-ишарат пайдалануға ешқашан
тыйым салмаңыз. Ым-ишараттың пайда болуы бала
тілдесікісі келетінін, бірақ қалай тілдесу қажет екенін
білмейтінін көрсетеді. Онымен қандай да жолмен
тілдескен сізге ұнайтынын көрсетіңіз, сездіріңіз. Алаң
болмаңыз, тілі шыққанда бала ым-ишаратты аз пайдала-
натын болады.
БАЛАҚАЙДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДА ЖӘНЕ
СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАМШЫЛАУДА СІЗГЕ АРНАЙЫ
ТӘСІЛДЕР НАҚТЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚҚАНДЫ КӨМЕК БЕРЕДІ:
1. «Жарыспалы әңгіме»
Ересек адам жайдары, көңілге жағымды етіп баланың
барлық әрекеттерін сипаттайды: не көріп тұр, не естіп
тұр, не сезеді, нені ұстап тұр, дәл осы сәтте балаға не
болып жатыр. «Жарыспалы әңгімені» пайдалана отырып,
сіз балаға оның тәжірибесінен көрініс беретін, кейін
өзі қолданатын сөздерді айтып отырасыз («құс ұшты»,
«көлік орнына қозғалды», «қолы суық», «Анар қолын
ұрып алды, енді қолы ауырып тұр, ол жылап тұр» және
т.б.).
92
СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР
13
Достарыңызбен бөлісу: |