Анықтаушы эксперимент нәтижесі бойынша алынған бақылаушы және эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейлері.
10 кесте
Бақылаушы сынып
|
Эксперимент сынып
|
Оқушы
лардың рет саны (N)
|
Оқушылар игеруге тиісті белгілер саны (N)
|
Оқушылар игерген белгілер саны (N)
|
Оқушылардың рет саны (N)
|
Оқушылар игеруге тиісті белгілер саны (N)
|
Оқушылар игерген белгілер саны (N)
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
|
27
|
24
23
15
25
22
20
15
21
20
15
24
19
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
|
27
|
23
24
25
23
20
22
21
16
24
16
16
18
19
19
18
|
Бұл таңдалып алынған сынып оқушылары білім деңгейлерінің бірдец екенін білдіреді.
Қалыптастырушы экспериментті бастар алдында біршама түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мәселен төмендегідей мәліметтер тәптіштеп түсіндірілді:
1) Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың бұйым сапасына әсері ( жұмысорнының тазалығы, құрал – саймандардың қолданылу реті, олады орналастыру тәртібі, дайындаманы бекіту, орналастыру, бөгде заттардың болмауы, сақтану құралдарын пайдалану)
2) Материалды таңдау, таңдалған материалдың (дайындаманың ) жасалатын бұйым сапасына әсерін ескеру
3) Бұйымды жасауға қажет материалдың қасиеттерін жетік білу, егер ұмытылған болса, оны әдебиеттерден ізденіп табу
4) Бұйымды әрлейтін, қажет материалды қолдану тәртібін, әдәсән жетік білу
5) Алдынала жұмысты орындаудың тиімді әдістерін, амалдарын құрастыру, оған өзінің атынан шыққан ұсыныстарын айту
6) Бұйымды құрастырудың тың, өзгеше жодарын табу жөнінде өзінің ойларын ортаға салу, талқылауға қатысуоны қорғап шығуға ұмтылу
7) Әрлеуге қажет материалдың, бұйымның дизайнымен үйлесімді боларын алдынала зерттеу
8) Бұйымды жасауға қажет аспаптардың кемшілігін байқау, оны жөндеу жолдарын іздестіру
9) Бұйымды өрнектермен немесе айшықтармен безендірудің жолдарын іздестіру,жетілдіру, тың ұсыныстар жасау
10) Бұйымды жобалау тәртібін ұғыну, үйрену және оны іске асыра білу амалдарын игеру, тиімділігін жетілдіруге белсене қатысу, өзінің дербес ойлары мен ұсыныстарын айту
11)Қәсіпкерлік жұмыстарын түрлерінен хабардар болу, оған қажет экономикалық ұғымдардың мән жайына қанығу
12) Бұйымдарды жасауға кеткен материалдың энегетикалық шығындарын есептей білуді үйрену, қазіргі рынок жағдаындағы құнын анықтау
13) Шығынды мүмкіндігінше азайтудың жолдарын іздестіру
14) Жұмыс уақытын дұрыс пайдалануға үйрену
15) Табыс және пайда ұғымдарын түсіну
16) Өзі жасаған бұйымды жарнамалау және жүзеге асыру
17) Баға саясатын үйрену, бағаның сұранысқа тәуелділігін анықтау
Оқыту барысындағы оқытушының негізгі міндеті – кеңесші, серіктес, ақылшыбағыттаушы, көмекші, сарапшы, бағалаушы, оқушының ойын қозғаушы, жұмысты үйлестіруші, қажет болған жағдайда нұсқаушы,күрделі қиыншылықтардан шығуға жол табуды ұйымдастырушы, ортақ мәселелерді шешудің белсендібастамашыларының бірі болу. Оқытушы бұл міндеттерді шәкірттермен одақтасып, кеңесіп, ынтымақтасып, ұжым пікіріне жекелеген оқушылар талап- пікірін ескріп, олардың ұсыныстарының қолдаушысы болуы керек. Осындай шарттар орындалғанда ғана ол оқушыларының сеніміне ие болады, үлкен бедел жинайды, оқушылар омен ақылдасуға, кеңесуге жүрексінбейтін болады.Оқушыларды өндірістік цехтарға апарып адыңғы қатарлы жұмысшылардың тәжірибелерімен таныстыру да естен шықпауға тиісті.
Шығармашылық жұмыс іс - әрекетті күрделі түрінің бірі, сондықтан қалыптастырушы экспериментте оқушылардың қандай да іс- әрекетті орындаудың мән- мағынасын саналау іскерлігіне үйретуге көңіл бөлінуі сондай-ақ іс- әрекеттің мақсатын анықтай білу іскерліктерін қалыптастыруға назар аударылды. Оқушылардың өз іс- әрекеттерінің негіздемелерін түйсініп түсінуге үйрету көзделді. Орындалатын іс- әрекеттің компоненттерін талдап ажырата білуге дағдыларын қалыптастыру жоспарланады.
Мәселен ағаш материалдарының бетін тегістеп өңдеу апспатары жөніндегі оқушылардың төмендегідей мәселелерін жетік білуіне баса назар аударылды.
1) ағаш бетін сүргілейтін аспаптардың аттары:шерехебель, реңде ( рубанка), фуганок
2) Осы аспаптардың әрқайсысының атқаратын қызметі
3) Сүргілердің құрылысы, олардың пышақтарының формасы, оларға ерекше форма берілу себептері
4) Сүргілердің әрқайсысымен жұмыс істеу тәртібі
5) Сүргі пышақтарына қойылатын талаптар
6) Беттің тегістік дәрежесіне сәйкес сүргі пышақтарына қойылатын талаптар
7) Пышақтарды бекіту әдістері.
8) Сүргілерді жаңқалардан тазарту әдістері.
9) Еңбек қауіпсіздігіне байланысты тыйым салынған әрекеттер:
а) Өтпейтін пышақпен жұмыс жасауға, пышақ жүзінің өткірлігін қолмен тексеруге,ағаш бетінің тегістігін қолмен тексеруге болмайды.
ә) Сүргілерді жаңқалардан сынаның жәрдемімен ғана тазалайды,оны вергтак үстіне бүйір жағымен жатқызып, пышағының жүзін бізден әрі қаратып қою керек
Әрине бұл іс- әрекеттің келтірілген түрі екі сыныпта да бірдей жүргізілді, өйткені кез-келген іс- әрекеттің нәтижесінің сапалы болуы білімге байланысты. Эксперименттік сыныпта оқыту ідісінің барлығы оқушылардың дербестігі, өз ойы, көзқарас пікірі, болуын көздеді. Олардың шығармашылық жұмыстарға икемдеу амалдарының әртүрлі түрі қарастырылды, кәсіпкерлік іс- әрекеттерін игеру білімднрі мен дағдыларын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді.
Эксперимент тиімділігін тексеру үшін бақылаушы сыныпта өтілген тақырып бойынша анықтаушы эксперименттегідей 27 білім белгісі белгіленді, ал эксперименттік сыныпта, оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларының 30 белгісі анықталды.Сұрақтардың нақтылығы, мағынасы, дәлдігі, қысқалығы, айқындығы, жауаптардың түсініктілігі, анықтылығы, дұрыстығы сарапшылар сүзгісінен өткізілді. Оқушылардың тестік тапсырма бойынша жауаптарын тексеру және олардың игерген білім белгілерін анықтау сыртқы сарапшыға жүктелінді. Бұдан кейін эксперимент нәтижелері өңделінді, кесте толтырылды, толықтық коэффициенті анықталынды,эксперименттің тиімділік коэффициенті есептелінді.Нәтижелер 11- кестеде келтіріліп отыр.
Бұл қатынас педагогикалық эксперименттің нәтижелі болғанын көрсетті.Бақылаушы сыныпта білім сапасы 1% ке , ал эксперименттік сыныпиа 40% өскені байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: |