Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері



жүктеу 488 Kb.
бет2/18
Дата30.12.2019
өлшемі488 Kb.
#25455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Заңдар


Теория

лар


Практикалық қолданылуы

Адамның қабілеттілігі білім алу мен іскерлікті тез қалыптастыруды оңайлатса, керісінше олардың негізінде қабілеттілік те дамиды. Сол себепті оқушылар үшін игерілген білімді іскерлік деп түсінуге болады, ал бұл арқылы жеке адамның ерекшелік қасиеттері сипатталады. Белгілі психолог К.К.Платонов өз зерттеулерінде, іскерлікті адамның ең жоғарғы қасиеттерінің біріне жатқызып, оқыту процесінің түркі мақсаты – іскерлікті қалыптастыру деп тұжырымдайды []. Демек кәсіптік іскерлігі қалыптаспаған адамның білімін тыңғылықты меңңгерілген білім деп санауға болмайды, ондай білім өмірге қажетсіз “жалаң” теориялар деп санайды.

Сонымен адамның қабілеті іс-әрекет үстінде дамиды, қабілеттілікті жетілдіру үшін, білім, іскерлік, дағды керек, ал бұлардың өзі іс-әрекетсіз қалыптаспайды. Бұл тірліктің бәрі ойлау қызметі негізінде қауаттаймыз.

Адамның білім алу мен іскерлігін қалыптастыра білуге байланысты психологиялық ерекшелігі оның қабілеттілігін білдіреді. Бірақ адамның қабілеттілігі тек қана оның меңгерген білімі және іскерлігінің жүйесімен өлшенеді десек, қателікке ұрынамыз. Сонымен бірге адамның қабілеттілігінің, яғни белгілі бір кәсіп бойынша нәтижелі жұмыс атқару мүмкіндігінің шеберлік дәрежесіне жетерлік немесе жетпесін оның еңбек етуімен іс-әрекеті көрсетіледі. Қабілеттілікті дамыту үшін баланың арнайы оқуы, тынбай жаттығуы, ерінбей еңбек ету, қызығушылығы , төзімділігі т.б. қажет.

Қабілеттілікті анықтай білу, сол адамның өзіне қоғамға пайда келтіретін мамандықты таңдауға жәрдемдеседі.

Әр адамның қабілеттілік дәрежесін бағалау – ғылымда әлі шешін таппаған мәселе, бірақ қабілеттіліктьі дамыту үшін жалқаулықпен, еріншектікпен күресіп, жүйелі еңбек етуге, еңбеке қызығушылққа баулу қажет.

“Адамның іс-әрекетін, қабілеттілігін, іскерлігін жетілдіруде күндік режимді сақтап, жаттығуды дамытып, өзінің ерік-жігерін тәрбиелеп отыруды да ескермесе болмайды”, - деген [15] Қ.Жарықбаевтың пікірін қолдауға тура келеді. Қазақтың ғалым профессоры Қ.Жарықбаевтың пікірін басшылыққа ала отырып, ерік-жігерсіз, жаттығусыз, еңбексіз мақсат-мұратқа жету жолы оған көптеген қиыншылықтар тудыратыны ақиқат, бұған біздің сеніміміз мол. Қабілетті адамның өнер табуғағ жаңалық ашуға тың ұсыныстар енгізуге мүмкіндігі мол [17].

Соңғы кездерде психологияның ғылыми шығармашылық әдістеріне ықпалының күшейе түсуі байқалады. Психологтар техникалық шығармашылықпен байланысқан қызықты байқаулар мен пайымдаулар жасай алады. “Өнертапқыштық комикалық емес ой ұшқырлығы, ой ұшқырлығы мен өнер тапқыштық амалдарының арасындағы ұқсастық бар, бұл кездейсоқтық немесе сыртқы көрініс қана емес” деп жазды кешегі кеңес дәуірінің өнер тапқышы Генрих Буш [19].

Өнер тапқыштық шығармашылық ойлаудың жалпы заңдылықтарына негізделмеген. Өткір әзілді жасау процесі бастапқы білімнің болу белгілерін , нәтижені бағалау және бірі-біріне алшақ ұғымдардың шоғырлануы тудыруды қосады. әзілдік амалдардың негіздемелері: әдейі ұлғайту, пародия жасау, әдейі кішірейту, әдеттен тыс телеп, процестер мен құбылыстардың күтпеген жақындасуы, таңырқарлық ұқсастықты аңғару, констросты айқындау, форма мен мазмұн қайшылығы, нәрсенің үйреншікті және күтпеген қызметі, құбылыстың қайталануы, логикалық және праксеологиялық нормаларының бұзылуы, алмастыру, қарама-қарсы қою, қосарлы зерделесу, кездейсоқ және алыс белгілерін қатарластырып сәйкестендіру - өнертапқыштық мәселелерді шешуді іздестірудің тиімді амалдары.

Адамның қабілеттілігін дамытуға қажетті кез келген мамандыққа байланысты кәсіптік іскерліктерді қалыптастырудың негізгі кезеңдерін К.К.Платонов төмендегі кесте бойынша түсіндірді [16].


1 кесте.


Кезеңдері

Психологиялық құрылымы

1. Іскерліктің алғашқы нысандары

Іс-әрекеттің мақсатын түсіну, осыған дейінгі меңгерген білімдер мен дағдылардың негізінде оны орындаудың тәсілдерін іздеу, байқап көру және қателесу әдісі бойынша іс-әрекет жасау.

2. Біліксіз іс-әрекет

әрекет жасаудың тәсілдері жайлы білімдерді бұрынғы меңгерілген дағдыларды осы ісәрекет үшін пайдаланады.

3. Кейбір жалпы іскерліктер

Ісәрекеттің әр түріне, ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан кейбір тар мәнді іскерліктерді пайдалану мәселен, іс-әрекетті жоспарлау іскерлігі, ұйымдастыру іскерлігі т.с.с

4. Жоғарғы дәрежелі іскерлік

Алға қойылған мақсатты, оған жеткізетін әдіс-тәсілдерді саналы түрде таңдап, орындалатын іс-әрекетке керекті бөлімдермен дағдыларды шығармашылықпен пайдалану

5. Шеберлік

әр түрлі іскерліктерді шығармашылық тұрғыдан қолдану

Таланттылық пен қабілеттілік адамды еңбек етуден босатпайды, керісінше, көп еңбектенуді, шығармашылық ізденуді, бейімділікті, төзімділікті қажет етеді. Қабілетті адамдар мен талантылардың ерік-жігері әрқашан жоғары деңгейде көрінеді. Қабілеттіліктің басыт көзі еңбек, алайда оны тек еңбекпен өлшенеді деу таңсаттық деп ойлаймыз. Қабілеттілік адамның табиғи ерекшеліктеріне, мінез-құлықтарына т.б. жағдайларға байланысты. Түрлі дәрежеде болады [15].

Адамның ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін (ойлаудың орамдылығын, сын көзбен қараушылығын, байқағыштығы мен зейінділігін, зеректігі мен тапқырлығын, т.б.) жалпы қабілеттілікке жатқызамыз. Адамның іс-әрекетінің жұмысты нәтижелі орындауға мүмкіндік беретіндей жеке жақтарынан көрінуін арнаулы қабілеттілік деп есептейміз, бұған суретшінің, ақынның, конструктордың қабілеттіліктерін мысалға келтіруге болады.

Талант – күрделі, қиын іс-әрекетті өзіндік ерекшелікпен сонылық дәрежеде нәтижелі орындай алуға мүмкіндік беретін әр түрлі қабілеттіліктердің жиынтғы деп түсінуіміз жөн.



Ғалымдардың, мектеп оқытушыларының тәжірибелеріне сүйене отырып, балалардың жалпы ерекшеліктерінің ақыл-ой дағдыларын төмендегідей ақиқаттығына көз жеткіземіз:

  • ұқыптылық, аңғарымпаздық, жинақылық;

  • еңбек етуге әрқашан даярлығы, жалықпайтындығы;

  • ойлау шапшаңдығы, талдау мен қорытындылау мүмкіндігінің жоғарылығы, ойының жүйелілігі, ойлау қызметінің нәтижелілігі;

  • ой өрісінің кеңдігі, ауқымдылығы, ойлау белсенділігі.

Дарынды оқышулар мен ғалымдар жүргізген эксперимент нәтижелеріне сүйенетін болсақ, ғылымдық шығармашылық қабілеттіліктің құрамына:

  • анализ және синтез жасай білу;

  • негізгі қосалқы нәрседен ажырата білу;

  • зерттейтін құбылыстар мен процестердің өзара байланысын анықтай білу.

  • Кәдімгі, әдеттегі, үйреншікті оқиғалар, фактілер арасындағы қарама-қайшылықтарды байқай білу;

  • Мәнді-мағыналы ойлау білу сияқты компоненттердің енетіндігі анықталады.

Мектептің математика пәнінің оқытушыларының арасында математикалық қабілеттіліктің түрлерін анықтауға арналған сауалнама нәтижесінің қорытындысы төмендегідей болды:

  • қорытындылау қабілеті - 98 %

  • таладу логикасы – 98 %

  • зеректік пен тапқырлық – 88 %

  • математикалық есте сақтау қабілеті - 82 %

  • дерексіздендіру арқылы жалпылау қабілеті - 98 %

  • ойлау оралымдылығы - 73 %

  • көрнекілікке сүйену - 63 %

  • кеңістікті сезіну – 57 %

  • тура және кері ойлау білу - 50 % [15]

Педагогикалық әдебиеттерді талдап оқу нәтижесінде адамдардың практикалық қабілеттілігінің адам өмірінің ерекше орын алатындығын байқадық. Мәселен Л.И.Уманский 400-ден аса қабілетті басшы қызметкерлер жұмысының қыр-сырын зерттеу арқылы оларға тән ерекше қасиеттерді даралап, ұйымдастырушылық қабілеттіліктің мынадай құрылымын анықтаған:

  • басшының жігерлігі, басқа қызметкерлерге ықпалын тигізіп, сол арқылы олардың белсенділігін көтере білуі;

  • жан-жақты даму деңгейінің жоғары болуы, білімдарлық;

  • ойының оралымдылығы, тапқырлығы, практикалық мәселелерді дер кезінде орынды шешуі;

  • қызметкерлердің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескере отырып, мәселені практикалық тұрғыдан дұрыс шеше білуі (психологиялық талғампаздығы);

  • сыншылдығы, адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлығындағы кемшіліктерді көре, өз шешіміне талдау жасау;

  • қызметкерлерге талап қойғыштығы, ұстамдылығы және табандылық көрсете білуі;

  • мәселені өз бетінше шеше білуі және өзін-өзі меңгере білетіндігі;

  • істің жетістігі мен кемшілігін, жаңалығы мен жарамсыздығын байқағыштығы;

  • кез келген адаммен тіл табысып сөйлесе білуі (коммуникативті қабілет);

  • жұмыс атқару қабілетінің жоғарылығы, өз іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі.

Сонымен адам өзінің бағытты, мақсатты іс-әрекеті арқылы: дүниені, әлемді, табиғатты таниды, тылсымдағы қыр-сырларына үңіледі, құпияларын әлемге әйгілейді; айнала қоршаған ортаны өзгертеді, оны өзінің ыңғайына бейімдейді; заттардың қасиеттерін зерттейді, оларды өз мұқтаждығына жаратады.

Адамның іс-әрекеті жалпылама алғанда төмендегідей құраушылардан тұрады:



  • мақсат қоюын, сол мақсатқа жету үшін ең ойтайлысын таңдай білу;

  • түрлендіруші немесе жетілдіруші сипатты; мұнда адам өз іс-әрекеттері арқасында өзін қоршаған ортаны өзгертеді, жетілдіреді.

  • Нәрселік немесе заттық сипаты; мұнда адамның материалды дүниемен қарым-қатынасы көрініс береді;

  • саналылық сипаты.

Адам іс-әрекеттерінен келтірілген мәнді қасиеттерінің жекелеген түрлерімен емес, олардың көп нұсқалылығымен, өзара байланысы бірлігі тұтастығымен ерекшеленеді.

Адам табиғатты өзгертумен қатар өз табиғатында өзгертеді, ол өзінің іс-әрекеттерін санасымен, зердесімен байытады. Іс-әрекет процесінде адамның ойлау, ойлана білу қабілеті дамиды, ал ойлау нәтижесінде іс-әрекет түрлері жетіледі. Оның тиімділігі артады, қаражат метариалдық шығын үнемделеді, іс-әрекет нәтижесінде пайда болатын шығармашылық туындылардың, өндірілетін материалдық игіліктердің сапасы жақсарады.



    1. Оқу іс-әрекеттерінің және олардың шығармашылық жұмыстарымен байланысы.

Іс-әрекеттің жалпы теориясын сүйене отырып, оны оқу процесінің негізі деп айта аламыз. Оқу іс-әрекеті адамзат баласына ең қажетті нәрсенің бірі, онсыз өмір тәжірибесін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізу мүмкін емес. Оқыту процесінде қоғам ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің екі түрлі формасы қарастырылды. Оның біріншісінде оқыту ісінде, адамзатта жинақталған тәжірибені жеткізу, ал екіншісінде қоғамдық тәжірибені игеріп оны оқушылардың игіліктеріне айналдырумен шұғылданады.

Іс-әрекеттің жалпы теориясы тұрғысынан психологтар «оқу іс-әрекеті», «танымдылық іс-әрекеті» ұғымдарын ажыратып қарастырады. Педагог ғалым Г.Щукинаның пікірінше «Оқу іс-әрекеті» ұғымының «оқу» ұғымына қарағанда ауқымы кеңірек, себебі ол оқушының да , оқытушының іс-әрекеттерін біріктіріп қарастырады [10]. Шын мәнінде оқу іс-әрекет оның әлеуметтік мән-мағынасы жатыр, себебі оқу іс-әрекетінсіз, яғни ешқандай әрекетсіз қоғам дами алмайды деп түсінеміз.

«Бұл үлкендер мен балалардың (оқытушылар мен оқушылардың) ынтымақтық формасы, ол ортақ мақсатты іске асыруға оған қол жеткізуге бағытталады, әрі ол оқу іс-әрекетінің ішіндегі басты сипаттамаларының бірі болып табылады», - дейді, белгілі педагог ғалым В.Репкин [10].

«Оқу» терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Г.Щукинаның пікірінше «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымы оқыту процесін толығырақ қамтып сипаттайды. Бұл арнаулы іс әрекет, ол қоғамға өте қажет, іс-әрекет түрі, үлкендер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, әрі олардың ынтамақтасу формасы, ең бастысы мұнда танымдық процесс және өскеең ұрпақтың әлеуметтенуі жүзеге асырылады.

Педагогикадағы іс-әрекет феномены оқыту процесінде төмендегідей нақтыланады:

1. Оқушының іс-әрекеті басқа адамдардың іс-әрекетімен байланысқан. Бұл процесс барысында іс-әрекеттер бойынша оның түрлері, тәсілдері жөніндегі тәжірибеде алмасу жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің нәрселік аясы жөніндегі ой-өріс кеңейеді.

Өз іс-әрекеттерінің тәсілдерін басқалардың іс-әрекеттер тәсілдерімен салыстыру барысында оқушы өзінің мүмкіндіктеріне ыждағаттылықпен қарап оны бағалап таразылайды.

2. Педагогикалық процестері іс-әрекеттерінің дамуы тұлғаның ілгермелі дамуына әкеледі, себебі іс-әрекеттің сипаты өзгереді (басында орындаушылық, бұдан кейін белсенді орындаушылық, одан кейін өзіндік шығармашылық белсенділік).

3. Іс-әрекеттің сипатының өзгерістері оқушының сеніміне, көзқарасына ықпал етіп, олардың едәуір өзгеруіне әсер етеді, оқушы іс-әрекеті орындаушылықтен белсенділікке – одан субъектілік позициясына өтеді.

4. Оқу процесінде оқушы тұлғасының қалыптасуы реттеуші тетіктердің өзгерісі негізінде негізделген. Өзін реттеу басқару, қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасының негізгі көрсеткіші және тетігі болып табылады.

5. Оқушы позициясының өзгерісі оқушы мен оқытушы субьектілерінің арасындағы қарым қатынасқа негізделген. Оқушыларды өзін- өзі реттеуге, басқаруға ең маңызды тұлғалық белгілер алып келеді. Мұндай белгілерге белсенділік, өздігінен жұмыс істеу, танымдылық, қызуғышылық жатады, олар оқушының « өзім шештім », орындауым басқалардан кем емс « өзім болжадым », « оқытушы айтты », « досыма көмектестім » деген сияқты іс- әрекеттері мен алға жылжи түседі. Осындай қатынастардың түзілуі оқушы тұлғасын қалыптастырудағы үлкен жеңіс деп есептейміз.

Оқушының өз ерік жігерін шоғырландырып, оны тас түйін бағыттан қол жеткізген табысына сүйсіну небір қызықты сабақтардан алынған, қанағаттану сезімдерінен әлде қайда жоғары көрсеткіш болатынын байқадық. Осылайша оқушының танымдық іс- әрекетіндегі ұстанымның өзгерісі мен бірге, оның тұлғасының дамуы мен қалыптасуы қатар жүргізіледі.

Іс- әрекет көп қырлы олардың көбісі жаңа міндеттерді тың мәселелерді шешуге жұмсалады, оқушы игерілген білімін, іскерлік дағдыларды жұмылдырады, тың ізденістерді, тәсілдерді, әр түрлі амал- айлаларды жүзеге асырады.

Іс - әрекеттің оқыту процесінде қызметін айқындай отырып, тек осы процес ішінде, іс - әрекеттің және оның түрлерінің жүйелі және тізбектес реттілікпен тұлғалық түзілістер қалыптасады, бұл оқушыларды өзін- өзі реттей білуге машықтандырады, оқу іс- әрекеттерінің барысында оның субьектілік ұстамының қалыптасуына көмектеседі [18]

Сонымен оқыту процесінде жүйелі және тізбектеле реттелген тұлғалық түзілістердің қалыптасуы оқушының оқу іс - әрекетінлегі белсенділік ұстамының пайда болуына жәрдемдеседі.

Оқушы оқуда белсенділік танытады, өз бетінше шешім қабылдауға жаттығады, танымыдқ қызығушылығы артады, нәтижеде оның реттелу мүмкіндіктері, белсенділігі өзіндік жұмытарға қабілеттілігі дамиды. Осындай тұлғалық түзілістердің барлық кешенін шартты түрде оқушының оқу іс - әрекетіндегі белсенді ұстамының қалыптасу тетігі деп санаймыз.

Педагогикалық теория мен практикада белсенділік терминін пайдалану кең тараған, алайда бұл ұғымның түпкі мағынасы өте күрделі. Ғылымда да бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Баз біреулер белсенділікті іс -әрекеттің нәтижесі деп ұғындырады, үшіншілер мүлде басқаша пікірлер білдіреді, олардың ойынша белсенділік іс - әрекетпен салыстырғанда кеңірек ұғым. Енді осы оқу іс - әрекетінің күрделі аспектісінң ең басты да, мәнді қырларын қарастырамыз.

Бәрінен бұрын бнлсенділікті тұлғалық түзіліс деп түсінгеніміз жөн, өйткені белсенділік оқушының ерекше күйін және оның іс - әрекетке деген қатынасын білдіреді ( зейінділігі, бейімділігіпроцеске етене қатысуы, іс-әрекет жағдайларының өзгерісін шапшаң сезіну т.б.).

Егер іс-әрекет объективтілік пен субъективтілік қасиеттерінің бірлігі ретінде байқалса, онда белсенділік тек адамға ғана тән, көбінесе субъектінің іс-әрекетіне тиісті.

Белсенділік іс-әрекеттің өзін бейнелейді, ол іс-әрекеттің деңгейін және сипатын білдіреді. Іс-әрекет иесінің қасиеті ретінде белсенділік мақсат қою процесіне, түрткіні саналы түсінуге, іс-әрекеттердің тәсіліне көп әсер етеді.

Танымдық белсенділік - оқушының құнды және күрделі тұлғалық түзілісі, олар мектептік кезеңдерінде кеңірек, мәндірек болады. ол оқу мен оқытудың нәтижеліліген, оқу іс-әрекеттерінің белсенділігіне көп ықпалын тигізеді. Сабақтың ққұндылығы да оқушылардың белсенділік дәрежесі арқылы анықталады.

Танымдық белсенділікті дербестіктің (өз бетінше мәселені түсіну, өзінше шешім қабылдау) алғашқы даярлық баспалдағы деп түсігну керек.

Дербестік – ынталылықпен, бастамашылдықпен оқу-танымдық мәселелерді үлкендердің қатысуынсыз басқалардың көмегінсіз шешудің жолдарын іздестірумен тікелей байланысты деп санаймыз. Мектепте баланың оқу танымдық бағытындағы дербестігін әр пәннен әр түрлі оқу мәселелері мен есептерін шешу барысында қалыптастыру тиімді саналады. Оқушы өзінің мүмкіндіктерін түсінуі, оның іс-әрекетті орындаудағы дербестігіне тәуелді деп есептейміз.

Танымдық белсенділік пен дербестіктің көрінуі, байқалуы көп қырлы, оларды ерекшелеу қиын шаруа.

Олар төмендегі уәждерден айқын көрінеді:


  1. танымдық амалдардың мақсатты бағыттылығы және мағына түзерлік сипатталатын мақсатты қажеттілік;

  2. білімнің іскерліктің, іс-әрекет тәсілдерінің сипаттары, оларды пайдалануға жаппай жұмылдыру, оқытушыға қойылатын сұрақтар мазмұнының мағыналылығы;

  3. танымдық іс-әрекетті әлеуметтік коммуникациялар есебінен, көп оқу, теледидар, радио арқылы танымдық іс-әрекетті тереңдету, кеңейту жөніндегі талап тілектер.

Бұлар оқушының оқу процесі шекарасынан тыс үйренген білім, іскерліктерін оқу іс-әрекеттеріне әкелуге ұмтылысымен тығыз байланысты.

Талқыланып отырған сұраққа, мәселеге есепке белсенді пікір білдіру, жолдастарының жауабын толықтыруға бағытталған ұмтылыс, оған түзетулер енгізу, қателіктерді жөндеу – танымдық белсенділік пен дербестік айтарлықтай көрсеткіші, бұл оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттірінң субъектісі ретінде қалыптасады деп есептейміз.

Кез келген жастағы оқушының белсенділігімен дербестігін қалыптастыру оның кез келген іс-әрекет барысында жан-жақты дамуына, ұжым ішіндегі беделінің өсуіне ықпал етеді.

Кез келген оқу іс-әрекеттерінің арасында танымдық қызығушылықтың шоқтығы биік, салмағы басым.

Физикалық еңбек, оқу іс-әрекеттерінің ешқайсысы дамудың жоғарғы деңгейіне тұлғаның іс-әрекетке ерекше ықыласты, ынталы қатынасынсыз жете алмайды. Қызығушылық кез келген іс-әрекеттің (соның ішінде шығармашылық пен кәсіпкерліктің ) қыздырушысы, қозғау салушысы, оған ықылас аудартар ерекше күші, мұны субъективтіліктің байқалуының алғашқы белгісі деп санасақ қателеспейміз, өйткені ол іс-әрекеттердің де, нәрселердің де, айнала қоршаған болмыстың да талғамдылық сипатын білдіреді.

Қазіргі кезде оқу процесінде танымдық қызығушылық, оқытудың бүтіндей атқаратын қызметі сияқты гностикалық (білім алу) мәселелерімен шектелмейді, бұл оқушыныі тұлғалық түзімін оның әлеуметтік өмір іс-әрекеттерін қамтиды [14].

Сонымен танымдық және қарым-қатынас қызығушылықтары адамға, оның көңіл-күйіне мұңына, білімі мен іскерлігіне назар аударудан басталады.

Оқушының қатар отырған көршісі оны рухани байытуы мүмкін, ол онымен бірлесіп, бірге пікірлесіп, кеңесіп іс-әрекеттер жасау, олардың рухани дүниесін шыңдай түсері хақ.

Қызығушылықтан білім игерудің нәтижелілігі және танымдық іс-әрекет тәсілдері өзгеріп қана қоймайды. Оның әсерінен, әлеуметтік мән-мағынасымен, ұстанымымен қоса есептегенде оқу іс-әрекеттерінің бәрінің жалпылама тонусы жақсарады, өзгереді, дамиды.

Оқушының қызығушылығы және оның құндылықтарға бағыт-бағдары өзара тығыз байланысты. Құндылықтар ақиқат болмыстағы бар объективті құндылықтарға бағытталады, бірақ олар субъективті, олар - адамның қасиеті.

Оқу іс-әрекетінде ақиқат болмысты бейнелейтін әртүрлі салалық білімдер аймағында объективті құндылықтар ашылады. Бұл іс-әрекет мектеп оқушысына уақыт өту барыснда кездеетін кездейсоқтықты, сондай-ақ өтпелі жағдаяттылы, қызығушылықтарда емес, ал тұрақты терең, өміршең қызығушылықтарға деген талғаммен ұштауға , өткірлеуге, шыңдауға көмектеседі.

Оқу танымдық іс-әрекетіне қызығушылық - оқыту мен оқудың қуатты көзі, қуатты қозғаушы күші. Енжар оқытушы алға қойылған мақсатты мәселені шешуге өзінің оқушыларының белсенділігін көтеріп, шығармашылық іс-әрекеттерін жұмылдыруға шамасы жетпейді., ал енжар оқушы робот секілді адамдық рухани қозғалысы жоқ механизмі іспеттес деп түйеді белгілі ғалым Г.Щукина [10].

Соңғы жылдары оқыту теорисы іс-әрекеттер, оқушы тұлғасына көбірек назар аударуда, олардың оқыту теориясы мен практикасындағы алатын орны зерттеліп осы мәселелердің алыс келешектері жөнінде тұжырым – болжамдар жасауда, атап айтсақ:


  • әрбір оқушының жеке басының қажеттілігне сәйкес олардың білімге, өмірге, қоршаған дүниеге қызығушылық қуаты мен жігеріне қозғау салатын әртүрлі іс-әрекеттер түрлерін бір-біріне өзара толықтыру жайларын айқындау, шын мәнінде мұнда әлі практикада қолданылмаған әртүрлі іс-әрекеттер мен танымдық сәйкестіктері және олардың өзара әсері жөніндегі іс-қимылдар қоры бар;

  • міндетті оқу мен оқу уақытынан тыс еркін іс-әрекеттердің өзара байланысы мен олардың біріне-ьірінің әсерін айқандау;

  • оқытушы және оқушының іс-әрекеттерінің өзара байланысына ерекше назар аударылуда, мұнда субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың дамуына, қалыптасуына үлкен мән беріледі, өйткені мұндай қатынас түрлері оқушының субъективтілік ұстанымын нығайтады, оқытушының іс-әрекеттерін байытады.

Көптеген оқытушылар оқу материалдарының мазмұнын оқушыларға әдістемелік амалдармен жеткізуді жеткіліктісанайды. Мұндай ой түйіндері мен ұйғарымнан оқыту әдістерінде біржақты ақпараттылық өркендейді. Біздің ойымызша оқытушылар оқушылардың мәселенің қыр-сырына өзінше дербес қанығатындай жағдай жасау керек, оларды өз бетінше “жаңалық” ашатындай құбылыстың құпиясын, оның себептерін өздігінен тауып қуанатындай әдістер қолданылған жөн, ол үшін оқушыларға шығармашылық іс-әрекеттер жолын үйрету оның түрлері әдістері мен амалдарынымен топтастыру қажет деп санаймыз.

Қазіргі педагогикалық психологияда адамның ойлауының іс-әрекет барысында қалыптасатыны жөнінде тұжырым жасалған. []

Ойлана білу тұлғаның жалпы сапалық қасиетіне жатады. Қазіргі кезде оқушылардың әсіресе ғылыми-теориялық тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыруға, алайда оқушылардың жетік ойлана білу қабілетін қалыптастырудың ұзаққа созылатыны белгілі.

Сөзіміздің дәлеліне Ресей академигі В.Давыдовтың пікірін келтірейік: “Қазіргі мектепте берілуге тиісті білімдік мәселелердің түбегейлі шешілуі, оқытудың мазмұны мен әдістері арқылы жобаланатын ойлау түрлерін өзгертумен тікелей байланысты. Оқытудың барлық жүйесін , оқушылардың пайымдылық, тәжірибелік ойлауын қалыптастыру ісінен, олардың қазіргі заманға лайық ғылыми-теориялық ойлауын қалыптастырып, дамытуға бағдарлау қажет”. ғалымның бұл пікірі бүгінгі күннің биік талабымен өрелес деп есептейміз.[]

Ойлау процесі адамға танылатын нысанның сезім мүшелері арқылы оның жекелеген қырлары мен қасиеттерін тағайындаумен шектелмейді, сондай-ақ ол осы қасиеттерді де тағайындау жолдарын анықтай алатын мәнді қасиеттерді екшейді. Осында йжолдармен адам бақыланып отырғанқұбылыстың, оқиғаның, өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін алдын ала бақылай бастайды.

Практикалық және теориялық іс-әрекетте адам өзінің ойлауында бұларға сай келетін әдістер мен ұғымдар жоқ міндеттерге немесе фактілерге кездеседі. Адамға кездескен міндеттер адамзатқа бұрынғы белгілі әдістермен шешуге келмейтін жағдайлар болады. Адамға әлі шешілмеген міндеттерді де шешуге мүмкіндік беретін танымдық процестер шығармашылық ойлау деп аталады. Шығармашылық ойлаудың формалары мен амалдық құрылымдары туралы мәлім жайлар әзірше аз. Шығармашылық іс-әрекеттер және оның нәтижесі болып табылатын шығармашылық ойлау адамда әлі жоқ ұғымдар мен логикалық амалдар формасында өте алмайтын жәйттерді сипаттайды. Шығармашылық ойлаудың нәтижесі белгілі түсініктерді, ұғымдарды түсіндірумен шектелмейді, ол жаңа бейнелер, мағыналар, міндеттерді орындау әдістерін жасайды, болмыстың жаңа қасиеттерін табады, немесе болмысты өзгертудің тың әдістерін тудырады. Шығармашылық ойлау шығармашылық қиялдаулармен үйлеседі.

Шығармашылық ойлау үшін ең бастысы онда жаттандылық болмауы керек, болмысты әдеттегі дәстүрлі, үйреншікті ұғымдар мен түсініктер аясында қарастыру нәтижелі бола қоймайды, сондықтан болмыстың барлық ұғымдары, қатынастары, қасиеттері, ерекшеліктері ескеріледі. Болмыс қасиеттерін толық есепке алып, оған тиісті барлық жәйттерді ескеріп, қандайда бір жаңа түйін, тың шешім жасау үшін, болмыстағы қатынастарды қамтитын ұғымдар мен әдістерді меңгеру керек. Сондықтан шығармашылық ойлаудың нәтижелі болуы білім мен іскерліктің арқасында іс жүзіне асады деп есептейміз. Ұғымдарға әзірше симайтын фактілер, қасиеттер, құбылыстар әуелі санада бейнеленеді, мұның өзі де қиялдаумен, қиялдаудың көмегіне сүйенеді. Сана логика аясымен шектелмеген, сондықтан да бұйымдар туралы түсініктердің кез келген, барынша айрықша, фантастикалық арақатынастарына, бірігулеріне өзгерулеріне жол береді. Қиялдық шығармашылық еңбек, іс-әрекеттер нәтижелі аяқталады.

Шығармашылық ойлауға үйрету мақсаты мен сипаты жөнінен ұғымдық, логикалық ойлауға үйретумен үйлеспейді. Логикалық ойлауға үйретудің басты міндеті - оқушыларға кездесетін барлық фактілерді белгілі ұғымдарға, ал есептердің бәрін оларды шығарудың белгілі тәсілдеріне апару, ал шығармашылық ойлауға үйрету, керісінше игерілетін ұғымдар мен әдістердің бәрін сынап бағалауды талап етеді. Ол игерілетін ұғымдар мен әдістердің нағыз болмыспен салыстырғанда шектеулілігін, сұлбалылығы мен толық еместігін көре білуді үйретуі тиіс. Шығармашылық ойлау адамға нақты фактілер мен олар туралы түсініктердегі айырманы көре білуге үйретеді.

Шығармашылық ойлау адамды әдеттегі “парасатты, мағыналы” немесе беделді адамдар, ғалымдар, басшылар айтқан дейтін түсініктер, көзқарастар ойлау әдістерімен шектеліп қоймай батыл болуға жетелейді.

Сонымен қатар ол жаңа туындыларды бағалауда соқтыққа, жанқиярлық пен сыншылдыққа үйретуі керек. Ол адамға сенім іздемей дәлел іздеуді, тыныштық іздемей бастау жолдар іздеуді үйретуі тиіс. Қысқасы, шығармашылық ойлау адамды фактілерді олар туралы дайын түсініктерге тықпаламай, бұл түсініктерді фактілермен тексеруге; түсінуге келетін жасанды дүние ойлап шығармай, нақты дүниені түсіндіруге келетін етіп ұғындыруға үйретуі тиіс [20].

Ғалымдар, өнертапқыштар, рационализаторлар және барлық шығармашыл адамдар кішкене бүлдіршін кезіндегі бәрін білгісі келетін әуестенушілігін, бұрын көріп, естіп білмеген құбылыстың сырына құмартушылығын, бір сөзбен айтқанда жаңалықты жаны сүйетін қасиетін жоғалтпаған жандар. Мәселеге байланысты есепті шешудің кезеңдері бар. 1-кезең мәселені мән-мағынасына, мазмұнына қанығу, түсіну.

«Дұрыс қойылған сұрақ – жауаптың жартысы» деген даналық сөз бар. Сондай-ақ «дұрыс тұжырымдалған проблема - жартылай жеңіс» []

Екінші кезеңде есептің шарты талданады оны шешу үшін қандай ақиқаттарға сүйену керек екендігі анықталады.

Белгілі авиоконструктор А.Туполев өзінің психолог П.Якобсонмен әңгімесінде өзінің шығармашылық жұмыстарының алғашқы кезеңінде төмендегідей пікір айтқан көрінеді.

«Мәселені ойлана бастағанда, ізденістермен шұғылдану барысында бұрын өзіңнің орындаған жұмыстарыңа сын көзімен қарайсың. Оның жарамсыздығын сезініп, түсінесің, кейде физиологиялық жек көрінішті сипатта болады».

Шығармашылықпен айналысатын адам күнделікті, әдеттегі, іс-әрекеттен өзгеше жұмыс атқара білуі керек. Мысалы 6 сіріңке ішінен төрт тең қабырғалы үшбұрыш құрастыру керек.

Оқушылардың көбісі, бұл есепті шеше алмайды. Олар «еш жетпейді», - деп шешімге келеді. Есептің шешімін табу үшін оған басқа қырымен келу керек. Егер үшбұрыштар жазықтықта құрастырылса, әрине ши жетпейді, ал кеңістікте құрастыру көп адамның ойына келе бермейді, олар стандартты ойлаудың аясына шығар алмайды.

Келесі есеп: шаршының төбелері болып табылатын4 нүкте берілген. Осы нүктелерді бастыда қаламды қағаздан көтермей және бастапқы орнына қайтып келетіндей етіп үш түзу жүргізу керек. Бұл есептің шешуі қиын, сіз жалғыз емессіз, арнайы жүргізілген экспериментте 600 қатысушының бірде-біреуі есептің шешімін таппаған, өйткені олар әдеттегідей ой жүйесінен шыға алмаған, бұған кедергі келтірген қатысушылардың өздері болған, олар сызықтарды нүктелердің ішіндегі жазықтықта жүргізу қажет деп ойлаған, сөйтіп өздеріне өздері үлкен бөгет тауып алған. Егер экспериментке қатысушылар сызықтарды нүктелердің сыртынан жүргізген болса, есеп шешімі оңай табылатын еді.

Осындай бөгеттер әрбір қадам сайын кездеседі. Сол бөгеттерді айналып өтетін жағдайда ғана жаңа, тың шешім туындайды. Тағы бір мысал келтірейік:


  • Мылқау шаруашылық дүкеніне кіріп, сатушыға балға сатып алғысы келетінін қалай түсіндіреді ?

  • Сіздің сыналушыңыз қолымен үстел бетін ұрғылайды.

  • Дұрыс.

  • Ал зағип сатушыдан қайшыны қалай сұрайды ?

Бұл сұраққа лезде зағип сұқ және ортаңғы саусақтарын қайшылап көрсетеді деген жауап алынды.

  • Алайда зағиптың сөйлей алатынын қалай естен шығарасыз ! Шын мәнінде қарапайым, оңай сұрақтың өзінде де бөгеттер кездеседі. Сондықтан сұрақты оңай, қиын демей ойланып жауап қайтару қажет немесе әдеттегі әдістен бет бұрып, басқаша терең ойлап, зерттеу жүргізіп, мәселенің шешімін табу бірден-бір дұрыс амал деп есептейміз [13]

Сонымен оқушыларды шығармашылық іс-әрекеттерге бейімдеу үшін әртүрлі жаттығулар жүргізіп оларға әдеттегі ойлау тәсілдерінен өзгеше жолдар ұсынған жөн. Біздің ойымызша шығармашылық жұмыстарға бейімделу бастауыш сыныптардан басталу қажет. барлық пәндерден оқушыларды шығармашылық жұмыстарға бейімдейтін жаттығулар, тапсырмалар, сұрақтар есептер жүйесі жасау қажет деп есептейміз.


жүктеу 488 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау