Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



Дата21.11.2018
өлшемі59 Kb.
#22880

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың

өздік білім алу қабілеттерін дамыту
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары қазақ тілі пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:

-мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;

-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

-жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;

-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;

-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;

-ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

«Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады / сұрақ қою/, екінші «мағынаны тану» кезеңінде / жауаптар іздеу, мәселені зерттеу /мәтінді жан- жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

Үшінші, білім «ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді/ ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау/. Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретеді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға берген өз жауаптарымда жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабылеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.

СТО бағдарламасын қазақ тілі сабығында қолдана бастағаныма көп уақыт болсада,мынандай пікірге келдім. Тек осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабылеттері қалыптаса бастады.Алғашқыда дайын білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, сұлулықты сезінуге ұмтылыс байқатты. « Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын»,- деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстаған жөн. Осы технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын.

Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлі технологияны пайдаланып



«Оңтүстік Американың халқы мен елдері» Әдеттегі сабақтардан айырмашылығы жаңа тақырып визуалдық лекциямен, мұғалімінің презентация слайдтары арқылы баяндауынан басталады.

Негізгі мақсатым- оқушыларға Оңтүстік Американың халқы мен елдері, олардың санымен елдегі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, шаруашылықтары туралы кең мағлұмат бере отырып, халықтар мен елдердің дамуы мен таралуы ерекшеліктерін, тілдік және ұлттық атаулары арасындағы себеп-салдар байланыстарды анықтай білуге үйрету.



Көрнекіліктер: дүние жүзі физикалық картасы, дүние жүзі саяси картасы, атлас, кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ассоциация, түртіп алу, «Иә» «Бейтарап»

«Жоқ» кестесі, эссе



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. /1-2 минут/

І. Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінде жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.



Ассоциация құрастыру.

Оңтүстік Америка: пампа, сельвас, гилея, ломас, льянос, пуна, кебрачо, кампос

Оқушылар жауабы:

1.Ылғалды экваторлық орман.


  1. Сельвас-ит тұмсығы батпайтын қалың орман

  2. Льянос-Ориноко саваннасы

  3. Кампос-Бразилиа саваннасы

  4. Пампа-құнарлы шымды қызғылт « жазық дала»

  5. Гилея-ылғалды экваторлық орман

  6. Ломас-түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы.

  7. Кебрачо-тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш.

  8. Пуна-биік таудағы шөптесін өсімдіктерден тұратын белдеу.




Оқушы

Мұғалім

Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады.

Өз лидерін анықтайды.

Әр оқушы жеке-жеке белгілеп, лидерге ұсынады.

Өздерін-өздері бағалайды.



Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды.

Бағалау парағын таратады.

Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.



ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыптқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.

Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.

Тақырыбы: «Оңтүстік Америка халқы мен елдері». Мәтіннің жоспары:

1.Оңтүстік Америка халқының құрамы.

2. «Инктер өркениеті»

3.Байырғы және келімсек халықтары.

4. Елдері.

Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.




Оқушы

Мұғалім

Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі бірігіп шарты белгілер қойып, талдау жасайды.

Әр топтан біреуі жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.



Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.



ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.

Х. Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма? 3 дәлелмен жауап береді.

Иә

Бейтарап

Жоқ

  1. Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды.

2.Батыс жарты шарды алып Америка дүние бөлігі ашылды.

3.Жаңа жерлердің табиғаты, халқы,шаруашылығы жөніндегі деректер белгілі болды, т.б.



1. Жақсы себебі-Американың ашылуы жаңа ашылуларға жол салды.

2. Жақсы блмағаны-үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің дамуына нұқсан келтірілді.



1.Еуропалықтар келгеннен кейін жергілікті халықты аяусыз тқұлдыққа салып,олардың өркениеті мен мәдениетін жойды.

2.Бағынбаған үндістердің көпшілігі қырғынға ұшырады.

3. Байырғы халықтар тіршілкке қолайсыз аудандарға көшірілді, т.б.

Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.




Оқушы

Мұғалім

Өзі белгіні қояды.

Еркін сөйлейді.

3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп береді.


Уақыт береді.

Нақты жауаппен дәлелдеуін талап етеді.



Үйге тапсырма: 1.« Егер мен саяхатшы болсам » эссе.

  1. Елдерге визитка жасау.

  2. Тест құрастыру, елдердің территориясын кескін картаға белгілеу.

Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:

-Оқушы қызығушылығы артты.

-Бей-жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс-әрекетте.

-Тіл байлығы артып, ойлау қабылеті дамиды.

-Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырады.

-Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.

-Топ алдына шығып, еркні өз ойын айтуға дағдыландырады.

Осы орайда, Қ. И. Сатпаевтың « Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын хылықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өрісенде болады»,- дегендей, білім беру саласында оқытудың жаңа, озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мүмкін емес.



Қолданылған әдебиеттер:
1.Педагогикалық ізденіс . Алматы-Рауан . 1993 .
2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал. 2004 № 7,2005 №10
3. М. Байжанов., «Педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары» Қызылорда, 2000


  1. «География және табиғат» ғылыми-педагогикалық журнал 2008 №3,

2010 №1, 2005 №5
5.Мектеп директорының орынбасары. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 2009 № 2, 2009 №3

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау