А. И. Хасанова Әлеуметтік экология және тұрақты даму



жүктеу 2,47 Mb.
бет1/9
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#155
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экология кафедрасы


А.И. Хасанова
Әлеуметтік экология және тұрақты даму

Қостанай, 2011

ББК 20.1

Х 23
Құрастырушы:

Хасанова Айгуль Исахмедовна экология кафедрасының аға оқытушысы

Рецензенттер:

Жемпейсов Ш.С. А.Байтурсынов атындағы ҚМУ агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.ғ. қ.

Блисов Т.М. А.Байтурсынов атындағы ҚМУ экология кафедрасының доценті, а.ш.ғ. қ.


Хасанова А.И. Дәрістер жинағы

Әлеуметтік экология және тұрақты даму. Костанай, А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. 2011,- 11б.


Оқу эдістемелік құралда қоғам мен табиғат қарым-қатынастарындағы мәселелер жан-жақты көрсетілген.

050608 - Экология мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған

ББК 20.1

А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен __ __ 2011ж. мақұлданған хаттамасы №


© А.Байтурсынов атындағы

Қостанай мемлекетік университеті 2011



Мазмұны



Кіріспе…………………….......................................................................

4

1 тақырып Әлеуметтік экологияның қалыптасуы және дамуы

5

2 тақырып Адам және қоршаған орта.................................................

7

3 тақырып Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс......................

15

4тақырып Адамзаттың жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары...........................................

21

5тақырып Адамның табиғи және әлеуметтік ортадағы іс-қимылы

6тақырып Экологиялық жағдай және адам денсаулығы...............



33

37


7тақырып Табиғи ортаның қазіргі жағдайы..........................

44

8тақырып Тұрақты даму проблематикасы және негізгі міндеттері.........................................

50

9тақырып Тұрақты даму концепциясы........................................

52

10 тақырып Тұрақты даму саласындағы ғаламдық бастамалар.........

57

11 тақырып Кәзіргі кезеннің әлеуметтік – экологиялық мәселелер

72

12 тақырып Табиғатты ңорғау және тұрақты даму

76

13 тақырып Қазақстанның экологиялық мәселелері және тұрақты даму

90

14 тақырып Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның түрақты дамуың қамтамасыз ететін іс-шаралар


100

Қолданылған эдебиеттер тізімі........................................................

111













Кіріспе


Әлеуметтік экология, осы пәннің болмысына қатысты әртүрлі пікірлердің болуына қарамастан, тіршілік ету ортасының адамға және адамның тіршілік ету ортасына әсерін зерттейтін ғылыми пән ретінде өзі шұғылданатын мәселелердің шеңберін айқындап үлгерді және ТМД елдерінің бірқатар университеттерінде оқылып жүр. Жер Биосферасының ресурстарын бейберекет және шектеусіз пайдаланудың альтернативасы ретіндегі орнықты даму тұжырымдамасының мойындалуына байланысты,осы тұжырымдаманың негізгі қағидаларын халық, солардың қатарында келешек маман-экологтар да, саналуан жолдармен, соның ішінде Орнықты даму концепциясының қағидаларын әртүрлі университеттік курстардың құрамына енгізу арқылы да, оқып, меңгере бастады.

Қазақстан Республикасының орнықты дамуы- мемлекеттік экологиялық саясатының мақсаты. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтың кең ауқымды және көп векторлы орнықты даму процестеріне барған сайын кеңірек араласуы, ОД саласындағы бағдарламалық құжаттар болып табылатын: «21 ғасырдың күн тәртібін» (Рио-де-Жанейро, 1992ж.), «Күн тәртібін» онан әрі жүзеге асыру бағдарламасын (1997ж.), Мыңжылдық Саммиті деклаларациясын (2000ж.), Орнықты даму бойынша Дүниежүзілік саммит шешімдерін жүзеге саыру жоспарын (Йоханнесбург, 2002ж.) орындау жөніндегі өзі қабылдаған міндеттемелер негізінде, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қол қойылған және ратификацияланған конвенциялар негізінде (биологиялық әралуандылықты сақтау және озон қабатын қорғау жөніндегі, климаттың өзгеруіне және шөлейттенуге қарсы күресу жөнінде, Орхус конфенциясы бойынша, шекаралар арқылы өтетін өзендер бойынша конвенция және т.б.) негізінде жүргізілуі тиіс.


1 тақырып: Әлеуметтік экологияның қалыптасуы және дамуы

Мақсаты: Әлеуметтік экологиямен пән ретінде танысу.Әлеуметтік экологияның қалыптасуы мен дамуың анықтау.

Жоспар:

1. Әлеуметтік экологияға ғылым саласы ретінде анықтама беру

2.Әлеуметтік экологияның пәні және міндеттері,қалыптасу тарихы

3 Әлеуметтік экологияның өзге гуманитарлық және жаратылыстану пәндерімен байланысы..
1. Әлеуметтік экологияға ғылым саласы ретінде анықтама беру.Экологиялық пәндер қаншалық әралуан болғанымен, осы күнгі экологияның барлық бағыттарының негізінде организімдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасы туралы іргелі идеялар жатыр. Дегенмен, экология іргелі биологиялық пән ретінде барлық тірі оганизімдердің өзара және қоршаған тәбиғи ортамен әсірлесуін зертейтін болса, әулеметтік экология тіршілік иелерінің бір ғана түрінің – Homo sapiens – Саналы адамның – оның коғамдық және шаурашылық дамуының әртүрлі кезіндеріндегі табиғатпен жүйелі байланыстарын зерттейді және жаратылыстаны ғылымдарының ада экологиясы деп аталатың ауқымды тармағының бір бөлігі болып табылады.

Бастапқыда «ортаның селіктивтік (сұрыптаушылық ), дистрибютивтік (реттеушілік) және аккомодациялық (биймделушілік) күштері әсер ететін, адамдардың территориялдық және уақыттық қарым – қатынастары жөнендегі ғылым » ретінде дүниеге келген әлеуметтік экология, қалыптасу мен өзің таныстырудың ұзақ жолын жүріп өтті. Өткен ғасырдың аяғына тамаң әлеуметтік экологияның егі түрлі анықтамасы қалыптасты: тар мағнада оның «адамзат қоғамның қоршаған табиғи ортамен әсерлесуі жайындағы ғылым»; кен мағнада – «жеке адамның және адамзат коғамның табиғи, әлеуметтік және мәдени ортамен әсерлесуі жайындағы ғылым» деп түсінеді. Бұл анықтаналдырдың екеунің де туйіні – адамның коршаған ортамен тарын қатынасын зерттеу. Семантиқалық бұраландарын елеменде, әлеуметтік экологияның табиғи және қоғамдық факторлардың жиынытығы болып табылатын тіршілік ету ортасының адамға әсерін, сондай – ақ, адам тіршілігінің аумағы ретінде түсінілетің қоршаған ортаға, адамның әсерін зерттейтің ғылым, - деп атауға болар еді. Кезкелген экожүйенің, соның ішінде әлеуметтік экожүйенің де, оңтайлы күйі – гомеостаз, яғни сыртқы ұйтқыларға қарсыласуы және динамикалық тепентендікті сақтауға қабілеттілігі болып табылады. Экожүйелердегі адамның өзіндік ролінің ерекшелігі – ол бір мезгілде осындай тепетендік объекті және тепетендік субъекті болып табылады. Әлеуметтік экология жаратылысы ерекше объектілердің, «екінші табиғат» деп аталып жүрген, яғни қоршаған табиғи ортамен әсерлесуші, адам қолымен жасалған мүліктік ортаның құрылымын, ерекшеліктерін және қызмет атқару тенденцияларын зерттейді. Көпшілік жағдайларда осы «екінші табиғаттың» болуы, әлеуметтік – экологиялық зерттеу объектілері болып табылатын экологиялық проблемаларды туындатады. Планета халқының шамадан тыс өсіп кетуі, табиғат ресурстарының сарқылуы, адамның тіршілік ету ортасының өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарымен ластануы, табиғи ландшафттардың бұзылуы, түр әралуандылығының кемуі сияқты проблемалардың асқынып кетуі, қоғамның экологиялық сипаттағы шынайы мәліметтер алуға және адамзат қоғамының жуық арадағы және келешектегі даму жолдары жайлы мағлұмат алуға ұмтылуына себепкер болады. Әлеуметтік экологияның бұл бөлігі қазіргі заманның негізгі парадигмасы – орнықты даму концепциясымен үндесіп жатыр. Бұл концепция дамуды «адамзаттың қазіргі заманға мұқтаждықтарын өтей отырып, келешек ұрпақтардың сыбағасына нұқсан келтірмеу, олардың өзінің өмірлік қажеттіктерін өтеу мүмкіншіліктеріне қауіп төндірмеу», - деп түсінеді. Мұны, қоршаған ортаның кейбір параметрлерінін, мысалы негізгі физикалық константалардың /ауаның, судың, топырақтың құрамы, жер бетінің механикалық қасиеттері және т. б.\, биосфераның генофондының, өзінің байырғы келбетін өзгертпеген негізгі экожүйелердің ауқымды бөліктерінің, халық денсаулығынын, уақыт өткен сайын өзінің тұрақты мәндерін сақтауы, деп түсіну қажет.

Әлеуметтік экологияның негізгі мақсаты- қоғам мен табиғат қарым-қатынастарындағы проблемаларға жан-жақты талдау жүргізу, толып жатырған экологиялық мәселелерден тек мемлекеттік саясат пен қоғамның іс-қимылдары парасаттылықпен қатар жүргізіліп, қоғамның әр мүшесінің экологиялық сана сезімі жоғары деңгейге жеткенде ғана құтылуға болатынына көз жеткізу.

Әлеуметтік экологияның негізгі міндеттері:

- әлеуметтік экологияның экологиялық пәндердің арасындағы орнын анықтау;

- адамзат өркениетінің дамуының қазіргі кезеңінде әлеуметтік экологияның сұранысқа ие болу себептерін ашып көрсету;

- адамның өзінің тіршілік ету ортасымен әсерлесуінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсету;

- адамды қоршаған ортаға антропогендік ықпал көрсетілуімен байланысты әлеуметтік проблемаларға талдау жасау;

- білім алушыларды биосфераның және адамзат өркениетінің дамуының оптимистік және пессимистік модельдерімен таныстыру;

- әртүрлі деңгейдегі биологиялық және геоэкологиялық жүйелердің орнықты қызмет атқаруының заңдылықтары жөнінде білім беру;

- халықаралық және мемлекеттік институттардың Жер Биосферасы мен оның жекеленген бөліктерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін көрсету.

Осы курстың алдында оқылуы тиіс пәндердің тізімі: Қазақстан тарихы, философия, экология, биогеохимия және экотоксикология, информатика, математика, физика, химия.

Сабақтас пәндердің тізімі: экожүйелер мен қоғамның орнықты дамуы, қоршаған орта туралы ілім, табиғатты пайдалану экономикасы, геоэкология, өнеркәсіптік экология, биологиялық экология, топырақтану, қоршаған ортаның мониторингі және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), экологиялық білім және дүниетаным, зерттеулердің биоиндикациялық әдістері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық нормалау және сараптама негіздері, менеджмент пен маркетингі экологиялық құқық негіздері.

.Әлеуметтік экологияның пәні және міндеттері,қалыптасу тарихы. Әлеуметтік экология, осы пәннің болмысына қатысты әртүрлі пікірлердің болуына қарамастан, тірішілік ету ортасының адамға және адамның тіпшілік ету ортасына әсерін зерттейтін ғылыми пән ретінде өзі шұғылданатын мәселердің шеңберін айқындан үлгерді және ТМД елдерінің бірақатар университеттерінде оқылып жүр. Жер Биосферасының ресурстарын бейберекет және шектеусіз пайдаланудың альтернативасы ретіндеге орнықты даму түжырымдамасының мойындалуына байланысты, осы тұжырымдаманың негізгі қағидаларын халық, солардың қатарына келешек маман-экологтар да, саналуан жолдармен, соның ішінде Орнықты даму концепциясының қағидаларын әртүрлі университеттік курстардың құрамына енгізу арқылы да, оқып, меңгере бастады.

3 Әлеуметтік экологияның өзге гуманитарлық және жаратылыстану пәндерімен байланысы.

Сабақтас пәндердің тізімі: біріншіден - адам экологиясы, содан кейін экожүйелер мен қоғамның орнықты дамуы, қоршаған орта туралы ілім, табиғатты пайдалану экономикасы, геоэкология, өнеркәсіптік экология, биологиялық экология, топырақтану, қоршаған ортаның мониторингі және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), экологиялық білім және дүниетаным, зерттеулердің биоиндикациялық әдістері, экологиядағы математикалық модельер, экологиялық нормалау және сараптама негіздері, менеджмент пен маркетингтегі экологиялық құқық негіздері.

Адамдар экологиясы жаңа ғылым саласы – әлеуметтік экологияның үлқен бір бөлімі болып есептеледі.

Дүние жүзіндегі ғылыми әдебиеттерде әлі тұрақты анықтамасы жоқ адамдар экологиясына әртүрлі сипаттамалар айтылып жүр. Кейбір авторлардын адамдарды тек жалпы биологиялық тұрғыдан қарап, қоғамның әлеуметтік зандарын биологиялық зандармен алмастырғылары қеледі.

Қоғамның органиқалық теориясының неғізін қалаушы Герберт Спенсер адамдарды екі топқа бөліп, біреуін қоғамның ,, ақылы,, , олар басқарушы болулары кереқ, екіншісін қоғамның ,, бұлшық еті,, , олар тек дене еңбегімен айналысулары қерек дейді. Оның айтуынша бұлай бөліну әркім ынтасына, алдына қойған мақсатына, қайсарлығына байланысты нақтылы күресте қоғамдағы тиісті орнын алады.

Р. Парк пенн Э. Бюргес осы ғасырдың 20- шы жылдары ғылымға адамдар,, экологиясы,, деген ұғым енгізді. Олардың айтуынша адамдардың қоғамдағы орны тек өмір суру үшін тартысу, арақатынастарыың негізгі түрі биологиялық бақталастық көрінеді.

70- шы жылдары адамдар экологиясында мұндай көз қарастар өзгеріп, оны тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратар өзгеріп, оны тек биологиялық тұрғыдан қарамай, жаратылыстану- экономиялық әлеуметтік ғылымдар жиынтығы ретінде танитын ғылыми еңбектер жарық көрді.

Ю. П. Лисицын /1973/, А. В. Кацура, И. В. Новак, А. Г. Воронов /1974/. О. В. Бароян /1975/, Н.Ф. Реймерс т.б. авторлар өмір суруге қолайлы жағдайларды зерттегенде адамдар экологиясы мәселенің екі жағында ескеруі қажет екенін атап көрсетті.

Біріншісі- биологиялық факторлар /климат, жер беті айырмашылықтары, ғарыштағы құбылыстар т. б. болса, екіншісі әлеуметтіқ факторлар / жаңа технология жүйесі, экономикалық қоғамдық мәселелер т. б. / болуы керек.

Соныммен адамдар экологиясы табиғаттың, ондағы құбылыстар мен өзгерістердің адамдарға жасайтын әсерін, ықпалын зерттеумен қатар адамдардынқоршаған ортаға, бүкіл табиғатқа тигізетін әсерін, пайда- зиянын үнемі тексеріп, қажетті шаралар ұсынып отыруға тиіс.



Адам экологиясы үзақ уақыт даму нәтижесінде қалыптасты. Осы даму барысында оның теориялық негіздері, ғылыми және қолданбалы міндеттерді орындаудың әдістемелік ережелері мен нақты әдістік тәсілдері қалыптасты. Антропоэкологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы адам экологиясының басқа пәндерден - табиғи және әлеуметтік географиядан, демографиядан, социологиядан, биология мен медицинадан алған зерттеу әдістерінің жетілдірілуімен және өнделуімен қатар жүрді. Адам экологиясының әдістемелік негіздерін қалыптастыру үшін оны жер бетінде адам қауымдастықтары мен табиғи кешендердің әрекеттесу процесінде қалыптасатын кеңістіктік-уақыттық жүйелердің (антропоэкожүйелердің) даму заңдары туралы ғылым, бұл жүйелерді реттеу мен басқару әдістері туралы ғылым деп ұғыну маңызды болды. Антропоэкологиялық әдістер жүйесінде табиғи, әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық саяси, экологиялық-гигиеналық және т.б. факторларды бағалау үлкен орын алады. Кейде адамдардың тіршілік әрекетіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін құбылыстар мен факторлардың тізімі бар антропоэкологиялық кадастрлар түзіледі. Бағамдаушылық зерттеулер табиғатты, шаруашылықты, халықты, медициналық-демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді жүйелеп, такырыптық картографиялаудың карқынды өсуімен өзара тығыз байланыста дамиды. Антропоэкологиялық объектілерді зерттеудің маңызды әдістемелік принципі - ең алдымен картографиялық үлгілеу. Адам экологиясында аудандастыру сияқты маңызды әдістемелік тәсіл кеңінен қолданылады. Адамның мекен ету ортасын оңтайландыру мен әлеуметтің денсаулығы деңгейін көтеру антропоэкологиялық болжау негізінде ғана мүмкін болатын келешектік бағалауды қажет етеді. Адам экологиясының ішкі дамуының күрделі процестері нәтижесінде ол қазіргі уақытта антропоэкожүйелердің ішкі қүрылымын, олардың аумақтық үштасымы мен кеністіктік-уакыттық байланыстарын зерттейтін ауқымды іргелі ғылым болып отыр. Адам экологиясындағы жүйелік түрғыдан қарау антропоэкологияның тән сипатты міндеттерін жүйенін жалпы теориясының ережелерін қолдану арқылы шешу нәтижесіңде қалыптасты. Адам экологиясындағы зерттеулердің объектісі мен заты - зерттеу бағытталган нақты бір шындык (сондай-ақ оның әр түрлі жақтары, сипаттамалары мен қатынастары). Зерттеулердің объектісі мен затын анықтау зерттеу бағдарламасын белгілеудегі алғашқы қадам болып табылады. Зерттеу объектісі әр түрлі көзқарас түрғысынан зерделенуі мүмкін. Зерттеу бағдарламасын жасаудың өзі объект зерттелуі мүмкін белгілі бір көзқарасты тиянақтауға бағытталады. Нақты ғылыми жүмысты орындау кезінде осы проблеманы зерттеу жоспарында ден қойылып отырған объектінің белгілі бір жақтарын, қасиеттерін, сипаттамаларын, ерекшеліктерін саралап көрсетеді. Басқаша айтқанда, зерттеу пәні сараланады. Зерттеу пәні (заты) - зерттелетін объектінің теориялық немесе практикалық көзқарас түрғысынан неғүрлым маңызды қасиеттері, жақтары, ерекшеліктері, сипаттамалары. Бір объектіде ғылыми-танымдық және практикалық максаттарга байланысты бірнеше зерттеу затын бөліп корсе-туге болады. Зерттелетін күбылыс өзінің функциясында және өзгеруінде, барлық анықтаушы тәуелділігі мен кешендерінде зерттелетін түтастық болып үғынылады.

Адам экологиясындағы кадастр - объектілердің немесе құбылыстардың сапалық және сандық тізімдері кіретін (бірқатар жағдайларда олардың экономикалык, демографиялық, санологиялық және физикалық-географиялық сипатта-малары қамтылатын) мәліметтердің жүйеленген жинағы. Олардың жіктелуі, ортаның жағымсыз факторлары, адам бейімделуінің жағдайлары, табиғи факторлардың маусымдық өзгеруі туралы мәліметтер кіреді. Объектілерді немесе қүбылыстарды пайдалану, адамдардың тіршілік жағдайын оңтайлау жөніндегі үсынылған шаралар, халық денсаулығының деңгейін көтеру, келешектегі зерттеулерге қажет нұсқаулар және т.б. мәліметтер туралы сипаттамалар кіруі мүмкін. Кадастр қүру - адам экологиясындағы зерттеудің техникалық тәсілдерінің бірі.

Адам экологиясындағы үлгілеу. Адам экологиясында антропо-экологиялық процестерді немесе қүбылыстарды имитациялайтын әр түрлі үлгілерді құру немесе үлгілеу әдістері кең қолданылады. Бүл кезде әр түрлі үлгілер (картаға түсіру, графиктік, математикалық үлгілер) пайдаланылады. Үлгі ретінде тақырыптық карталар өте көп қолданылады
Бақылау сұрақтары

1. Жалпы экология қандай ғылым, нені зерттейді.

2. Әлеуметтік экология нені зерттейді?

3. Әлеуметтік экологияның даму тарихы.

4.Әлеуметтік экологияның басқа пәндермен байланысы?

5.Адам экологиясының мақсаты және әлеуметтік экологияның бір саласы ретінде қалыптасуы?



2 тақырып: Адам және қоршаған орта

Мақсаты: адамның табиғатпен бірлестігін көрсету

Жоспар:

1 Адамды қоршаған орта жайлы түсінік

2 Адамның табиғи ортаға ықпалы

3 Адамның қоршаған орта элементтерімен байланысы.

4 Өмір сүру және еңбек ету ортасының бір-бірімен байланысы

5 Адамның табиғатқа тигізетін зияны
1. Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланысты болады онсыз күн көру мүмкін емес. Сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады. Табиғатта болатын заттар айналымына тоқтала келіп Ф.Энгельс былай деп көрсеткен болатын: «Өмір деген белокты дененің күн көріс түрі оның ішінде қоршаған ортамен болып жататын заттар айналымына қатысуы; егер бұл айналым тоқталып қалса онда өмірде тоқтайды.

Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне сүтқоректілер класына маймылдар отрядына оның ішінде Ескі дүние маймылдары бөлігіне гоминдтер тұқымдастығына жататыны белгілі

Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек су қоректік заттар керек олар маусымдық және тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп үйренеді температура мен күн сәулесі жарығы өзгеруіне байланысты қорғану әрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын дәлелдеп олардың табиғатқа бағынышты екенің көрсетеді. Әрине мұнан адамдардың жануарлармен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды.Керісінше, адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен паасат бар, олар үнемі пайдалы іс - әрекетпен айналысуға, өзара келісіп бірлесіп, өмір сүруге,организмдерде болмайтын ерекше әлеуметтік орта – қоғам құруға тырысады.

Олар құрған қоғамдық арақатынас қисынды,дәйекті, маөсатты және әділ болып, басқалардың арақатынасынан анағұрлым жоғары тұрады.

Табиғи ортаны өздерінің қажеттеріне жарату үшін адамдар бірлесіп, одақ құрып, ұжым ұйымдастырып ,қоғамдастықтың ерекше түрін құрып, онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Сөйтіп адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.

Сондықтан адамдар экологиясы адамдардың табиғатиен тығыз байланысты, онсыз кні жоқ екенін, олардың ақыл парасаты басқа басқа организмдерден ратық екенін ескере отырып табиғат пен қоғамның арақатынасын зерттегенде биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік проблемаларды қамтиды.

Адамдар жыл сайын күшейіп келе жатқан іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін пайда зиянын табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланып қалпына келтіріп отыру жолдары мен әдістерін адамдар экологиясы зерттейді. Оның негізгі тақырыбы – адамдар мен табиғаттын арақатынасы олардың іс-әрекетінің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны.

Демек экология тек биология мәселелерімен айналыспай әлеуметтік мәселелерді адамдардың қөзара қаиынастарын олардың қоршаған ортаға жасайтын әсерін зерттейтін болғандықтан оны тек биология саласындағы ғылымға жатқызуға болмайды.

Экологияның өзіне тән тақырыбы ғылымда бөлек орны бар, әлеуметтік мәселелерді табиғатты пайдалану проблемаларымен ұштастырып тексеретін ғылым. Адамдар экологиясы жаңа ғылым саласы- экологияның үлкен бір бөлімі болып есептеледі.

Табиғат дегеніміз не? В.И.Дальдың «Түсіндірме сөздігінде» былай деп жазылған: «табиғат – жаратылыс, барлық заттар, әлем, барлық жаратылыс... біздің әлем». «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» (2001) «табиғат» (латынша natura) деген ұғым былай деп түсіндіріледі: «заттың ең алғашқы мәнісі, сонымен қатар адамның ықпалы тимеген барлық заттардың жиынтығы». Бұл ұғым «материя» деген философиялық ұғым сияқты кең тараған.

Адам өзі табиғаттың бөлігі. Табиғат – адамның өмір сүру және әрекет жасау ортасы, оның тіршілік ету қорларының ошақтары немесе көздері, еңбек құралы, түрлену объектісі. Адамзат өзінің барлық сұраныстарын (биологиялық, ресурстық, рухани) табиғат арқылы қанағаттандырады.

Табиғи орта, былайша айтқанда, табиғат ондағы тіршілік ететін организмдерге (оның ішінде адамда) деген қарым-қатынасы болып қаралады, бұл организмдерге биологиялық түр ретінде тіршілік ету үшін жағдай жасайды.

Жаратылыстану ғылымы тарапынан қарағанда табиғатты Жердің географиялық қабықшасы ретінде түсініледі.

Жердің географиялық қабықшасы тұтас және үздіксіз немесе толассыз, материалдық жүйе, Жердің төрт қабықшасының: литосфера (тасыт қабықшасы), атмосфера (ауа қабықшасы), гидросфера (су қабықшасы), биосфера (тірі организмдер мекендеген қабыршағы) өзара әрекеттестік және өзараөту немесе ену сферасы.

Адамзат қоғамының қазіргі тарихи даму кезеңінде өзінің тіршілік ету және әрекет немесе қызмет етуінде тікелей қарым-қатынас жасайтын жер табиғатының бөлігін географиялық қабықша немесе қабық деп атайды.

«Географиялық орта» (жиі «табиғи орта» деп аталатын» ) деген ұғыммен қатар ғылымда «қоршаған орта» ұғымы енді.

Қоршаған орта — бұл табиғаттық (географиялық) және адамдардың қатысуымен пайда болған, антропогендік факторлар мен әлеуметтік элементтерден (оның ішінде әртүрлі құрылыстар, өндірістің материалдық объекттері және т.б.) тұратын жасанды ортадан тұратын адамның мекен ету және қызмет ету ортасы. Неғұрлым өндірістің даму деңгейі жоғары болса, техника және технология заманға сай болса, соғұрлым қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі масштабы және деңгейі жоғары болады.

Қоршаған табиғи ортаның жәй-күйін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығын қоршаған табиғи ортаның сапасы деп атайды.

Табиғатты қорғау – техногенді және басқада антропогендік ауыртпаушылықтар жағдайларында тірі огранизмдердің табиғи мекендеу ортасын және табиғи ресурстар жиынтығын сақтауға бағытталған қызмет немесе әрекет.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау табиғи ресурстерді қорғауға, қайта жаңғыртуға және тиімді пайдалануға, табиғи ортаны жақсартуға арналған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі, сонымен қатар ол қолданбалы экологияның бөлігі болып саналады.

Сонымен, «қоршаған табиғи ортаны қорғау» ұғымы «қоршаған ортаны қорғау» ұғымымен бірдей деуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – адамзат алдында тұрған ең маңызды проблемалар. Бұлар биосфераға, оның геохимиялық, экологиялық және басқада дамуына себепкер функцияларына және тепе-тең табиғи жәй-күйін сақтауға жоюшылық әсер ететін адамның барлық шаруашылық қызметімен тығыз байланысты. Көбінесе адамдар, өсімдіктер және жануарлардың өмір сүруіне теріс әсер етеін қоршаған орта қалыптасады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында «табиғи жағдайлар және табиғи орта» және «табиғи ресурстар» деген ұғымдар айырып танылады. Табиғи жайдайлар - өте кең ұғым, ол табиғаттың барлық аспектерін қамтиды, олар туралы адамға оның іс-әрекетіне қарамай айтылады.

Табиғи және қоршаған ортаның құрауыштары – бұл бірімен-бірі тығыз байланысқан қоршаған ортаның негізгі құрауыштары. Ортаның табиғи және антропогендік құрауыштары деп бөлінеді. Ортаның табиғи құрауыштарына жататындар жердің географиялық орны, үстіңгі қабаттың құрылысы, жергілікті климат, тау жыныстары, ауа, жер асты және жер үсті сулары, өсімдіктер және жануарлар әлемі, топырақтар, табиғи процестер мен құбылыстар. Табиғи құрауыштар бірімен-бірі заттар мен энергияның ағынымен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде ерекше орын алатындар ауа, су және биота. Олар табиғатта болатын көптеген процестерді сипаттайды, ең қозғалмалы және сонымен қатар табиғи жүйелердің ең нәзік құрама бөліктері.

Физикалық құрауыштарға адамның қатысуымен туындалған жасанды материалдық денелер, синтетикалық материалдар мен тағамдар, пәтер үйлер және өндірістік бөлмелер, адамдар ұйымдастырған коммуникациялар, өндірістік, көліктік және тұрмыстық шулар, магнит өрістері мен дірілдер.

Адамның өзі де қоршаған ортаның құрауыштары болып саналады. Қоршаған ортаға және басқада қоғамның мүшелеріне адам тура және ортаға байланысты әсер етеді.

Адамның іс-әрекетінің табиғи құрауыштарына теріс әсерлері мына бағыттарда байқалады:

• қоршаған табиғи ортаның ластануы;

• табиғи ресурстардың таусылуы;

• табиғи ортаның бұзылуы.

Мекендеу ортаның ластануы деп адамдардың денсаулығы мен өміріне, сонымен қатар оны қоршаған табиғи мекендеу ортасына қауіп төндіретін, табиғи заттар құрамының физикалық, химиялық және биологиялық өзгерістерін айтады.

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның  адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – оның бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылыды.

Материяны, табиғатты- алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер ұшін де, рух пен сананы – алғашқы материямен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ.

Адам проблемаларына Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Арестотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу.Оның “Алтын аралық”деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған.Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады.Бұлақтың екеуі де теріс қылықтар.

Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды.Құлдарды ол адамға санаған жоқ,“сөйлей білетін құлдар”деп атады.Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес,өйткені ,ол оның меншігі болып есептеледі,ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті,себебі,әкесіз бала дүниеге келмейді. Адамның ой-сезімін,мінез-құлқын тәрбиелеп,жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы,біздің әйгілі жерлесіміз Эл-Фараби болды.Эл-Фарабидің айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін максаты,үлкен игілік.Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а)ерекше жасаған дене құрылысы;ә)жан құмарлықтары;б)ой-парасаты.Адамның ақыл – ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне 18 – ғасырдағы француз ағартушылары мен марериалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөледі. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан 19 – ғасырдағы неміс философиясына ауысты.

Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мұддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адам деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырады.

Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір – бірімен қарым – қатынастағы адамдардан қүралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жәй ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес.

Адам проблемаларының диалектикалық материализм белгіленген шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізіне адамның қадір – қасиетін ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікке, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын сонды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыру керек еді.   

Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстармен қыймыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі.

Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді. Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Арестотельдің анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылық – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы катализмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, ден – ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.

Адам мен биосфераның арасындағы заңдылықты, табиғи және әлеуметтік ортаның адамға әсерін адам экологиясы зерттейді. Адам –тіршіліктің бір бөлшегі, ол биосферадан тыс жеке-дара өмір сүре алмайды. Адам кіретін гоминид тұқымдастар жердің экваторлы бөлігінде пайда болған. Ал адам туысы Оңтүстік Азия мен Африканың шығыс бөлігінде пайда болған. Бір түр ғана сақталған. Ол –Homo sapiens (ақылды адам). Түр екі түрастыға бөлінеді: неандерталь, қазіргі заманғы адам. Адамның пайда болуы - 3,5-5 млн жыл бұрын. Адам да басқа түрлер сияқты ортадан тәуелді және оған әсер етеді. Адам маңызды экологиялық факторлардың бірі-қор ресурстарының жетіспеушілігінің жолын тапты. Ол ауыл шаруашылығын ұйымдастырды, мал шаруашылығын ұйымдастырды, жер жырту 10 мың жыл бұрын. Сөйтіп адам өзінің экологиялық жүйесін құра бастадАдамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл – ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлде қайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті ме өсімдіктерді корек етіп, өсіп- өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу аркылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті.Санасезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезендерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына қөтеріле берді.

4 Адам мекендейтін жер бөлігі (эйкумена грек.т.- орын тебемін, мекендеймін) жер бетінің адамдар мекендеп пайдаланылатын бөлігі. Адам толық мекендейтін жер бөлігі және адам жартылай мекендейтін жер бөлігі болып бөлінеді. Адам толық мекендейтін жер бөлігі - халық тығыз орналасқан үнемі қарқынды пайдаланылатың құрлық бөлімі. Адам жартылай мекендейтін жер бөлігі – халық уақытша мекендейтін және уақытша пайдаланылатың аудандар Планетамыздың шөлденуіне байланысты адам жартылай мекендейтің жер бөлігі едәуір қысқарды. 1990 жылғы мәліметтер бойынша адам жартылай мекендейтің жер бөлігінің ауданы 135,8 млн.км(квадрат) орташа сыйымдылығы 5-7млрд адам деп есептелген.


жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау