А. И. Хасанова Әлеуметтік экология және тұрақты даму



жүктеу 2,47 Mb.
бет8/9
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#155
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сұрақтар:

  1. Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері қандай?

  2. Табиғатты пайдалану дегеніміз не?

Табиғатты тиімді пайдалану дегеніміз қандай

  1. Табиғатты тиімді пайдаланудың мотивтері қандай?

  2. Табиғатты қорғаудың элеуметтік-саяси аспектілері қандай мэселермен айналысады?

  3. Адамның биосфераға эсері қандай?

  4. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жіктелуін көрсетіңіз.

  5. ҚР қорықтарын сипаттаңыз.

  6. ҚР үлттық саябақтарын атаңыз.

ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерді атаңыз

Тақырып 13 Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы

Жоспар:

  1. Қазақстан су қорларының экологиялық мэселелері

  2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

  3. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.

  4. Кіші өзендерді қорғау мэселесі.

  5. Судың ластану мәселесі.

Қазақстан Республикасының түщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер - республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста - Ертіс өзені, батыста -Орал өзені, оңтүстікте - Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, эсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады жэне қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Қүсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) жэне мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % түщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден қүралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бүл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы - Ертіс өзені болып отыр. Оның сулары жоғары дэрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар - мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі



Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетің негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 жэне 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 жэне 24,9 тонна 1995ж) жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркэсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.



. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

Бүл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді эсерге үшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км үзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына экелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі эсіресе Каспийдің Солтүстік жэне Солтүстік Шығыс жағалауындағы мүнай кен орындарына төніп отыр. Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тэрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мэселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мэселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл элемдік қауымдастықтың жүмысы. 1995ж. Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бүл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық түрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылды. 2010 жылы қараша айында Бакуде Каспии маңы экологиялық жағдайына арналған конференция өткізілді. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның 'с жүзіне асуына, оның ірі мүнай-газды аймақ маңызының артуы күрделендіреді.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің үзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпакдала шөлімен, ал оңтүстік жэне оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле жэне Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының көлемі -112 км , ең үлкен тереңдігі - 26м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне - шагын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп қүяды.

Балқаш - жартылай түщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс жэне шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп қүюына байланысты түщы болған. 1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нэтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6км3/ жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ден астам төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың км2 кеміген.



Көлдің түщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (1,2-ден 1,9 г/л, ал Балқаш қаласы маңында 2,2-ден 2,3 г/л дейін). Судың минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп түсуінің артуы нэтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.

Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.



. Кіші өзендерді қорғау мэселесі.

Республикамызда 8643 түрақты жэне уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы үзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына эсіресе, Орталық жэне Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл жэне Ңұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 Шөлейт жэне шөлді аудандарда өзендер жоқ деуГе болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мең Кенді Алтайдың таулы жэне тау етегіндегі аудандарьщда түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруГа пайдалануға байланысты халық түщы судың тапшылығьің сезіп отыр. Бүл республика халқынан суды ысырапсьіз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.

Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология түрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш жэне Теңіз көлдерінің түйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл жэне Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мүзды мұхитына барып күяды.

Судың ластану мэселесі.

Ластануға судың барлық категориялары: мүхит, континенттік, жерасты сулары эр түрлі дэрежеде үшырайды. Судың, эсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мэліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам өледі де, эр түрлі дэрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.

Барлық сулардың қүрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың түздылығы эдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе кұрғак қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л түз болады. Суларда органикалық заттар мен эр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады.

Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына эр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты боладьі-Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдер1' минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар жэне тағы басқа заттар жатады (азот, фосфор жэне басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, түрмыстық қалдық, мүнай жэне мүнай өнімдері).

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын экеледі. Сулардың канализация ағысымен, түрмыстық қалдықтармен, өнеркэсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.

Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дэрежеде адам қызметі нэтижесінде ластанбаған беттік түщы су көзі жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы түсінік те алдамшы. Бүл сулардың аз ластануы олардың олиготрофтылығынан, өздігінен тазару қабілетінің элсіз болуы мен төмен температурамен теңеседі. Осы уақытқа дейін мүхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан. Қазіргі бүкіл адамзат мүхиттың дүниежүзілік қоқыс төгетін жер еместігіне көз жетіп отыр.



Атақты француздың мүхит зерттеушісі Жак Кусто егер оны уландыру тоқталмаса оның тіршілігі жойылуы мүмкін деген қауіп айтады. Қазір кең таралып отырған, қауіпті ластаушы заттарға мүнай мен мүнай өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мүхиттың суына жыл сайын 30-дан 50млн. тоннаға дейін мүнай төгіледі. Ал оның эр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мүнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік қүбылыстардың эсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.

Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне жэне ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына экеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалауда атқаратын жағалаулық экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады топырақтың бүзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, уЛьт химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шаруашылық кешендері кейбіп аймақтарда негізгі мэселе болып табылады. 100 мың ірі қар мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бап қаламен бірдей ластандырады. Мүндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттармен жэне азоттың эр түрлі қосылыстарымен, биологиялық агенттермен байланысты.

Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің не басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады. Шайынды сулар - адамның түрмыстық не өндірістік қызметінде қолданылганнан кейін шығарылатын сулар жэне елді мекендер территорияларынан, өнеркэсіптік



объектілерден жэне ауылшаруашылық өрістерден атмосфералық жауын-шашын нэтижесінде ағылатын сулар. Жер асты суларының ластану көздеріне жататындар: өнеркэсіп қалдықтарын сақтайтын орындар мен оларды көлікпен тасымалдау; коммуналдық және түрмыстық қалдықтар аккумуляциялану орындары; пестицидтермен жэне минералдық тыңайтқыштармен өңделетін ауылшаруашылық жерлер; өнеркэсіп алаңшалар, сүзу өрістері, бұрғылау үңғылары, тау-кендік жыныстық жүмыстар.

Өндірістік шайынды сулар технологиялык үрдістерде суды қолданғаннан кейін эртүрлі өнеркэсіптік объектілерден түседі. Оларға пайдалы қазбалар өндірілуінде жер бетіне сорылып шығарылатын жуынды сулар да жатады. Өндірістік жуынды суларда негізгі ластаушы заттар биоорганикалық қоспалар болады, олардың көздері содалык, күкіртқышқылдық зауыттар, шахталар, кен орындары және химиялық зауыттар болады. Осы ластаушы қоспаларға қышқылдар, сілтілер, эртүрлі металдар түздары, күкіртп қосылыстар, минералдық қалқыған заітар кіреді Целлюлоза-қағаз өнеркэсібі. Су қоймалары үшін целлюлоза-қағаз өнеркэсібінің жуынды сулары өте қауіпті. Осы мекемелердің жуындыларында агаш үгіндісі, ағаш талшықтары, шайыр болады жэне олар оттегі жүтып қышқылданады. Осы ластықтар суға үнамсыз иіс беріп, түрін өзгертеді, сулардың түбі мен жиектерінің көгеріп, саңырауқүлақтардың өсіп дамуына ықпал жасайды.

Жылу энергетикасы. ЖЭО жуынды сулары су коймалары суларынан 8-10°С жоғары жылыған болады. Су қоймалары суының температурасы көтерілгенде оларда микро жэне макро планктон, судың «гүлденуі» дамуы күшейеді, түс мен иісі өзгереді. Судың «гүлденуі» су қоймасының тайыз көк-жасыл балдырлар өсетін жерлерінде жиі кездеседі. Балдырлар шіру үрдісінде фенол, индол, скатол жэне басқа да улы заттар шығарады. ГРЭС шайынды сулары салқындату жүйелерінде, гидро-күл-шлак шығаруда, мазутпен жүмыс істейтін агрегаттардың қызған үстіңгі бетін жуғанда жабдықты химиялық жуғанда, мүнай өнімдерін пайдаланатын аппараттардың, ГРЭС аумағының жауынмен

жуылғандарынан, күл төгілген орындардың сүзінді суларынан жэне жақын жатқан аумақтардан су жиналуынан пайда болады. ГРЭС жабдықтарын жуған сулар күкірт қышқылымен, темірмен, никельмен, ванадиймен, мыспен ластанады. Қара металлургия. Қара металлургияның жуынды сулары металды майсыздандырудан жэне қышқылмен өңдеуден кейін, жуудан кейін пайда болады. Домна пештерінде жэне болат балқыту өндірісінде, ыстықтай темір созу өндірісінде жуынды ағындылар механикалық қоспалармен жэне түздармен ласталған. Металдарды эртүрлі қышқылдармен өңдегенде жоғары минералданған өңдеулік ерітінділер жэне өндірістердің көпшілігінде жуынды суларда фенолдар, роданидтер, ционидтер, сульфидтер болады.

Түсті металлургия. Түсті металлургия өндірістерінің жуынды сулары қатты минерал заттар қоспаларымен, флотациялық реагенттер қалдықтарымен ластанған. Олардың көпшілігі улы (күкірт натрий, цианидтер, ксантогенаттаг) мүнай өнімдері). Ауыр металдар иондарымен (мыс, қорғасьщ' мырыш, никель, молибден, вольфрам, сынап, кадмий) және мышьякпен, фтормен, сурьмамен, сульфаттармен хлоридтермен де ластанған.

Машина жасау. Машина жасаудың жуынды сулары эртүрлі машиналар мен аппараттарды дайындау үрдісіңде пайда болады, өйткені технологиясында жуу, майсыздандыру қышқылмен өңдеу, химиялық, гальваникалық жэне сырбояулық қаптап жабулар, созу жэне қысуда майлаулар қолданылады. Осындай өндірістердің жуынды сулары нашар ыдыратылатын бетті-белсенділік заттар, фосфаттар, органикалық заттар (бензин, үшхлорэтилен, төртхлористік көміртегі жэне басқалар), ауыр металдар түздары болуымен сипатталады.

Көмір өнеркэсібі. Көмірлік қиылыстардың жуынды
суларының сапалық қүрамы орташа түздық қүраммен жэне
қаттылығымен, қалқыған заттармен химиялық

қосылыстармен жэне микрофлорамен қомақты ластануымен сипатталады. Көмірлік қиылыстар жуындыларында көмірдің пирогендік ыдырауы нэтижесінде пайда болатын фенол болады. Карьерлік суларда күзгі кезеңде сульфаттардың, кальцийдің, магнийдің, натрийдің жэне калийдің көбеюімен байланысты минерализация жоғарылауы байқалуы мүмкін.



Судың радиоактивтік ластануы. Су қоймалары мен адамдар денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратын радиоактивтік ластанулар. Радиоактивтік ластану көздеріне ядролық жарылыстар, атом реакторларының жарылысы, радиоактивтік изотоптарды өнеркэсіпте жэне зерттеу мекемелерінде қолдану, радиоактивтік қалдықтарды көму, уран кенін тазалау бойынша жэне реакторлардың ядролык отының өңдеу бойынша зауыттар атомдық электростанциялар жатады.

Түрмыстық жуынды сулар. Түрмыстық жуьшды
сулар жоғары емес органикалық ластануымен, бірақ жоғарь
бактериалдық ластануымен жэне гельминттер жүмыртқасының жоғары мөлшері болуымен сипатталады. Қалалық жуынды суларда азот, фосфор, кадмий, жуушы заттар болады.

Ауылшаруашылық жуынды сулар. Су

коймаларының экологиялық тепе-теңдігіне ауыл

ідаруашылығының эсері күшеюде. Жаңа жерлерді егіндікке жырту, батпақтарды қүрғату, ормандарды шабу, оның ішінде кіші өзендер бассейндерінде орманды шабу өзеннің гидрогиологиялық тэртібін өзгеріске әкеледі, қайнарлар мен бұлақтардың кеуіп қалуына экеледі. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемінің, өсімдіктерді зиянкестерден жэне арамшөптен қорғау қүралдары тез өсуіне, химиялық заттарды жаңбыр суымен жуылып су қоймаларына жэне жер асты суларына түсуіне экеледі.



Жаңбырлық жэне нөсерлік ағынды сулар. Жаңбырлық сулар атмосфералық жауын-шашын түсуінің нэтижесінде пайда болады. Оларды жауындық жэне мүздық деп бөледі. Жауындық сулар категориясына егін суғару, жуу суларын жатқызуға болады. Елді мекендердің нөсерлік ағындар негізінен инертті заттар - саз, күм, көмір шаңы болады. Нөсерлік ағындарға үқсас ағындар карьерлер жасау нэтижесінде, гравийді жууда, гидравликалық эдіспен кен алу шахталары жүмысында, өнеркэсіптік өндірістердің беттік үлестерінен ластануларды жуғанда жэне ауылшаруашылық жерлерді суғарғанда болады. Осы суларда эртүрлі токсикалық заттар болуы мүмкін, олардың ішіндегі ең қауіптілері ауыр металдар иондары инсектицидтер мен пестицидтер қүрамына кіретін хлорорганикалық препараттар болады.

Судың өздігінен тазалануы. Өздігінен тазару дегеніміз табиғи физикалық, химиялық жэне биологиялық процестердің нэтижесінде гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы. Табиғаттағы сулардың өздігінен тазалануы заттардың алмасуы арқылы жүреді. Түщы сулардың өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін бактериялар, балдырлар жэне жоғарғы сатыдағы өсімдіктер Жэне омыртқасыз жануарлар сияқты организмдердің тіршілік

процесіндегі эрекеті арқылы жүзеге асады. Сондықтаң табиғатты қорғаудың міндеті - судағы осы тірщілік қатынастарын сақтап, бірқалыпты үстау болып табылады. Кез-келген су айдыны өзіне ғана тэн тірі организмдері; өсімдіктері жэне микроорганизмдері бар күрделі тіршілік жүйесі. Табиғи жағдайда суға бактериялар немесе химиялық қоспалар түсетін болса өздігінен тазалануы тез жүреді де су тазалығы бастапқы таза қалпына келеді. Мүхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді. Мысалы, осы планктондар арқылы өздігінен Байкал көлінің жылына 60 км3 суы тазаланып отырады. Планктондар органикалық, минералдық заттармен қатар суқоймаларын эртүрлі ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардан да тазалап отырады. Қара теңіз бен Каспий суын табиғи жолмен тазалап отыратын организмдер моллюск-санитар-дрейсен болып табылады. Ол өз денесі арқылы судағы органикалық қалқыма заттарды өткізіп, өзінің тіршілігіне қажетті элементтерді пайдаланып, минералдандырып қажеті жоғын ерімейтін түрге айналдырып сыртқа шығарады.

Биологиялық фактормен қатар су қоймаларының өздігінен тазалануына физикалык жэне химиялық факторлар да қатысады. Ластағыш заттардың мөлшерін төмендетуге қатысты негізгі физикалық факторларға сүйылту, еріту жэне араластыруды жатқызуға болады. Мысалы, өзеннің қарқынды ағысы қалқыма заттарды жақсылап араластырып, олардың концентрациясын төмендетеді. Өздігінен тазалану процестері жүргенде ерімейтін заттар, олардың бетіне жабысқан бактериялар салмақ күшімен су қоймаларының түбіне біртіндеп түнып отырады, кейін эртүрлі физикалық факторлар эсерінен тіршілігін жояды. Күшгі ластанған, жаңа ағыс келш қүймайтын суларда өздігінен тазару процесі ешқашанда болмайды, сондықтан лас суларды таза сумен араластыру өте қажетті жағдайларга жатады. Судың залалсыздандырылуЫ күннің ультракүлгін сэулесінің күшімен де өтеді. ФизикалЫК факторлардың ішінде су қоймшарына түсетін бактериялар мен вирустардың үзақ уақыт сақталуына қолайлы эсер тигізетін температуралық фактор. Температураның төмендеуі олардың үзақ сақталуына жағдай туғызады. Мысалы, жылы жерлерде олар 200-300 м алшақтыққа дейін жайылып жатса, солтүстікте 2000 км жерге дейін өлмей агып жүре беруі мүмкін.

Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық жэне анорганикалық заттардың тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп молшерде химиялық заттармен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бүзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін озгертеді жзне ең ақырында судың сапасын томендетеді. Табиғи түрдесудың тазалануы су айналымына да тэуелді.

Таза ауыз су проблемасы

Таза жэне қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сүраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдфде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Европа елдері қолдануда.

Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су лағдарысына алып келуде.

Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жагдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты эр түрлі аурулардан өлуде.

Қаладагы су қүбырларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады жэне қоғамдық меншікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту мен оны

қолдануға бақылау жасау тек үлттық мүдде түрғысынан ғаңа емес, халықаралық бірлестік дамытуды талап етеді.



Жер бетіндегі таза судың қоры жеткілікті көрінгенмең элемнің көп аймақтарындағы халық өте аз мөлшерде гана таза суды қолданып отыр. Әлемдегі барлық өзендердің суларының жылдық көлемі шамамен 42600 км , ал бүл 1995 жьглғьі есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600м келеді. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бүл шама жьщ сайын өзгеруде. Мысалы, 1970 жылы бүл шама 12900 болса, 2005 жылы ол 5200м -ге дейін төмендеуі мүмкін.

Жыл сайын эр түрлі өнімдермен ластанған және арнайы тазартусыз пайдалануға келмейтін су объектілерінің саны көбейіп келеді. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің қүлдырауына экеліп, табиғи судың сапасын қалпына келтіретін гидробионттардың тіршілік жағдайын қиындатады. Көп жағдайларда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана қайтадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді жэне буланып үшып кетеді. Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркэсіптік өндіріс орындары жатады.

Б¥¥ деректері бойынша елдің суға деген сүранысы су қорының 40%-тін күрайтын болса, ол жағдайда бүл елде су мэселесі пайда болады. Бүл жағдайда су мэселесі осы елдің экономикалық дамуын тежеуші факторлардың біріне айналады. Соңғы уақытта таза ауыз суды жер асты су көздерінен алып пайдалану өсіп барады. Бүл адамзаттың өмірге өте қажетті ресурстарының азаюына экелуде. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд. м таза судан айрылуда. Судың мүндай үлкен көлемі онын айналымы кезінде орнына қайтып келмейді.

Таза суға деген жетіспеушілік пен оның үқыпты түрде қолдану мэселелері бүрыннан бері адамзатты ойландыруДа> себебі бүл факторлар сол елдің тұрақты түрде дамуьшда, халқының денсаулыгында жэне түрмыстық жағдайынЫН деңгейінде, өнеркэсіп пен тамақ өндіруде маңызды роль атқарады. Болашақта бүл жағдай қиындай түсуі мүмкін. XXI ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі стратегиялық ресурсы мүнай емес, таза су болуы ғажап емес.

Деректер бойынша 2005 ж. элемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд. халық ауыз су тапшылығына тап болады. Бүл жағдай суға байланысты экологиялық жэне қоғамдық шиеленістерді қиындатады. Қазірдің өзінде Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі ауыз судың жетіспеушілігі кедейлік пен артта қалғандыққа, саяси тұрақсыздыққа экеліп отыр. Судың жетіспеушілігі этникалық жэне мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр. Египет, Судан мен Эфиопия елдері Ніл өзенінің суына таласуда. 1998 ж. жаз айларында жарты миллионға жуық палестиндерге Иордан өзенінің батыс жағалауынан су алуға кедергі жасалды, бұл Израиль мемлекетіне деген қатты наразылықты тудырды. Индия мен Бангладеш төменгі жақтарында кейде кеуіп қалатын Ганг өзенінің ағымына байланысты араздасуда. Алдағы уақытта Ресей мен Қазақстан Қытай мемлекетінің су саясатының эсерін сезінуі мүмкін. 1999 жылдан бастап Қытайда Ертіс өзенінің жоғарғы ағынын басқа жаққа бұру басталды. Қазірдің өзінде бұл өзеннің ластануы күшейіп, өзендегі су көлемі азайып келеді.

Жеке елді, аймақты таза сумен қамтамасыз ету мэселелері тек сол елге ғана қиындық экелмей бүкіл элемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да мұндай дағдарыстық жағдайларды шешу бүкілэлемдік бірлесіп іс-эрекет жасауды талап етеді. Үлкен ойшылдықпен жэне болашақтық түрғыдан суға адамзаттың негізгі стратегиялық ресурсы ретінде қарау XXI ғасырдың маңызды бағыттамаларының бірі болып түр. БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды «Халықаралық таза ауыз су жылы» деп белгіледі.



  1. Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жатады. Судың сарқылуы мэселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет суды тиімді пайдалану технологияларын қолдаңу-

  2. өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;

  3. ауыз су мақсатында берілетін суды өндіріСтік процестерде пайдаланбау. Бул эсіресе, жоғары сапалы жеп асты суларына қатысты;

  4. ауыз суды тамаққа, түрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек қубырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру жэне оның ысырап болуына жол бермеу;

  5. суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нэтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.

Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау эдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты. Суды тазарту эдістерінің ішінде биологиялық эдістер өте тиімді жэне жақсы нәтиже береді.

Қазіргі кезде халықтың өсуіне байланысты жэне оның ірі қалаларына шоғырлануы, сондай-ақ өндіріс орындарының сонда жинақталуынан суға деген сүраныс күрт өсіп кетті жэне өндірістік ағынды сулардың көлемі де көбейді. Көптеген өндіріс мекемелері осы ағынды суларды су құбырларымен өзендерге жіберіп, оларды ластайды. Осының салдарынан өзендер мен көлдердің тым ластанып кеткендігі соншалық оларды ішу жэне жүмыстық қажетке пайдалану былай түрсын, өндіріс мақсаты үшін де пайдалану қиынға соғуда. Сонымен қатар мұндай лас суларды пайдалану түрғындардын денсаулығына да зиянды эсерін тигізуде. Жер үстіндегі сулардың ластануы, эсіресе, ірі қалалар мен өндіріс кешендерінде санитарлық нормадан элдеқайда артық екендіп анықталып отыр. Мэселен, Орал, Тобыл, Есіл өзендері ағынды лас суларды көп жинайтын болғандыктан қазір қатты ластанып отыр. Сол сияқты Ертіс бассейні де экологиялык жағынан таза емес. Судың күрамында ауыр металдарДЫН (цинк, кадмий, мышьяк, фенол жэне басқалары) иондары көп, олар өзенге негізінен металлургиялық өндірістің ағынды суларымен келеді. Орталық Қазақстандағы Нүра өзенінің суында сынап өте көп. Оның күрамындағы азоты бар заттардың концентрациясы тым жоғарылап кеткен. Ал Сырдария өзені жэне Шардара су қоймаларының суларының ластануы эр түрлі улы химикаттардың эсерінен екендігі баяғыдан белгілі. Сол сияқты Балқаш көлінің суы «Балшахмед» өндірісінің улы химикаттарының ағынды суларының эсерінен ластануда. Химиялық заттарды ауыл шаруашылығына шамадан артық пайдалану жэне өндірістік ағынды, коллекторлы-дренажды суларды жаппай жіберудің салдарынан өзендерге түзды концентрация көбейді. Өзендер мен көлдердің жер асты суларының ластануы негізінен оларға ағынды лас суларды жіберуден болып отыр. Су қүбырларын көп ластайтын өндіріс орындарына целлюлоза-қағаз, химия, мүнай өндірістері, металлургиялық жэне тау-кен өндірістік мекемелері жатады.



Қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін

жоғарылаудың ең басты жолы - өндіріске ауа, топырақ жэне су күбырларының ластануын кемітетін қор сақтау, аз қалдықты жэне қалдықсыз жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу. Осындай қор сақтайтын технологияның бірі -Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетінің жасаған, суды лазермен активизациялау. Белгілі жиілікте, аз қуатпен суды лазердің сэулесі арқылы активизацияланғанда сингитті оттегі қозады, содан барып, суды тез активизациялайды.

Су қоймаларын, өзенді тазарту, мал шаруашылығына қажетті жоғары белокты жемшөп алу үшін лазерлі агрогидроэнергетикалық модуль жасалды. Мүны технологиялық жағынан сынау жэне өндіріске енгізу Алматы қаласының Сорбүлақ көлінде, Ертіс өзенінде жэне Бүқтырма су қоймасында жүргізілді. Ол үшін өзен жэне су қоймаларын тазартудың тиімділігін анықтау жүмыстары атқарылады. Бүл лазерлі агроэнергетикалық модульді қолдану арқылы биологиялық сапасы жоғары су алу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бү_л модуль судағы ауыр металдардың иондарын жэне улы органикалық заттарды айтарлықтай кемітеді. Гидроегістікке лазерді қолдану көк балаусаның

10 есе жоғарылатады, судың бактериялық ластьіғьщ 10 есе, қорғасынның иондарын 40, никельді 80, кадмийді 55 сынапты 69, фенолды 48, мысты 50%-ке қысқартуға


болатындығы дэлелденді. Суды резонансты лазерлі эдіспең өңдеу анаэробты бактериялардың жэне вирустардың өмір сүруін тоқтатады, эпидемиялық аурулардың шығу мүмкіндігін төмендетеді, хлор жэне басқа

тотықтырушыларды қолданбай-ақ судың тотықтану қасиетің жоғарылатады. Сонымен, өсімдіктерге, жануарларға жэне адамға қажетті биологиялық жоғары сапалы судың алынуына жағдай туғызады.



Қазір ауыз суға деген сүраныс күн санап өсуде. Судың, біріншіден, санитарлық жағынан сапасы жоғары болуы қажетті, екіншіден, суды үнемді пайдалану керек. Ауыл шаруашылығында егісті суарудың тиімді эдістерін қолдану қажет. Мысалы, аэрозольді эдісті қолданғанда ауа, өсімдік жэне топырақ кішігірім тамшылар арқылы бірқалыпты ылғалдандырылады.

Тағы бір айта келетін жай - ағын суларды су қүбырларына жіберіп, суды ластаған өндіріс орындары мен мекемелерді халықтың игілігіне, түрмыс қажетіне пайдаланып жүрген су қүбырларына не болса соны, яғни тамақ қалдықтарын, шөлмектер мен синтетикалық, өзен мен көл жағасына барып машиналары мен техникаларын жуып, суды ластап жэне жағадағы жасыл шөпті өртеп, ағаштарды кесіп отқа жағып, қоршаған ортаны ластап, табиғатты бүзушыларды заң жүзінде қатаң тэртіпке шақыру керек.



жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау