Бақылау сұрақтары:
1 Адамның биосферадағы орны қандай?
2 Қоректену туріне байланысты адам қандай денгейге жатады?
3 Экологиялық зандар адамға қандай ерекшелік береді?
4 Адамның табиғатпен қарым- қатынасы қандай?
5 Адамзат иарихы деген не?
6 Адамзаттың тарихы қандай кезендерге бөлінеді?
7 Ойкумена деген не?
3Тақырып: Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс.
Мақсаты: табиғат пен қоғам арасындағы байланысты қарастыру.
Жоспар:
1.Табиғат пен қоғам байланысы:тарихи аспект.
2.Аңшылық мәдениеті, аграрлық мәдениет.
3. Индустриялдық қоғам және ноосфера идеялары
4 Табиғат пайдалану қоғамның өмір сүру негізі.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады (21-сурет).
Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан, құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.
Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады. Ол негізінен өсімдіктер жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғылар, түктікеріктер және т.б.) толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.
IV Ақпараттық-экологиялық кезең
III Индустриалдық кезең
I Биогенді кезең
Е
II Аграрлық кезең
кінші аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады (б.э.д. VIII-VII ғасырлар). Бұл дәуір өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді, яғни б.э. XVII ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағынан алғанда бұл кезең кұл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кезеңі болып табылады.
Неолит дәуірінен бастап, егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады. Археологиялық және палеоботаникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын бір кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетеді.
Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенді дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады. Сондықтан егіншілік технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы туралы осы кезеңнен бастап айтуға болады.
Аграрлық кезеңнің соңы кеме қатынасымен, Жаңа дүниенің, Тынық мұхитының аралдарының ашылуымен, еуропалықтардың Үндістан мен Қытайға, Африка мен Орталық Азияға, Шығыс Сібірге енуімен сипатталады. Аталғандар Жердің табиғаты туралы, оның орман, топырақ, су ресурстары, минералдық байлықтары туралы түсініктерді өзгертті және оларды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін туғызды.
Кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен киттер мен басқа да теңіз жануарларын аулауға алып келді. Нәтижеде теңіз сүтқоректілерінің саны айтарлықтай кеми бастады.
Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол XVII ғасырдан бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және ауыл шаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерінің сапасы өзгерді.
Алғашқы кезде табиғаттағы өздігінен реттелу процестері биосфераның экожүйелерінің бұл әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ, өндірістік іс-әрекеттің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен қалпына келу қабілетін біртіндеп жойды. Биосфераның биологиялық, химиялық, физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.
ХХ ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған табиғатқа әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды. Нәтижеде табиғи ортаның сарқылуына байланысты өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни экологиялық дағдарыс байқалып отыр.
Бірақ, бұл дағдарыс биосфера тарихындағы бірінші дағдарыс емес. Н.Ф. Реймерс (1994) бірқатар экологиялық дағдарыстар мен экологиялық революцияларды бөліп көрсетеді
Өркениет тарихындағы экологиялық дағдарыстар мен революциялар
№
|
Экологиялық дағдарыстар
|
Экологиялық революциялар
|
Уақыт кезеңі, жыл бұрын
|
1.
|
Аридизация дағдарысы
|
-
|
30-50 мың жыл бұрын
|
2.
|
Жинаушылар ресурстарының дағдарысы
|
Биотехникалық революция
|
10-20 мың жыл бұрын
|
3.
|
Консументтер дағдарысы
|
Бірінші аграрлық революция,жер өңдеуге көшу
|
2мың жл бұрын
|
4.
|
Қарапайым жер өңдеудің дағдарысы
|
Екінші аграрлық революция суармайтын жерлерді өңдеу
|
150-300 жыл
|
5.
|
Өндірушілер дағдарысы
|
Өнеркәсіптік революция
|
50 жыл
|
6.
|
Редуценттер дағдарысы
|
Ғылыми-техникалық революция
|
20-30 жыл
|
7.
|
Жылулық дағдарыс
|
Энергетикалық революция
|
қазіргі уақыт
|
8.
|
Экожүйелердің ғаламдық дағдарысы
|
Экологиялық жоспарлау революциясы
|
|
Қазір қоғам мен табиғаттың өзара қатынасында индустриалдық кезеңнен ақпараттық-экологиялық (постиндустриалдық) кезеңге өтуі байқалып отыр. Бұл кезең ғаламшар ресурстарының (биосфераның көптеген зақымдануларды қалпына келтіру мүмкіндігінің) шектеулі екендігін түсінумен сипатталады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғары дәрежеде дамуы техника мен өндірістік технологияның биосфераға зиянсыз негізде дамуына мүмкіндік бере алады. Жалпы алғанда осы кезеңнің нәтижесі адамзаттың болашағын анықтайды.
Жердегі барлық биологиялық тіршіліктің, әрбір тірі организмнің ең басты қажеттілігі - өзінің ұдайы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету. Олар өздерінің тіршілік қажеттіліктерін қамтамасыз еткенде ғана өмір сүре алады. Осы мақсатта биосферада ұдайы үздіксіз зат, қуат, ақпарат алмасуы болып тұрады.
Қажеттілік – барлық тірі организмдерге тән сипат, өздерін қоршаған ортамен қарым – қатынас арқылы көрініс табады. Әрбір тірі организм өзінің қажеттіліктерін табиғаттан алады және өздері басқалардың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қажеттілік организмдердің өмір сүру ортасымен байланысын, оған тәуелділігін білдіреді. Сонымен қатар, ол табиғи ортанаң біртұтастығы. Өйткені, әрбір тірі организм өзінің қажетін табиғи ортадан алады және тіршілік әрекеттерін осыған бағыттайды.
Организмдердің дамуының жоғарғы сатысында тұрған жануарлар мен адамдардың да табиғи ортамен қарым – қатынасы – тіршілік әрекеті болып табылады. Олар өздерінің қажеттерін табиғаттан алады. Бірақ, оны қанағаттандыру үшін әрекет етуі керек. Тіршілік әрекетінің арқасында ғана табиғат қажетті қанағаттандырушы бола алады.
Өмір сүру үшін кез келген тірі организм табиғи ортадан алатын заттарға (ауаға, суға, қоректік заттарға), қуатқа (жарыққа, жылуға) және ақпаратқа қажетті. Жануарлар оларды табиғи күйінде, өзгертпей тұтынады. Олар табиғаттан алатын заттарының қуатын өзгертпейді, керісінше эволюциялық даму барысында өздері табиғи ортаға бейімделеді. Ал адамдардың олардан ерекшелігі – табиғаттан алатын заттарын, қуатын өздерінің қажеттілігіне сәйкес өзгертуге тырысады. Еңбек нәтижесінде адамдар өздерінің қажеттіліктерін өтейтін заттарды ғана өзгертіп қоймай оларды өзгертетін құрал саймандар жасайды. Сонымен, жануарлардың табиғатпен қарым – қатынасы біржақты, ал дадмдардың қатынасы екіжақты болады. Жануарларды табиғат қалыптастырады. Адамдар мен табиғат бір – бірін қалыптастырады.
Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жануарлар табиғатпен тікелій қарым – қатынаста болады. Өмір сүру үшін олар тек қана өздерінің көру, есту, сезу қабілетіне, бұлшық ет күшіне, тісіне, тырнағына, қанатына сенеді.
Адамдар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр – түрлі еңбек құралдарын жасайды және оған өзінен басқа адамдар қатысады. Сөйтіп өндірістік процессте қоғамдық қатынастар қалыптасады. Еңбек әрқашан қоғамдық сипатта болады, яғни еңбек қоғамда жасалады және қоғамдық еңбек нәтижесін пайдаланады. Еңбек және ол тудыратын қоғамдық қатынастар, адамдар мен табиғатты байланыстырушы болады.Адамдардың қоғамдық еңбекке бейімділігі олардың жануарлардан басты ерекшелігі болып табылады.
Еңбекпен табиғи ресурстарды өзгертіп, оны өзінің қажетіне бейімдеп, адамдар өздерінің өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, еңбектің нәтижесінде адамдар өздерінің қабілеттерін қажеттіліктерін жетілдіреді, тәжірибе жинақтайды, өздерін әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастырады. Әлеуметтік қатынастар адамдардың дамуының басты негізі болып табылады. Адамдар тек қана биологиялық тұлға болып қалмай, тарихи дамитын әлеуметтік тұлғаға айналады.
Адамдардың тіршілік әрекеті тек қана өмір сүру емес, басқа да көптеген мәселелермен байланысты. Адамдар табиғи ортамен қатар әлеуметтік ортаға бейімделеді. Адамдардың биологиялық және әлеуметтік бейімделуі ылғи үйлесе бермейді, қайшылық та болады.
Адам және олардың өмір сүру ортасы – көпжақты, әр-түрлі, алуан сипатты ішкі және сыртқы байланыстағы элементтер жүйесі болып табылады. Адамдарды табиғи ортамен байланыстыратын барлық қажеттіліктерді санап шығу мүмкін емес, бірақ олардың негізгі түрлерін атауға болады.
1.Биологиялық қажеттіліктер – адамдардың биологиялық түр ретінде өсіп - өнуін қамтамасыз ететін қажеттіліктер. Оларға жататындар:
қолайлы қоршаған ортаға қажеттілік;
табиғат ортамен зат, энергия және ақпарат алмасу қажеттілігі;
2.Әлеуметтік қажеттіліктер – адамдардың әлеуметтік тұлға ретінде өсіп - өнуін қамтамасыз ететін қажеттіліктер.Олар:
барлық әрекет түрлеріне қажеттілік;
өзі текстерімен байланыстың барлықтүрлеріне қажеттілік.
Адамдардың қажеттіліктерінбұлай сұрыптау, әрине кез еклген сұрыптаулар сияқты, шартты өмірде адамдар қажеттіліктері біртұтас бір – бірінен ажыратылмайды. Тіршілігін және әрекеттерін қамтамасыз ету үшін адамдар барлық қажеттіліктерін мейлінше толық қанағаттандыруға тырысады. Өмірлік қажеттіліктердің біреуінің орындалмауы немесе толық орындалмауы организмдердің тіршілігін нашарлатады немесе тоқтатады.
Биологиялық қажеттіліктерді бір – бірімен алмастыруға болмайды. Ал әләуметтік қажеттіліктердің екйбіреуінің орындалмауынбасқа түрімен жабуға болады, организм өзін біршама қолайсыздық түрінде сезінеді, бірақ тіршілігі жойылмайды.
Биологиялық қажеттіліктер және оларды қанағаттандыру - өмірдің алғы шарты. Биологиялық қажеттілік барлық тірі организмдерге тән, сондықтан ол адамдардың ерекшелігі емес. Әйткенмен, нақ осы биологиялық қажеттіліктер адамзаттың даму тарихында әлеуметтік қажеттіліктің тууына себепші болды.
Адамдардың қажеттіліктері ұзақ уақыт қалыптасқан жүйе. Өмірге қажетті заттарды, қуатты ақпаратты алып тұру адамдардың еңбек етуге қажеттілігін туғызады. Еңбек адамдардың тарихи дамуының алғышарты және нәтижесі болып табылады. Г.Гегельдің сөзімен айтқанда, еңбек қажеттілікті қанағаттандыру құралы, ал қажеттіліктер еңбектің бастауы болады. Сондықтан Ф.Энгельс «Адамды адам қылған – еңбек» - деп айтқан.
Табиғи ортамен қатынасында адамдар тек қана өздерін қоршаған ортаны өзгертіп қана қоймай өздерін де өзгертеді. Олар қоршаған ортаға анатомиялық және психологиялық тұрғыдан бейімделеді. Біртіндеп қажеттіліктеріне оларды қанағаттандырушы органдары сәйкестендіреді. Қолмен еңбек ету қажеттілігінен адамдар екі аяқпен жүруге көшті және бұл олардың бұрынғыдан гөрі кеңістікті жақсы шолуына жол ашты. Адамдардың келесі даму сатыларында қолы еңбек құралдарын ұстауға, олармен еңбек етуге бейімделді, көру, есту, сезіну органдары жетіліп жаңа қажеттіліктерге бейімделе бастады. Қоғамдық еңбек адамдардың бір – бірімен сөйлесу қажеттілігін туғызды. Олар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірлесіп еңбек етуге мәжбүр болды. Сөйлесу, ақпарат алмасу нәтижесінде ойлау қабілеті де жетілдірілді. Сонымен әлеуметтік қпжеттіліктер пайда болды.
Биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін туындағанәлеуметтік қежеттіліктер біртіндеп жетілдіріліп, өз кезегінде биологиялық қажеттіліктерге өзгерістер әкелді. Мұндай өзгерістер бүгінгі күні де жалғасуда.Биологиялық қажеттіліктің мағынасы бұрынғыдай болғанымен оны қанағаттандыру түрі өзгерді. Мысалы, атмосфералық жауын – шашыннан, температураның өзгерістерінен (ыстық – суығынан) қоғану үшін тұрғын үйге қажеттілік сақталады. Бірақ осы қажеттілікті қанағаттандыру түрлері өзгерді. Алғашқы адамдар қарапайым үңгірлермен, баспанамен қанағаттанса, қазіргі адамдарға барлық комуналдық қызметтермен жабдықталған қолайлы пәтер, жеке үй керек. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі адамдардың биологиялық өзгерістерін тудырады. Мысалы, физиологтар адамның асқазанында тұқым қуалайтын өзгерістер болғанын айтады. Қазіргі адамдардың асқазаны пісірілген (жұмсақ) тамаққа бейімделген, бұрыгғыдай тұрпайы, шикі асты қорыта алмайды.
Биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсаты – адамдардың өсіп - өнуі, тіршілігі. Былайша айтқанда адамдардың өмір сүруі және дамуы осы мақсатта бағытталған. Бұл мақсат адамдарды жаңа қажеттіліктерге ұмтылдырады және олар осы жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын жетілдіруге тырысады.
Қажеттіліктің артуы – адамдардың және адамзат қоғамының оларды басқа жануарлардан ерекшелендіретін маңызды қасиеті. Бұл жалпы адамзатқа тән заңдылық барлық даму кезінде барлық халықтың тарихында болды және бола береді.
Өркениеттің дамуы адамдардың артып отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын дамытумен келеді. Бұрын пайдаланылмаған бұйымдар қазәр өмірлік қажеттіліктерге айналды. Қазіргі адамдар бұрыңғыдай телефонсыз, теледидарсыз радиосыз және т.б. тұрмыста қолданатын заттарсыз тұра алмайды. Жаңа қажеттіліктің ашылуы оның өндіріске тұрмысқа енгізілуі барған сайын тездеп келеді.
Қоғамның дамуының алғашқы кезеңінде адамдардың табиғи ортаға, оны өзгертуге ықпалы өте нашар болады. Адамдар табиғат күштеріне бағынышты болды, табиғат апаттарынан қорғануға әлсіз болды. Өмір сүру үшін оған табиғат күштерімен күресуге тура келді. Уақыт өткен сайын адамдардың табиғи ортамен қарым – қатынасы өзгерді. Ғылыми – техникалық жетістіктер адамдардың мүмкіндігін орасан арттырды. Оған бүгін тамақтану үшін аңға шығудың қажеті жоқ. Жыртқыш аңдар оның өміріне қауіп төндірмейді. Орта ғасырда миллиондардың өмірін қиған көптеген індет аурулар артта қалды. Тіпті адамзат қоғамында тіршілікке бейімделу табиғи сұрыптау заңдылығы да табиғи сипатын әлсіретіп, әлеуметтік сипатқа ие болды.
Адамдар еңбек құралдарын, қоғамдық қатынастарды жетілдіру арқасында табиғат апаттарын ауыздықтау жолында едәуір жетістіктерге жетті. Бірақ бұл табиғатпен қатынастың негізін өзгерткен жоқ, адамдар бұрынғыша өздерінің қажеттіліктерін табиғаттан алады, табиғи ортада өмір сүреді, тек табиғатты пайдалану арқылы ғана өмір сүреді. Адамдар өздерінің ең жетілген құрал – саймандарын жасау үшін керкгінің бәрін табиғаттан алады. Өндірістің дамуы артқан сайын табиғаттан алатын заттар артады, яғни табиғат пен қоғамның байланысы күшейе түсетіні ақиқат.Біздің табиғтқа тәуелділігіміз кемімейді, керісінше өседі
.
Бақылау сұрақтары:
1. Биосферадағы адамның ролі қандай?
2.Биосфера жағдайының адам денсаулығына қандай әсер етеді?
3.Адам денсаулығы мен қоғам денсаулығының айырмашылығы
4. Қоғам денсаулығы дегенді қалай түсінесіз?
5. Адам денсаулығына зиян тигізетің факторлар
4 тақырып: Адамзаттың жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.
Мақсаты: Адамзаттың жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларың қарастыру
Жоспар:
1Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары.
2 Халық санының өсуі. Демографиялық жағдай
3Ресурстық тоқырау, ортаның қарсыласу әрекетінің өсуі, гендегі өзгерістер
Адамдар ерте заманнан табиғат рессурстарын өздерініғ керегінежаратып келеді. Ол кезде табиғат байлықтары мол,ал оны жұмсау аз болғандықтан адамдар олардың орнын толтыру, қалпына келтіру сияқты мәселелерге көп көңіл бөлмейтін. Кесілген ағаш орнына бірнеше жылдан соң басқа ағаш өсіп, ауланған балық орнын уылдырықтан өскен басқа балықтар толтырып, лайланған сулар өзен, көл, теңіз суларымен араласып тазарып жататын. Адамдардан келген залалдарды табиғат өз күшімен жойып, біртіндеп қалпына келетін.
Қазір жағдай тіпті басқаша болды. Ғылым мен техника жетістіктерімен қаруланған адамдар үлкен кшке айналды. Оның үстіне адамдардың саны көбейіп табиғат байлықтарын пайдалану да бірнеше өсті.
Адамдардың іс-әрекеті, милиондаған жылдар бойы қалыптасқан теңдесікті бұзып, қоршаған ортаны аздырып,енді һздерінің өмірлеріне қауіпті бола бастады. Табиғи ортаны бұзудың бүлдірудің мөлшері өте үлкен болғандықтан жасалған зиянды табиғат өз кшімен жоя алмайтын, өздігімен бұрынғы қалпына келе алмайтын күйге түсті. Дүние жүзінде әрбір 14-15 жылда өндірістік өнім шығару екі есе өсіп отырады. Ол үшін қажетті шикізатты, құрылыс материалын, азық түлікті т.б. адамдар табиғаттан алады. Сһйтіп 15-20 жылда табиғат рессурстарын – пайдалану да екі есе өсіп отырады. Ал табиғат байлықтары болса мұндай қысқы мерзім ішінде қалпына келмейді орны толмайды. Сондықтан жыл сайын қолда бар қорлар азайып, кейбір түрлері таусыла бастады.
Көп ғасырлар бойы табиғатқа «Қожалық етіп» билік жүргізуге үйренген адамдар оның байлықтарын есепсіз, қисапсыз жұмсап, шашып-төгіп қазіргі экологиялық дағдарысқа әкелді. Өмір сүруге қажетті кеңістіктің тарлығын табиғат байлықтарының таусылатының адамдар енді түсіне бастады.
Ерте заман адаидары келешегін ойлауды, іс-+әрекеттінің зардабы қандай болатынын күн ілгері болжауды біле белмейтін, ол үшін оларды кінәләуға құқығымыз жоқ. Оның үстіне табиғатқа келген зиян сол бойда көрінбей, ондаған жылдар өткесін барып біліне бастайтынын да ескерген жөн. Табиғат ресурстарын пайдаланғанда адамдар алдарына белгілі бір мақсат қояды да, соған тезірек жету жолын ойлайды. Бірақ осы орындалған мақсат қоғамға, табиғатқа қосымша қандай, біздің ойымызға келмеген залал әкелетінін ескермейді. Ф. Энгельс « Табиғат диалектикасы» деген еңбегінде ойланбай істелген бір іс туралы мысал келтіреді: «адамдар Месопотомияда, Грекияда, Кіші Азияда және басқа ерлерде ағаштарды тамырымен жұлып, жыртатын жер әзірлегенде, ылғал жинайтын және сақтайтын ормандардан айырылған осы елдердің қазіргі шөлейт өңірге айналуы сол кезден басталғаны олардың тұсіне де кірмеген болар» деп одан әрі қарай «испандық плантаторлар ойланбастан Кубаның тау бауырындағы ағаштарын өртеп олардың күліне аз уақыт кофе ағаштарын өсіріп пайда тапқанда да тропиктік нөсер ашылып қалған топырақты жуып әкетіп өздерінен кейін жалаңаш жартастар қалатынына қынжылған жоқ» депи көрсеткен болатын. Табиғат байлықтарын пайдалануға қалыптасқан қате көзқарас салдарынан қазбалы кеңдер мен тұщы сулар қорлары өсімдіктер мен жануарлар дниесі азайып жақын арада таусылып біту қаупі кшейе түсуде. Оған қосымша қоршаған ортаның шектен тыс ластануы да кең қанат жаюда, ірі өндіріс орталықтарында ауаның топырақтың судың ластануы адамдардың денсаулығына зиянды әсерін тигізе бастады.
Табиғат байлықтары елдің экономикалық және әлеуметтік өркендеуіне зор әсер етеді, оларды қорғау, ұтымды пайдалану мемлекеттәк маңызы бар мәселе болып саналады.
Қайталанбайтын табиғи ресурстар тобына минералды шикізаттарлың барлық түрі кіреді. Олар ұзақ геологиялық мерзімде, милиондаған жылдарда пайда болған. Сондықтан орны толмайтын ресурстарға өте ұйытқы болып, кең қазғанда түгел алуға, шашып-төкпеуге, құрамындағы барлық падалы заттарды пайдалануға тырысу керек. Осы кезге дейін біздегі ғылым мен техниканың артта қалуына байланысты көптеген пайдалы заттарды айырып алу жолын білмейміз. Оларды қалдық ретінде далаға тастаймыз.
Қара түсті металдарды қазғанда 15-25 процентті жер қойнауында, тас көмірдің 40 проценті шахтада, мұнайдың 56 проценті, калий тұздары мен слюданың 80 проценті жер астында қалып қояды. Қазбалы кеңдердің құрамында 10-15ке жуық пайдалы заттар болады. Оларды өндегенде 1-2 ін ғана аламыз да қалғаның өндіріс қалдықтары ретінде тау-тау қылып үйіп қоямыз. Осындай көріністі Рудный, Теміртау, Шымкент, Жамбыл, Жезқазған, Текелі, Балқаш, Өскемен, Ақтөбе т.б. қалаларда кездестіруге болады.
Табиғатта қалдық болмайды.Адамдар болса жыл сайынбірнеше миллиард тонна қалдықтар жасап үлгіруде. Пайдалы заттарды толықтай айырып алуды білмеу салдарынан кең қазуға оны өндеуге жұмсалған күш пен қаражат зая кетіп пайда орнына зиян шегудеміз. Көп күш және қаражат шығарылып қазылған кеңдердің көпшілігі қалдыққа кетсе ондағы бағалы заттарды пайдалана алмай басқа жерде сондай кен алу үшін жаңа кәсіп орын салсақ немесе оны шеттен сатып алсақ ұтымды еңбек жасадық деуге қыйсын шамалы. Сөйтіп барымызды шашып –тқгіп, тез таусып келесі ұрпаққа қиянат жасаймыз.
Қайталанатын табиғи рессурстар тобына негізінен биологиялық ресурстар кіреді. Олар жануарлар өсімдіктер, кейбір өздігінен тұнатын тұздар, құнарлы топырақ, өзен суларлы өзен. Белгілі бір шаралар қолданып бұл ресурстарды қайталап өсіріп, орнын толтырып отыруға болады. Мысалы өзен сулары бір жылда 32 рет қайталанып орны толады. Құнарлы топырақ қайталанылатын табиғи ресурстар қатарына қосылғанмен, ол қалпына келу үшін өте көп уақыт керек. Қалындығы 2см құнарлы топырақ пайда болу үшін әр түрлі жағрапиялық белдеулерден 300 ден 1000 жылға дейін уақыт кететінін ұмытпаған дұрыс. Таусылмайтын рессурстар тобына түрлі энергия қуаттарын беретін жер қойнауының жылуы, жер асты ыстық сулар, күн сәулесі теңіз суының жағаға соғып кері серпілуі, термоядролық реакция жіне ауа мен су қорлары кіреді. Бұлар үнемі қайталанып отыратындықтан олардың қоры мол таусылмайтын ресурс болып саналады. Бірақ адамдардың іс әрекетінен олардың кейбіреулері ластанып пайдалануға жарамай қалуы да мүмкін.
Қазіргі ең маңызды мәселе – табиғат байлықтарының тапшылығы мен проценттен ас жолдары. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 70 проценттен астамы іске қосылды. Қалғандары сортаң , тұзды, құнарлы, қабаты жұқа жерлер. Оларды пайдаланып, өнім алу шін шығын шығаруы керек. Жыл сайын ормандардың жарты өсімі кесіліп жатады. Балықтардың жылдық өсімінің 70 проценті ұсталады. Дүние жүзі өзендеріндегі су қорының 10 проценті жұмсалады. Басқа сөзбен айтқанда негізі қайталанатын табиғи ресурстарын пайдалану өзінің шегіне жетті. Келешекте абайлап алдын-артын ойлап жұмсамасақ , қажетті шараларды уақытында қолданып отырмасақ табиғатқа орны толмас зиян келтіріп, һзімізге керекті заттарды түбегейлі жоғалтып алуымыз мүмкін.
Дамыған елдер өздерінің табиғи байлықтарын түгел пайдаланса дамушы елдерде әзірше пайдаланылмай жатқан рессурстар бар. Міне осы байлық оларды қызықтырып мазалауда. Жыл сайын 120 миллиард тонна кен қазылады, келесі 10-15 жылда бұл мөлшерінің 1000 миллиард тоннаға жететін түрі бар.
Кейбір авторлардың болжауы бойынша қазбалы кеңдерді пайдалану осы қарқанмен жүргізілі берсе дүние жүзіндегі күмістің қоры 19 жылды, мыс 20, қорғасын 23, қалайы 35, Көмір мұнай, газ 150, темір 250 жылда таусылып болады. Әрине бұл болжамдар қазіргі белгілі қорларға қатысты айтылған. Жер шарында әліде зерттелмеген аймақтар бар, жер қыртысының тек 5км-ге дейінгі тереңдігі зерттеліп оннан терең қабаттарында зерттеу жұмыстары жақында басталғанын айтсақ қазбалы кендердің құрамындағы бағалы заттарды айыруды үйренсек бұл болжаулар қате болуы да мүмкін. Қалай болған да да табиғат рессурстарының тапшы екенін ескеріп, оларды ұтымды пайдалануды, бағалы заттарды қалдыққа жібермеуді ойластырған жөн.
Қазіргі биосфераның қалыптасуы ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфера эволюциясы дегеніміз- түрлердің және олардың ара қатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары.
Биосфера эволюциясы биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және дұрысын айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген. Биоталық эволюциядан бұрынғы кезеңнің біртіндеп алмасып отырған сатылары: 1) Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі(шамамен 4,5 млрд жыл бұрын). Алғашқыда пайда болған атмосфераның температурачы жоғары, тез қалпына келетін болған, сутектен, азоттан, су буынан, метаннан, аммиактан, инертті газдардан құрылған, көміртек оксидінің, сутекті цианнің, формальдегид пен басқа жай қосылыстардың болуы мүмкін. 2) Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттектердің абиоталық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құралды, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүреді. 3) Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртектің, азоттың, сутектің, оттектің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсулері арқылы органикалық қосылыстар түзілген. 4) Бұл төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады, себебі жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы эволюцияның басқарушысы саналы адамның пайда болуы. Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөлуге болады: 1) Адамзаттың биосфераға әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған. 2) Адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін, бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған. 3)Табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған. 4)Жерді жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген. 5)Биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.
Сонымен, адамның іс-әрекетінің әсерімен биосферада болатын негізгі өзгерістер түріне мыналар жатады: 1. Жердің беткі қабатының құрылымының өзгеруі (даланы жырту, орманды кесу, жасанды көл т.б.). 2.Биосфера құрамын , оны құратын заттектердің балансы мен айналымын өзгерту (кен қазбаларды жер қойнауынан алу, үйінділер жасау, ылғалдылық айналымын өзгерту т.б.). 3. Кейбір организдер түрлерін жою арқылы немесе жануарлардың жаңа тұқымдары мен өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарып, оларды жаңа мекендейтін орындарға ауыстыру арқылы биотаға өзгерістер енгізу. 4. Жер шарының кейбір аудандарындағы және ғаламшар деңгейіндегі энергиялық балансты өзгерту.
Адам-жер бетіндегі тірі ағзалардың ең жоғары даму сатысы. Ол И.Т.Фроловтың айтуы бойынша «биосоциалдық нәрсе». Тіршіліктің басқа формаларымен генетикалық байланыста болғанымен, еібек нәтижесінде, сана мен сөйлеу нәтижесінде адам табиғаттың ерекше бөлігі. Адам биологиялық түр ретінде де, әлеуметтік тұлға ретінде де екі жақты қарастырылады. Сондықтан адамға биологиялық адаптация мен қатар әлеуметтік адаптация да қажет. Әлеуметтік адаптацияға- өзара қарым-қатынас, қоғамның нормаларын сақтау, білім алу т.б. жатады. Биологиялық адаптация биологиялық түрді ғана сақтап қоймай, әлеуметтік факторлардың өсу барысында әлеуметтік функцияларды да сақтауғіға ұмтылады. әлеуметтік функциялардың экологиялық мәні маңызды. Адам мен биосфераның арасындағы заңдылықты, табиғи және әлеуметтік ортаның адамға әсерін адам экологиясы зерттейді. Адам –тіршіліктің бір бөлшегі, ол биосферадан тыс жеке-дара өмір сүре алмайды. Адам кіретін гоминид тұқымдастар жердің экваторлы бөлігінде пайда болған. Ал адам туысы Оңтүстік Азия мен Африканың шығыс бөлігінде пайда болған. Бір түр ғана сақталған. Ол –Homo sapiens (ақылды адам). Түр екі түрастыға бөлінеді: неандерталь, қазіргі заманғы адам. Адамның пайда болуы - 3,5-5 млн жыл бұрын. Адам да басқа түрлер сияқты ортадан тәуелді және оған әсер етеді. Адам маңызды экологиялық факторлардың бірі-қор ресурстарының жетіспеушілігінің жолын тапты. Ол ауыл шаруашылығын ұйымдастырды, мал шаруашылығын ұйымдастырды, жер жырту 10 мың жыл бұрын. Сөйтіп адам өзінің экологиялық жүйесін құра бастады.
Генетикалық бағдарлама. ДНҚ молекуласында жазылған Homo sapiens, оны биологиялық түр ретінде анықтайды, және ең бағалы табиғи ресурстардың бірі болып табылады. Адам ДНҚ-сындағы генетикалық процестер басқа тірі организмдердегі сияқты: 1. мутациялық процесс.Табиғи жағдайында радиация популяция өміріне әсер етпейді. Бірақ адам қоршаған ортаға ядролық энергия мен химиялық қосылыстарды (мутациялық белсенділігі күшті), табиғатта кездеспейтін химиялық қосылыстарды ойлап шығарды. 2. гендер миграциясы. 3. гендер дрейфі (адам үшін қашықтық мәселе емес, сондықтан гендік дрейф популяция динамикасы сияқты өз мәнін жоғалтады). 4. табиғи іріктеу. Медицина жетістіктеріне, әлеуметтік қайтатүзілудің әсерінен, айтарлықтай төмендеп кетті. Дегенмен де адам биоәлеуметтік тұлға бола отырып, барлық тірі ағзаға тән жалпы биологиялық заңдылықтардан ажырап кетпейді, яғни шамамен 50 пайызы табиғи түрде сақлалады.
Генофонд-гендердің жиынтығы (кез-келген биологиялық түр үшін). Әр түрлі әлеуметтік жағдайлар белгілі бір генотипі бар адамдардың қалыптасуына әкеледі. Гендердің ары қарайғы дамуы қоғам мен адамның өзіне байланысты. Бастапқыда Homo sapiens жануарлар әлемі сияқты экожүйенің реттеуші факторларына бағынды. Шектеуші басты факторлардың бірі-гипердинамия және тойып тамақтанбау болды. Өлу жағдайларындағы басты себеп-патогендік (ауру туғызатын) әсерлер болды. Әсіресе инфекциялық аурулар көп орын алды.
Адамдардың жасанды ортаға бейімделуі аурулар арқылы өтеді. Аурудың пайда болуының басты себептері: гипердинамия, тойып тамақтанбау, стресс т.б. Медико-билогиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтік-экологиялық факторлар мынадай тенденцияларға көбірек әсер етеді:1. акселерация процесі. 2. биоритмнің бұзылуы. 3. аллергия. 4. онкологиялық аурулардың өсуі. 5. инфекциялық патология. 6. тіршіліктегі абиологиялық тенденция.
Акселерация - бұл биологиялық нормамен салыстырғанда жеке дене мүшелерінің немесе ағза бөлімдерінің тез, ерте дамуы.
Аллергия - ағзаның белгілі бір затты жағымсыз қабылдауы. Бұл зат-аллерген деп аталады (жай, күрделі минералды немесе органикалық заттар).
Ісік-жаңа түзіліс, ұлпаның артық патологиялық өскіні. Олар зиянсыз, зиянды болып екіге бөлінеді. Мысалы рак ауруы канцероген деп аталатын белгілі бір зат әсерінен пайда болады. Қоршаған ортаға адамдар тастаған тірі ағзаларға зиянды бөгде заттар – ксенобиотиктер деп аталады.бұл заттар келесі топтарға бөлінеді: 1. канцерогенді заттар (рак ауруын тудырады) немесе канцерогендер. 2. мутагендер(мутациялық өзгеру) хромосома санының және құрамының өзгеруін тудырады. 3. тератогендер-ағзаның жеке дамуында құбыжықтық жағдайға әкеледі. 4. эмбриогендер – эмбриондық даму сатысында патологиялық өзгерістер тудыратын заттар. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде пайда болған аурулар тобын – техногенді аурулар деп атады. Бұлар:сатуризм (қорғасынмен улану), ита-ита (кадмий әсері), минамата(сынап қосылыстарының әсері). ХХ ғасыр барлық елдерде өзіндік ұзаққа созылатын әртүрлі аурулардың пайда болуымен есте қалды. Мұндай аурулардың пайда болу факторлары: қазіргі заманғы өркениет, стресс, ластану салдарынан тамақ құрамының бұзылуы, техногендік әсерлер, табиғи биоритмдердің бұзылуы т.б. Бір сөзбен, өркениет аурулары деп атайды.
Халық денсаулығы, генофондтың сақталуы белгілі бір дәрежеде шикізат пен таамақ өнімдерінің дұрыстығына байланысты. Адам мен табиғат арасында белгілі бір парадокс бар. Бір жағынан адам-табиғаттың бір бөлігі, екінші жағынан қоршаған ортаның біраз бөлігі адамның өз қолымен жасалған.Алайда адамның қоршаған ортаға араласуы, ақыр соңында биологиялық түр ретіндегі оның денсаулығының төмендеуіне әкеп соқты. Осыдан келіп адамды қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын медицина міндеттері туындайды.
Көптеген органикалыық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Бұл топқа бңр немесе бңрнеше көмңртегі атомдары хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорлы бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид) және тетрахлорэтилен. Бұл топқа өте улы зат-диоксиндер де жатады. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ең күштілерінің бірі. Диоксин әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі шамамен қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. Формальдегид химия өндірісінің мағызды өнімдерінің бірі болып табылады. Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адаммен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. жатады. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, імайда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзады жинақталуының негізгі көзі-отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар т.б. қорғасынның негізгі көзі-автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты, қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау. Кадмий – ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. «Ита-ита» ауруын туғызады. Сынап қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүниежүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың тоннадан астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық қосылыстары ағза үшін өте улы және қауіпті. Асбест соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы-асбестоз ауруын туғызады. өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі. Нитраттардың негізгі көзі- нитрат анионы бар минералдық тыңайтқыштар. Нитраттар әсіресе жылыжайларда өсірілген дақылдарда көп болады. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериялардың әсерінен жеңіл нитриттерге өтеді. Нитриттер асқазан сөліндегі аминдермен әрекеттесіп, нитрозаминдар түзеді. Нитрозаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен әрекеттесіп, екі валентті темірді, үш валентті темірге айналдырады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин деп атайды. Ол оттегін тасымалдауға қабілетсіз, ұлпалар тұншығып, циноз ауруын туғызады. Азықтық қоспалар мал шаруашылық өнімдерін консервілеу кезінде кеңінен қолданылады. Оларға дәрілік заттар, әр түрлі консерванттар, бояулар, өнімдердің сыртқы түрін жақсартатын органикалық және минералдық заттар жатады. Ет пен балықты тұздағанда нитриттер қолданылады. Олар еттің табиғи түсін сақтайды және бактериалды улардың енуіне кедергі келтіреді. Қазіргі кезде жүздеген азықтық қоспалар қолданылады. Олардың көпшілігі адам денсаулығы үшін зиянды. Мысалы, азоттық бояулар тәттілерге, кремдерге қосылады. Олар адамда астма ауруын туғызады. Сондай-ақ күкірт диоксиді де осындай әсер етеді. Оны кептірілген жемістер, шарап және басқа өнімдерге антитоксикант ретінде қосады.
Қазіргі кездегі адамның экологилық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе-бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы әсерінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қазіргі кездегі қала-күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономико-географиялық, инженерлік-құрылыс, сәулеттік факторлардың әсерінен, қоршаған экономикалық кеңістік пен табиғи ортаның алуан түрлі өзара әсерлері нәтижесінде қалыптасады. Көбінесе, қалалармен қоғамдық процестің көптеген белгілерін байланыстырады. Бірақ қала өркениеті-қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілдеуіне әкелгенмен, коммуникация тығыздығы, әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері-тек барлық жағынан қолайлы орта емес. Қала ортасы адамның басты сапасы-оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибтация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы-осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бжөлігі демалысын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық қысым артады да, олар қаланың жалғасына айналады.
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді.
Өнеркісібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20-25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В.Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды - өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды ... Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» - деді.
Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны ХІХ-ХХ ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230 доллар), планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық.
Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік – экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.
Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз.
Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ, жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді.
Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен – 2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің – 2/3 астам бөлігін, энергияны пайдаланудың ¾ көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдердың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен 3/4 бөлігін шығарады. Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың көп білігін және галогенді көмірсулардың 90%-ке жуығын береді.
Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі – қоршаған орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет. Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгіленген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айппұл төлейді. Бірақ, іс жүзінде бұл талаптар тек өзінің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз елінің территориясынан жүздеген, мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғалмайды.
Дүние жүзіндегі қаржы айналымды 1980-1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге – 49 млрд. доллар, дамушы елдерден дамыған елдерге – 242 млрд. доллар. Олай болса, табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жіберді.
Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер –кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. астам. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10-100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107-104 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны – соңғы санға жақын.
Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Homo erectus) 100 мың болған, Homo sapiens пайда болуына қарай – шамамен 500 мың; 30-20 мың жыл бұрын – шамамен 5 млн.
Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр.
БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді.
ХХ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 53,3 млн. болса, 60-жылдарда – 66,7 млн., 70-жылдарда – 70,3 млн., 80-жылдарда – 86,4 млн. адам Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады.
1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24,6‰ дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8‰ болса, табиғи өсім коэффициенті – 14,8‰ құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады.
Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған
Дүние жүзінің кейбір ірі елдері үшін халық санының жағдайы мен өсуінің болжамы (млн. адам)
Елдер
|
1993
|
2025
|
Қытай
Үндістан
Индонезия
Бразилия
Нигерия
|
1200
900
190
150
120
|
1500
1400
280
220
290
|
Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек – ХІХ ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән.
Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады.
Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халықтың осімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен ХХ ғасырдың ортасында өтіп кетті.
Екінші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.
Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын.
Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
1970-1975 ж.-2,0%.
1980-1985 ж.-1,7%.
ылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. 5арлык су суармалы жерлерге жүмсалды.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі эсер етіп отырады. Қазір ауа райының континенталдығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5-2 С-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Бүрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 г/л болса, казір ол 2,5 г/л жеткен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше эсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.
Бүгінде жер бетінің бір шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса ол бүкіл планетаға эсер етеді. Соның ішінде Арал мэселесі ерекше. Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шапшып жатқан теңіз бүгінде эбден кеуіп, қүрғап, өлі денеге айналуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66 мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнде 20 мың шаршы шақырымга жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі түздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың түзы таза табиғи түз емес, қүрамында тыңайтқыштар мен пестицидтердің қалдықтары, тіпті гексахлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі Қозғалыста болады. Сол арқьшы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданга таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табанынан көтерілген түзды шаң аУаның ағымымен соңғы жылдары «Памир» сілемдеріндегі %вдықтарды да еріте бастады. Бүдан келіп сол таулардың %зар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның қүрамьіңда ондаған мың түйір шаң тозаң болады.
Жалпы деректер бойынша, жер шарындағы өлім-жетімнің 6 пайызы бүгінде қоршаған орта ластануы эсеріңең болып отыр. Жүздеген мың адамның денсаулығы табиғат үйлесімсіздігінен нашарлап барады. Қазір элемде жүреқ талмасы, ми-қан айналымының бүзылуынан, ақыл-естен айырылатын аурулардың саны өршей түсті.
Күні кеше осы Арал мэселесін елбасымыз Н.Назарбаев түрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл элемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мэселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мүның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан "Арал тағдыры-элем тағдыры" деу де артық емес.
3. Қала экологиясы.
Қалалардың саны мен олардың түрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «игЬз» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада түруға үмтылуы, қаладағы түрмысты үнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей - ақ «өзіміздің» Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация эсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркэсіп жэне қатынас кэсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954 ж) қалалар саны, онын ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың түрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада түратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы түрғындар саны көп артуы ықтимал. Бүл эрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқыньй тығыздығы, эсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200-ден аса адам келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті. Бүл эрине бүгінгі мэселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бүруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркэсіппен аЙналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байкалуда. Мысал үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық түрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркэсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бүл негізінен біздің байлығымыз эрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бүл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бүзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат үйымының мэліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа қүрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде үшырасады. Өнеркэсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында түманның түсетіндігі, ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |