Қазақстанның экологиялық ластанған аймақтары



жүктеу 22,05 Kb.
Дата19.06.2023
өлшемі22,05 Kb.
#43011
реферат


Қазақстанның экологиялық ластанған аймақтары

Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе — табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.Ұлттық өнімнің шамамен 16%-ын береді. Каспий маңы аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры — 3-3,5 млрд. тонна және газдың — 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. Жылда елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізіледі, жақында одан да артады.

Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м3 серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен, парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.

Еліміздің Шығыс облыстары да ластанған аймаққа жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер — қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғауға алынған территориялардың жет-кіліксіздігі

Еліміздің Солтүстік,Абай және Шығыс облыстар — Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4 млн.га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50%-ын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.

Ертіс — Нұра — Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары — негізгі су көзі.

Републикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Абай облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.


Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді Ертіс және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәспітік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық су беруді жоспар-лау, Қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.

Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәспі қалдықтары (елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мыңға жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің суын пайдалану, 25 жылдан бері сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мг/кг құраған.

Ертіс өзеніне жалпы ластануы керосиннің төгілуі қауіпі төндіруде.

Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен, формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.

Семей ядролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га территорияда радиоактивті жауын-шашын түскен.

1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы (елдің ормандарының 10%-дан астамы) өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы — 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
Оңтүстік аймақтар. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер — су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды су-лармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бүзылуы. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн, негізгі ңызметі — ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт континенталды шөл аймағында жатыр. Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауларындагы тоғайлы ормандар жойыла бастады.
Кіші өзендерді қорғау мәселесі. Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нүра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13—0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалық өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудан-дарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылыгын сезіп отыр. Бұл республика халңынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.

Кіші өзендер кіші дегі аталғанмен, олардың экология түрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр.



Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь—Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мүхитына барып құяды.
Республикамыздың экологиялық ластанған аймақтарын реттеу үшін мемлекетіміздің әр азаматы үлес қосса экология тазаланады деп сенемін.
жүктеу 22,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау