Шығыс қазақстан облысы ауыл жастарының МҰҚтаждықтарын бағалау



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
Дата01.01.2020
өлшемі0,74 Mb.
#25766


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

 АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ 

МҰҚТАЖДЫҚТАРЫН БАҒАЛАУ

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры 




Ауыл жастарының мұқтаждықтарын зерттеу «СҚО белсенді жастары» жастар 

қоғамдық бірлестігі мен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) 

бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. 

«СҚО белсенді жастары» ЖҚБ барлық зерттеуге қатысушыларға: сауалнамаға 

қатысқан балалар мен жастарға, сауалдама мен топтардағы фокус-

пікірталастарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен мемлекеттік органдардың 

өкілдеріне (әсіресе Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) аудандарының ішкі са-

ясат бөлімдеріне), базасында мақсатты топтармен жұмыс жүргізілген оқу 

орындарының әкімшіліктеріне алғыс білдіреді. 

«СҚО белсенді жастары» ЖҚБ туралы

«СҚО белсенді жастары» ЖҚБ 2006 жылы құрылды; әділет органдарында 

29.12.2007ж. ресми тіркелді. Ұйымның миссиясы: азаматтардың әлеуметтік 

белсенділігін арттыру; халықтың әлеуметтік-осал топтарының, оның ішінде 

балалар мен жастардың құқықтарын қорғау; өңірдің үкіметтік емес секторын 

дамыту, оқытып-үйрететін әс-шаралар өткізу арқылы мемлекеттік басқарудың 

тиімді модельдерін, зерттеу қызметін, адвокасиді ілгері жылжыту. Қазіргі кез-

де ұйым жергілікті және республикалық заң шығарушы және атқарушы билік 

органдарымен, халықаралық ұйымдармен және республиканың үкіметтік емес 

секторларының өкілдерімен тығыз ынтымақтастықты жолға қойды.  

Байланыс жасау үшін тұлғалар

Сергей Белов, «СҚО белсенді жастары» ЖҚБ төрағасы

Наталья Кудинова, жобаларды үйлестіруші 

Тел/факс.: 8 (7152) 37 39 59; 

Ұялы.: +7 777 33 555 66 (Сергей Белов); +7 777 33 871 34 (Наталья Кудинова)

E-mail: ngo.activeyouth@gmail.com



ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 

АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ 

МҰҚТАЖДЫҚТАРЫН БАҒАЛАУ

Есепті «Солтүстік Қазақстан 

облысының (СҚО) белсенді жастары» 

жастар қоғамдық бірлестігі (ЖҚБ) 

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар 

Ұйымының Балаларқорымен 

(ЮНИСЕФ) бірлескен жоба аясында 

дайындаған 

2013 жыл


2

МАЗМҰНЫ

1.  КІРІСПЕ БӨЛІМ 

3

2.  НЕГІЗГІ ЕСЕП 

6

2.1. ТҮЙІН 

6

2.2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ 

7

2.3. ЖАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ 

10

2.4. НЕҒҰРЛЫМ МАҢЫЗДЫ САЛАЛАР /ЖАСТАР 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 13

2.5. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 

ЖАСТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК 

ҚЫЗМЕТТЕР 16

3.  АУЫЛ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАСТАР 

ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША 

ҰСЫНЫМДАР 19


3

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Осы есепте нәтижелері көрсетілген зерттеу Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік жастар саясаты үшін маңызды кезең болып табылатын кезеңде 

өткізілді: 2012 жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым министрлігінің құрамында Жастар ісі жөніндегі комитет және бейінді 

мемлекеттік органдар – Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар 

құрылды. Осы уақытта мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар нысанындағы 

жастарға арналған алғашқы ресурстық орталықтар ашыла бастады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 

қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 

бағыты» атты Жолдауында «Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері, ауылдық 

жерлердегі аз қамтылған отбасыларынан шыққан жастардың жол ақылары мен 

жатақханаларда тұруын субсидиялау, жатақханалар желілерін дамыту арқылы 

білім алуына қол жетімділігін кеңейту қажет» екенін атап көрсетті. Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» 

Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «ба-

лалар қоғамымыздың ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға 

тиіс емес» екені аталып өтілді. Қалыптасып отырған жағдайда зерттеулер жүргізу 

ресурстық орталықтар қызметінің басымдықтарын анықтау мен мемлекеттік ор-

гандар мен мекемелердің жас адамдардың мұқтаждықтарына сәйкес келетін 

жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 

Ауыл жастарының мұқтаждықтарын зерттеу Қазақстандағы БҰҰ Балалар 

қоры (ЮНИСЕФ) мен «СҚО белсенді жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің 

ынтымақтастығының нәтижесі болып табылды. 

Шығыс Қазақстан облысының жасөспірімдері мен жастарының пікірлерін зерт-

теу аталған өңірдің балаларына, жасөспірімдеріне және жастарына арналған 

сапалы, тиімді, қолжетімді, қорғау және алдын алу іс-шараларын қамтамасыз 

етуге, оның ішінде ауыл жастары үшін ресурстық орталықтар ұйымдастыруға 

жәрдемдесу бойынша ЮНИСЕФ қызметі аясында өтті. 

Зерттеу ресурстық орталықтарға арналған ұсынымдар әзірлеу үшін мақсатты 

топтарға жүргізілетін (10 жастан 29 жасқа дейінгі балалар мен жастар) сауал-

дамадан, мүдделі мемлекеттік органдармен жүргізілетін консультациялар мен 

сұхбаттардан және аудандардың белсенді жастарымен жүргізілетін фокус-топ 

талқылаудан тұрды. Респонденттерден сауалдама алу өңірдің демографиялық, 

аумақтық және әлеуметтік ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілді. 



4

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасы 10-нан 29-ға дейінгі 

жасөспірімдер мен жастардың жалпы саны 431 692 адамды құрады. Зерттеуде 

техникалық тапсырмаға сәйкес облыстың алты ауданында (Абай, Аягөз, Жарма, 

Қатонқарағай, Зырян және Риддер қ.) тұратын 109 307 жас адамға басым назар 

аударылды (01.01.2011ж.). Оның үстіне сауалдама респонденттерге сауалнама 

жүргізу үшін мекемені немесе оқу орнын кездейсоқ таңдау әдісін қолдана оты-

рып, аудан орталықтарында көбірек жүргізілді. 

ШҚО жастарының мұқтаждықтарына бағалау жүргізудегі негізгі 

мақсат жас адамдардың нақты мұқтаждықтарын анықтау болды, оны 

қанағаттандыруға құрылып жатқан жастар орталықтары мен жергілікті билік 

органдарының жұмыстары бағытталуы тиіс. Қандай да бір бағдарламаны не-

месе жобаны іске асыруды жоспарлау тұрғысынан қарағанда, мақсатты 

топтардың мұқтаждықтарын зерттеу ойластырылған қызметтің әсері мен 

бенефициарлардың қанағаттандырылу деңгейі байланысты болып келетін 

негізгі құрамдас бөлік болып табылады. Балалардың дамуы үшін өмір сүру са-

пасы мен шарттарына ауылдардың және кенттердің болашағы мен көші-қон 

қарқындылығы байланысты болып келетін мұндай зерттеулерді ауылдық жер-

лерде жүргізу әсіресе маңызды. 

Осы есепті дайындау барысында авторлар Қазақстан Республикасының 

заңнамалары мен халықаралық нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген 

мынадай терминдер мен ұғымдарға сүйенді:  



Бала 

– он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам («Қазақстан Республикасындағы 

баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). 

Жасөспірімдік жас 

– адамның балалықтан кеткен, бірақ әлі ересектер 

қатарына өтпеген, тұлғаның бойында зор физикалық және психологиялық 

өзгерістер өтіп жататын кезең. Жасөспірім әлеуметтік күтулер мен қабылдауда 

болатын өзгерістерге қатты алаңдайды. Бұл, дұрысында, баланың тіркелген 

жасы емес, даму фазасы (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы). 



Жасөспірімдер 

– 10-нан 19 жасқа дейінгі адамдар. Бұл термин ерте, орта 

және жоғары жасөспірімдік жасты білдіреді (Дүниежүзілік денсаулық сақтау 

ұйымы).


Жас адамдар 

– 10-нан 24 жасқа дейінгі адамдар (Дүниежүзілік денсаулық 

сақтау ұйымы).

Жастар 

– 15-тен 24-жасқа дейінгі адамдар (Дүниежүзілік денсаулық сақтау 

ұйымы).

Жастар 

– Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа 

дейінгі азаматтары (2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Мемлекеттік жастар сая-

саты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы). 



Ауыл жастары 

– ауылдық жерлерде тұратын жастар.



Жас отбасы 

– ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған 

не балаларды (баланы) тәрбиелейтiн ата-ананың бiреуi жиырма тоғыз жасқа 

толмаған толық емес отбасы, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр 

әйел) отбасы; 



5

Мемлекеттік жастар саясаты 

– мемлекет жүзеге асыратын және жастарды 

қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық 

және құқықтық шаралар жүйесi (2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 «Мемлекеттік 

жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер 

– жастарға медициналық, 

психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек 

көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу 

жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар (2004 

жылғы 7 шілдедегі № 581 «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан 

Республикасының Заңы).

Жастар ұйымы 

– негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн 

және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де 

мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып 

табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды 

тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында 

құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым (2004 жылғы 7 шілдедегі 

№ 581 «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңы).

Мұқтаждық 

– тірі организмнің объективті тіршілік ету мен даму жағдайларына 

тәуелділігін білдіретін күй, қалып, ол тірі организмнің белсенділігінің алуан 

түрлі нысандарының көзі болып табылады (ВИКИПЕДИЯ еркін энциклопеди-

ясы).

Әлеуметтік қызмет 

– жалпы және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтер 

көрсететін субъектілердің өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) 

белгілі бір әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметі 

(«Әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ту-

ралы» 2008 жылғы 30 маусымдағы №656 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

қаулысы). Әлеуметтік қызметтерге медициналық қызметтер, мәдениет, туризм, 

білім беру және т.б. жөніндегі қызметтер кіреді. 



Халықтың әлеуметтік осал жіктері 

– айрықша әлеуметтік қолдауға мұқтаж 

егде жастағы адамдар, мүгедектер, өмірлік қиын жағдайда қалған адамдар; 

психологиялық-неврологиялық аурулармен ауыратын балалар мен 18 жастан 

асқан адамдар және халықтың мақсатты топтарының өзге өкілдері (Қазақстан 

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011-2015 

жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1507 қаулысы).  




6

2. НЕГІЗГІ ЕСЕП

2.1. ТҮЙІН

Тұтастай алғанда, зерттеу нәтижелері Шығыс Қазақстан облысының зерттеу-

ге алынған аудандарында тұратын жас адамдардың мүдделері бір әрі бір-біріне 

ұқсас мәселелерге алаңдайтынын көрсетті: жасөспірімдерді 14 жасқа дейін жеке 

басына қатысты мәселелер, оның ішінде қарама-қарсы жыныстағылармен өзара 

қарым-қатынасы, мектептегі оқу үлгерімі, шығармашылық даму мен психологиялық 

қолдауға қажеттілікті сезіну мәселелері алаңдатады. Бұлардан гөрі ересек жастар 

жұмысқа тұру, баспаналы болу, елді мекендерде демалыс орындарының болма-

уы, денсаулықтарын нығайту қажеттілігі мәселелеріне алаңдаушылық танытады. 

Жас адамдар үшін отбасымен және айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынас 

жасау, өзінің айналысатын кәсібін анықтау, бос уақытының болмауы және оны 

ұтымды ұйымдастыра білмеу маңызды салалар болып табылады. 

Респонденттер алғысы келетін негізгі әлеуметтік қызметтердің арасынан мы-

наларды бөліп көрсетуге болады: жастардың жұмысқа орналасуына және 

баспана мәселелерін шешуіне жәрдемдесу, кәсіп таңдауға көмектесу, мек-

теп бағдарламасындағы пәндер мен шет тілдерін үйрену курстары бойынша 

қосымша сабақтар ұйымдастыру, медициналық және заң мәселелері бойынша 

консультациялар беру, жастардың сауығын ұйымдастыру. 

Уақыт өткізу сипатына қарамастан, жасөспірімдердің орта есеппен алғанда 70-

80%-ы өздерінің әдетте қалай көңіл көтеретініне, дем алатынына, дене және 

ақыл-ойын дамытумен айналысатынына риза. Бос уақыттарын қызықты әрі пай-

далы етіп өткізеді. Оларға елді мекендерде жұмыс істейтін спорт секциялары, 

шығармашылыққа және зияткерлікке баулитын үйірмелер көмектесетіні сөзсіз. 

Зерттеуді жас адамдар бүге-шігесіне дейін фокус-топ талқылауы аясында 

талқылады: неғұрлым қызықты ұсыныстар орталықтардың жұмыс нысандары-

на және ауыл жастарының басында бар қиындықтардың себептеріне қатысты 

болды. Зырян қаласындағы мектеп оқушысы былай дейді: «Біз, жастар, кешкісін 

жиналып, бір-бірімізбен араласып, кофе ішіп отыратын орын болса дейміз». 

Аудандардың біріндегі жастар үйінің директоры: «Біз Жастар үйінің жұмысын 

тек аудан орталағанда ғана емес, ауданның басқа ауылдарында да жолға 

қойғымыз келеді. Ол үшін әдіскерлеріміз бен мамандарымыздың елді мекен-

дерге кез келген уақытта бару мүмкіндігі болуы үшін бізге көлік қажет». Ішкі 

істер бөлімінің маманы: «Біздің қаламызда спорт секциялары жақсы дамыған, 

шаңғышылар халықаралық ареналарға шығып, медальдарды жеңіп алуда. 

Қаламыжғаны жастар үшін қиындық баспанаға қол жеткізу мүмкіндігінің бол-

мауы, оның жетіспеушілігі мен қымбаттығы болып отыр».

Осы есепте берілген зерттеу нәтижелері және әзірленген ұсынымдар жастарға 

арналған орталықтар жұмысының әдістері мен нысандарын жоспарлаған кезде 

ұсынымдар ретінде қызмет етуі мүмкін.  



7

2.2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен құрылған «СҚО 

белсенді жастары» жастар қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облысындағы 

жастардың мұқтаждықтарын бағалау бойынша зерттеу жүргізді.  



Аталған зерттеудің мақсаты: 

Шығыс Қазақстан облысының алты 

ауданындағы (Абай, Аягөз, Қатон-Қарағай, Зырян, Жарма аудандары мен Рид-

дер қ.) ауыл жастарының мұқтаждықтарын бағалау. 



Зерттеу міндеттері:

1.  Жасы 10-нан 29-ға дейінгі жасөспірімдер мен жас адамдардың қызмет 

түрлері мен басқа да қолдау түрлеріне мұқтаждықтарын, ересек өмірге, 

отбасылық және қоғамдық өмірге енуге дайындықтарын, зерттеу бары-

сында анықталған басқа да мәселелерді анықтау мақсатында олардың 

мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінің жасқа және жынысқа байланысты 

ерекшеліктері туралы түсінік алу. 

2. Жастардың көрсетілетін қызмет пен қолдау (орталықтардың өздерін 

қоса алғанда және тек оларды ғана емес) форматы және оның іс жүзінде 

жүзеге асырылу мәселелері бойынша пайымдаулары мен басым бағалайтын 

мәселелері туралы түсінік алу. 

3. Жастарға арналған ресурстық орталықтардың жұмыс сапасын және 

қолжетімділігін жақсарту мақсатында отбасылық, жергілікті, аудандық 

және облыстық деңгейлерде жасөспірімдер мен жастар контингентінің 

өздерінің алаңдаушылығын тудыратын мәселелерді шешуге тікелей және 

елеулі түрде қатысуын қамтамасыз ету тәсілдері мен жастарды тарту 

мәселесін қалай пайымдайтыны туралы түсінік алу. 

4.  Қазіргі кезде түрлі мекемелерде көрсетіліп үлгерген (мысалы, мектептер-

де, елді мекендер деңгейінде және т.б.) қызметтер мен бағдарламалар 

саласындағы барлық «иә» мен «жоқ» туралы түсінік алу. 

5.  Жергілікті әкімшілік органдардың, қолдау көрсету қызметін ұсынушылардың, 

егер мүмкін болса, ата-аналардың күткен үміттер, сондай-ақ осындай 

қызметтерге ауыл жастарының мұқтаждықтары мен қажеттіліктері туралы 

пайымдаулары бойынша түсінік алу. 

6. Жас, жыныс және жергілікті (өңірлік) контекст ерекшеліктерін еске-

ре отырып, жастармен жұмыс саласында өңірлік (облыстық), жергілікті 

(аудандық) басымдықтар (саяси, стратегиялық, бағдарламалық және басқа 

деңгейлерде) туралы түсінік алу. 

7.  Ауылдағы жасөспірімдер мен жастардың жағдайларын жақсарту үшін жа-

стар орталықтары тарапынан көрсетілетін жәрдемдесу және қолдау шара-

ларын қоса алғанда, талап етілетін араласу және саясат шараларын, қысқа 

– орта – ұзақ мерзімді басымдықтарды бөліп көрсете отырып, жастарға 

арналған ауылдық ресурстық орталықтарды жоспарлау мен ұйымдастыру 

бойынша жалпы және айрықша нақты ұсынымдар дайындау. Мүмкіндігінше, 

ШҚО-да ЮНИСЕФ-тің қолдауымен іске асырылуы мүмкін бағдарламалық 

және коммуникациялық стратегиялар бойынша ұсынымдар әзірленуге тиіс.  

Бұл зерттеу жастармен жұмысты ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік орган-

дар мен мекемелер, әсіресе, аудандардағы жаңадан құрылып жатқан жастар 




8

бастамалары орталықтары үшін арнайы өткізілді. Зерттеу нәтижелері, оның 

ішінде жас адамдардың мұқтаждықтары туралы ақпарат жұмыс жоспарын 

құру, жастарға көмек көрсету әдістемесін таңдау және мақсатты топтармен 

өзара іс-қимыл нысандарын анықтау үшін статистикалық және ақпараттық 

негіз ретінде қызмет ете алады. Балалар мен жас адамдарға жүргізілген сауал-

дама қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар жастар орталықтарының 

қызметкерлері мен әдіскерлеріне мейлінше пайдалы болмақ. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп әзірленген Ынтымақтастық 

бағдарламасына сәйкес ЮНИСЕФ ауыл жастарына арналған орталықтарды 

ұйымдастыруға жәрдемдеседі. «СҚО белсенді жастары» ЖҚБ ЮНИСЕФ-пен 

ынтымақтастық туралы келісім аясында аталған мақсатты топтың – ШҚО 

ауылдық жерлерінде тұратын жастардың мұқтаждықтарына бағалау жүргізді. 

Аталған зерттеудің нәтижелері орталықтардың жұмыс жасау әдістері мен 

түрлерін дұрыс жоспарлауға және мамандардың құрамын дұрыс анықтауға 

мүмкіндік береді. Зерттеу облыстың пилоттық аудандарындағы жасы 10-нан 

29-ға дейінгі жасөспірімдер мен жас адамдар арасында сауалнама жүргізуден, 

жастармен жұмыс жүргізуге жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің 

өкілдерімен құрылымданған сұхбат жүргізуден, сондай-ақ жас тұрғындармен 

фокус-топтардағы талқылаулардан тұрады. Жоба аясында барлығы 800 ре-

спондентен сауалнама алынды, 35 құрылымданған сұхбат алынды, Зырян және 

Жарма аудандарында екі фокус-топтарда талқылаулар жүргізілді. 

Жаппай сауалдаманы іріктеу аудандардағы халық санын ескере отырып жасал-

ды; сауалнама жүргізілген мекеме кездейсоқ анықталды («атына қарап таңдау 

әдісімен»). Барлық сұхбаттар жобаның мынадай мақсатты топтарымен - ШҚО 

жастар саясаты жөніндегі басқарманың, аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің 

қызметкерлерімен, құрылған жастар бастамалары орталықтарының 

әдіскерлерімен және басшыларымен жүргізілді.

1-кесте. Іріктеу құрамы

Жасөспірімдер мен жастардың жас 

санаттары

Жасөспірімдер мен жастардың 

әлеуметтік санаттары

10-14 жастағы 

жасөспірімдер

276


35%

Мектеп оқушылары

520

65%


15-19 жастағы 

жасөспірімдер

334

42%


К о л л е д ж / л и ц е й 

оқушылары

64

8%

20-19 жастағы жастар



189

23%


ЖОО студенттері

96

12%



БАРЛЫҒЫ

799


100% Жұмыс істейтін жастар

119


15%

1-кесте іріктеудің егжей-тегжейлі құрамдас бөліктерін – респонденттердің жас 

және әлеуметтік сипатын көрсетеді. Іріктеу құрамы өңірдің демографиялық 

құрылымын нақты көрсетеді. Респонденттердің арасында 15-19 жастағы жас 

адамдар мен мектеп оқушылары басым. 20-29 жастағы жас ерекшелігі тобындағы 

сұралғандар мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері, жеке 

компаниялар мен фермерлік шаруашылықтардың жұмысшылары болып табы-

лады. Жынысына келер болсақ: 59% - әйел адамдар және 41% – ер адамдар 

(1-суретті қараңыз. Респонденттердің жынысына қатысты сипаттамасы). 



9

Абай


Аягөз

Жарма


Зырян

Қатон Қарағай

Риддер қ.

7%

19%

21%

16%

14%

23%

2-сурет. Аудандар бойынша респонденттер үлесі

Аумақтық тиістілігіне байланысты: 

респонденттердің 7%-ы – Абай ау-

данынан, 19%-ы – Аягөз, 16%-ы 

–Зырян, 21%-ы – Жарма, 14%-ы – 

Қатон-Қарағай, 23%-ы – Риддер қ. 

(2-суретті қараңыз. ШҚО аудандары 

бойынша респонденттердің үлесі). 

Сауалдамаға қатысқан жас 

адамдардың барлығы дерлік аудан 

орталықтарының тұрғындары бо-

лып табылады, респонденттердің 

құрамына балалар мен жастардың 

әлеуметтік осал санаттары – қолайсыз, 

аз қамтылған және көп балалы отбасылардың өкілдері кірген. Әлеуметтік мекеме-

лерде (интернаттарда, балалар үйлерінде, сәбилер үйлерінде) тәрбиеленушілер 

сауалдамаға қатысқан жоқ. Зерттеудің негізгі міндеті жастардың мұқтаждықтарын 

респонденттерді әлеуметтік санаттарға жіктемей, тұтас мұқтаждықтарын анықтау 

болғандықтан, респонденттердің баспана жағдайлары бақыланбаған. 

Білім беру деңгейіне келсек, респонденттердің көпшілігінің жас ерекшеліктеріне 

қарай не орта, не жоғары білімдері бар. Мектеп оқушыларының 88%-ы жоғары 

оқу орындарына түсіп, оны аяқтауды жоспарлаған, 14 жасқа толмаған балалардың 

12%-ы одан әрі баруды және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды көздеп 

отыр. Жоғары оқу орындары студенттері мен жұмысшы жастар өкілдерінің 

30%-ы магистратура және аспирантура бітіріп, ғылыми дәреже алғысы келеді. 

Аумақтық тиістілігі мен тұрғылықты жерлерінің, алатын білімдері мен 

тәрбиесінің қаладан айырмашылығына байланысты ауыл жастары халықтың 

әлеуметтік құрылымында айрықша орын алады. Ауылдық жерлерде тұратын 

жас адамдар қызметінің сипаты мен мазмұны оларға әлеуметтенудің белгілі бір 

модельдерін ұсынатын әлеуметтік ортаның жағдайларына тікелей байланысты. 

Осыған байланысты қоғам мен мемлекеттік органдар ұрпақтардың алмасуын-

да елеулі рөл атқаратын маңызды субъектілер ретінде балалар мен жастарды 

үйлесімді дамыту үшін ауыл аумақтарын дамытумен және инфрақұрылымды 

құрумен тұрақты айналысуға тиіс. Бұл мәселе әсіресе ауылдар мен селолар тек 

облыс орталығы Өскеменнен ғана емес, аудан орталықтарынан да айтарлықтай 

қашық орналасқан Шығыс Қазақстан облысы үшін айрықша маңызды.  

 

ер адамдар 



әйел адамдар

41%

59%

1-сурет. Респонденттердің жынысқа 

қатысты сипаттамасы



10

2.3. ЖАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ 

МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ

Шығыс Қазақстан облысы жастарының 

мұқтаждықтары, қажеттіліктері мен 

мүдделері елді мекендердегі жастардың 

жас ерекшеліктеріне және әлеуметтік 

нақтылықтарына сәйкес келеді. 

Жасөспірімдердің шамамен 25%-ы үй 

тапсырмасын дайындау кезіндегі көмекке 

мұқтаж; ауылдарда білім беру үйірмелері 

не жұмыс істемейді, немесе балалар олар 

туралы білмейді. Ақылы білім беру кур-

старына ауылдық жерлердің балаларының қолдары жете бермейді. 

Жасы 10-нан 14-ке дейінгі жас 

адамдардың төрттен біріне жуығын 

дерлік жеке сипаттағы мәселелер 

толғандырады (жынысы қарама-

қарсы жас адамдармен қарым-

қатынас жасау мәселесі). Бұл де-

ректер жыныстық тұрғыдан жетілу 

кезеңінің сипаттамасына сай 

келеді. Психологиялық көмек алуға 

мұқтаждықтың болуы да осы кезеңнің 

ерекшеліктерімен байланысты болуы 

мүмкін, оны жасөспірімдердің ша-

мамен 15%-ы атап көрсеткен. Оның 

үстіне балалар мектептің штаттағы психологтарына сенбейді, олардың біліктілігі 

мен жұмыстарында құпиялылықтың сақталатынына көздері жетпейді. Олар 

тәуелсіз, келіп-кетуші мамандарға, сондай-ақ бейінді жастар қызметтерінің 

қызметкерлерінен кеңес сұрауға дайын. 

Респонденттердің 30%-ға дерлігі дене дамуына деген қажеттілікті маңызды 

деп санайды: 10-14 жастағы балалар бұқаралық немесе кәсіби спортпен 

айналысқысы келеді. Оның үстіне бұл мұқтаждық спорттың және спорттық 

инфрақұрылымның даму жеңгейі жоғары болып келетін Зырян қаласы, Риддер 

қаласы, Жарма ауданында әсіресе өзекті. Бұл аудандарда балалар саламатты 

өмір салты мәдениетіне ерте жастан қатыстырылады. 

15-19 жастағы (3-суретті қараңыз. 

15-19 жастағы жасөспірімдердің 

мұқтаждықтары) жастардың 

мұқтаждықтары жасөспірімдердің 

мұқтаждықтарынан өзінің 

әлеуметтік өткірлігімен 

ерекшеленеді: қыздар мен жас 

жігіттерді «болашақтың» мәселесі 

– жұмысқа орналасу және баспа-



«Менің шет тілін үйренер 

едім, бірақ мен оны қай жерде 

үйрететінін білмеймін. Жастар 

үйінде қандай секциялардың жұмыс 

істейтіні де маған белгісіз».

Қалбатау ауылының оқушысы

Мектептің  

психологтарына сенбейді, оның 

үстіне, ақиқатын айтсақ, олардың 

біліктіліктері де жетіспейді. 

Жасөспірімдермен қарым-қатынас 

жасау үшін сырттан тартылатын 

мамандарды шақыру қажет».

Риддер қ. мұғалімі

«Жастар үйінің өкілдері өздерінің 

жанында жұмыс істейтін үйірмелердің 

көп екенін айтты, бірақ мен олар туралы 

бірінші рет естіп тұрмын».

Жарма ауданының оқушысы


11

на мәселесі (респонденттердің 17%-ы 

дерлік) көбірек толғандырады. Әсіресе 

жастар үшін тұрғын үй-жайға қол 

жеткізе алмаушылық пен жұмысқа ор-

наласуда қиындықтардың болуын си-

паттайтын жауаптар халық санының өсу 

үрдісі байқалатын немесе жаңа тұрғын 

үйлер тапсырылмайтын қалалар мен 

аудан орталықтарында тұратын жас 

адамдарға сауалдама жүргізген кезде 

көп алынды. Алайда Шығыс Қазақстан 

облысының бірқатар елді мекендерінде, 

мысалы Риддер және Зырян қалаларында жастар арасында жұмыссыздықтың 

«нөлдік» деңгейі байқалады: бұл моноқалаларда қаланы құраушы кәсіпорындар 

бар, оларға техникалық бейіндегі мамандар тұрақты түрде қажет. Аталған елді 

мекендерде жоғары оқу орындарының болмауынан, соның салдарынан жа-

стар ағылып кетіп қалатындықтан, еңбекке қабілетті білікті халықтың саны 

көбеймейді. Қазақстан мен Ресейдің ірі қалаларындағы оқуларын аяқтағаннан 

кейін жас адамдардың көпшілігі сол жерлерде тұрып, жұмыс істеу үшін қалып 

қояды. 

Респонденттер басым мұқтаждықтардың қатарында сонымен қатар сапа-



лы демалысқа мұқтаждықты атап көрсетті (сұралғандардың шамамен 16%-

ы). Басқарма қызметкерлерінің мойындағанындай, ШҚО жастар саяса-

ты мен жастар бастамалары орталықтарының мәселелері бойынша, тиісті 

инфрақұрылымдары және тәжірибелі мамандары жоқ селолар мен ауыл-

дарда жас адамдардың бос уақыттарын ұйымдастыру мәселесі әсіресе өткір 

орын алып отыр. Аудан орталықтарында жұмыс істейтін жастар үйлері мен 

спорт мектептері ұсақ елді мекендерді де өз қызметімен қамти алар еді, 

алайда балалар мен жастар мекемелерінің автокөліктері жоқ әрі қашықтан 

жұмыс істеу мен көшпелі жұмыс істеудің тиімді әдістемелері жоқ. 15-19 жас 

аралығындағы жастар өкілдерін кәсіби тұрғыдан өзін-өзі айқындау (кәсіби 

бағдар), құқықтық және медициналық сауаттылық (кәсіби бағдар беретін іс-

«Жастарға есігі ашық,  

олар өздерінің сүйікті ісімен  

айналыса алатын белгілі бір 

орталықтар құрар едім; Панасыз 

қалғандар қанша тұрғысы келсе, сонша 

тұрар еді».

Риддер қаласының оқушысы

басқа


шығар-

машылық 


дамуға 

мұқтаж-


дық

отбасы-


мен өзара 

түсіністік 

орнату

кәсіби 


тұрғыда 

өзін-өзі 

айқындауға 

мұқтаждық

пайдалы 

дема-


лысқа 

қажет-


тілік

тұрғын үй 

мәселе-

лері 


бойынша 

консульта-

циялар алу

жұмысқа 


орналасу

18%

10%

10%

14%

16%

15%

27%

3-сурет. 15-19 жастағы жасөспірімдердің мұқтаждықтары




12

басқа


физика-

лық дамуға 

мұқтаж-

дық


медицина-

лық 


консульта-

цияларға 

мұқтаждық

заңдық 


консульта-

цияларға 

мұқтаждық

пайдалы 


демалыс-

қа 


қажеттілік

жұмысқа 


орналасу

баспанаға 

мұқтаждық

11%

8%

10%

10%

16%

15%

27%

4-сурет. 20-29 жастағы жастардың мұқтаждықтары

шараларға, заң және медициналық консультацияларға мұқтаждық) мәселелері 

толғандырады. Әсіресе, респонденттердің қалаулары бойынша, ипотекалық 

несиелеуді қоса алғанда тұрғын үй мәселелері бойынша консультациялар 

қажет: бүгінде ауыл жастарының көпшілігі алданып қалудан қорқады және 

банктерге сенім білдірмейді. Аталған жас ерекшелігі санатындағы жастар үшін 

отбасылық қарым-қатынастар – отбасымен өзара түсіністік орнату да маңызды 

(жауаптардың 10%-ы дерлік). Жас адамдар шығармашылық дамуға да мүдделі, 

жас адамдардың бірқатары оны мансаптық өсу ретінде түсінсе, қалғандары 

шығармашылық үйірмелерге бару деп санайды. 

Пікірталастар нәтижесінде анықталғанындай, аудандардың көпшілігінде 

мұндай үйірмелер жұмыс жасайды, алайда олардың жұмысы туралы жастар 

әрқашан біле бермейді. 

Аталған мұқтаждықтардың санаттарымен 20-29 жастағы жоғары жас ерекшелігі 

тобындағы жас адамдардың қажеттіліктері басым сәйкес келеді (4-суретті 

қараңыз. 20-29 жастағы жастардың мұқтаждықтары): баспанаға (34%), жұмысқа 

орналасуға (15%), бос уақытты өткізуге (12%) мұқтаждық. Мұның үстіне кейбір 

елді мекендер мен аудандарда, жас адамдардың атап көрсеткеніндей, тұрғын 

үй мәселелерін биліктегілер шешеді. Аудандардың біріндегі жастар үйінің ди-

ректоры: «Қазіргі кезде мен бір әйелдің үйінің бір бөлмесін жалдап тұрып жа-

тырмын, бірақ аудан әкімшілігі маған ауылда жұмыс істеуге қалған жағдайда 

салынып жатқан үйден пәтер беруге уәде берді» дейді. Жарма ауданының 

мұғалімі: «Мен «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын пайдаландым, сондықтан 

маған аудан орталығынан баспана сатып алу қиынға түскен жоқ» деді. ШҚО-

дағы 20-29 жастағы жас адамдарды бос уақытты өткізу, медициналық және 

заңдық консультацияларды ұйымдастыру мәселелері біршама толғандырады. 

Маңызды мұқтаждықтардың арасында жыныстық тәрбие мәселелері бойынша 

консультациялар да атап көрсетілген, олар: жеке әңгімелесу, ақпараттық ма-

териалдар мен контрацептивтер алу. Бұл дерек жас адамдарға «репродуктивті 

денсаулық» және «контрацепция» терминдерін түсіндіруге қатысты сауалнама-

лар алу үдерісінде туындайтын сұрақтар арқылы да расталады.  




13

2.4. НЕҒҰРЛЫМ МАҢЫЗДЫ САЛАЛАР / 

ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бұл сұраққа жауап берген кезде 

алынған деректер ауыл жастарының 

мұқтаждықтарын зерттеу нәтижелерімен 

салыстырылып, түзетіледі (5-суретті 

қараңыз. 14-19 жастағы жасөспірімдер 

үшін неғұрлым маңызды салалар). Сөйтіп, 

10-14 жастағы жасөспірімдерді, ең алды-

мен, оқудағы қиындықтар (жауаптардың 

22%-ы) және бос уақыттың жоқтығы 

(жауаптардың 11%-ы) толғандырады. 

Мектеп оқушыларының айтуы бойынша, 

бос уақыт өткізуге уақыттың қалмауы 

мектепте сабақ санының тым көптігіне 

және әрқашан негізді бола бермейтін үй 

тапсырмасының көптігіне байланысты. Жасөспірім оқуға орта есеппен күніне 

10 сағат уақытын жұмсайды, сәйкесінше, іс жүзінде оның не қыдыруға, не 

демалуға немесе туыстарымен және достарымен араласуға уақыты қалмайды. 

Соның салдарынан балаларды бос уақытын ұйымдастыру және өзінің әр 

күні мен оқу аптасын жоспарлау мәселесі толғандырады (респонденттердің 

10%-ға сәл жетпейтін мөлшері). Өздері үшін неғұрлым маңызды салаларға 

жасөспірімдер сонымен қатар отбасындағы және мұғалімдермен болған 

кикілжіңдерді жатқызады. 

15 жастан 19 жасқа дейінгі жас адамдар үшін неғұрлым өзекті мәселелер, 

бұрын атап өтілгендей, жұмысқа орналасу (жауаптардың 19%-ы) және кәсіп 

таңдау тұрғысынан өзін-өзі айқындау (жауаптардың 18%-ы) болып табыла-

ды. (6-сурет. 15-19 жастағы жасөспірімдер үшін неғұрлым маңызды салалар). 

Жастардың өмірінде денсаулықпен байланысты қиындықтардың алатын орны 

үлкен: респонденттердің шамамен 10%-ы осы мәселеге алаңдайды және оны 

басқа


физикалық 

дамуға 


мұқтаждық

демалыс-


қа қа-

жеттілік


бос 

уақытты 


ұйымдас-

тыру


бос 

уақыттың 

болмауы

педагог-


тармен 

қақтығыс-

тар

отбасын-


дағы 

қақтығыс-

тар

оқудағы 


проблема-

лар


9%

10%

10%

10%

11%

15%

13%

22%

5-сурет. 10-14 жастағы жасөспірімдер үшін неғұрлым маңызды салалар 



«Біздің еш нәрсеге уақытымыз 

жетпейді. Үй тапсырмасының 

көптігі сондай, тіпті қыдыруға 

да уақыт қалмайды. Достармен 

араласуға және шопингке тек 

жексенбі ғана қалады»

Риддер қ. оқушысы


14

басқа


бос 

уақыттың 

жетіспеу-

шілігі


денсаулық-

қа байла- 

нысты қи-

ындықтар


демадыс-

ты ұйым-


дастыру

баспанаға 

байланыс-

ты қиын-


дықтар

кәсіби 


тұрғыда 

өзін-өзі 

айқындау

жұмысқа 


орналасу

басқа


баспанаға 

байланыс-

ты қиын-

дықтар


бос 

уақыттың 

болмауы

денсау-


лыққа 

байланы-


сты қиын-

дықтар


бос уақыт-

ты ұйым-


дастыру-

дағы 


қиындық

жұмысқа 


орналасу

кәсіби 


тұрғыда 

өзін-өзі 

айқындау

баспана-


ға бай-

ланысты 


қиын-

дықтар


12%

5%

9%

9%

9%

10%

10%

15%

12%

18%

18%

17%

14%

19%

23%

6-сурет. 15-19 жастағы жасөспірімдер үшін неғұрлым маңызды салалар

Рисунок 7. Наиболее значимые сферы для молодежи в возрасте 20-29 лет

басым мәселенің қатарына қосады. Жас адамдар баспанаға ие болуды, бос 

уақытты ұйымдастыру мен оның жетіспеушілігін маңызды салалар ретінде атап 

көрсетеді. 

20-29 жас жас ерекшелігі тобындағы жастар арасында «Сіз үшін неғұрлым 

маңызды салаларды/сұрақтарды белгілеңіз» деген сұраққа сауалнама 

жүргізген кезде шын мәнінде бір-біріне сәйкес келетін жауаптар алынды. 

(7-суретті қараңыз. 20-29 жастағы жастар үшін неғұрлым маңызды салалар). 

Жас адамдар баспана (23%), жұмысқа тұру (14%), денсаулығына байланысты 

мәселелерге (10%) алаңдайды. Сонымен қатар, сұхбаттардағы деректер бой-

ынша, мемлекеттік органдар жастарға патриоттық тәрбие беру, салауатты 

өмір салтын насихаттау, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу, әлеуметтік 

зерттеулер жүргізу, бос уақытты ұйымдастыру, жастар кәсіпкерлігін дамы-

ту, жастардың әлеуетін дамыту секілді бағыттарды көбірек дамытады. «Жа-




15

стар» әлеуметтік-демографиялық тобының жасы үлкен өкілдерін материалдық 

әл-ауқат мәселесі толғандырады. Бұл отбасын құру кезеңімен және ақшаға 

мұқтаждықтың білінуімен байланысты болуы мүмкін. 

Отбасының әлеуметтік институт ретінде жасөспірімдер мен жас адам-

дар үшін өте маңызы зор: респонденттер ата-аналарымен және туған-

туыстарымен уақытының көп бөлігін бірге өткізеді, өз үйлерінде жүрген 

кезде олар өздерін қауіпсіз әрі 

бақытты сезінеді. Мұның үстіне 

отбасында кикілжіңдердің 

жиі туындауы мен жалпы аху-

ал, нәтижелер көрсеткеніндей, 

айтарлықтай маңызды емес, 

туған-туыстарының және жақын 

адамдарының ортасында болу 

жағдайының өзі оларды жан 

тыныштығына бөлеп, көңілдері 

жайланады. 

Егер жас адамдарға ауданның 

немесе елді мекеннің басшыла-

ры сенім білдірсе, онда олардың 

бірінші кезекте іске асыратын шараларының қатарынан жастарға бағдарланған 

дүкендер, мейрамханалар, шығармашылық және демалыс клубтары, спорттық 

құрылыстар, медициналық орталықтар, балаларға арналған алаңдар салу; па-

насыз балаларға арналған үйлер ашу; мұқтаж адамдарға психологиялық көмек 

көрсету және есірткіге, ішімдікке және темекіге тәуелді жастарға одан құтылуға 

жәрдем көрсету; жұмыссыз халықты еңбекке орналастыру орын алған болар 

еді. Мұндай жауаптар «Егер Сіз өзіңіз тұратын елді мекеннің басшылығының 

құрамына кірсеңіз, онда осы елді мекендегі балалар мен жастардың өмірін 

жақсарту үшін ең алдымен не істер едіңіз?» деген ашық сұраққа берілген жау-

аптан алынды.  

«Біздің қаламыз бен өңірімізде 

спорттың дамығаны соншалықты, 

балалар тек спортпен өмір сүреді. 

Жасөспірімдер барғысы келетін 

әлеуметтік қызметтердің арасында 

спорттық секцияларды көрсетпеуі ақылға 

сыймайды».

Зырян қаласының мұғалімі



16

Жастар орталықтарын дамыту пер-

спективасы үшін жастар өкілдері қол 

жеткізгісі келетін әлеуметтік қызметтің 

түрлері туралы ақпараттың маңызы аз 

емес.  10-14 жастағы жасөспірімдер 

спорттық секцияларға қатысуға (17%), 

психологиялық көмек алуға (15%), мек-

теп бағдарламасындағы пәндер бой-

ынша қосымша сабақтар алуға (14%), 

шет тілдерін үйренуге (10%) мүдделі 

(8-сурет. 10-14 жастағы жасөспірімдер 

қол жеткізгісі келетін әлеуметтік қызметтер). 

Спортпен айналысқысы келетін 

тілектерін балалардың өздері 

Шығыс Қазақстан облысында 

спорттық инфрақұрылымның 

даму деңгейінің, 

жаттықтырушылар құрамының 

сапасының, спорттық белсенді 

демалыс деңгейінің жоғары 

болуымен түсіндіреді. Бала-

лар өмірді денені жаттықтыру 

жүктемесінсіз және 

орталықтардың жұмысын 

спорт секцияларынсыз еле-

стете алмайды. Балалардың 

психологиялық көмек алғысы 

келетін тілектерін ұстаздар 

қоғамды бірте-бірте қалыптасып 

келе жатқан психологиялық 

денсаулық мәдениетімен және 

мамандардан көмек сұрап жүгінудің 

әдетке айналғандығымен түсіндіреді. 

Шет тілдерін үйренуге деген қажеттілік 

жаһанданудың әлемдік үрдістерімен 

және репетиторлар қызметі құнының 

жоғары болуымен түсіндіріледі. 

Сұхбатта балалардың көпшілігі 

отбасыларының шет тілдері курста-

рына ақша төлеп оқыту мүмкіндіктері 

жоқ екенін көрсеткен. Жасөспірімдер 



2.5. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН 

ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ 

КЕЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

шет 


тілдерін 

үйрену


мектеп 

бағдарла-

масы 

бойынша 


қосымша 

сабақтар


психоло-

гиялық 


көмек алу

спорт сек-

циялары-

на бару


10%

14%

15%

17%

8-сурет. 10-14 жастағы жасөспірімдер қол 

жеткізгісі келетін әлеуметтік қызметтер

Жас адамдар өздерін- 

бақылай алмайды, соның 

салдарынан ата-аналар зардап 

шегетіндіктен, мен жастардың 

психологиясымен жұмыс істер едім. 

Жастарға кеңес берер едім».

Зырян қаласының оқушысы

«Балаларға арналған ойын  

алаңдарын жасар едім, жазда  

жастар үшін жұмыс орындарын 

қамтамасыз етер едім, қауіпсіздікті 

жақсартар едім».

Риддер қаласының студенті



17

«Бізге құқықтық сипаттағы 

консультациялар қажет. Біз өз 

құқықтарымызды әрқашан қорғай 

алмаймыз және жастар үшін несие алу 

шарттарының қайсысы тиімді екенін 

біле бермейміз».

Жарма ауданының жас маманы

мамандық 

таңдауға 

көмек 


шет 

тілдерін 

оқыту

жастар-


дың де-

малысын 


ұйымда-

стыру


жастарды 

жұмысқа 


орнала-

стыру


14%

14%

14%

24%

9-сурет.  15-19 жастағы жасөспірімдер 

алғысы келетін әлеуемттік қызметтер

«Балалармен жұмыс істеу үшін 

тәуелсіз мамандарды шақыру қажет. 

Жасөспірімдер психологтарға жүгініп, 

жеке мәселелерін шешуге көмек 

сұрайтын болды».

Абай ауданының мұғалімі

үшін олардың құқықтары 

мен мүдделерін қорғау және 

кәсіп таңдауға көмек көрсету 

жөніндегі әлеуметтік қызмет 

айтарлықтай маңызды емес. 

15-19 жастағы жас адамдарға 

неғұрлым қажетті әлеуметтік 

қызметтер мыналар болып та-

былады: жұмысқа орналасуға 

жәрдемдесу (24%), жастардың 

демалысын ұйымдастыру, шет 

тілдерін үйрету, мамандық 

таңдауға көмектесу (14%-дан). 

20-29 жастағы жастар үшін 

әлеуметтік қызметтің мынадай 

түрлері неғұрлым қызығушылық 

тудырады: жұмысқа орналасты-

ру (24%), демалыс ұйымдастыру 

(18%), тұрғын үй мәселелерін 

шешуге көмек көрсету (16%), 

психологиялық көмек (12%). 

Респонденттердің арасында өзі 

тұратын елді мекен мен өңірдің 

қоғамдық өміріне қатысуға 

мүдделі балалар да кездесті. 

Алайда олардың барлығының 

бірдей өзінің әлеуетін қалай іске 

асыру, кімнен көмек сұрау және 

жұмыс істеп жатқан қандай 

ұйымға кіру қажеттігі туралы 

түсініктері жоқ. Жасөспірімдер 

мен жастардың айтуы бойынша, 

ауылдық жерлерде қоршаған 

ортаны қорғауға бағдар 

ұстайтын бірнеше экологиялық 

ұйымдар ғана, сондай-ақ «Нұр 

Отан» партиясының «Жас 

Отан» жастар қанатының фи-

лиалдары жұмыс істейді. 

Бұл фактіні аудандардағы 

жұмыс істеп жатқан жастар 

үкіметтік емес ұйымдарының 

санын көбейтумен айналыса-

тын ішкі саясат бөлімдерінің 

қызметкерлері растайды. 

Жастар орталықтарының 

жұмысын келешекте осы ме-

кемелерге әкімшілік ететін 



18

мемлекеттік органдардың 

өкілдері  былайша  елестетеді:   

ауылдардан шыққан жастар-

мен жұмысқа бағдар жасау, 

жас адамдардың жеке ба-

сын дамытуға басымдық беру, 

олардың интеллектуалдық және 

шығармашылық әлеуетін ашу, 

медициналық, психологиялық 

және заңдық көмек көрсету, 

 

мемлекеттік және шет тілдерін 



үйрету,  кәсіби бағдар 

беру жұмыстарын жүргізу, 

аутодеструктивті мінез-

құлықтың алдын алу, баланың 

әлеуметтік ортасына (ата-ана-

ларына, қамқоршыларына, 

мұғалімдеріне) арнап арнайы 

тренингтер ұйымдастыру, жас 

кәсіпкерлерге арнап тренингтер 

ұйымдастыру.

 

психоло-


гиялық 

көмек


... шешу-

ге көмек 

көрсету

жастар-


дың де-

малысын 


ұйым-

дастыру


жастарды 

жұмысқа 


орнала-

стыру


12%

16%

18%

24%

10-сурет. 20-29 жастағы жасөспірімдер 

алғысы келетін әлеуметтік қызметтер



19

3. АУЫЛ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН 

ЖАСТАР ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ 

ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

1. Ұйымдастыруына ауыл жастары қатыса алатын 

әлеуметтік қызметтер түрлері:  

1.  Оқу бағдарламасындағы пәндер мен тереңдетіп оқыту деңгейін қоса 

алғанда, шет тілдері бойынша балалар мен жастарға арналған қосымша білім 

беру.  Пәндердің атаулары, сабақ саны мен олардың ұзақтығы жергілікті 

жерлерде жүргізілген мұқтаждықты бағалауды ескере отырып, әрбір ау-

дан үшін жеке анықталады. Бағалау жүргізудің жиілігін әрбір ресурстық 

орталық өз бетінше, бірақ жылына кемінде бір рет реттейді. 

1.  Жас отбасына қолдау көрсету қызметінің жұмыс істеуі: заң, медициналық, 

психологиялық консультациялар өткізу, жас адамдардың репродуктивті 

денсаулығының алдын алу,  тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек (жастар-

ды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды 

түсіндіру, несие алу мен баспана берудің жеңілдетілген шарттары тура-

лы хабардар ету, ипотекалық несиені таңдау мен құжаттарды ресімдеуге 

көмектесу), отбасылық демалысты ұйымдастыру (отбасының барлық 

мүшелерінің бірлескен демалысын қамтамасыз ететін іс-шаралар өткізу). 

Консультациялардың мазмұнын, әрбір бенефициармен кездесу санын және 

оның ұзақтығын Ресурстық орталықтың қызметкерлері мен олар тартқан 

мамандар жеке анықтайды. 

2. Жастардың демалысын ұйымдастыру, мысалы, мәдени-көпшілік іс-

шараларын өткізу,  жастарды ауданның қоғамдық өміріне қатыстыру, 

жас адамдар үшін ойын-сауық орталықтарын немесе тақырыптық кафе 

ұйымдастыру. 

3. Жастарды жұмыспен қамту жүйесінің жұмыс істеуі, мысалы, кәсіптік 

бағдар беру жұмыстарын жүргізу, «Өзіңді әңгімелесу кезінде қалай ұстау 

керек», «Тайм-менеджмент» және басқалар секілді тақырыптарға тренинг-

тер ұйымдастыру, түйіндеме жазуға көмектесу, жастар үшін жұмысқа орна-

ластыру қызметтерін құру; жас адамдарды кәсіптік даярлау. 

4. Жастарға арналған Тұлға ретінде өсу мектебін ұйымдастыру: жас 

адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың бойында өзіне-

өзі барабар баға беру және айналадағы ортаға объективті көзқарас 

қалыптастыруға бағытталған тренингтер кешенін өткізу.



20

2. Ауыл жастарына арналған Ресурстық орталық 

қызметкерлерінің қызметі мен міндеттері.  

Қызметті жоспарлау және қызмет тиімділігін бағалау 

Жастарға арналған ресурстық орталықтың жұмыс істеуінің қажетті шар-

ты - мақсатты топтардың қажеттіліктерін бағалау бойынша үнемі іс-шаралар 

өткізіп тұру. Бағалау жүргізу 

әдісін орталық қызметкерлері 

өз бетімен еркін таңдауы мүмкін 

(сауалнама жүргізу, сұхбат алу, 

сауалдама, онлайн-сауалнама 

және басқа). Бағалау жүргізу 

жиілігін әрбір ресурстық 

орталық өз бетінше реттейді, 

бірақ жылына кемінде бір рет. 

Ресурстық орталық өткізетін іс-

шаралардың тиімділігін бағалау 

да мерзімді түрде (жылына 

кемінде екі рет) өткізіліп тұруға 

тиіс. Іс-шаралардың тиімділігін 

бағалау жұмсалған қаражат 

пен ресурстарға (уақытша, 

адами және басқа) және қол 

жеткізілген нәтижелерге (сандық және сапалық) салғастырмалы (салыстырма-

лы) талдау жасаудан тұруға тиіс. Жастар орталықтарының қызметкерлері мен 

мамандары жоспарланған кестеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың базасын-

да білім беру мекемелерінде , облыстық жастар бастамалары орталықтарында 

және басқа түрлі меншік нысандарындағы ұйымдарда  оқудан өтуге, біліктілікті 

арттыру курстарына баруға тиіс.  



3. Ауыл жастарына арналған ресурстық орталықтың жұмыс 

істеу нысандары 

Ауыл жастарына арналған орталықтардың жұмыс істеу нысандары мақсатты 

топтардың қажеттіліктерін бағалау қорытындылары бойынша анықталады. 

Әлеуметтік қызметтер жас адам «ақпараттық телефон» немесе «сенім теле-

фоны» желілеріне қоңырау шалғаннан кейін немесе ауыл жастарына арналған 

орталықтың электронды мекенжайына жіберілген электронды сұрауды 

алғаннан кейін өзінің жеке жүгінуі негізінде көрсетілуі мүмкін. Сәйкесінше, 

жас адамға жеке қабылдау кезінде (әңгімелесу, сөйлесу), телефон арқылы не-

месе электронды консультациядан кейін (сұрауға, хаттарға  немесе әлеуметтік 

желілердегі микроблоктарға электронды хабарлама жібергеннен кейін, жеке 

сайтында ақпарат жариялағаннан кейін) көмек көрсетілуі мүмкін. 

Орталықтың жұмыс істеу уақыты 

бенефициарлар үшін мейлінше қолайлы 

болуға тиіс. «Жылжымалы» жұмыс кестесін кешкі уақыттарға басымдық бере 

отырып қолдану мақсатты болып табылады. 



«Жастар үйлерінің жұмысын  

тек аудан орталығында ғана емес,  

сонымен қатар ауданның басқа 

ауылдарында да жолға қою қажет. 

Әдіскерлер мен мамандар кез келген 

уақытта елді мекендерге бара алуы үшін  

көлік қажет. Қызметкерлер жұмыс 

сапасын жақсартуға көмегін тигізетін 

әдістемелік көмекке де мұқтаж».

Жарма ауданынан жас адам


21

Орталықтың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары – 

құпиялылық, яғни бе-

нефициарлар туралы ақпаратты таратпау, иесін көрсетпеу (егер жас адам жеке 

деректерін көрсеткісі келмеген жағдайларда). 



Ауыл жастарына арналған орталықтардың штаттық кестесі. 

Орталықтың 

штаттық қызметкерлері мыналардан тұруға тиіс: директор, бухгалтер, психо-

лог, ұйымдастырушы мұғалім. Қызметті қоса атқаратын мамандар ретінде пән 

мұғалімдері, бейін бойынша дәрігерлер, штаттан тыс экономистер, заңгерлер, 

тұлға ретінде өсуін қалыптастыратын жаттықтырушылар және басқа мамандар 

тартылуы мүмкін.  

Орталықтың есеп беру құжаттамасы

Әрбір әлеуметтік қызмет көрсету түрлері бойынша жұмыс жоспарлары жаса-

луы; бенефициардың жеке деректері немесе иесін көрсетпей өтініш жасаған 

жағдайда қызмет/көмек алушының коды көрсетіліп, консультациялар журна-

лы дайындалуы; көрсетілген қызмет саны мен түрлеріне белгі қойылып, өтініш 

жасаған адамдар деректерінің электронды базасы жасалуы тиіс. Мақсатты 

топтардың қажеттіліктерін бағалау және Ресурстық орталықтардың жұмыс 

істеу тиімділігін бағалау қорытындылары бойынша барлық материалдарды 

бағалау үдерісінде алынған немесе пайдаланылған (сауалнамалар, фотосурет-

тер, бенефициарлардың пікірлері, статистика бағдарламаларында дайындалған 

деректер массивтері) қосымшаларымен бірге  есептер дайындалуы тиіс.  

1. Бенефициарлар санаттары: 

10-нан 29-ға дейінгі жастағы жасөспірімдер 

мен жастар. 

2. Ауыл жастарына арналған орталықтың жұмыс істеу тиімділігінің ин-

дикаторлары:

а)  мақсатты топтың ішіндегі бенефициарлар саны (әрбір Ресурстық орталық 

үшінжастар санын есепке ала отырып, жеке анықталады); 

б)  оқушылардың Ресурстық орталықта қосымша оқитын пәндері бойынша 

үлгерімдерін көтеру; 

в)  жас адамдардың құқықтық сауаттылығын және олардың мемлекеттік жа-

старды тұрғын үймен қамтамасыз  ету бағдарламасы туралы хабардарлығын 

арттыру; 

г)  бенефициарлардың өздерін-өздері объективті бағалауын қалыптастыру; 

д)  отбасында болудың жайлылығы деңгейінің көрсеткіштерін жақсарту; е) 

Ресурстық орталықтың медицина бойынша консультантынан көмек сұраған 

адамдардың өзінің денсаулығы туралы сұрақтарына жауап алуы; 

ж) 

жас адамдардың психологиялық-эмоционалдық жағдайларының 



тұрақталуы;

з)  жастарды демалу қызметімен қамту деңгейі; 

и)  жұмысқа орналасқан жастардың саны; 

к) тұлға ретінде өсуге қатысты тренингтерден ойдағыдай өткен жас 

адамдардың саны; 

л) жасөспірімдер мен жастардың мұқтаждықтарын бағалау жөніндегі іс-



шаралар нәтижелеріне сәйкес, басқа шаралар.


22

жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау