Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



жүктеу 135,08 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.02.2018
өлшемі135,08 Kb.
#8683


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ 

 

ШЫМКЕНТ  УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА 

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ШЫМКЕНТ, 2016 ж. 


Шымкент университетінің  студенттеріне және профессор-оқытушылар құрамына 

арналған. 

 

Оқу-әдістемелік сектормен  әзірленді.  



Әзірлегендер – Қозбағарова Б.С. 

                          Құланова С.Ш. 

                            Керимбаева  С.Е. 

 

 



 

Жұмыс  нұсқауын  даярлау  барысында  келесі  нормативтік  құқықтық  құжаттар 

пайдаланылды:  -  «Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты»  ҚР 

Ҥкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысы;  -  «Жоғары  және  жоғары  оқу 

орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  ҥлгілік  қағидалары»    ҚР  Ҥкіметінің 

2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499    қаулысымен  бекітілген;  -  Оқытудың  кредиттік 

технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары» ҚР БҒМ 2011 жылғы 

20  сәуірдегі  №  152  бұйрығы  (2014.06.02.  №198  бұйрығымен  берілген  ӛзгерістер  мен 

толықтыруларымен);  -  «Білім  алушылардың  ҥлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  мемлекеттік  аттестаттау  жҥргізудің  ҥлгі  ережесін»  Қазақстан  Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  18  наурыздағы  №  125  бұйрығы  (2013.11.04. 

№445 бұйрығымен берілген ӛзгерістер мен толықтыруларымен).. 

 

 

 



 

Шымкент Университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітуге ұсынылды. 

(24.08. 2016 ж.  № 1 хаттама) 

 

Шымкент Университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып, бекітілді 



(25.08. 2016 ж.  № 1 хаттама) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

Курстық жұмыс мамандықтардың типтік оқу жоспары мен оқу жоспарына сәйкес, 



оқытушының  бақылауымен  орындалады.  Курстық  жұмыстардың  тақырыптары  кафедра 

мәжілісінде  талқыланып,  университеттің  ОӘҚ  бекітіледі,  әр  оқу  жылында  қайта 

жаңаланады,  толықтырылады.  Кафедрада  курстық  жұмысты  орындауға  арналған 

әдістемелік  нұсқау  дайындалады  (Үлгі  №  1).  Әдістемелік  нұсқауда  курстық  жұмыстың 

құрылымы,  орындау  тәртібі,  курстық  жұмыстың  тақырыптары  мен    әдебиеттер  тізімі 

беріледі. 

Кафедрада 

курстық 


жұмыстың 

дипломдық 

жұмысқа 

жалғасуы 

қалыптастырылады.  Курстық  жұмыстың  жетекшілерін  (пән  лекторлары)  кафедра 

меңгерушісі бекітеді. Курстық жұмыс университетте немесе басқа мекемелер мен ӛндіріс 

орындарында  да  орындалуы  мҥмкін.  Студенттер  курс  жұмысын  оқытушының 

бақылауымен  орындайды,  орындалған  курс  жұмысы  оқытушыға  тексеруге  тапсырылып, 

дұрыс  орындалған  жұмыс  қорғауға  жіберіледі.  Курс  жұмысы  студентке  қайтарылып 

берілмейді,  кафедраға  тапсырылады.  Курстық  жұмыстар  оқу  жылының  соңына  дейін 

кафедрада  сақталады.    Курстық  жұмыстың  (жобаның)  мазмұнына  және  талаптардың 

орындалуына қабылдайтын  оқытушы, кафедра меңгерушісі  жауапты. 



 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК 

НҰСҚАУЫН  ДАЙЫНДАУ, КЕЛІСІЛУ ЖӘНЕ БЕКІТІЛУ ТӘРТІБІ 

 



Курстық  жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауды кафедраның  

пән оқытушысы дайындайды, кафедра мәжілісінде талқыланады және кафедра 

меңгерушісі  қол қояды.  

 



Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау факультеттің оқу-

әдістемелік   кеңесінде қаралады.   

 

Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау университеттің 



Оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітіледі. 

 



Курстық  жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау кафедрада пәннің 

оқу-әдістемелік кешенінде сақталады.  



 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК 

НҰСҚАУҒА ӚЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ 

 



Курстық  жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау жойылғанша 

немесе  жаңасымен алмастырылғанша кҥшін  сақтайды.   

 

Курстық  жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауға   ӛзгерістер 



кафедра меңгерушісінің кӛрсетуімен енгізіледі. Ӛзгертулер енгізу тәртібі жұмыс 

нұсқауларын келісілу тәртібімен бірдей.  

 

Курстық  жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауға енгізілген 



ӛзгертулер негізгі мәтінімен бірге кафедрада сақталады.  

 

ЖАУАПКЕРШІЛІК 

Дайындалған курстық  жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың 

мазмұнына және талаптардың орындалуына оны дайындаған  пән оқытушысы, кафедра 

меңгерушісі жауапты 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Үлгі № 1  

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ 

ШЫМКЕНТ    УНИВЕРСИТЕТІ 

Гуманитарлы-құқық фаукльтеті 

Филология кафедрасы  

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

05011800 - «Қазақ тілің мен әдебиеті» мамандығыныңстуденттері ҥшін 

 

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен 



 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Шымкент 2016 ж. 


 

Әдістемелік нұсқауды дайындаған: __________________ ф.ғ.к. Нұрлыбаев Н.М. 

 

 

Кафедраның ОӘмәжілісінде талқыланған, кафедра мәжілісінде қаралған  



(хаттама  № __  « ____» _________ 20___ж.) 

 

 



Кафедраның ОӘЖ жауапты ______________ аға оқытушы  Байтенова А.А. 

 

Кафедра  меңгерушісі  ______________ ф.ғ.к. Нұрымова Қ.У. 



 

 

Факультеттің ОӘ Кеңесінде қарастырылған (хаттама  № __  « ____» _____20___ж.) 



 

 

Факультеттің ОӘК тӛрайымы ______________ магистр оқытушы  Қожабергенова Н. 



 

 

 



Шымкент Университетінің оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітуге ұсынылды. 

(хаттама  № __  « ____» _____20___ж.) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Кіріспе 

Жоғары оқу орындарының жұмыс оқу жоспарларында пән бойынша студенттердің 

курстық жұмысты жазуы (орындау) қарастырылған. Бұл әдістемелік нұскау студенттердің 

курстық жҥмысын жазу ҥшін ережелер мен ұсынылымдар ретінде қолданылады. Сондай-

ақ,  ол  жұмысты  орындау  барысындағы  студенттердің  міндетін,  оларға  қойылатын 

талаптарды  және  курстық  жұмысын  қорғаудың  тәртібін  аңықтайды.  Курстық  жұмыс 

студенттерде пәнді оқып-зерттеудің теориялық негіздерін ӛз бетінше зерттеу дағдыларын 

қалыптастырудың,  ережелерді,  қорытындыларды,  заңдарды  терең  игерудің,  болашақ 

маманның  оның  кәсіби  қызметіне  қажетті  білімдерді  ӛз  бетінше  алу  мен  жинақтаудың 

тәжрибесін қалыптастырудың маңызды тізбегі болып табылады. Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы  №125 бұйрығымен бекітілген 

«Жоғары  оқу  орындарындағы  білім  алушылардың  ҥлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық 

және  қорытынды  аттестаттау  ӛткізудің  Типтік  Ережесі»,  Қазақстан  Республикасы 

Ҥкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім беру 

ұйымдары  қызметінің  ҥлгілік  қағидалары»  негізінде  құрастырылған.  Курстық 

жұмыстыңмаңыздылығы  -  студенттерді  тек  бір  тақырыпты  немесе  проблеманы  терең 

меңгеруге  емес,  библиографиялық,  статистикалық  жинақтармен,  монографиялармен, 

зерттеулермен,  мерзімді  баспа  материалдарымен    жұмыс  жасауға  дағдыландырады.   

Курстық  жұмысты  орындау  барысында  студент  ӛз  бетінше  әдебиетпен    жұмыс  жасауға, 

таңдап алынған тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды табуға, нақты материалдарды теріп 

алуға,  ӛңдеуге  және  талдауға,  кестелер  мен  диаграммалар  құрастыруға  соның  негізінде 

дұрыс  қорытынды  жасауға  ҥйренеді;    Пән  бойынша  студенттің  білімін  тереңдетеді;  

Студент  теориялық  проблемаларды  талдауда  ӛз  ойын  айқын,  сауатты  баяндауға 

машықтанады;  Студенттерді  ғылыми- зерттеу жұмыстарына дағдыландырады. Сонымен 

қатар  курстық  жұмысты  жазу  студенттен  жоспарды  дұрыс  құруды,  ӛзіндік  жұмыс  істеп 

ҥйретуге  бағытталған,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізіміндегі  библиографиялық 

сілтемелерді дұрыс пайдалануды талап етеді.   

 

1.Курстық жұмыстар туралы жалпы ережелер. 

 

Курстық жұмыс мамандықтардың типтік оқу жоспары мен оқу жоспарына сәйкес, 



оқытушының  бақылауымен  орындалады;    Курстық  жұмыстардың  тақырыптары  кафедра 

мәжілісінде  талқыланып,  университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінде  бекітіледі,  әр  оқу 

жылында  қайта  жаңаланады,  толықтырылады;    Кафедрада  курстық  жұмысты  орындауға 

арналған  әдістемелік  нұсқау  дайындалады.  Әдістемелік  нұсқауда  курстық  жұмыстың 

құрылымы,  орындау  тәртібі,  курстық  жұмыстың  тақырыптары  мен    әдебиеттер  тізімі 

беріледі; 

 

Кафедрада 



курстық 

жұмыстың 

дипломдық 

жұмысқа 


жалғасуы 

қалыптастырылады;  Курстық  жұмыстың  жетекшілерін  (пән  лекторларын)  кафедра 

меңгерушісі бекітеді;  Курстық жұмыс университетте немесе басқа мекемелер мен ӛндіріс 

орындарында  да  орындалуы  мҥмкін;    Студенттер  курс  жұмысын  оқытушының 

бақылауымен  орындайды,  орындалған  курс  жұмысы  оқытушыға  тексеруге  тапсырылып, 

дұрыс  орындалған  жұмыс  қорғауға  жіберіледі;    Курс  жұмысы  студентке  қайтарылып 

берілмейді,  кафедраға  тапсырылып,  ол  оқу-  әдістемелік  басқармаға  ӛткізіледі;    Курстық 

жұмыстар оқу жылының соңына дейін оқу-әдістемелік басқармада сақталады.    

 

2. Курстің жұмысының құрылымы 

Курстық  жұмыс  анықтамалық  мазмұны  мен  графикалық  бӛлімінен  тұрады. 

Анықтамалық  мазмұнға  тӛмендегідей  құрылымдық  бӛліктер  кіреді:  -  сыртқы  мұқаба    - 

тапсырма    -  мазмұны  -  кіріспе  -  екі-ҥш  тараудан  құралған  жұмыстың  негізгі  мазмұны  - 

қорытынды - пайдаланылған әдебиеттер тізімі - қосымшалар Курстық жұмыстың сыртқы 

мұқабасы А4 форматтағы параққа (қолжазба, компьютерде терілген  ) Үлгіге № 2   сәйкес 

толтырылады.  Сыртқы  мұқабадағы    сӛздер  мен  тақырыптар  тасымалданбайды.  Соңында 

нҥкте  қойылмайды.    Курстық  жұмыстың  тақырыптары  оқу  ҥрдісінің  кестесіне  сәйкес 




ағымдағы  семестрдің  бірінші  аптасында  беріледі.  Тапсырмада  мыналар  қарастырылады: 

курс  жұмысын  орындайтын  оқу  пәні,  тобы,  студенттің  аты-жӛні;    жұмыс  тақырыбы, 

бӛлімдері  мен  орындау  мерзімі;  қорғауға  ұсыну  мерзімі;  жетекшісінің  аты-жӛні,  оның 

қызметі,  қолы  және  тапсырманы  берген  кҥні.  Тапсырмалар  бӛлек  қағаздарда 

орындары.Тапсырмада  студент  тапсырманы  алған  кҥні  белгіленіп    қолы  қойылады.  ҚР 

заңнамалық  актілерді,  оқулықтарды,  оқу  құралдарын,  монографияларды,  анықтамалық 

әдебиеттерді,  статистикалық  материалдарды,  мерзімді  баспаларды  пайдалануды 

ұсынылады.    Курс  жұмысының  құрылымы  кіріспе,  негізгі  бӛлім,  қорытынды, 

пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  құрылады.    Курстық  жұмысты  мына  мерзімде 

орындауды  ұсынылады:  Әр  тарауға  2-3  апта,  Қорытынды-1-2  апта,  пайдаланылған 

әдебиеттер тізімін құруға-3-5 кҥн. Сонымен қатар жұмыстың құрлымдық элемменттерінің 

келесі кӛлемдері ұсынылады: Кіріспе 1-2 бет, қорытынды –1-2 бет, әр тарауға 10-15 бет, 

пайдаланылған  әдебиеттер  тізіміне  –1  бет.  Графикалық  есептеу  бӛлімінде  слайдтардың, 

плакаттардың  орындалу  мерзімі,  беттер  саны  кӛрсетіледі.  Кемінде  А4  форматта  3  слайд 

орындау ұсынылады.  Аннотацияда (аңдатпа) курс жұмысы жайлы қысқаша мәлімет және 

жалпы  сипаттамада  курс  жұмысының  кӛлемі,  кестелер,  схемалар,  қосымшалар  жайлы 

мәлімет кӛрсетіледі.   

Жоспарда  кіріспе,  бӛлімдер  мен  білімшелердің  аталуы,  қорытынды,  пайдаланылған 

әдебиеттер,  қосымшалар  кӛрсетіледі.  Кіріспеде  тақырыптың  ӛзектілігі,  қаралатын  негізгі 

сұрақ  мәселелері,  жұмыстың  алдына  қойған  мақсаты  мен  міндеті,  теориялық  және 

тәжірибелік  мақсаттары  қысқаша  анықталады.  Қандай  әдіс  -  тәсілдерді  қолданғанын 

(бақылау,  тәрбие  жҥргізу,  салыстырмалы  сараптау  т.б.),  қандай  материалдармен  жұмыс 

жасағанын  (әдебиеттер,  тыңдалған  баяндамалар,  оқу  құралдары)  кӛрсетеді.  Кіріспе 

ықшамдалып,  қысқаша  1-2  бетке  жазылып  беріледі.  Негізгі  бӛлімде  тақырып  жоспар 

бойынша баяндалады, бұл бӛлім бірнеше бӛліктерден немесе тауарлардан құрылады, онда 

жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми- 

теориялық және есептеу- теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) 

енгізіледі.  Негізгі  бӛлімнің  кӛлемі  А4  форматтағы  компьютерде  терілген  20-25  бетті, 

қолжазбамен 30-40 бетті құрайды. Қорытынды бӛлімінде жоспарда қойылған және негізгі 

бӛлімде  жазылған  сұрақтардың  тҥйіндері  тұжырымдалады.  Қорытынды  1-2  бетке 

ықшамдалып жазылады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша 

материалдар тіркеледі.  



 

3. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 

Курстық жұмысты орындаушы студент оған қойылатын тӛмендегі талаптарды білу 

қажет: - Зерттелген тақырып жалпы және дербес бӛлімдерден жан-жақты, тереңтеориялық 

ашылуына  басты  басты  назар  аудару  қажет.  -  Курстық  жұмысты  әрбір  тараудың  негізгі 

мәселесінің  мән-мағынасын  анықтаудан  және  баяндаудан  бастау  керек.  Мән  –мағынаны 

баяндау дәлелді, ғылыми негізделген және тҥсінікті болуға тиісті.  Теориалық жағдайлар 

және  қорытындылар  шындықтың  нақты  материалына  сҥйену,  ал  фактілер  мен  ҥлгілер 

кездейсоқ емес, әдеттегі болу керек. Курстық жұмыс материалы логикалық жҥйелі тҥрде 

баяндалады, сондықтан оның тақырыбын толықашу ҥшін студент:  - оған қатысты ӛкімет 

қаулылары,  ҚР  Президентінің  жарлықтары;  -  осы  мәселеге  арналған  отандық  және 

шетелдік  ғылыми  жұмыстарды  оқып  білуге;  -  мерзімді  басылымдағы  мақалаларды 

зерттеуге  тиісті.  Жазбаша  тҥрде  материалды  сауатты  тҥрде  баяндау-  курстық  жұмысты 

орындау мен білімді қалыптастырудағы маңызды кезең. Ӛзіндік ақпарат жинау тәсілдерін 

игергеннен  кейін  студент  біліміне  ӛзіндік  бақылау  ұйымдастыру  қажет,  яғни  таңдаған 

тақырыптың  жоспарының  мәселелерін  логикалық  жҥйелі  тҥрде  ашу  керек.  Ӛзіндік 

шығармашылық  сипатта  баяндау  қажет  дегеніміз  -  студент  жоспарының  әрбір  мәселесін 

ӛзі  ойлаған  схемаға  сәйкес,  цитаталарды  дұрыс  қолданып,  оларды  тҥсініктеме  және 

мәтінде  шамадан  тыс  асырмай,  бір-бірімен  логикалық  байланысы  жоқ  ҥзінділер 

келтірмеуге,  және  талдаған  теориялық  жағдайларды  практиалық  қызметпен 



байланыстыруға тиісті. Курстық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылу қажет. Баяндау стилі, 

тіл,  қысқа  сӛйлем  құрастыра  білу,  ӛз  пікірін  тҥсінікті  тҥрде  жеткізе  білу  маңызды  роль 

атқарады.  Терминдер,  шартты  белгілер  мен  қысқартудыңжалпы  орныққан  белгілерін 

қолдану қажет 

 

4. Курстық жұмысты орындау тәртібі 

 

Курстық  жұмыстарды  орындауды  тӛмендегі  кезеңдерге  бӛлген  жӛн,    тақырып 



таңдау,    әдебиет  жинақтау  және  оны  зерттеу    нақты  стилистикалық  материалды  жинау 

және  ӛңдеу    жұмысты  жазу,      курс  жұмысын  рәсімдеу,    курс  жұмысын  қорғау.Кафедра 

ұсынған  тақырыптар  арасынан  студент  ӛзіне  тақырып  таңдау  қажет,  кей  жағдайда, 

кафедра  тізіміне  енбегін  тақырыпты  студент  ӛзі  ұсынуға  құқылы.  Кафедра  тақырып 

тізімін  құрастырғанда,  оның  оқу  әдебиетімен  сәйкес  келуін  қадағалайды,  студентті 

жұмыстың  мағынасын  ашуда,  методологиясын  анықтауда  ӛзіндік  жұмысқа  бағыттау 

қажет.  Тақырып  тізімін  дайындауда,  оқу  тобында  бір  тақырыпты  тек  қана  бір  студент 

орындауын  ескеру  қажет.  Тақырып  таңдағаннан  кейін  студент    каталог  бойынша 

әдебиеттер тізімін дайындап, оны оқуы қажет. Ол жұмысты кафедра ұсынған осы пәннің 

жұмыс  бағдарламасында  және  семинар  сабағының  әдістемелік    нұсқауында  кӛрсетілген 

әдебиетті  зерттеуден  бастауы  керек.  Мерзімді  баспа  материалын  курстық  жұмыс 

мәселелерін  толығырақ  ашатын  еңбектерден    бастау  дұрыс,  ал  кейін  алдыңғы 

басылымдарға  ӛту  қажет.  Әдебиетті  жинап,  оқып  болғаннан  кейін  студент  курстық 

жұмыстың  жоспарын    дайындайды.  Жоспар  жұмыстың  негізгі  мәселелерін  толық  ашу 

керек,  курстық жұмыстың құрылымына сай болуы керек. Жоспар құрылғаннан кейін, оны 

жетекшісімен бірлесе отырып бекітуі қажет.           

 

Курстық жұмысты рәсімдеу 

Негізгі  бӛлімнің  кӛлемі  А4  форматтағы  компьютерде  терілген  20-25  бетті, 

қолжазбамен 30-40 бетті құрайды. Пайдаланылған әдебиеттер саны 10-15 тен кем болмауы 

тиіс.  Курстық  жұмыстың  терілуінің  талаптары:    Курстық  жұмыс  стандартты  А4  қағазда 

жазылады;   Сол жағынан - 30 мм, оңжағынан – 10 мм, жоғары жағынан - 20 мм, тӛменгі 

жағы – 20-25 мм қалдырылады. Барлық цитаталар мен сандық кӛрсеткіштерге, деректерге 

сілтеме берілу керек. Курстық жұмыс  беттеріне рет саны қойылу қажет, әрбір тарау жаңа 

беттен жазылады.  

 

Мәтін, кесте, графикалық материалды рәсімдеу тәртібі 

Курстық  жұмыстың  негізгі  бӛлімі  зерттеу  тақырыбының  мағынасына  байланысты 

мәтін, иллюстративті материал, кесте сурет т.б. ретінде баяндалуға тиісті.   

Тақырып.  Тарау  атауы  мағынасына  сай  болуы  қажет.  Оны  парақтың  ортасына  нҥкте 

қоймай орналастыру қажет.  



 Кестелер.  Кесте  ҥлгісі  бірақтар  белгілері  бойынша  немесе  бір-  бірнеше  обьектілерді 

сандық  және  сӛздік  ақпаратты  баяндау  ҥшін  қолданылады.  Кӛрсеткіштерді  салыстыру 

ҥшін  кӛрнекі  тҥрінде  де  қолданалады.  Кестені  жұмыс  барысында  мәтіннен  кейін 

орналастыру  қажет.  Барлық  кестелерге  сілтеме  беруі  тиіс.  Кесте  араб  сандарымен 

белгіленеді. Кестені басқа бетке ауыстырған жағдайда, оның атауы тек бірінші бетке ғана 

тҥсіріледі,  ал  келесі  бетке  сол  жағындағы  бұрышына  “кестенің  жалғасы...”  деп 

кӛрсетіледі. 

 Иллюстациялар.  Иллюстративтік  материал  (график,  схема,  диаграммалар)  зерттеу 

обьектісінің  ерекше  сипатын  кӛрсету  ҥшін    немесе  мәтінді  жақсы  тҥсіну  ҥшін 

қолданылады.  Қажетті  ақпарат  беретін  иллюстративтік  материал  мәтіннен  кейін  немесе 

қосымша  бетте  кӛрсетіліп,  оған  сілтеме  беріліп  “сурет”  деген  сӛзбен  белгіленеді.  Олар 

конструкциялық  құжаттардың  біртұтас  жҥйесінің  талаптарына  сай  болу  керек. 

Иллюстративтік  материалдың  тақырыптық  атауы  болу  керек.  Олар  конструкциялық 




құжаттардың  біртұтас  жҥйесінің  талаптарына  сай  болуы  керек.  Иллюстративтік 

материалдың тақырыптық атауы болу керек.  

 

Беттердің рет саны 

Курстық  жұмыс  беттері  араб  сандарымен  белгіленеді.  Титулдық  бетті  жұмыстың 

жалпы нумерациясына енгізеді, онда рет саны қойылмайды. Рет саны кӛрсетілген 3 беттен 

басталады, беттің тӛменгі жағының ортасына.  

 

Қосымшалар 

Қосымшаларды жұмыстың жалғасы ретінде береді, оны мәтіндегі сілтеме бойынша  

ретімен келтіреді. Әрбір қосымшаның тақырыбы болуы керек. Қосымшаның сол жақтағы  

тӛменгі  бұрышында қандай дерек негізінде құрастырғанын кӛрсету керек.  

 

Ғылыми- анықтамалық ақпарат 

Курстық  жұмыстыңғылыми-  ақпараттық  құралы  екі  бӛліктен  құралған: 

қолданылған деректер мен әдебиеттер тізімі және жолма- жол сілтеме.  

 

Сілтемелер мен  қолданылатын деректерге қойылатын жалпы  талаптар 

Тізім және сілтемелерді мемлекеттік стандартқа сай қолдану керек. Ведомостволық 

актілер тиісті ведомостволардың ресми басылымдарына сай кӛрсетілу керек. Шет тілдегі 

әдебиет сол тілде орфографиялық нормаларына сай кӛрсетіледі.   

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

Курстық жұмысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10,15-тен кем болмауы тиіс.  

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  ғылыми  жұмыстарға  қойылған  талаптарға  сәйкес 

рәсімделеді. Курстық жұмысында пайдаланылған еңбектер номірленіп, толық және белгілі 

жҥйемен,  ретпен  орналастырылады  және  жұмыстың  мәтінінде  беріледі.  Курстық 

жұмысында келесі әдебиет кӛздері қолданылуы мҥмкін.  

1. ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жолдауы, Ҥкіметтің ресми құжаттары; 

 2. Оқулықтар, оқу құралдары т.б.;  

3. Ғылыми еңбектер, монографиялар, ғылыми мақалалар;  

4. БАҚ материалдары, Интернет желісіндегі ғылыми басылымдар

5. Диссертациялар мен авторефераттар;  

6. Архив және мұражай материалдары.  

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінде  осы  кӛрсетілген  барлық  тарауларда  пайдаланылған 

әдебиеттер жалпы бірыңғай реттік номірмен беріледі.  

Мысалы:  

1  Назарбаев    Н.Ә.  Тарих  толқынында.  -  Алматы:  Атамұра,  1999  ж.  -293  б.  Ал  егер  осы 

әдебиет  екінші  рет  пайдаланылса  мәтінніңішіне  [1,  297  б.]  немесе  [1,  297298  бб.]  деп 

кӛрсетіледі.    Газет,  журналдарда  т.б.  сол  сияқты  мерзімді  басылымдарда  жарияланған 

мақалалар  тӛмендегіше  кӛрсетіледі:  автордың  фамилиясы  мен  аты-жӛні,  мақаласының 

аты,  газет  немесе  журналдың  аты,  шыққан  жылы,  айы,  кҥні  немесе  номірі.    Мысалы: 

Мырзахметов М. Ақын мұрасыныңзерттелуі. // Социалистік Қазақстан, 1971 ж. 29 мамыр. 

Егер  студент  диссертациялық,  диплом  жұмыстарды  пайдаланса,  олардың  жазылуы 

тӛмендегіше  болады:  -  автордың  фамилиясы  мен  аты-жӛні;  -  жұмыстың  аты;  -  жұмыс 

қорғалған қаланыңаты; - жұмыстың қорғалған орны (мекеме), жылы; Мысалы: Бекмырза 

С. 


Абайдыңақын 

шәкірттері 

Мұхтар 

Әуезов 


творчествосында. 

(Филология 

ғылымдарыныңкандидаты  дәрежесін  алу  ҥшін  жазылған  диссертациялық  жұмыс).  - 

Алматы: М.Әуезов атындағы әдебиет және ӛнер  институты, 1998 ж. Бір автордыңәр тҥрлі 

томдары сілтеме жасағанда жеке номірмен бӛлек кӛрсетіледі.           

 Мысалы:  




1  Құнанбаев  Абай  (Ибраһим).  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.1.  Ӛлеңдер  мен 

поэмалар.  –  Алматы:  Жазушы,  1977  ж.  1      Құнанбаев  Абай.  Шығармаларыныңтолық 

жинағы.  Т.2.  Қара  сӛздері  мен  аудармалары.  –  Алматы:  Жазушы,  1986  ж.  Архив  немесе 

кітапхана  қоры  болса:  42  Қазақстан  Республикасының  Орталық  мемлекеттік  мұрағаты, 

1142-қор,  1-тізбе,  795іс;  11-16  бб.    Web  сайттар  пайдаланылса:  Автордыңаты-жӛні, 

еңбектің атауы, web сайттар  Мысалы: 43 Бұрханов К.Н. Саяси даму. www.stat.gov.kz                

 

Курстық жұмысты қорғау тәртібі 

Курстық  жұмысты  қабылдау  кестесі  емтихан  сессиясының  басталуынан  екі  апта 

бұрын  бекітіледі.  -    Студент  орындаған  қурстық  жұмысын  жетекшісіне  тексерту  ҥшін 

тапсыру  керек.    -    Егер  жұмыс  қорғауға  жіберілмесе,  студент  кӛрсетілген  ескертулерді 

қарап, оны ӛңдеп болған соң кафедраға қайта ұсынады. - Егер жұмыстың ӛзіндік сипаты 

болмаса  немесе басқа авторлардан, деректерден кӛшірілсе, қойылатын мәселелердің мән-

мағынасы  толық  ашылмаса  қорғауға  жіберілмейді.  -  Студент  курстық  жұмысты  толық 

дайындағанда, ғылыми жетекшінің ұсынысымен қорғауға жіберіледі.  - Курстық жұмысты 

ғылыми жетекшісінің қатысуымен, факультет деканының (кафедра меңгерушісі) ӛкімімен 

бекітілген  комиссия  қабылдайды.  -  Комиссия  отырыстары  хаттамаға  тҥсіріледі, 

комиссияның  тӛрағасы,  мҥшелері  қол  қояды.    -    Жұмысты  қорғауға,  оны  орындаудың 

барлық  талаптары  орындалған  жағдайда    ғылыми  жетекшініңа  уызша  және  жазбаша 

келісімімен жіберіледі.   

Студентке:    -  материалды  тереңталдап,  игерген,  тақырыптыңмазмұнын  ашып 

кӛрсеткен,  зерттеу  нәтижесі  бойынша  нақты  қорытындылар  келтірілгенде  (А  мен    А-)  

аралығындағы  баға;  -  тақырыпты  толық,  жан-жақты  аша  алған,  бірақ    шығармашылық 

элементтері, ӛзіндік тұжырымы жоқ жағдайда (В+, В, В- ) аралығындағы баға; - тақырып 

толық ашылмаған, материалдарды талдау қанағаттанарлық деңгейде ғана жасалғанда (С+, 

С,  С-)  аралығындағы  баға  қойылады.    Курстық  жұмысты  тапсырмаған  студент  курс 

жұмысы  жоспарланған  пән  бойынша  емтиханға  жіберілмейді.  Курстық  жумысты  белгілі 

себептермен  орындамаған  және  қорғауға  жіберілмеген  студенттер  сессия  аяқталған  соң 

қайта қорғауға жіберіледі. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Үлгі №2 (1 беты) 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ 

ШЫМКЕНТ    УНИВЕРСИТЕТІ 

Гуманитарлы-құқық факультеті 

Филология кафедрасы  

 

 



 

 

 



 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 

 

 



Пән атауы: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 

 

Мамандығы: 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

 

Тақырыбы: Етістік (грамматикалық формаларының қалыптасуы мен дамуы) 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қабылдаған:ф.ғ.к. Нурлыбаев Н.М. 

 

Орындаған:ҚТ-215 тобының  

                                                                                                                  студенті Тлеуова А. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Шымкент 2016  


2 беті 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ 



ШЫМКЕНТ    УНИВЕРСИТЕТІ 

Гуманитарлы-құқық факультеті 

Филология кафедрасы  

 

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен 

 

 

Курстық жұмыстың 



түсініктемелік мәтіні 

 

 



 

 

Жұмыс бағаланды:                              Орындаған студент: 



______________________                           _______________________ 

 

 

Комиссия тӛрағасы:                           Курс,тобы: 

______________________                      _________________________ 

 

 

Комиссия мүшесі:Курстық жұмыстың жетекшісі:  

__________________________________________________ 

 

 

Комиссия мүшесі: 

____________________ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


3 беті 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ 



ШЫМКЕНТ    УНИВЕРСИТЕТІ 

Гуманитарлы-құқық факультеті 

Филология кафедрасы  

 

                              «Бекітемін» 

                                                                                       Кафедра меңгерушісі 

                                                                                       ф.ғ.к. Нурымова К.У. 

 

                                                     ___________________ 

 

ТАПСЫРМА 

Пәні:_________________________________________________________________________ 

Студент:_____________________________________________________________________ 

Жұмыстыңтақырыбы:________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________ 

 

Берілгендеректер:_____________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

________________ 

 

 

№ 

Түсініктемелік мәтіннің мазмұны 

Орындау 

уакыты 

Кӛлемі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 

Сызбалар және суреттер 

Орындау 

уакыты 

Кӛлемі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет:_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ 

 

Тапсырмаберілді:___________________________________________________________ 

 

Жетекші:___________________________________________________________________ 

 

Тапсырманы орындауға алдым:______________________________________________ 

 



 

 4  беті    

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................................... 

........................................................................................................................................................... 

...........................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................



........................................................................................................................................................... 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жүктеу 135,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау