А. И. Хасанова Әлеуметтік экология және тұрақты даму



жүктеу 2,47 Mb.
бет6/9
Дата14.11.2017
өлшемі2,47 Mb.
#155
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1 Экологиялық мәселелер қоршаған ортаға қандай өсер етеді?

2Жылулық эффект мәселесі неде?

3 Адам денсаулығына қандай әсер етеді?

4. Озонның тіршілікке қандай манызы бар?

5 Қышқыл жауындар қандай әсер етеді?

11 Тақырып: Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мэселелер жэне тұрақты даму

Мақсаты: Студенттерді адамның биоэлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен жэне адамның экологиялық мэселелерімен таныстыру.

Жоспары:

1. Өткендегі, қазіргі және болашақтағы
демографиялық жағдайлар.


  1. Қазіргі Аралдың ахуалы жэне Арал маңындағы әлеуметтік- экологиялық мэселелер.

3 Қала экологиясы.
1. Өткендегі, қазіргі жэне болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала түрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына эсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.

Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен қүрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.

Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады.

Әлемдегі жыл сайынғы халық санының өсуі: 1000 жьіл бүрын-10/1 бөлігінің %.

XX ғасыр басында-0,7 %.

1950 ж.-І %.

60 ж. аяғында-2,1 %.

Халық саның өсуі эртүрлі жерде эртүрлі өскен. Соңғы 40-50 ж. ішінде халық санының төменделуі байқалды: Шығыс жэне Оңтүстік Европа, Австралия, Жаңа Зеландия, Япония. Халық санының төмендеуіне қарамастан, халық санының тенесуі дамушы елдер арқылы жүзеге асып отыр.

Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізеді. ҚР-ның демографиялық саясатты үстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған.

Ғаламдық мағынасы бар 2-феномен-адамдардың қартаюы, яғни халық қүрылымындағы егде адамдардың санының өсуі. Бұл өлімнің азаюына байланысты.

Халық көбеюі-ата-аналық үрпақтың балалармен алмасуы.



3-феномен демографиядағы балаға деген

экономикалық қажеттілігінің жоғалуы, аз отбасы идеалы, ананың борышы 2-планға шығуы, біріншілік-ол эйелдердің қоғамға енуі, семьядан тыс өндіріс. 1979-1981 ж. ж. 40 жасқа дейінгі «орта» эйелдің бала саны 4,4 тен 2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6-дан жоғары, ал қалада 1,8-ден төмен көрсеткіштерді береді.

Адамдарда жас кезінен бастап, демографиялық мінез-құлық қалыптасады, ол өмірінің барысында ереже болып қалады.

Демографиялық жағдайларға келесідей факторлар кіреді: элемде 3,3 млрд. адам күн сайын тоймайды жэне 5000 млн. Ашығады, 1 млрд. астамы кедейшілік шегінде тұр, 0,5 млрд. жартылай немесе толық жұмыссыз, 0,8 млрд. астам ересектер сауатсыз, 0,2 млрд. бала мектепке бармайды. Тамақтану проблемасы халық санымен байланысты. 6,1 млрд. адам қалыпты тамақтану үшін мал өсіруді 4 есе, ал (өсімдік) астық өнімдерін 3 есе артық өсіруі қажет. 2. Қазіргі Аралдың ахуалы және Арал маңындағы ЗДеуметтік- экологиялық мэселелер.

60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үщ}а қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, түздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна түз бен күм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың түздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан эрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Қоршаған ортаны бүза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ үрпақтардың дамуы үшін экологиялық түрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық түрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркэсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз жэне ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың түздылығы 26-27 г/л жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен қүмды-түзды дауылдар көтерілуде.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен -5,9 км3, өзен ағысымен - 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану - 60,7 км . Теңіз деңгейшщ маусымдык ауытқуы - 25 см, ал ғасырлық - 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бүл орасан үлкен аумақтын өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың СУ балансын Орта Азияның ірі өзендері - Амудария мен Сырдария үстап түрған.

60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2км3, ал 1980 жылы - 10 км3. 1986ж. ы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. 5арлык су суармалы жерлерге жүмсалды.

Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі эсер етіп отырады. Қазір ауа райының континенталдығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5-2 С-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Бүрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 г/л болса, казір ол 2,5 г/л жеткен.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше эсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.

Бүгінде жер бетінің бір шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса ол бүкіл планетаға эсер етеді. Соның ішінде Арал мэселесі ерекше. Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шапшып жатқан теңіз бүгінде эбден кеуіп, қүрғап, өлі денеге айналуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66 мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнде 20 мың шаршы шақырымга жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі түздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың түзы таза табиғи түз емес, қүрамында тыңайтқыштар мен пестицидтердің қалдықтары, тіпті гексахлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі Қозғалыста болады. Сол арқьшы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданга таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табанынан көтерілген түзды шаң аУаның ағымымен соңғы жылдары «Памир» сілемдеріндегі %вдықтарды да еріте бастады. Бүдан келіп сол таулардың %зар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның қүрамьіңда ондаған мың түйір шаң тозаң болады.



Жалпы деректер бойынша, жер шарындағы өлім-жетімнің 6 пайызы бүгінде қоршаған орта ластануы эсеріңең болып отыр. Жүздеген мың адамның денсаулығы табиғат үйлесімсіздігінен нашарлап барады. Қазір элемде жүреқ талмасы, ми-қан айналымының бүзылуынан, ақыл-естен айырылатын аурулардың саны өршей түсті.

Күні кеше осы Арал мэселесін елбасымыз Н.Назарбаев түрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл элемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мэселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мүның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан "Арал тағдыры-элем тағдыры" деу де артық емес.

3. Қала экологиясы.

Қалалардың саны мен олардың түрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «игЬз» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада түруға үмтылуы, қаладағы түрмысты үнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей - ақ «өзіміздің» Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация эсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркэсіп жэне қатынас кэсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954 ж) қалалар саны, онын ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың түрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада түратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы түрғындар саны көп артуы ықтимал. Бүл эрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқыньй тығыздығы, эсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200-ден аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті. Бүл эрине бүгінгі мэселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бүруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркэсіппен аЙналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байкалуда. Мысал үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық түрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркэсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бүл негізінен біздің байлығымыз эрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бүл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бүзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат үйымының мэліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа қүрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде үшырасады. Өнеркэсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында түманның түсетіндігі, ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады.
Сүрақтар

  1. Қазіргі кездегі элеуметтік-экологиялық мэселелер Қандай?

  2. Адамның тіршілік ортасы дегеніміз не?

  3. Адамның тіршілік ортасының компоненттері Кандай?

  4. Адам қажеттіліктері қандай?

  5. Халық санының өсу мэселесін сипаттаңыз.

  6. Қандай зат алмасу элеуметтік деп аталады?

  7. Экологиялық мониторинг дегеніміз не? Оны ¥йымдастыру принциптері қандай?

  8. Мониторинг типтері қандай?



12 Тақырып: Табиғатты қорғау жэне тұрақты даму

Мақсаты: адамзат қоғамының табиғатты қорғау мәселелеріне белсенді қатысу парыздылығың қарастыру

Жоспар:

  1. Табиғатты қорғау мэселелері.

  2. Ерекше қорғалатын территориялар

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған жәве
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

  1. Атмосфералық ауаны қорғау.

  2. Су ресурстарын қорғау мәселелері.

1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты - биосфера түрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дэрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны үғынуы мен білім дэнежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам мен биосфера» атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралык деңгейде биосфера ресурстарын қорғау жэне тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялык сипат алды.



1971 ж. Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда қоршаған табиғи орта, табиғатты қорғау мэселереі көтерілді.

1972 ж. Стокгольмге «Қоршаған ортаны қорғау»

туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында

Б¥Ұ жанындағы ЮНЕСКО жэне ЮНЕП үйымдары "ЭкологиялыК білім беру"туралы 40 астам шешімдер қабылданып, оның

{•аламдық, стратегиялық жоспаралары талқыланды. Экологиялық білім берудің одан эрі даму кезеңдері атақты ңайроби (1982), Беч (1983), Мэскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.

XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, ң. М. Берзилин, В. М. Корсунский, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пэндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мэселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мэскеу, Санкт - Петербург, т.б.) Биосфера, Экология, Табиғатты қорғау, т.б. экологиялық курстары оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан - қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.

Экологиялық білім беруде жэне жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованның жетекшілігімен Республикада "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау" жэне "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру" тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География - экология факультеті ашылып, мамандарды даярлай бастады. Қазір Әль - Фараби атындағы университетте (ҚазМ¥У), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия - экология, география - экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу инститтуттары биоресурстар бойынша эколоғиялық іргелі жұмыстар Жүргізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын Даярлауда. Осы бағытта еғеменді Республикамыздың парламеннті мен үкіметі "Айнала қоршаған табиғи ортаңы қорғау" Заңын (1997), "Қазақстан РеспубликасыңЬіІІ экологиялық қауіпсіздігі "тұжырымдамасын (1996) экономикалық білім багдарламасын (1999), Қазақстаң Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың үлттьіқ жоспарын (1996) т.б. маңызы зор қүжаттар қабылдады.

Экология ғылымының қазіргі замангы қүрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір-таластар көп. Экология ғылымыньщ қазіргі қүрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.

2. Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нэтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез-келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қүрып,дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:



1) оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;

2) жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялык ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жэне микроорганизмдерді сақтау.

Мүны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен үлттық парктерді үйымдастыру болып табылады.

Табигатты қорғаудың маңызды формаларының бірі -ерекше цоргауга алынган территориялар.Осьшдзя территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар* табиғат ескерткіштері, үлттық жэне табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-

күрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі үлттық саябақ ^ренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-5уффало(Канада) - 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорыгы (Моғолстан) - шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі үлттық бақ құрылған: Баянауыл жэне Алтынеміл.

Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рүқсат берілмейді.



Белгілі бір шаруашылық жүмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені үйымдастыру түрі - цоргалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың эр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорыктар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, XX ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бүзылып отыр.Атмосфераның өндірістік улы



қосылыстармен,радиациялық ластану, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде эсер етеді.

Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан

территориясында төмендегі қорықтар жүмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы қүрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория күрамында түрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, қүстардың - 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар жэне т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы қүрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көц емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түр; жэне кұстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барльіғы 1927 жылы сырттан экелінген сайғақтар, қарақұйрықтар құландар, кұм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы қүрылган. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 қүстардың, 25 сүтқоректілердің рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы кұрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар элеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 жэне балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми - зерттеу жүмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері жэне Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді-Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай жэне алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі үя салады. Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасындағы территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт одтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс жэне Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Щымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен қүрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп күрыла бастады.

Биосфералыц цорыц Жердің эр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы жэне көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді эсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта жэне бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам жэне биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен Б¥¥-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП), ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск Қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмысы нэтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс Жоспары» қабылданды



Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік

қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту жэне жалпы экологиялық балансты үстап түру мақсатында қүрылады. Қоргалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.

Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санынын қазіргі жай- күйін көрсететін қүжат.



Өсімдіктер тіршіліктің тірегі, эрі айналамызды қоршап түрған табиғаттың бір бөлімі болғандықтан олардын табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту жэне қоршаған ортаның эр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын түрған түрін сақтап қалудың бірден-бір тиімді жолы - мемлекеттік Қызыл кітапты шығару больШ отыр.

1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, оНда өсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда өседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бүлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер қатарына жатады.

Өсімдіктер дүниесі - биосфераның негізгі компоненттері, ауаның қүрамын реттеуші, табиғаттьщ ажырамас бір бөлігі. Өсімдіктің табиғатта, адам өмірінде алатын орнының зор екендігі аян.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек жэне жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің жэне өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мэліметтер келтірілген.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан-жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына эсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің эсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат элеміне эсер ететін күшті қүралдар берді. Бұл күралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін үзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бэрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің күруына экеп соғады Табиғатта пайда болған эрбір түр өзінші бірегей жэне ещқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны Қайта толмайтын нэрсе. Жэне де бүл жоғалту



қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-теңдіктің бұзылуына экеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мэселесі дүниежузілік мэселеге айнальіп отыр. Бүл мэселе бүкіл элемде маңызды мемлекеттік мэселе ретінде қаралады.

жүктеу 2,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау