Бақылау сұрақтары:
1 Демография деген не?
2 Жер жүзіндегі демографиялық жағдай?
3 Демографиалық көрсеткіштер?
4 Халық санының өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?
5Өлім коэфиценті неменеге байланысты?
5 тақырып: Адамның табиғи және әлеуметтік ортадағы іс-қимылы.
Мақсаты: Адамзаттың жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларың қарастыру
Жоспар:
1 Адамның жеке тұлға ретіндегі, қажеттілік көзі.
2 Адамзат қоғамы және өндірістік
3 Әлеуметтік және табиғи ортадағы өзіндік іс-қимылы
4. ¥лт және жеке адам.
1. Адамның қажетсінулері деген сөздік бойынша - біріншіден организмнің, жеке адам түлғасының, отбасының, жеке әлеуметтік топтың, тұтас алғанда, қоғамның өмірлік қарекетін қолдауға қажетті қандай да бір мүқтаждық немесе жетіспеушілік; 2) адамның тіршілік етіп, дамуы үшін қажет және оның белсенділігінің негізі болып табылатын объектілерге мұқтаждығынан туындайтын жай-күй. Адамның қажетсінулері адамның мінез-қүлқының реттелуіне, ақыл-ойының, сезімі мен ерік-жігерінің бағытталуына себепші болады. Адамның қажетсінулері кең мағынада оның тәрбиелену, яғни, әлемдік мәдениетке ортақтасу процесіне байланысты;
3) адамның өмірлік қарекетін қамтамасыз ететін, оларсыз адам өзін жағдайсыз, жайсыз сезінетін жағдайлар. Адамның қажетсінулерінің негізгі 6 тобын саралайды, олар: анатомиялық-физиологиялык (биологиялык), этологиялық-күлықтык (психологиялык), этностық, еңбектік, экономикалық, әлеуметтік қажетсінулер. Әрбір топта материалдык-энергетикалық және акпараттық екі топша болады, Ақпараттық топшалардың бөлімдері бірлігін эстетикалық кажетсінулер деп саралайды. Экологиялық тұрғыда кең үғынуда Адамның қажетсінулері адамның экологиялық кажетсінулерімен үйлес. Адамның қажетсінулерінің қанағат-тапдырылмауы стрестің негізгі козі болып табылады.
Адамның қоғамдық қажетсінулері - адамдардың табиғи бірлестіктерінің (шағын әлеуметтік топтан бастап, тұтас алғандағы адамзатқа дейін) омір сүруі және дамуы үшін кажетті объектілер мен күбылыстарды қажетсінуі.
Адамның материалдық қажетсінулері - адамдардың калыпты өмір сүруі мен қоғамдық дамуыл камтамасыз ететін заттай-энергетикалық қажетсінулерінің саласы. Заттай-энергетикалық қажетсінулерге тұрғын уй, азық-түлікпен қамтамасыз ету, өнеркәсіп тауарлары, өндіріс қүрал-жабдықтары және т.б. жатады.
Адамның рухани қажетсінулері - адамның қажетсінулерінің жеке түлғаның әлеуметтендірілуі процесінде туындайтын бір болігі. Адамның рухани қажетсінулері адамнын денсаулығының әлеуметтік-психологиялық және психикалық жағын қамтамасыз етеді, оған мәдени қажетсілулер, соның ішінде әлеуметтік-психологиялық қүндылықтардың сақталуын қажетсіну де қамтылады. Адамның рухани қажетсінулері едәуір мөлшерде адамның әлеуметтік қажетсінуімен және адамңың басқа да кажетсінулерінің ақпараттық бөлігімен де уйлеседі. Адамдардың игілігі үшін еңбек ету, қайырымдылық, басқаның қамын ойлау және т.б. тәрізді адамның қогамдық бағыттағы рухани қажетсінулерінің мән-маңызы айрықша.
Адамның анатомиялық физиологиялық қажетсінулері - адамның тіршілік етуі мен денсаулығын сақтауының шарты болып табылатын қажетсінулер тобы. Бұған адамның өмір сүруіне қолайлы табиғи ортадан бастап, таза физиологиялық (тамактану, өсіп-өну, зәр шығару тәрізді) қажеттіліктерге дейін кіреді.
Адамның әлеуметтік қажетсінулері - адамның әлеуметтік жағдайлылығын қамтамасыз ететін қажетсінулер тобы. Оған қамтылатындар: азаматтық бостандықтар (ар-ождан, талап-тілегін еркін білдіру, жүріп-тұру бостандықтары, заң алдындағы теңдік, т.б.), ертеңгі күніне деген сенімділік дәрежесі (соғыс болып кету, жұмыстан айырылып қалу, ашаршылыққа ұшырау, бостандығынан айырылып қалу, тоналу қаупінен үрейленушіліктің жоқтығы не бар болуы), этностық тегі мен мәдени деңгейі ұқсас адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, мәдени қүндылықтарды (кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, т.б.) пайдалану мүмкіндігі, негізгі тұрғын жаймен қамтамасыз етілу дәрежесі және оның сапасы, оны ауыстыру не кеңейту мүмкіндігі (теориялық тұрғыдан адамның өз ғүмырында тұрғын жайын 8-ден 15 ретке дейін ауыстырғаны оңтайлы деп саналады), жұрттың ығы-жығы тығыздығынан жүйке-психикалық стреске душар болмайтындай кеңістік минимумымен қамтамасыз болу {кезектердің болмауы, қызмет көрсетудің сапасы) және т.б.
Адамның еңбектік қажетсінулері - адамның жеке тұлғалық бейіміне, сондай-ақ отбасылық-дәстүрлік алғышарттарға орай, табиғи және әлеуметтік-экономикалық орта жағдайларына экологиялық-әлеуметтік-экономикалық бейімделуін қамтамасыз ететін қажетсінулер тобы. Табиғи ресурстар мен жағдайлар еңбектің жүмсалуының және оның алғышарттарының бірі болып табылады.
Адамның қоғамдық қажетсінулері - адамдардың табиғи бірлестіктерінің (шағын әлеуметтік топтан бастап, тұтас алғандағы адамзатқа дейін) омір сүруі және дамуы үшін кажетті объектілер мен күбылыстарды қажетсінуі.
Адамның материалдық қажетсінулері - адамдардың калыпты өмір сүруі мен қоғамдық дамуыл камтамасыз ететін заттай-энергетикалық қажетсінулерінің саласы. Заттай-энергетикалық қажетсінулерге тұрғын уй, азық-түлікпен қамтамасыз ету, өнеркәсіп тауарлары, өндіріс қүрал-жабдықтары және т.б. жатады.
Адамның экологиялық қажетсінулері 1) адамның өмірлік жағдайлылығы оның басты-басты қажетсінулерінің барлығының канағаттандырылуына байланысты болғандықтан, адамның қажетсінулері деген және адамның экологиялық қажетсінулері деген екі термин бір үғымды білдіреді; 2) адамдардың табиғатпен байланысының қажеттілігінен, сөздің кең мағынасында айтқанда, табиғи ресурстарды керексінуден бастап, табиғат пен эстетикалық байланысқа дейінгі қажеттіліктен туындайтын қажетсінулер.
Адамның экономикалық қажетсінулері грек. оіkonomіа - шаруашылықты басқару) - жекt түлға қалаган шектегі тіршілік сапасы қажеттіліктерінің барлық қалған жиынтығын қанағаттандарудың материалдық мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі адам қажетсінулерінің тобы. А.э.к. тынығу мен тіршілік етуге қажетті барлық табиғи жағдайлар кешенімен қамтамасыз етуді қамтиды.
Адамның эстетикалық қажетсінулері - адам қажетсінулерінің барлық топтарының ақпараттық қурамдасының сүлулық үғымымен біріктірілетіп бәлігі. А.а.қ. түлғаның әлеуметтену процесіне тәрбиемен дарып, балауса жастан есте сақталатын сүлулық туралы түсінікке байланысты; мыс, "табиғаттың көркем көрінісі" деген үғым орман түрғындарына қарағанда дала түрғындарында басқаша болады, Алайда айналадағы дүние туралы ақпаратта субъективтік түсініктен басқа объективтік бастау бар, Өміршең. гүлденген, құнарлы, өсімталдың әдемі, кемел болып көріну заңдылығы.
Адамның этностық қажетсінулері (грек. еtһnos - халық) - этностың дербестігін, оның өмір сүріп, дамуын қамтамасыз ету қажеттігіне себеп кер адам қажетсінулерінің тобы. А.э.к-нің табиғи қүрам бөлігінің мәні мынада: өмірлік ортаның ықпалымен "биологиялық" адам мен "әлеуметтік" адамның арасындағы шекте қалыптаскан этнос "гүлденген өлкеге" (яғни, "этностық тұқым қуалаушылықпен" - өмір сүру үшін қажет табиғи алғышарттар туралы түсініктермен есте сақталған өмірлік ортаға) мұқтаж.
2 Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , әлеуметтік және т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да әр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы және кәсіптік білімінің өсуі , мамандық дәріжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі және т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.
Өндірістгі адам факторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің және кооперациясының нәтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дәрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Әрбір детал және жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дәуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Әрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол әлеуметтік-
экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.
Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.
Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.
Бақылау сұрақтары:
1 Адамның жеке тұлға ретіндегі қажеттіліктері неде?
2 Адамзат қоғамы және өндірістік салаларды
3 Әлеуметтік және табиғи ортадағы өзіндік іс-қимылы
5 Адамзаттың жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемалары қандай
Тақырып 6 Экологиялық жағдай және адам денсаулығы.
Мақсат: адам денсаулығын сақтау нәтижесіндегі экологиялық жағдайларды қарастыру
Жоспар:
1.Экология және адам.Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру денгейі
2.Аурулар туғызатың заттар мен факторлар
3.Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.
4.Адамдар денсаулығының көрсеткіштері
5. Қоғам денсаулығы және адам денсаулығы
1.Адамның денсаулығының төмендеуі, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хе nos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар деп, аударылады.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.
2.Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті
изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras , teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады. Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
3. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.
Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.
Галогенді көмірсулар. Бұл топқа бір немесе бірнеше көміртегі атомдары хлор, бром, йод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорды бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид), тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен (еріткіштер). Бұл топқа өте улы зат — диоксиндер де жатады.
ПВХ мен винилхлорид бауырдың қатерлі ісігін, тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануынан көрінетін винилхлоридтік ауруды туғызады. Ұзақ уақыт бойы винилхлорид қауіисіз деп есептеліп келді. Оны аэрозоль баллондарында газ-тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды.
Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ішіндегі ең күштілерінің бірі. Диоксиннің канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсері анықталған. Ол әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі (шамамен 200 кг) қоршаған ортаға срнымен қатар бала санының тууына ерекше әсерін тигізеді.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.
Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады.
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.
Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғ асырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. Сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді.
Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30—100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады.
Ауыр металдар. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. кіреді. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзада жинақталуының негізгі көзі — отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар, өндірістік қалдықтар және т.б.
Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский, 1996) антропогенді заттар есебінен қоршаған ортаға қорғасынның 94-97%-ы, кадмийдің — 84-89%-ы, мыстың — 56-87%-ы, никельдің — 66—75%-ы, сынаитың — 60%-ы шығарылады.
Қорғасынның негізгі көзі — автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты) қорғасынды қолдану кезінде шығарылады.
Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. XX ғ асырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700—1200 есе артық.
Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау.
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
Адамдардың жасанды ортаға бейімделуі аурулар арқылы өтеді. Аурудың пайда болуының басты себептері: гипердинамия, тойып тамақтанбау, стресс т.б. Медико-билогиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтік-экологиялық факторлар мынадай тенденцияларға көбірек әсер етеді:1. акселерация процесі. 2. биоритмнің бұзылуы. 3. аллергия. 4. онкологиялық аурулардың өсуі. 5. инфекциялық патология. 6. тіршіліктегі абиологиялық тенденция.
Акселерация - бұл биологиялық нормамен салыстырғанда жеке дене мүшелерінің немесе ағза бөлімдерінің тез, ерте дамуы.
Аллергия - ағзаның белгілі бір затты жағымсыз қабылдауы. Бұл зат-аллерген деп аталады (жай, күрделі минералды немесе органикалық заттар).
Ісік-жаңа түзіліс, ұлпаның артық патологиялық өскіні. Олар зиянсыз, зиянды болып екіге бөлінеді. Мысалы рак ауруы канцероген деп аталатын белгілі бір зат әсерінен пайда болады. Қоршаған ортаға адамдар тастаған тірі ағзаларға зиянды бөгде заттар – ксенобиотиктер деп аталады.бұл заттар келесі топтарға бөлінеді: 1. канцерогенді заттар (рак ауруын тудырады) немесе канцерогендер. 2. мутагендер(мутациялық өзгеру) хромосома санының және құрамының өзгеруін тудырады. 3. тератогендер-ағзаның жеке дамуында құбыжықтық жағдайға әкеледі. 4. эмбриогендер – эмбриондық даму сатысында патологиялық өзгерістер тудыратын заттар. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде пайда болған аурулар тобын – техногенді аурулар деп атады. Бұлар:сатуризм (қорғасынмен улану), ита-ита (кадмий әсері), минамата(сынап қосылыстарының әсері). ХХ ғасыр барлық елдерде өзіндік ұзаққа созылатын әртүрлі аурулардың пайда болуымен есте қалды. Мұндай аурулардың пайда болу факторлары: қазіргі заманғы өркениет, стресс, ластану салдарынан тамақ құрамының бұзылуы, техногендік әсерлер, табиғи биоритмдердің бұзылуы т.б. Бір сөзбен, өркениет аурулары деп атайды.
Халық денсаулығы, генофондтың сақталуы белгілі бір дәрежеде шикізат пен таамақ өнімдерінің дұрыстығына байланысты. Адам мен табиғат арасында белгілі бір парадокс бар. Бір жағынан адам-табиғаттың бір бөлігі, екінші жағынан қоршаған ортаның біраз бөлігі адамның өз қолымен жасалған.Алайда адамның қоршаған ортаға араласуы, ақыр соңында биологиялық түр ретіндегі оның денсаулығының төмендеуіне әкеп соқты. Осыдан келіп адамды қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғайтын медицина міндеттері туындайды.
Көптеген органикалыық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Бұл топқа бңр немесе бңрнеше көмңртегі атомдары хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді және жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорлы бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид) және тетрахлорэтилен. Бұл топқа өте улы зат-диоксиндер де жатады. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ең күштілерінің бірі. Диоксин әйелдің бала туу қабілетіне әсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі шамамен қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де әсері анықталған. сонымен қатар канцерогенді және тератогенді әсер етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне әкеліп соқтырады. Формальдегид химия өндірісінің мағызды өнімдерінің бірі болып табылады. Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мәліметтер бар. Адаммен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі әсерлесуде болады. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет және микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір және т.б. жатады. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, імайда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзады жинақталуының негізгі көзі-отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар т.б. қорғасынның негізгі көзі-автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты, қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, әсіресе, өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау. Кадмий – ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. «Ита-ита» ауруын туғызады. Сынап қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүниежүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың тоннадан астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада және химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың әсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық қосылыстары ағза үшін өте улы және қауіпті. Асбест соңғы кезде дәрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы-асбестоз ауруын туғызады. өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге әкеледі. Нитраттардың негізгі көзі- нитрат анионы бар минералдық тыңайтқыштар. Нитраттар әсіресе жылыжайларда өсірілген дақылдарда көп болады. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериялардың әсерінен жеңіл нитриттерге өтеді. Нитриттер асқазан сөліндегі аминдермен әрекеттесіп, нитрозаминдар түзеді. Нитрозаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен әрекеттесіп, екі валентті темірді, үш валентті темірге айналдырады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин деп атайды. Ол оттегін тасымалдауға қабілетсіз, ұлпалар тұншығып, циноз ауруын туғызады. Азықтық қоспалар мал шаруашылық өнімдерін консервілеу кезінде кеңінен қолданылады. Оларға дәрілік заттар, әр түрлі консерванттар, бояулар, өнімдердің сыртқы түрін жақсартатын органикалық және минералдық заттар жатады. Ет пен балықты тұздағанда нитриттер қолданылады. Олар еттің табиғи түсін сақтайды және бактериалды улардың енуіне кедергі келтіреді. Қазіргі кезде жүздеген азықтық қоспалар қолданылады. Олардың көпшілігі адам денсаулығы үшін зиянды. Мысалы, азоттық бояулар тәттілерге, кремдерге қосылады. Олар адамда астма ауруын туғызады. Сондай-ақ күкірт диоксиді де осындай әсер етеді. Оны кептірілген жемістер, шарап және басқа өнімдерге антитоксикант ретінде қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |