1.Топырақтану-ғылым ретінде,оның мақсаты мен міндеттері, топырақ туралы түсінік.
Топырақтану – топырақтар туралы, оның түзілуі (генезисі), құрылысы, құрамы, қасиеттері, олардың географиялық таралуы; топырақтың басты маңызды қасиеті – құнарлылығының қалыптасуы мен дамуын анықатйтын сыртқы орта факторлары; топырақтарды ауыл- және халық шаруашылығында тиімді пайдалануды зерттейтін ғылым болып табылады.
Топырақтану бөлек ғылыми пән ретінде ХІХ ғ аяғында В.В.Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев сияқты орыс ғалымдарының еңбектері арқасында қалыптасқан.
Топыраққа ең алғаш ғылыми тұрғыдан анықтаманы В.В.Докучаев берген: «Топырақ дегеніміз су, ауа, тірі, өлі әр түрлі ағзалардың табиғи жолмен әсер етуінің нәтижесінде тау жыныстарының «күндізгі немесе сыртқы горизонттарын» атады.
Топырақты ғылыми тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың аяқ кезінен басталды. Топырақты топырақтану ғылыми зерттейді. Мұның ғылыми негізін салған В.В.Докучаев болды, ал П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев, В.Р.Вильямс, К.К.Гедройц, Л.И.Просолов, С.С.Неустроев, К.Д.Глинка, В.И.Вернадский, И.Н.Антипов-Каратаев сияқты белгілі ғалымдар оны әрі қарай дамытты.
Қазақстанда 1945ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының Топырақтану институты құрылды, ол Қазақстан топырағының кіші және орта масштабты картасын жасады. Сонымен қатар институт жер суландыру, топырақты әртүрлі жерлерде тиімді пайдалану әдістерін анықтау бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл салада А.И.Бессонов, А.В.Мухля, В.М.Боровский, Ө.Оспанов, Ш.М.Шолтырев, Т.Т.Тазабеков т.б. ғалымдар жемісті еңбек етуде.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Россияда топырақтанудың генетикалық бағыты пайда болды. Бұл бағыт 1883 жылы басылып шыққан В.В.Докучаевтың “Орыстың қара топырағы” атты монографиясымен тікелей байланысты еді. Аталған монографияда топыраққа мынадай анықтама берілген:“Топырақ белгілі бір ауа арйы жағдайында, тірі организмдердің (оның ішінде микроағзалар да) әсерінен тау жыныстарының беткі қабатынан пайда болған минерал-органикалық табиғи дене”.
Топырақтың негізгі, маңызды қасиеттерінің бірі - оның құнарлылығы - өсімдіктерді қалыпты өсіп, дамуы үшін қоректік заттармен, сумен, олардың тамыр жүйелерін ауаның, жылудың, жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету қабілеттілігі. Топырақтың дәл осы қасиетін В.Р.Вильямс «жер шарының құрлық бөлігінің беткі қабатының өсімдіктер өндіруге қабілетті бөлігі деп атады».
Сонымен, топырақтану, топырақты бөлек табиғи дене, өндіріс, адамзат еңбегінің құралы ретінде қарастырады. Ауылшаруашылығында өндірістік құрал ретінде топырақ келесі маңызды ерекшеліктермен сипатталады:
1.Еш басқа құралмен ауыстырылмайды
2.Топырақ шектелген ресурс болып табылады
3.Бір орыннан екінші орынға жылжымайды
4.Құнарлылық. қасиетімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |