56
Тік бұрышты бұранда стандартталмаған. Тік бұрышты бұранданы
жүктемелі винттерде – өстік күштерді беру үшін, және жүрісті винттерде –
қозғалысты беру үшін қолданады, себебі оның ПӘК–ті жоғары болады.
Бұранда профилі тікбұрыш (6.18 сурет), оның сызбада бір бөлігін ғана, және
барлық параметрлері қойылатын шығару элементі ретінде көрсетеді. Сызбада
барлық конструктивтік өлшемдерімен беріледі: сыртқы және ішкі
диаметрлерімен, адымымен, тіс енімен, сондай–ақ кірмелілігі (егер ол бір
кірмелі болмаса) және бағыты (егер ол сол бағытты болса) 6.18 суретке сәйкес
көрсетіледі.
6.1.2 Стандартты бұрандалы бекіту бөлшектері және олардың шартты
белгілеулері.
Бұрандамен бекіту біріктірулері конструктивтік түрде бір бөлшекті
екінші бөлшекке тікелей бұрандамен бұрап, немесе бекіту бөлшектеріне
а) – электр шамдарының цокольдері мен патрондары үшін;
б) – санитарлық-техникалық арматура үшін.
6.17 сурет – Сызбалардағы домалақ бұранданың белгіленуі:
а)
б)
а) сырықтағы; б) тесіктегі.
6.18 сурет – Тікбұрышты бұранданың өлшемдерін қою
57
жататын бұрандамалар, бұрама сұқпалар, бұрамалар, сомындар көмегімен
орындалулары мүмкін. Бұл бөлшектер көмегімен орындалатын біріктірулерді,
сәйкесінше, бұрандамалы, бұрамалы, бұрама сұқпалы (6.19 сурет) деп атайды.
Барлық бұрандалы бекіту бұйымдарына метрлік бұранда (көбінесе ірі
адымды, сирек - ұсақ адымды етіп) ойып салынады және олар сәйкес
стандарттар бойынша дайындалады. Әрбір бекіту бөлшегінің шартты
белгілеуі болады, және онда мыналар көрсетіледі: пішіні, негізгі өлшемдері,
материалы және т.б. Неғұрлым жиі қолданылатын бекіту бұйымдары:
бұрандамалар, бұрамалар, бұрама сұқпалар, сомындар және тығырықтардың
шартты белгілеулерін қарастырайық.
Бұрандама - бір ұшында сомынды бұрауға арналған бұрандасы бар,
екінші ұшында түрлі пішіндегі басы бар цилиндрлік сырықтан тұратын
стандартты бұрандалы бұйым. Бұрандама басының пішіні алты жақты,
жартылай домалақ және т.б. болулары мүмкін. Техникада көбінесе конусты
қиықжиекті, жоғары, қалыпты және тұрпайы дәлдіктегі, қалыпты немесе
кішірейтілген басы бар, бұрандасы ірі немесе ұсақ адымды етіп, бір немесе
бірнеше орындалу түрінде шығарылатын, басының пішіні алты жақты
болатын бұрандамалар жиі қолданылады.
ГОСТ 7798-70 алты жақты басы бар қалыпты дәлдіктегі
бұрандамалардың (6.20 сурет) төрт түрлі жасалуын қарастырады.
6.19 сурет - Бұрандалы біріктірулер
Бұрандамалы
біріктіру
Бұрамалы
біріктірулер
Бұрама сұқпалы
біріктіру
58
Екінші жасалу түріндегі бұрандама дірілге ұшырайтын бұйымдарда
қолданылады. Сондықтан сомынның өздігінен бұралып бұрандамадан ажырап
кетпеуі үшін қосымша бөлшек - көлденең сұқпа (шплинт) қолданылады.
Көлденең сұқпаны бұрандаманың бұрандасы бар ұшындағы тесікке сомынды
бұрап бекіткен соң сұғып, сонан соң тесіктің екінші жағынан шығып тұрған
жартылай домалақ ұштарын - «мұртшаларын» бір-біріне қарсы жақтарға
бүгеді.
6.20 сурет - Алты жақты басы бар бұрандамалардың жасалу түрлері
1-жасалу
2-жасалу
3-жасалу
4-жасалу
Басы жасалуының нұсқасы
Басы жасалуының нұсқасы
Басы жасалуының нұсқасы
Басы жасалуының нұсқасы
59
Бұрандаманы сызбада кескіндеу кезінде жалпы ереже бойынша оның екі
көрінісін орындайды, сызбада бұрандама өлшемдерін ұзындығының - l,
бұранда ұзындығының - b, кілтке арналған өлшемнің – S және бұранданың
белгіленуін - Мd қояды. Басының биіктігі - k бұрандаманың ұзындығына
кірмейді. Бұрандаманың сызбасы, оның өсі сызбаның негізгі жазуына
параллель болатындай етіп орындалады. Бұрандаманы оқу сызбаларында
белгілеу кезінде бұрандаманың қарапайымдандырылған белгілеуімен
шектеледі, мысалы: бұрандаманың бұранда диаметрі d =12 мм, ұзындығы l =
60 мм, 1 жасалу түріндегі, ірі адымды бұрандасы бар - Бұрандама М12×60
ГОСТ 7798-70, дәл солай 2 жасалу түріндегі, ұсақ адымды бұрандасы бар -
Бұрандама 2М12×1,25×60 ГОСТ 7798-70.
Сомын – ортасында бұрандалы тесігі бар бекіту бөлшегі. Біріктірілетін
бөлшектердің біріне тірелгенге дейін сыртқы бұрандаға (мысалы, бұрандамаға
немесе бұрама сұқпаға) бұрап бекіту үшін қолданылады. Аталуы мен жұмыс
істеу жағдайына байланысты сомындарды - алты жақты, домалақ, шаршылы,
тежемелі, құлақшалы, фасонды және т.б. етіп шығарады. Алты жақты
сомындар былай бөлінеді: кәдімгі, бүйірінде тесігі бар және тәжді; қалыпты,
аласа, биік және ерекше биік; бір немесе екі қиық жиекті (6.21 сурет). Машина
жасауда кәдімгі алты жақты қалыпты дәлдіктегі сомындар (ГОСТ 5915-70)
неғұрлым кең қолданыс тапқан.
Сомынның сызбадағы пішінін оның екі көрінісі толығымен анықтап
береді, яғни сомын өсіне параллель проекция жазықтығында алдыңғы
көріністің жартысын фронталь тілігінің жартысымен біріктіріп, ал сомын
өсіне перпендикуляр жазықтыққа қиықжиек жағынан кескіндеу арқылы.
Сызбада бұранданың өлшемі, кілтке арналған өлшем S көрсетіледі. Сомынды
оқу сызбаларында белгілеу кезінде мыналар көрсетіледі: орындалу түрі (1
орындалу түрі көрсетілмейді), бұранда диаметрі, адымның шамасы (тек ұсақ
адымды бұранда үшін), ГОСТ нөмірі. Мысалы,1 орындалу түріндегі сомын,
бұранда диаметрі d=12 мм, ірі адымды - Сомын М12 ГОСТ 5915-70; 2
6.21 сурет - Қалыпты дәлдіктегі алты жақты сомындар
1-жасалу
2-жасалу
Достарыңызбен бөлісу: |