7
1.1 сурет
Машина жасаудың және құрал жасаудың бұйымдарын конструкциялау
кезінде нөмірі 2 мен белгіленген, және де «Конструкторлық
құжаттардың
бірыңғай жүйесі» (КҚБЖ) деп аталатын стандарттар кешенінің ережелерін
сақтау талап етіледі. Құрылыстық жобалауда, құрылыс ерекшеліктерін ескере
отырып, КҚБЖ кешені нөмірі 21 мен белгіленген «Құрылыс үшін жобалау
құжаттарының
жүйесі»
(ҚЖҚЖ)
стандарттарының
кешені
мен
толықтырылады.
КҚБЖ стандарттары елдің
барлық
кәсіпорындарындағы
конструкторлық
құжаттардың
жасалуы,
безендірілуі
және
қолданылуы бойынша ережелері
мен қағидаларын тағайындайды.
Конструкторлық құжаттама –
бұл бұйымды жобалауға, жасауға
және
пайдалануға
қажетті
мәліметтерден тұратын құжаттар
жиынтығы.
КҚБЖ кешенінің барлық
стандарттары 0 ден 9 ға дейінгі
жіктелу топтарына бөлінген. Инженерлік графика курсында негізінен 3
топтың стандарттары сызбаларды орындаудың жалпы ережелері, сондай-ақ
келесі топтарға: 1 - Жалпы қағидалар, 4 - Машина жасау мен құрал жасау
бұйымдарының сызбаларын орындау ережелері, 7 - Сұлбаларды орындау
ережелері стандарттарына кіретін кейбір стандарттар оқытылады.
Топтағы әрбір стандарттың өз реттік нөмірі бар. Мысалы, 3-ші топта;
01-Пішімдер: 02-масштабтар: 03-сызықтар және т.с.с. Бұған қоса стандарт
белгілеуіне оның тіркелу жылы кіреді.
Стандарт өзгеріссіз болмайды, ол мезгіл–мезгіл қайта қаралып, соның
нәтижесінде жаңа стандарт жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда оның
белгілеуіндегі бекітілген жылын білдіретін соңғы екі санды (2000 жылдан
бастап төрт санды) ауыстырады. Осылайша ГОСТ 2. 305-68 қайта қараумен
тиісті өңдеуден кейін ГОСТ 2.305-2008 болып белгіленетін болды.
Стандарттың жекеленген пунктеріне өзгерістер енгізіліп, тіркеуден өту
кезінде оның белгілеуі толығымен сақталады, бірақ құжаттың тіркелу
жылының соңына «*» қояды. Мәтінде ана немесе мына стандартқа сілтеме
жасаған кезде, әдетте құжат белгілеуіндегі жұлдызшаны көрсетпейді. КҚБЖ
стандарттын белгілеу мысалы 1.1 суретінде көрсетілген.
2
Сызбаларды безендіруге қойылатын КҚБЖ
стандарттарының
негізгі талаптары
Барлық сызбалар КҚБЖ тағайындаған ережелерге қатаң сәйкестікте
8
орындалулары тиіс. Сызбаларды безендіру стандарттарына: пішімдер,
масштабтар, сызықтар, сызба қаріптері, негізгі жазбалар жатады.
2.1 Пішімдер
Сызбалар ГОСТ 2.301-68 (2.1 кесте) стандартымен тағайындалған және
қағаз парағында жіңішке тұтас сызықтарымен
жүргізілген
сыртқы
рамкамен
бөліп
көрсетілетін пішімдерде орындалуы тиіс.
Негізгі пішімдерге А0, А1, А2, А3, А4
пішімдері жатады. А0 пішімнің ауданы 1 м
2
тең, ал оның жақтарының ара қатынасы тең
екендігін ескерсек, онда оның жақтарының
өлшемдерін анықтау қиын емес. Қалған
негізгі пішімдерді осы пішімнің алдында
көрсетілген пішімнің ұзын жағын оның қысқа
жағына параллель етіп сызықпен тең 2 бөлікке бөлу арқылы алуға болады (2.1
сурет).
Сондай-ақ жақтары 148 × 210мм болатын А5 пішімін қолдануға да
рұқсат етіледі.
ГОСТ 2.301-68 негізгі пішімдерден басқа еселенген пішімдерді де
пайдалануға рұқсат етеді. Олар негізгі пішімдердің қысқа жақтарын бүтін
санға еселеу арқылы анықталады, мысалы А2 х 3 пішімнің өлшемдері 594 х
2 .1 кесте - Негізгі
пішімдер
Белгіленуі
Жақтардың
өлшемдері, мм
А0
841 × 1189
А1
594 × 841
А2
420 × 594
АЗ
297 × 420
А4
210 × 297
6.31 сурет - Білік пен
шкивткілтекті біріктіру
2.1 сурет - Негізгі пішімдер
9
1261 мм.
Сызбаның сыртқы рамкасының ішінен қалың сызықпен пішімнің
жоғарғы, төменгі және оң жақтарынан 5 мм ара қашықтықта, және сол
жағынан 20 мм арақашықтықта жұмыс өрісінің рамкасы сызылады.
Сызбаның оң жақ төменгі бұрышында сызбаның негізгі жазуы
орналастырылады А4 пішімнің парақтарында негізгі жазуды парақтың тек
қысқа жағына бойлай орналастырады, ол қалған барлық пішімдерде оның
қысқа жағында бойлай, сондай-ақ ұзын жағын да бойлайда орналастыруға
болады. А1 пішімін бөлу жолымен алынған А2, АЗ, А4, пішімдерінің
мысалдары 2.1 суретте келтірілген.
2.2 Масштабтар
Бұйымның күнделігіне және өлшеміне байланысты оның кескіндері
ГОСТ 2.З02-68 тағайындаған масштабтарда орындалады.
Масштаб – бұл сызбадағы кескін өлшемдерінің бұйымның тиісті нақты
(натурал) өлшемдеріне қатынасы. Масштабтар стандарт қатардан (2.2 кесте)
таңдап алынады.
Таңдап алынған масштаб бұйым кескінінің және оның конструкциялық
элементтерінің айқындығын қамтамасыз етуі керек.
Кескін масштабы сызбаның негізгі жазуының тиісті графасында
көрсетіледі. Егер сызбадағы қайсібір кескіннің масштабы негізгі жазуда
көрсетілген масштабтан өзгеше болса, онда оны кескін белгілеуіне қатысы бар
жазбаның оң жағына жақша ішіне, мысалы, А (1 : 2), немесе егер белгілеу
болмаса кескіннің үстіне жақшасыз орналастырады.
2.3 Сызықтар
Сызбаларды оқуды жеңілдету үшін ГОСТ 2.303-68 тағайындаған
сызықтардың тоғыз типін қолданады. Бұйымның барлық көрінетін
контурларын тұтас қалың – негізгі сызықпен орындайды. Сызба пішіміне,
кескін өлшеміне және күрделігіне қарай негізгі сызықтың қалыңдығы s 0,5 тен
1,4 мм дейін қабылданады. Қалған сызықтар, тек қима сызықтарынан өзгелері
2-3 есе жіңішке етіп орындалады.
Сызбада барлық кескіндер үшін бір мақсатқа арналған сызықтардың
қалыңдығы бірдей болуы тиіс. Бір нүктелі үзілмелі сызықтар үзілмелі
2.2 кесте - Масштабтардың стандартты қатары
Масштаб түрі Сандық белгіленуі
Кішірейту
масштабы
1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1 :20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100
Нақты
шама
1:1
Үлкейту
масштабы
увеличения
2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40: 1; 50:1; 100:1
Достарыңызбен бөлісу: |