ӨТКЕН АПТАДА ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ
ПРОКУРАТУРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТЫ
БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ
МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ. МӘЖІЛІС
ОТЫРЫСЫН АУДАН ПРОКУРОРЫ Х.ЖҰМАҒҰЛОВА
ЖҮРГІЗДІ.
Күн тәртібіне сәйкес аудан дық прокуратураның аға
проку роры Қ.Ашимов баяндама жасап, ау дан кәсіп
керлерінің құқығын қорғау бағытында аудандық про ку
ратура, кәсіпкерлік пала тасы және осы бағыттағы мобиль
ді топтың тарапынан жүргізіл ген жұмыстарды талқыға
ұсынды.
Бұл
мәселе
бойынша
аудан дағы
кәсіпкерлік
палатасының төрағасы М.Мүбаракұлы пікірін білді ріп,
облыстық кәсіпкерлік палатасынан жоспарлы түрде ай
сайын мамандар келіп, кент орталығында болып, ауыл
дарды аралап, кәсіпкерлердің ұсыныспікірлерімен санасып
отыратынын атап өтті.
Мәжіліс барысында жергілікті атқарушы органдардың
тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз кедергілер
келтіру дің алдын алу шараларын күшейту бағытында
аудандық прокуратураның аға прокуроры Қ.Ашимовтың
жасаған баяндамасы назарға алынды. Алдағы уақытта
жергі лікті атқарушы органдары тарапынан мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастыру барысында заң бұзушылықтарға
жол беріл меуін қатаң қадағалау қажеттігі атап көрсетілді.
Сондайақ кәсіпкерлік субъектілерінің тарапынан келіп
түскен өтініштердің заң шеңберінде сапалы зерделенуін
және уақытылы жауап берілуін, кәсіпкерлік субъектілерінің
заңмен белгіленген құқықтарын шектемей, мемле кеттік
сатып алу конкурстарына қатысуға теңдей мүмкіндік
берілуін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Кәсіпкерлік
субъектілерін көтермелеу бағытында мемлекет тарапынан
көрсеті ліп отырған әлеуметтік қолдау шараларын заң
шеңбе рінде ұсынып, оларға қолданыстағы бағдарлама
талаптарын кеңінен насихаттау мәселесіне басымдық беру
жайы сөз болды.
Жалағаш аудандық кәсіпкерлік палатасының тарапынан
облыстық прокуратура органы мен кәсіпкерлік палатасы
арасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында тығыз
қарымқатынас орнату жөнінде меморандум жасалғандығын
ескеріп, аудандық прокуратурамен бірлескен түрде кешенді
жұмыстар атқару мәселесі алдағы жоспарға енгізілді.
Ауданға қарасты елді мекендердегі кәсіпкерлермен
көшпелі түрде кездесулер өткізілуін қамтамасыз етіп,
кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп
отырған әлеуметтік қолдау шараларының талаптарын
кеңінен түсіндіріп, бұқаралық ақпарат құрал дары арқылы
насихаттау мәселесіне ден қойылды.
Жиынды
қорытындылаған
аудан
прокуроры
Х.Жұмағұлова аудандық прокуратура тарапынан кәсіпкер
лердің құқықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау,
жергілікті атқарушы орган және кәсіпкерлік палатасымен
тығыз байланыс орнатып, мемлекеттік тексерулерді жүзе
ге асыратын мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъек
тілерінің қызметіне заңсыз тексерулер жүргізіп, олардың
қызметіне негізсіз араласуын болдырмау мақсатында
мобильдік топтың жұмысын жандандыру қажеттігін атап
көрсетті.
Ғ.ҚОЗЫБЕКҚЫЗЫ.
Жиынды аудан прокуроры
Х.Жұмағұлова жүргізіп, күн
тәртібіне қойылып отырған
мә се ленің өте өзекті екенін,
сон дықтан тәрбиелік жұмыс
тарды күшейтіп, бала ның бос
уақытын тиімді пайдалануын
барынша қадағалау қажеттігін
алға тартты.
–Егер алдын алу шара
лары
жүргізілмесе,
құқық
бұзушылықтың соңы қылмыс
жасауға әкеліп соғуы мүмкін.
Осыған
жеткізбей,
сынып
жетек шілері,
атааналармен
бай ла нысты нығай тып, мектеп
инс пек торларының тарапы нан
жанжақты жұмыс жүргізілуі
тиіс,деді Хатиша Сағатқызы.
Аталған тақырыптың төңі
ре гінде аудандық прокуратураның аға проку
роры Қ.Ашимов мәлімдеме жасап, қазіргі таңда
қалыптасып отырған жағдайға байланысты
кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
жөніндегі мобильді топтың тарапынан жүргізіліп
жатқан жұмыстарды және алдағы міндеттерді
атап өтті.
Бұл орайда аудандық ішкі істер бөлімінің
басшысы Қ.Қобландин, аудандық білім бөлімінің
басшысы Б.Бердәулетов, аудандық дене
шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Н.Ержановтар осы бағытта жыл бойы, тұрақты
түрде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын
баяндады.
Атап айтсақ, бүгінгі таңда 17 жасөспірім
аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрса, 37
қолайсыз отбасы назарға алынып отыр. Сондай
ақ құқық бұзушылық әрекеті бойынша қайталап
есепке алынған жасөспірімдер де бар. Олардың
ісі сотқа жолданып, Заңға сәйкес шара көрілген.
Ашығын айтсақ, жасөспірімдердің бос уақытын
тиімді пайдалану үшін атқарылып жатқан
жұмыстар аз емес. Кенттегі 5558 оқушының 88,9
пайызы әртүрлі пәндік үйірмелерге тартылып,
әуез мектебінен, спорт мектебінен дәріс алуы
жолға қойылған. Аталған қосымша білім, тәрбие
беру жұмыстары ешқандай ақысыз, тегін жүзеге
асырылады. Әйтсе де нәтиже көңіл көншітпей
отыр.
Жиынның барысында мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп
психологтары және мектеп инспекторлары әрбір
баламен жекежеке жұмыс жүргізіп, аудандық
ішкі істер бөлімінің есебіне алынған және
тәрбиесінде кемшілігі бар балаларды спорттық
шараларға тартып, белсенділігін ояту, бос
уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау
мәселелері қамтылды.
Жедел
мәжілістің
қорытындысымен,
хаттамалық тапсырмалар берілді.
Ғ.ӘБІЛДА
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
ұсынған ұлт жоспары бес инсти
туциалдық реформасы қазіргі заманғы
мемлекет құрудың, жаһандық және
ішкі сынқатерлерге қарсы күресудің,
экономикалық дамудың, жаңа тарихи
жағдайларда ұлттың дамы ған мемле
кеттердің отыздығына енуіне жол
бастаудың нақты жоспары болып
табылады. Бізге мыңжылдықтар тоғыс
қан алмағайып кезеңде мемлекет құру,
ел болу міндеті жүктелді. Мемле кет
басшысы айтқандай, «Біздің алды
мызда тәуелсіздікті қорғау, тату лықты
сақтау,
тұрақтылықты
орнық тыру
сияқты аса күрделі тарихи істер тұр.
Тәуел сіздігімізді тұғырлы, мемле
кетімізді ғұмырлы ету – біздің ортақ
мүддеміз». Осы идея біздің жүзеге
асыруға тиіс 100 қадам реформасында
көзделген.
Сол маңызды құжаттың 17қада
мында: «судья лауазымына кандидат
тарды іріктеу тетіктерін және біліктілік
талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі
талап – сот істерін жүргізуге қатысудың
5 жылдық өтілі. Судьялыққа үміткерлер
соттарда судья жалақысының 70
пайызы мөл шерінде жалақысы төлене
тін бір жылдық тағылымдамадан өту.
Бір жыл дық тағылымдамадан кейін
судьяға бір жылдық сынақ мерзімін
белгілеу» нормалары құқықтық рет
телу де.
Заңның үстемдігін қамтамасыз
ету реформасын жүзеге асыру бағы
тында 19 жаңалық енгізілген. Мәсе лен,
азаматтардың сот төрелігіне қолжетім
ділігін жеңілдету үшін сот жүйе сі
инстанцияларын оңтайландыру, қолда
ныстағы бес сатылы сот жүйесінен
(бірінші, апелляциялық, кассациялық,
қадағалау және қайта қадағалау жасау)
үш сатылы (бірінші, апелляциялық,
касса циялық) сот төрелігі жүйесіне
көшу, соттарды іріктеу тетіктерін жа
ңар ту жайы атап көрсетілген.
Әділ сот төрелігін қарапайым
халық қа да, инвесторлар мен бизнес
үшін де қолжетімді ететін Жоғарғы
Сот та инвестициялық алқа құрылады.
Бұл реформа аясында болашақ судья
лардың салада кемінде 5 жылдық
еңбек өтілі болуы талап етіл еді.
Судья лыққа үміткерлер соттарда сти
пен дия төленетін бір жылдық тағы
лым дамадан өтеді. Бір жылдық
тағылым дамадан кейін судья бір жыл
дық сынақ мерзімінен өтеді.
Халықтың сот төрелігіне қол жетім
ділігін жеңілдетіп, судьялыққа үміт
керлерді іріктеуде біліктілік талап тарын
қатайту қажеттігі алға тар ты лады.
Сонымен қатар, олардың есеп беру
тәртібін күшейту атап айты лып, айрық
ша тапсырылды. Сот ресімдерін оңай
лату және сот процес терін жедел
дету үшін азамат тыққұқық тық даулар
жөніндегі соттарға прокурор лардың
қатысуын қыс қарту да сөз болды.
Бұл ретте жер гілікті атқарушы орган
дар мен қоғам дастыққа есеп бере
тін жергілікті поли ция қызметін құру
тапсырылды.
Сондайақ, этикалық нормаларды
бұзуға жол беретін полицейлердің іс
әрекеттеріне шағымданған азамат
тардың арызын қарау жөніндегі
қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы
полицияның ашықтығын қамтамасыз
ету қажеттігі атап көрсетілді.
Аталған мәселелер әділ сот төре
лігін жүзеге асырудағы шешім қабыл
дайтын, даулы мәселелер мен адам
тағдырын шешетін әрбір судьяның
өз мандатына толық сай болуын, сот
қызметінің және құқық бұзушылықпен
күресудегі полиция қызметінің ашық
тығын қамтамасыз етеді, осылай ша
өз кезегінде халықтың құқық қорғау
органдары мен сот билігіне деген
сенімі нығаяды.
Әр үкімнің мемлекет атынан
шығарылуы,
оның
маңыздылығы
судья лардан оның заңдылығы мен
негіз ділігі үшін ерекше жауапкершілік
сезінуді талап ететінін ескерсек, атал
ған жаңғыртулардың барлығы уақыт
өте келе сот қызметінің өлшемін биік
дәрежеге жетелейтіні сөзсіз.
Осы тұста Жалағаш аудандық
сотында 2015 жылдың тоғыз айында
атқарылған жұмыстарының қоры
тындысы бойынша баспасөз мәсли
хаты өткізілді. Онда аудандық сот
төрағасы А.Мизанбаев биылғы жылғы
тоғыз ай ішінде аудандық соттың
өндірісіне барлығы 86 қыл мыс тық
іс, 364 азаматтық іс, 504 әкім шілік
іс қаралғанын жеткізді. Сот әділдігін
жүзеге асырудағы ашықтық, жария
лылық принципін жүзеге асыру мақса
тында, тоғыз айда үнбейне жазба
сына жазу арқылы барлығы 825 іс
қаралғанын атап өтті.
2015 жылғы тоғыз айда «Сот
кабинеті» арқылы 252 талап арыз
түскен, бұл барлық түскен талап арыз
дың 69,2 пайызын құрайды. Үнбейне
жазба құрылғысымен қаралған істер
саны 86,7 пайызды құрайды. Сонымен
қатар қазір әкімшілік істер де «Сот
кабинеті» арқылы түсуде.
Жеке және заңды тұлғалардың
судьяның әрекетіне шағыну, азамат
тарды қабылдау мәселелеріне байла
нысты шағым түскен жоқ. Әр түрлі
мәселелер бойынша сот төрағасы
азаматтарға қабылдау жүргізіп, құқық
тық кеңестер беріп келеді.
Аян АЛТЫНБАЕВ,
Жалағаш аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі.
№87 (9160) 04.11.2015
2
КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
ЖЕДЕЛ ТОП МӘЖІЛІСІ
СОТ ЖҮЙЕСІ
ЖАНДАНАДЫ
Байыпты бастама жалғасын тауып, Еңбек ауылында тағылымы
мол тамаша ісшара болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары, комиссия
төрағасы Ж.Тажмаханов бастаған комиссия мүшелері Еңбек ауылдық
мәдениет үйінде бас қосты. Комиссияның көшпелі мәжілісіне облыс
әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылықдемографиялық
саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Б.Үмбетова, «Сыр аналары»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Мусаевалар қатысты.
Алдымен «Батыр аналар» ансамблінің қолөнер бұйымдарының
көрмесі тамашаланды. Көрмедегі түскиіз, қоржын, кесеқап, құрақ
көрпешелер секілді бұйымдар көздің жауын алады. Бұдан соң,
ауылдағы ширек ғасырлық тарихы бар «Батыр аналар» ансамблі «Қыз
он үшке толғанда» атты қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Ауыл
тұрғыны, ансамблдің белді мүшесі Гаухар Досқабылова немересінің
он үшке толып, қыз салтанатын құру рәсімін жасады. Салтымызға
сәйкес, жас қыздың жеңгелері беліне белдік, бұрымына шашбау,
саусағына сақина салды. Аналар ақ батасын беріп, салтанат соңы
әнжырға ұласты. Қойылымға куә болған шара қонақтары Б.Үмбетова
және Н.Мусаевалар аналар ансамбліне алғыстарын айтып, тағылымы
мол шараны терең насихаттау қажеттігін айтты.
Сондайақ шара барысында ауылдағы «Атамекен» шаруа
қожалығы аз қамтамасыз етілген 6 отбасына азықтүлік түрінде қолдау
көрсетті.
Комиссияның төртінші тоқсандағы қорытынды көшпелі мәжілісінің
отырысында төрт мәселе қаралып, төмендегідей міндеттер
нақтыланды.
«Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру бойынша комиссия
жұмысына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету
бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы» облыс әкімі
жанындағы әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат
жөніндегі комиссияның хатшысы Б.Үмбетованың хабарламасы назарға
алынды. Атап айтсақ, ауылдық округтерде қоғамдық негізде жұмыс
жасайтын әйелдер кеңестері туралы базаны жасақтап, олармен тығыз
қарымқатынаста жұмыс жүргізу қажеттігі айқындалды. Жалағаш
кенті орталығында отбасылықдемографиялық, гендерлік саясатпен
айналысатын әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігін құру және оның
заңды тұлға ретінде тіркелуін ұйымдастыру мәселелері комиссияның
алдағы жоспарына енгізілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Тұрмыстық зорлықзомбылық
және адам саудасының алдын алу мәселелері бойынша атқарылған
жұмыстарды» назарға ала отырып, 2016 жылға арналған медиа
жоспар аясында аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп, зорлық
зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара ісқимылын
ұйымдастыру мәселесіне назар аударылды. Сондайақ ана мен бала
денсаулығын жақсарту бағытында денсаулық саласы және білім
бөлімінің бірлесуімен атқарылатын бірқатар міндеттер айқындалды.
Соңғы мәселе бойынша комиссияның 2016 жылға арналған
жұмыс жоспары бекітілді. Мәжілісті комиссия төрағасы Ж.Тажмаханов
қорытындылады.
Ғ.ӘБІЛДА,
М.АХМЕТОВ (сурет).
САЛТ-ДӘСТҮР
САБАҚТАСТЫҒЫ
Жалғасы. Басы 1-бетте.
КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТЫНДА
КЕДЕРГІЛЕР БОЛМАУЫ ҚАЖЕТ
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ
ҚАДАҒАЛАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
АУДАН ПРОКУРАТУРАСЫНДА БОЛЫП ӨТКЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫНДА
ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП
ОТЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ.
АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ХАБАРЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтері, ауылдық округтің
құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу қағидаларының 20- тармағына
сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, аудандық сайлау комиссиясы төмендегілерді Еңбек ауылдық округінің
әкімдігі қызметіне кандидаттар етіп тіркеді:
Алтынбаев Дастан Олжабаевич – 1975 жылғы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы»РМК Қызылорда
облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық бөлімінің басшысы. Жалағаш кентінде тұрады. «Нұр
Отан» партиясының мүшесі.
Сүлейменов Талап Жарылқасынович – 1963 жылғы. М.Байділдаев атындағы №232 орта мектеп
директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары. Еңбек ауылында тұрады.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы: С.Алиев