Реферат Пәні: Әлеуметтану Тақырыбы: Сайлау жүйелері және сайлау Тексерген : Абдрахманова А. А



жүктеу 31,3 Kb.
Дата14.03.2023
өлшемі31,3 Kb.
#41767
түріРеферат
Реферат П ні леуметтану Та ырыбы Сайлау ж йелері ж не сайлау

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Қарағанды техникалық университеті



«АНК және СГД» кафедрасы



Реферат

Пәні: Әлеуметтану

Тақырыбы: Сайлау жүйелері және сайлау




Тексерген: Абдрахманова А. А.
Орындаған: Несіпбаев А. Р.
Турысбеков Т. М.
Тобы: С-20-2

Қарағанды 2021


Сайлау жүйелері және сайлау
Жоспар:
1. Сайлау мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде. Сайлаудың негізгі принциптері мен түрлері.
2. Сайлау жүйесінің түсінігі. Сайлау жүйелерінің түрлері және олардың жұмыс істеу механизмі.

Сайлау — сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға адам таңдау науқаны. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны болып табылады. Демократиялық қоғамда сайлау мынадай міндет атқарады: мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады; саяси элита мен жетекшілерді іріктейді; үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды; мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді; саяси жанжалдың алдын алады. Осы міндеттер атқарылу үшін сайлау жалпыға бірдей, тең, төте, жарыспалы, ерікті түрде өтуге тиіс.


Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.
Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі – оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысуы болып табылады. Мысалы, Ресей Федерециясы Конституциясының 3-бабына сәйкес референдум мен еркін сайлаулар халық билігінің жоғары көрінісі болып саналады.Эстония Республикасы Конституциясының 56-бабында бұл елдегі жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс беруге құқылы азаматтары арқылы:
1) Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;
2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру) жүзеге асыратыны жазылған.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының 10-бабында: «Өзбекстан халқы атынан тек Ұлы Мәжіліс пен Республика Президенті ғана сөйлей алады »,-делінген[2, 61 б.].
Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім ішінде олардың мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар, партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла алмайды
Демократиялық сайлаулар кезеңді болуытиіс. Демократиялық елдер президентті мәңгілікке сайламайды. Сайланбалы тұлға халық алдында есеп береді.
Демократиялық сайлаулар — өкілді, яғни ел халқының көпшілік ересек бөлігін қамтуы тиіс.
Демократиялық сайлаулар түпкілікті болып табылады. Сайлау аяқталғанда сайланбаған қатысушылар сайлаушылардың шешімін қабылдауы тиіс.Егер билеуші партия жеңілсе, ол билікті бейбіт жолмен береді. Сайланбағандар енді оппозицияны білдіреді, олар қоғамдық өмірге белсенді араласады.
Осылайша, демократиялық сайлаулар – тіршілік үшін күрес емес, өз халқына қызмет ету құқығына бәсекелестік[1, 80 б.].
Әрбір елде таңдау механизмі сайлау жүйесі арқылы іске асырылады.
Сайлау жүйесі дегеніміз – өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Жалпы сайлау жүйесі демократиялық өзгерістер ауқымында батыстық, ресейлік ғалымдармен жан-жақты зерттеліп жүр.
Демократиялық сайлаулардың билікті қалыптастырудағы сипатын зерттеген Р. Даль, А. Токвиль, А. Лейпхарт, Дж. Сартори, К. Поппер, С. Хантингтон, саясаттағы азаматтардың сайлаушы ретіндегі рөлін С. Липсет, Р. Роуз, Я. Маккалистерлерді атауға болады. Әсіресе, Р. Даль еңбегін ерекше айтуымыз қажет.
Келесі кезекте Ресейдің саяси зерттеушілеріне тоқталсақ, ең алдымен Ресей Федерациясының сайлау жүйесін зерттеген А.В. Зиновьев және И.С. Поляшоваларды атай отырып, сонымен қатар, Ресейдің тарихындағы сайлау институты мәселелерін зерттеген А.В. Иванченко, М.В. Баглай еңбектерін ерекше айтуымыз қажет.
Сайлау жүйесінің өкілді билікті қалыптастырудың құралы ретінде оның рөлінің теориялық негізі қарастырылып, сайлаудың ең біріншіден билік бөлінісімен, сонымен қатар мемлекетке және оның саясатқа ықпалы зерттелді.
Сонымен зерттеуде қазіргі өкілді биліктің қалыптасуындағы сайлау мәселелерін тереңірек талдау үшін оның ерте кезден бастап қалыптасқан түрлі тұжырымдарын және даму тарихын зерделеуге тырыстық. Антикалық ойшылдардың еңбектерінен бастау алған, мемлекет оның құрылымдары, биліктің қалыптасу ерекшеліктері жайлы ғылыми тұжырымдар қазіргі күнгі сайлау мәселелерінің негізі болып табылады. Сайлаудың мемлекеттік биліктің құрылуымен тікелей байланыстылығы ерте заманғы ойшылдардың еңбектерінде антикалық саяси ойшылдар Платонның «Заңдар» шығармасында және Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінде зерттелгені белгілі.
Т. Гоббс, Дж. Локк сайлауды заң шығарушы биліктің негізгі құралы ретінде түсіндірсе, Ж.Ж. Руссо нақты таңдалған тұлға немесе орган құқықтарын қарастырған. Халық билігінің ең мықты түрі – халық өкілдігі екені туралы француз ағартушысы Ш.Л. Монтескье еңбектерінде көрініс тапқан[3, 10 б.].
Сайлау құқығы. Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған. Мысалы, Германияның Негізгі заңында мемлекеттік биліктің халық тарапынан, сайлау және оған дауыс беру арқылы жүзеге асырылатыны жазылған. Португалия парламенті (Ассамблея) елдің конституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құралады.
Ал, Түркия Республикасының Конституциясына сәйкес сол елдің азаматтары заңда көрсетілген шарттарға лайықты сайлауға, сайлануға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы.
Литва Республикасы Конституциясының 34- бабына орай, әрбір Литва азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану құқығы Литва Республикасының Конституциясында және сайлау туралы жалпы заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар қатыспайды.
Әлемдік қоғамдастықтың кейбір елдерінің сайлау жүйесін қарастыра отырып, замандық талаптарға сай мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазымды тұлғаларды сайлау жалпылама (мемлекеттің барлық аймағында) және аймақтық; тура (халық тікелей қандидаттарға дауыс береді), жанама және көпдәрежелі; толық және жекелеген (қосымша); кезекті (берілген мерзімінде) және кезектен тыс, қайталау (егер сайлау өткізілмегені мойындалса), альтернативті және альтернативті емес (егер қарсылас үміткерлер болмаса), т.с.с. Сайлау шектелімінің пассивтік сайлау құқығы активтік құқыққа қарағанда қатаң. Мысалы, Канада жерінде Сенат қатарына тек жылжымалы мүлкі бар адам ғана жатады, ал Ұлыбритания жерінде Сенат қатарына ену үшін біршама қонымды ақша төлеуге керек. Сайлау шектелімі парламенттің жоғары палатасына үлкен кішілігіне қарай, яғни онда екі палаталығына байланысты, әсіресе жоғары: АҚШ та және Жапония елдерінде — 30 жас, Францияда— 35, Бельгия және Испанияда — 40 жас. Бірақ та айта кететін бір жайт, демократиялық әлемде шектелімді айналып өту мүмкін емес, себебі ол сайлаушылар контингентін ұлғайтады. Мысалы, 1830 жылы Англияда соңғы жылдары 4% ғана орта жастағы адамдар сайланса, ал Францияда — кем дегенде 2%, ал 1848 жылы Францияда тарихта бірінші болып жалпы сайлауға қатысу құқығы тек қана ересек еркектерге ғана тән еді, себебі 1914 жылы олар көптеген Оңтүстік мемлекеттердің беделіне иеленді. Әйел адамдар ең алғашқы рет сайлау құқығын 1893 жылы Жаңа Зеландия жерінде иеленді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін суфражизм (әйел адамдарға ерлер тәрізді тең дәрежелі сайлауға құқық берілу қозғалысы) ең алғашқы жеңісті Ескі және Жаңа бейнеде көрсете білді ( Швейцарияда, 1971 ж., ал Лихтенштейнде — в 1986 ж.). 70-ші жылдары өркениетті дамыған елдерде сайлауға шектеу 18 жасқа төмендеді. Сайлау құқығы жалпы мағынада жалпыхалықтық болып табылды. Осы әлемдік беталысқа қарсы шығу кезінде жас мемлекеттердің тұрғындарының 40% құрайтын, орыс тілді тұрғындарының сайлауға қатысудан шығарып тастау міндеттелгендердің Латвия мен Эстонияда цензілі шегі болады
Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, сайлаулар, әдетте, тек жалпыға бірдей, тең, төте және еркін құқықтар негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізілетінін көреміз.
Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарының сайлауға қатысуын айтады. Әлбетте, сайлауға соттар қабілетсіз деп танығандар, сол секілді еркінен айырылып, түрмеде отырғандар қатыспайды. Сондай-ақ, кейбір елдердің конституциялары мен заңдары мұнан басқа да шектеулер беруі ықтимал. Мысалы, Түркия Республикасының Конституциясының 67- бабында «жалпыға бірдей сайлауларға дауыс беруге нағыз әскери қызметтегі солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар қатыса алмайды» деп, көрсетілген.
Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде қатысады.
Төте дауыс беру. Кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды.
Жасырын дауыс беру. Сайлаушылардың өз еркімен көңіл білдірулерін бақылауға алуға тыйым салынады.
Сайлау еркіндігі. Сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Сол секілді сайлау құқығы белсенді (активті) сайлау құқығына және белсенді емес (пассивті) сайлау құқығына бөлінеді. Біріншісінде – сайлаушылар дауыс берсе, екіншісінде – сайланып қойылатын лауазымға үміткерлік құқығы беріледі[2, 62-63 бб.].
Сайрау жүйесі – бұл саяси билікті заңды түрде қалыптсатыруды қамтамасыз ететін ережелердің, әдістер мен процестердің жиынтығы.
Осыған байланысты сайлау жүйесін кең мәнде де, тар мәнде де түсіну керек екендігін айту қажет.
Сайлау жүйесі кең мәнінде қоғамдыұ қатынастардың жиынтығы болып табылады. Осы қатынастар арқылы мемлекеттің сайлау органдары қалыптасады. Ал тар мәнінде сайлау жүйесі – депутатық мандаттарды кандидаттар арасында сайлаушылардың дауыс беру нәтижелеріне қарай бөлу әдісі.
Сайлау жүйелері сан алуан, соған қарамастан олардың негізгі үш түрге бөлуге болады. Бұл – пропорциялық жүйе, мажоритарлық жүйе және аралас жүйе.Осы жүйелерге жеке – жеке тоқталып кетейік.
Сайлау жүйелері. Пропорциялық сайлау жүйесінің негізгі ұстанымы: парламенттегі депутаттық орындар партиялар ұсынған кандидаттардың тізіміне парламенттік сайлауларда берген дауыстардың санына қарай бөлінеді; мажоритарлық жүйеден айырмашылығы – сайлаушылар жеке кандидатқа емес, ұжымдық партия тізімдеріне дауыс береді; белгілі бір тізімге берілген барлық дауыс қосылады, соның негізінде жалпы қорытынды анықталады.
Пропорциялы жүйеде кандидаттарды ұсыну кезінде партия шешуші рөл атқарады, партиялардың басшылығы аталған тізімді жасайды. Осындай жүйемен сайланған депутат одан әрі сайлаушыларға емес, оны ұсынған партияға мейлінше тәуелді болады. Пропорциялы сайлау жүйесі Австрияда, Бельгияда, Грецияда, Италияда, Норвегияда, Финляндияда, Швейцарияда, Швецияда және басқа елдерде қабылданған.
Мандаттарды пропорциялы бөлу үшін сайлау квотасы әдісі жиі пайдаланылады. Сайлау квотасы – бір депутатты сайлау үшін қажет ең аз дауыс саны. Квота жеке округ үшін де, бүкіл ел үшін де белгіленуі мүмкін. Квота белгілеудің ең қарапайым әдісі сол округ бойынша берілген дауыстардың жалпы санын бөлінетін мандаттардың санына бөлу болып табылады. Мандаттарды партиялар арасында бөлу олардың квотамен алған дауыстарын бөлу арқылы жүргізіледі.Австрияның, Бельгияның, Швецияның, Швейцарияның парламенттері осы жүйе бойынша сайланады.
Мажоритарлық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.Бұл жағдайда сайлаулар, әдетте, бір мандатты округ бойынша өткізіледі және көпшілік дауыс алған кандидат жеңген деп саналады.
Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрі бар, олар: абсолютті дауыс көпшілігі және салыстырмалы дауыс көпшілігі.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде дауыс беруге қатысқан 50% + 1 дауысты жинаған кандидат абсолютті көпшілік дауыспен сайланды деп саналады. Егер кандидаттардың бірде – бірі дауыстардың талап етілген санын жинай алмаған жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Оған бірінші турда көпшілік дауыс алған екі кандидат қатысады. Екінші турда жеңіскер салыстырмалы көпшілік дауыс жүйесі бойынша анықталады. Абсолютті көпшілік дауыс жүйесі Австралияда, Ирландияда, Францияда және басқа да елдерде қолданылады.
Салыстырмалы көпшілік дауысқа негізделген мажоритарлық жүйе жекелей алғанда әрбір бәсекелесіне қарағанда көпшілік дауыс жинаған кандидат жеңіске жетеді деп санайды. Бұл жүйе қазіргі кезде Ұлыбританияда, Индияда, Канадада, АҚШ-та және басқа елдерде қолданылады.
Мажоритарлық сайлау жүйесі «жеңіскер бәрін» және аз дауыс алған кандидаттарға берілген дауысты да алады деген прицип бойынша жұмыс істейді. Жеңген кандидат партиялар активіне кірмейді, олардың өкілдері бір сайлауда жеңілсе, екінші сайлауларда жеңіп жатады.
Партияның емес, жеке кандидаттың жеңуін көздейтін мажоритарлық сайлау жүйесінде тәуелсіз кандидаттарды ұсыну мүмкіндіктері мейлінше мол. Әрине, мұндай жүйеде де белгілі бір партия сайлау алдындағы науқан кезінде кандидатқа қолдау көрсетеді. Бұл фактордың үлкен маңызы бар.
Мажоритарлық принцип партия басшылығы тарапынан қолдау таппаған және одан тәуелсіз, бірақ сайлаушылардың көпшілік даусын алып, жеңіске жете алатын кандидаттарға көп мүмкіндіктер туғызады.
Мажоритарлық жүйе пропорциялық жүйемен салыстырғанда әмбебап. Оны парламентті сайлау кезінде ғана емес, жоғары мемлекеттік лауазым адамдарын, мысалы, президентті сайлау кезінде де қолдануға болады.
Қазіргі кезде дүние жүзінде мажоритарлық сайлау жүйесі үстем болып отырғанын айта кеткен жөн.
Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат – жекелей алғанда олардың әрқайсысына тән кемшіліктерді мейлінше азайту. Мұндай біріктіру болуы мүмкін, мысалы, егер ел парламентінің бір бөлігі пропорциялы жүйе бойынша, ал екінші бөлігі мажоритарлық жүйе бойынша сайланса. Бұған дәлел – Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасын сайлау. Мысалы, 450 депутаттың жартысы мажоритарлық жүйе бойынша, ал екінші жартысы саяси партиялардың пропорциялық өкілеттіктері жүйесі бойынша сайланады. Мұнда мажоритарлық жүйе тұрақты үкімет құруға жағдай жасайды, ал пропрциялық жүйе саяси партиялардың көпшілік бөлігінің сайлауға қатысуына, демек халықтың өзінің саяси еркін барынша толық білдіруіне мүмкіндік туғызады.
Аралас сайлау жүйесі дауыс беру процеінде былай жүзеге асырылады: әр cайлаушы екі бюллетень алады, тиісінше онда екі дауыс болады: ол бірімен нақты сол округ бойынша дауысқа түскен кандидатқа, екіншісімен саяси партияға, бірлестікке дауыс береді[4, 3-5 бб].
Сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртіптері. Қашан да, қай елде де сайлау заңмен белгіленіп көрсетілген мерзімде өткізіледі. Мысалы, Президенттік республикаларда парламент сайлауы белгілі бір уақыт кесімінде, қатаң белгіленген мерзімде өткізіледі. Мысалы, АҚШ-та жұп жылдарының қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбісінде өкілдік палатасының түгел құрамы және сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайлаудан өтеді.
Ал, парламентік республикалар мен парламенттік монархияларда сайлаулар, әдетте, жалпыұлттық өкілетті органдардың өкілетті мерзімі аяқталғаннан кейін ғана өткізіледі. Мұндай сайлаулар кезекті сайлаулар деп аталады. Ал, кезектен тыс сайлаулар парламентті мерзімінен бұрын таратқанда, лауазымнан айырғанда, ел басшысының және тағы басқа сайланушы тұлғалардың отставкаға кетуіне не өлуіне байланысты өткізіледі.
Жайшылықта сайлау мемлекеттік-құқықтық актілерге сай жарияланады. Әрі осы мемлекеттік-құқықтық актілерде қарастырылғандай мерзім ішінде сайлау кампаниялары басталып, дауыс беру басталардың алдында аяқталады.
Сайлаулар өткізуді басқару көптеген елдерде арнайы осы мақсатта құрылатын органдар арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Ресейде, Пакистанда, Түркияда, Герменияда, Испанияда, Қырғызстанда, Молдовада). Бірақ, мұндай басқару қызметтері елдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, яғни, сайлау өткізуге арнайы органдар құрмай-ақ, жүктелуі мүмкін.
Сайлаулар (заңмен белгіленген) сайлау округтері бойынша өткізіледі. Округтар бір мандатты (яғни, бір депутат сайланады), көпмандатты (яғни, округтан бірнеше депутаттар сайланады) болады.
Әдетте, округтар сайлаушылардың (немесе тұрғындардың) тең санына орай құрылады. Мысалы, Ұлыбританияда қауымдастық палатасына сайлау өткізу мақсатында ел 650 сайлау округтарына бөлінген. Осы қауымдастық палатасының 650 мүшелерінен 523 мүшесі Англиядан, 72-сі Шотландиядан, 38-і Уэльстен, 17-сі Солтүстік Ирландиядан сайланады.
Германияда қазіргі кезде бір сайлау округі орта есеппен 222000 сайлаушылардан тұрады. Бундестагқа сайлау туралы федереальдық заңға сәйкес округтегі сайлаушылар санының орташа айырмашылығы барлық Германия бойынша көрсеткіштің 33,35 % аспауы тиіс. Заң шығарушы органның осы көрсетілген заңына сай ФРГ-да сайлау округтары оқтын-оқтын өзгертіліп отырады.
Кейбір жағдайларда бүкіл ел біртұтас сайлау округіне айналып кетеді. Ол тек бір-ақ кандидатура сайланғанда (мысалы, республика президенті) бірмандатты, сол сияқты парламенттің бірнеше мүшелері, болмаса түгел құрамы сайланғанда көпмандатты болуы мүмкін. Мұндай тәртіп, мысалы Израильдегі бір палаталы парламент сайлауы кезінде (кнессетті) қолданылады.
Сайлау округтері, әдетте, сайлау бөлімшелеріне бөлінеді. Бұл сайлау бөлімшелерінің негізгі қызметі : сайлаушылар тізімін жасау, сайлаушыларды тіркеу, сайлау күні дауыс беруді өткізу болып табылады. Бұл арада белгілі бір мемлекттердің қандай өзіне тән тәжірибелік ерекшеліктері болмақ? Мысалы, сайлаушыларды тіркеудің екі жолы пайдалануы мүмкін. Өстіп, АҚШ-та сайлаушы бір тіркелгеннен соң, қайта тіркеуге келмеуі мүмкін. Тіркелудің мұндай түрін тұрақты тіркелу дейді. Ал, енді айталық, Ресейде, Түркіменстанда, Латвияда, Канадада, Францияда, Болгарияда, тағы да көптеген басқа елдерде, әдетте, кезекті сайлауды (немесе белгілі мерзімнің өтуіне байланысты) өткізуде сайлаушылардың тізімі жаңадан жасалады, нәтижеде сайлаушылар жаңадан тіркеуден өтеді. Мұндай тіркелу түрін оқтын-оқтын тіркеу деп атайды.
Дауыс беру мәселесін сөз ететін болсақ, әдетте оны әркім жеке өзі жүзеге асырады. Сол секілді, көптеген елдердің заңдары (мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, ФРГ) кейбір жағдайларда дауыс беру почта, сенімхат арқылы ұйымдастыру, сондай-ақ өкілінің дауыс беруін (сауатсыздар, аурулар үшін) қамтамасыз етеді. Ал, көптеген елдерде міндетті дауыс беру ержесі қарастырылған. Осыған орай Италия Конституциясында дауыс беруге әркімнің жеке қатысуы азаматтық борыш саналса, Люксембургте дауыс беруден бас тартушыларға қаржылық айып жазасы (штраф) кесілетінін айта кеткеніміз жөн. Дәл осындай жағдайда Австрия конституциясы төрт апталық түрмеге отырғызу не 1000 шиллинге дейін айып салуды көрсеткен.
Сайлаудың нәтижесі сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың дауысын есептеп шығарғаннан кейін анықталады[
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
• дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
• қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:
• республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
• аумақтық сайлау комиссиялары;
округтік сайлау комиссиялары;
• учаскелік сайлау комиссиялары.
Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).
Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады,
Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау учаскелері құрылады.
жүктеу 31,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау