«Нұр Отан» партиясы Жалағаш
аудандық филиалы мен аудандық
әділет басқармасының бірлесіп
ұйымдастыруымен «Әділет кеңес
бере ді» респуб лика лық акция ая
сында аудандық индустриалды
аграр лық колледжінде және Ақсу
ауылдық округінде қызмет кер лерге
заң баптары бойынша кеңестер
берілді. Шараның негізгі мақсаты
тұрғындарға мемлекет кепілдік
берген заң көмегі туралы құқық тық
кеңес беру, қоғам да саяси белсенділікті қалып
тастыру, партия мен тұрғындар арасындағы
байла нысты нығайту, қоғам мен билік арасындағы
бай ланыс алаңын кеңейту, мемле кеттік құрылым
дардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру.
Акцияны «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиа лының есеп және сектор меңгерушісі
А.Кенже баев ашып, Елбасының «Нұрлы жол бола
шақ қа бастар жол» атты жаңа Жол дауы партияның
20152025 жылдарға арналған сыбайлас жемқор
лыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру
бағы тын дағы аудандық партия филиалының
атқарған жұмыстары туралы және
акцияның басты міндеті партия қоғамдық
қабылдау
бөлмелерінің
жұмысын
жандандыру, сапасы мен тиімділігін
арт тыру және тұрғындар арасында кең
көлемде құқықтық көмек көрсету мен
кеңес беру жұмыстарын жүргізу екен
дігін айтып, қазіргі уақыттағы партия
жұмысының тыныстіршілігіне тоқталды.
Жалағаш
аудандық
әділет
басқармасының басшысы: Қ.Бөлембаев
“Әділет кеңес береді” акциясының
мәні ұжым қызметкерлерінің уақыттарын тиімді
пайдалану мақсатында көшпелі қабылдаулар
өткізіліп отырғанын, мүлікті жария ету заңының
талаптарын түсіндірді.
Сонымен қатар Жалағаш ауданының аумақтық
сот орындаушылар филиалының аға сот орын
даушысы Б.Қожамұратов, атқарып жатырған
жұмыс тарына түсініктеме беріп, қойылған сау
алдарға нақты жауаптар берді
“ЖЖ” ақпарат.
Қазақстан
статистикасың тамыры
тереңде жатыр. 2015
жылдың 8 қараша айында
Қазақстан мемлекеттік
статистика органының
құрылғанына 95 жыл
толады. Соған орай
аудандық статистика
басқарма басшысы
Баймахан Сәулеге жолығып,
статистика тарихы мен
жұмыс барысы жайлы
айтып беруін өтінген едік.
Жалағаш аудандық статистика
басқармасының тарихына көз
жүгіртсек, 1939 жылы қазан
айында СССР Жоғары Советі
Президиумының Указы бойынша
Жалағаш ауданы құрылған. Осы
уақытқы дейін үш ауданда атқару
комитетінің бір бөлімі болып аға
инспектор, инспектор штаттарына
сәйкес жұмыс атқарған. 1956
жылдан бастап штаттары көбейіп
алты адамға жеткен. Аудандық
статистика мекемесін 19571966 жылдары
аралығында Ш.Мұзапбаров, 19661974
жылдары
аралығында
Қ.Алдажаров,
С.Ережепов,
19741986
жылдары
аралығында Р.Бекбанов басқарған. 1978
жылдары материалдық база нығайтылып,
кадрлармен толықтырылды. 1985 жылдарда
мекеменің штаты көбейіп қызметкерлердің
саны 35ке жетті.
19861989 жылдары аралығында ау
дан дық
статистика
бөлімін
Накипова
Шолпан, 19891999 жылдары аралығында
Н.Бұхарбаев, 19912000 жылдары аралы ғын
да Шілдебаев Аманкелді, 20002002 жыл да
ры ара лығында Өмірсеріков Ерұлан, 2002
2004 жыл дары аралығында Есжанов Ерлан,
20042005 жылдар аралығында Әбсұлтанов
Қайрат басқарды.
Осы аралықтарда мекеменің аты бірнеше
рет өзгеріп, штаттары біресе қысқарып, біресе
көбейіп отырды. 2003 жылдың наурызынан
бастап аудандық статистика бөліміне 1
кент, 12 ауыл округі бойынша статистика
мамандары жұмысқа қабылданды. 2004
жылы 15 қазанда “Бұқарбай батыр’’ ауыл окру
гінде облыс деңгейінде ауылдық статистика
мамандарының семинары өткізілді.
2005 жылдың 16 қарашасынан бастап
Жалағаш аудандық статистика басқармасын
Баймахан Сауле басқарып келеді.
20062007 жылдары бірінші ұлттық ауыл
шаруашылығы санағы, 2009 жылдың 25
ақпан6 наурыз аралығында халық санағы
жүргізілді.
Статистика саласы–халықтың әлауқаты
мен еліміздің экономикасын айқындайтын,
жал пы тілмен айтқанда халқымыздың және
қоғамы мыздың дамуына тікелей әсер ете
тін барлық салалар мен құрылымдардың,
есеп тердің, деректері мен мәліметтерінің
жинақ талатын саласы. Осы есептіліктердің
ар қасында еліміздің экономикасы мен
хал қымыздың халжағдайы анықталады.
Жинақталған статистикалық мәліметтер
мен деректердің тек облысымыз үшін
емес, сонымен қатар республика үшін де
маңызы зор екендігін ұмытпағанымыз абзал.
Есептілікті уақытылы сапалы тапсыруға
барлық жағдайлар жасалынған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық эко
номика министрлігі Статистика коми тетінің
интернет ресурсында “Естатистика’’ ақ
парат жүйесінің интеграциясы жұмыс жасау
да. “Онлайн режимінде мәліметтер жи нау’’
ақпараттық жүйесі респонденттердің статис
тикалық органдарға бармай, статистикалық
нысанды цифрлық қолтаңбаны пайдалана
отырып, онлайнрежимде электронды түрде
мәліметтерін тапсыруға мүмкіндігі бар.
Мекемеде 5 мемлекеттік қызметкерлер,
5 келі сім шарт бойынша қызметкер жұмыс
жа сау да.
Мемлекеттік
қызметкерлердің
бар лығы жоғары білімді. Мекеменің мате
риалдық базасы жылдан жылға жақсаруда.
Атап айтар болсақ, бас маман Бижамал
Керебаева, жетекші мамандар Қожамұрат
Тайшы беков, Әлия Бимаханова, Жадыра
Тәуекеловалар өздеріне жүктелген міндет
терін абыроймен атқарып келеді.
Басқарма облыстағы, аудандағы бар лық
іс шараларға өз үлестерін қосуда. Облыс тық
ста тистика департаментінің тоқсан сайын ғы
қорытынды рейтингі бойынша алдың ғы үш
тіктен орын алып келеді. Мереке қар саңын
да зейнеткерлеріміз Еспенбетова Сұлу,
Сәрсенова Ұлбосын апайларды мерекемен
құт тық тап, мықты денсаулық, отбастарына
аман шылық, баянды бақыт тілеймін.
Әңгімелескен:
Серік БЕРТАЕВ.
ЕЛ және ӨҢІР
№87 (9160) 04.11.2015
4
2869
1127
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
агенттігінде 19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14408-Г куәлігі
берілген.
Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Кезекші редактор Серік БЕРТАЕВ
КЕҢЕС
КОНКУРСҚА
СЕМИНАР
СТАТИСТИКАҒА – 95 ЖЫЛ
Көп ұлтты Отанымызда Қазақстан
халқын құрайтын ұлттардың және өткен
ғасырда отызыншы жылдардың екінші
жарытысында сталиндік қуғын сүргіннің
қасіретін көрген этностардың бірі корейлер.
Осы ұлттардың Қазақстанға, Сыр бойына
қоныс тепкеніне де 70 жылдан асып барады.
Ортақ мақсаттарымен сенімнанымдары
бір корей ағайындардан өздерінің ерен
еңбектерінің арқасында мемлекет, қоғам
қайраткерлері де ғылым мен өнер, мәдениет
май талмандары
да
шықты.
Елбасы
Қазақстан корейлері ассоциациясының
елімізде жаңа технология бойынша жабық
топырақта көкөніс өндірудегі тәжіри
белерінен үлгі алуды Қазақстан халық
тарының Ассамблеясында атап өткен
бола тын. Қандай ұлт, ұлыс болмасын арқа
сүйер көш бастаған, ұйытқысы бола біл ген
ұлдары болады, сондай есімі аудан, об лыс
көлемінде танымал, қазақтың бір бала
сындай болған, Жалағаш топырағына тер
төгіп, еңбек еткен, халқының қалаулысы
бол ған, қазақтар "Жақып" деп атап кеткен
Ким Яков Яковлевич еді. Корей ұлтының
адал перзенті Ким Яков 1908 жылы
Примор өлкесі, Уссурий облысы, Покровка
ауда ны, Сидельников селосында шаруа
отбасында дүниеге келген. Жастайынан
жігерлі Яков орталау мектепті бітіріп,
жергілікті Комсомол ұйымының жұмысына
жетекшілік жасап, ұйымдастыру, көпшілік,
қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Кейіннен өзі туралы селолық кеңестің
хатшысы қызметін атқарып жүргенде
Қазақстанға жер аударылады. Қызылорда
облысына келгеннен кейін Ақжар МТСнің
директорының орынбасары, 1939 жылы
Жалағаш ауданы құрылғанда, аудандық
жер бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия
комитетінің бюро мүшесі қызметтерін
атқарады. Кейіннен аудан өндірісінің күре
тамыры болған Қаракеткен, Жалағаш МТС
нің директоры қызметін абыроймен атқарған.
МТСтің Каракеткеннен Жалағашқа көшіп
келуін және өндіріс орнының техникалық
базасын салып, қалыптастыруда өндіріс
орнының басшысы ретінде өзінің іскерлік,
ұйымдастыру қабілетін көрсете білген.
19541956 жылдары Жоғарғы партия
орындарының ұсынысымен Республикалық
"Ленин Кичи" газетінің оңтүстік аймақ
тарындағы меншікті тілшісі болған. "1956
жылдың жазында аудандағы алдыңғы
қатардағы Калинин атындағы колхоздың
төрағасы Пак Дон Сек отбасымен Сырдария
паромында суға кетіп, қайғылы қазаға
ұшырады" деп кезінде еске алған
еді, сол кездердегі аудандық
партия комитетінің екінші хатшысы
қызметінде болған еңбек, соғыс
ардагері, ауданымыздың құрметті
азаматы, марқұм Тасыбаев Болтай
ағамыз. Бұл жағдай науқанды
колхоз жұмысына кері әсерін тигізе
бастады. Жағдайды түбегейлі
шешу мақсатында маған сол кездегі
аудандық
партия
комитетінің
бірінші хатшысы Байбол Сопбеков
Калинин колхозына барып, ауыл
азаматтарының басын қосып,
колхоз төрағалығына кімдерді
сайлау жөніндегі ойларын білуге
тапсырма берді. Сол күні колхозға барып,
белсенділерді жинап, ашық әңгіме өткіздім.
Аудандық партия комитетінің ойын білдірдім.
Олар Республикалық "Ленин Кичи" газетінің
меншікті тілшісі Ким Яков Яковлевичті
колхоз
басқармасының
төрағалық
қызметіне ұсынуды сұрады. Мен болған
әңгімені Б.Сопбековке толық баяндадым.
"Ленин Кичи" газетінің редакторы Хан
Евгений Харитоновичке қызметкері Ким
Яковты колхоз төрағалығына ұсынылып
жатқаны айтылды. Мәдениетті де сыпайы
Евгений Харитонович: –Яков Яковлевич
сіздердің аудандарыңыздың азаматы ғой,
ұсыныстарыңызды қолдаймын,деді. –Мен
алғаш рет Ким Яковты Б.Сопбековтың
қабылдауында болғанда көрдім. Орта
бойлы, мығым денелі, ақ шашты жігіт
ағасы қазақ тілінің майын тамызып,
ауданда өзі қызмет атқарған жылдардағы
естеліктерін көсілтіп сөйлеп отырғанда
мен нағыз қазақтың абыз ағасын көргендей
болған едім деген еді Бөкең. –Сізді колхоз
басқармасының төрағалығына лайықты
адам деп ұсынып отырмыз,деді бірінші
хатшы. –Бөке, сенімдеріңізге рахмет,
қолдан келгенше, қабілетім жеткенінше
сенімдеріңізді
ақтаймын,деді
ол.
Б.Сопбеков сөзін жалғастырып: –Сізді
халқыңыз қажет етіп отыр,деді. Біздер
сол күні Ким Яковты ауылға апарып,
колхоздың жалпы жиналысын өткізіп, оны
жаңа қызметке сайлаған едік. Осындай
қабілетті басшы шаруашылықтың тізгінін
мықтап қолға алып, ұтқыр да ұтымды
түрде ұзақ жылдар басқарған еді, деп
еске алған еді Бөкең. Колхоз өз күшімен
қысқа уақытта 250 орындық клуб, монша,
диірмен, машина трактор ауласы, тұрақты
электр станциясы, ағаш өңдеу цехы,
дала қостары, мал фермаларын бірнеше
тұрғын үйлер мен өз өнімдерін халыққа
арзан бағамен сататын дүкендер салды.
Колхозда республикалық сорт сынау тұқым
учаскесі жұмыс істеді. Кубань3 сортының
тұқымы алынып, алғаш рет өңірде сынақтан
өткенде осы шаруашылықта болған еді.
Мал тұқымын асылдандыру жолға қойылды.
"Санта Гертруда" бұқалары, "Әулие Ата"
сиырлары, дон жылқылары әкелінді. Алғаш
рет осы шаруашылықта сиырларды УДС
пен сауу қолға алынған болатын. Кезінде
шаруашылықтың озат тәжірибесін облысқа
келгенде Д.Қонаев келіп көрген еді. Калинин
атындағы шаруашылық облыстағы үлгілі
тірек шаруашылығына айналды. Озат
тәжірибелері облыс шаруашылықтарында
насихатталды. Осы жылдары халыққа
интернационалдық, жастарға патриоттық
тәрбие беруде облыстық семинарлар
өткізіліп тұрды. Көп ұлтты халықтардың
басын құраған мәдени көркем өнерпаздар
үйірмесі тұрақты жұмыс істеп, аудан, облыс
көлемінде өз өнерлерін көрсетіп жүрді. Әнші
ағайынды Салмановтар, Қиыр Шығыстағы
корей ұлттық театрының скрипкашысы
болған ерлізайыпты Ли Чен Холардың
сызылтып салған әуендерді, қызу қанды
көрермендердің делебесін қыздыратын
Кавказ биін орындаушы Мажиевтердің
отбасыларының
билерін
қызықтаған
көрермендер әлі де болса ауылда
баршылық.
Елуінші, алпысыншы, жетпісінші жылда
ры Ким Яковтың туысындай, ауыл да тілі
бөлек, тілегі бір он бес ұлттың азаматтары
тату тәтті өмір сүрді, еңбек етті. Ауылда,
ауданда өткізілетін тәрбиелік мәні бар
мәдени көпшілік шаралардың басында
төраға Ким Яковтың өзі болатын. Әсіресе
Корей ұлттық театрының өнерпаздары
көп келетін. Сол жылдары ауыл спортын
дамытуға төраға өзі бас болып қарапайым
спорт алаңдарын салдырды, ауылдың
спортшылары ауданның намысын қорғап
жүрді. Үрмелі (духовой) оркестр Калинин
колхозында болды. Ауылда он бес төсек
орынды учаскелік аурухана, дәріхана,
май заводы жұмыс істеді. Ким Яковтың
тәрбиесінде болған, кейіннен ел басқарған
Қаһарман
Табынбаев,
Ермағанбет
Тұрабаев, Сартай Маханов, тағы басқалар
Ким Яковтың шәкірттері еді. Шаруашылық
жыл сайын өндірістің барлық түрінен
халық шаруашылық жоспарлары мен
міндеттемелерін асыра орындап, 1969
жылы бесжылдықтың қорытындысымен
Ким Яков Ленин орденімен, көптеген
еңбек
озаттары
орденмедальдармен
марапатталды. Осы жылы колхоз кеңшарға
өтерде шаруашылықтың таза пайдасы
сол кездегі ақшамен бір жарым миллион
сом болған екен. Осы жылдары халықтың
әл ауқаты жақсарып, көңіл күйлері
көтеріле түскен кез еді. Он жеті жыл
шаруашылықты басқарған Ким Яковтың
еңбегі бағаланып, Қазақ ССР Жоғарғы
Кеңесінің мақтау грамотасымен, бірнеше
орден медальдармен, көрме белгілерімен
марапатталды.
Ауылдық,
аудандық,
облыстық
кеңестердің
депутаттығына
сайланды. Партия, кеңес органдарының
құрамында болды. Республикалық дәрежеде
зейнетке шыққаннан кейін де екі жыл
шаруашылықта қатардағы агроном, ақылшы
ұстаз болып, жастарды еңбекке, басшылық
жұмыстарға баулуға еңбек етті. Үкімет
Ким Яковтың еңбегін бағалап, Шымкент
қаласынан үй берді. Сол жақта жүрсе де
өмірден өткенше елмен байланысын үзген
жоқ. Осы жолдардың авторы еңбек жолын
сол кісінің қол астында қатардағы колхозшы
болып бастаған еді. Ол кісінің жүріс
тұрысы, бетбейнесі халықтың назарында
болатын. Колхоздың жиналыстары түрлі
көпшілік шаралар орыс тілінде басталып,
қазақ, кәріс тілдерінде жалғаса беретін.
Ким Яков колхозды басқарып тұрған кезде,
қасыма қолдарынан іс келетін курстас
жолдастарымды
жазғы
демалысымда
ауылға ертіп келіп, мамандарға тұрғын үй
салумен айналыстым. Ол кісі миллионер,
колхозды басқарған мен сол баяғыда
салынған ескі үйде тұрдық. Бір жылы
келгенімізде қолынан өнері таматын
ағаш ұстасы Жақсылық досым: Осы
жолы төрағаның үйін салайық, үйі өте
ескі екен ғой,деді. Мен ойымызды Яков
Яковлевичке айттым. Ол кісі: Ниеттеріңізге
рахмет! Үйді ауылдық кеңестің төрағасы
Кенжебаев Зейнабілге саласыңдар. Ол ұзақ
жылдар сыртта жүріп, елге жақында келді,
деді. Келесі жылы келгенімізде жұмыс
кабинетінде қал жағдайымызды сұрап
отырып: Биыл үйді жаңадан қызметке
келген, партком хатшысы Сүлеев Төлегенге
саласыңдар, деп тапсырма берген болатын.
Үшінші жылы келгенімізде: Ендігі үйді
Қараойдағы сиыршы Сейдахметке салып
беріңдер,деген еді. Елден сонау елуінші
жылдары колхоздың төрағалығына келіп,
Шымкентке көшкен еді. Сонда қасымдағы
жолдастарым барға қанағат еткен қандай
қарапайым адам,деп таңғалған болатын.
Мен жетпісінші жылдардың соңында кеңшар
шаруашылығында қызмет атқардым. Ол
кездер күріш жинауға үкіметтің қаулысымен
Шымкент, Жамбыл, облыстарынан бидай
орағын аяқтаған комбайншылар күріш
орағына қатысуға біздің облысқа келетін.
1979 жылы үкіметтің бұл шешімі өзгеріп,
ол облыстардың комбайншылары комбайн
және басқа техникаларымен Солтүстік
облыстарға
баратын
болғандықтан,
біздер комбайншылардан қиындыққа тап
болдық. Осы жағдайдан шығу үшін кеншар
басшылары Шымкенттегі Ким Яковпен
хабарласып, бұрынғы өзі білетін таныс
комбайншыларымен хабарласып, біз жаққа
жіберуге көмек сұрады. Ол жаққа менің
баратынымды жеткізіпті. Мен сол жылдың
үшінші тамызында ауылдан шығып, жолай
Түркістан ауданындағы шаруашылықтарды
аралап, үш күндей кідіріп, Шымкентке
жеттім. Ол кездер қазіргідей байланыс жоқ,
хабарымды естіген Яков Яковлевич үш күн
бойы мені қонақ үйдің алдында күтумен
болыпты. Төртінші күні келіп қонақ үйге
орналасып, Яков Яковлевичке телефон
соғып қонақ үйге орналасақанымды
айтқанымда, менің атымды атап: – Қандай
қазақсың? Ағаңның үйі ақ жайлау демекші,
ағаңның үйі тұрғанда, қонақ үйің не?
Жеңгеңмен үш күн бойы сені күтіп отырмыз.
Сен бүкіл ауылды өзіңмен бірге алып келе
жатқан көлде отырмын, тез жет,деген еді.
Екі апта ағаның үйінде жатып, жетпістің
үстіне шығып кеткеніне қарамастан,
тамыздың аптап ыстығында қасына мені
ертіп алып, бұрынғы таныстарының жұмыс
орындары мен мекенжайын аралап, барған
жерінде "менің бауырлас шаруашылығыма
комбайнерден көмек беріндер" деп, ақ
басын иіп, өтініш жасап, 67 комбайнерды
қасыма ертіп, ауылға қайтарған еді. Иә,
кіндік қаны Сыр топырағына тамбағанмен,
саналы ғұмырын, халқына қызметін
Жалағаш топырағында өткізген, қазақтың
кең даласындай ыстық жүрегін тәнімен,
жанымен түсініп, тани білген ел ағаларымен
әкім қаралармен сыйластықта болып, біреуге
аға, біреуге іні бола білген, ел құрметіне
бөленген ардагер аға туралы айтарда еске
алатын естеліктерде баршылық. Оны уақыт
көрсетеді демекпін.
Рысбай КӘРІМОВ,
Қазақстан Журналисттер Одағының
мүшесі.
Қазақтың бір баласындай болған
ким Яков
Биылғы жылы Қазақ хандығына 550 жыл.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының
қабылданғанына 20 жыл мерекелері аталып өтілді.
Жиырма бірінші ғасырда әлемдік өркениеттің жолына
түскен Қазақстан халқы Елбасымыздың салихалы
саясатының арқасында, ғасырлар тоғысындағы қиын
кезеңдері жеке отырып “алдымен экономика сосын
саясат” қағидасын басшылыққа алып, дүниежүзінде
дамыған 50 елдің ішінен орын алып, даму үстінде. Бүкіл
халықтық референдумда қабылданған Ата Заңымызда
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырды. Ал оның ең
қымбат қазынасы адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы
халық деген болатын. Көп ұлттар мен
ұлыстардың, олардың этнос топтарының
елімізде “бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып”, бүгінгі тәуелсіз, егеменді
еліміздің негізін қалауда, оның өсіп-
өркендеуіне тер төгіп, аянбай еңбек еткен
ерен еңбектеріне ризашылығын білдірген
Елбасы “Береке мен бірлік, татулығы мен
тыныштығы жарасқан бейбіт елде болады”
деген еді. Байтақ елімізде терезелері тең,
тілі басқа болғанмен жүрегі мен тілегі бір,
кешегі заманның қиын-қыстау кездерінде, тағдырдың тауқыметінде қазақ
жерін екінші Отанына айналдырып, дарқан жүректі қазақтардың ыстық
құшағына бөленген. Он бес ұлттың басын қосқан “Әр ұлттың алтын бесігіне
айналған ауданымыздың бұрынғы Калинин атындағы кеңшарда, олардың
ұрпақтары бүгінгі Бұқарбай батыр ауылында шат-шадыман өмір сүріп
жатқандары кеуілге демеу, болашаққа болжам болып келе жатқаны қуантады.
Қазақтың бір баласындай болып еңбек еткен, елге ұйытқы болған, есімі ел
аузында қалған, атамыз қазақ айтқандай “өзіңді өзің сыйла, басқа ұлтты
құрметте” дегендей, бүгінгі әңгіме еңбекқор, бейнеткеш, ешкімнің ала жібін
аттамайтын, өтірік-өсек айтпайтын, өздерінің адал еңбектерімен күн көруді
өмір ұстамына айналдырған корей халқының перзенті Ким Яков Яковлевич
туралы болғалы отыр.
Қай елдің де басты нышаны – мемлекеттік рәміздері. Мемлекеттік рәміздер сол елдің
халқының асқақ рухы, айбыны. Сондықтан да мемлекеттік нышандарға құрметпен қарау
және оны қастерлеу әрбір азаматтың парызы. Халқымыздың барлық тұрмыс-тіршілігі мен
салт-дәстүрін бейнелеп тұрған Елтаңба елдігімізді танытса, алтын күннің астында қанатын
кере қалықтаған көк зеңгірдегі қыран бейнеленген желбіреген көк Туымыз еркіндігімізді,
азаттығымызды, кеңдігімізді айдай әлемге паш етіп, әуенінде бойға ерекше қуат беретін
Әнұранымыз шырқалғанда жүрек түкпірінде қанша ғасыр қалғып жатқан рухымызды оятты.
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР –
ЕЛ АЙБЫНЫ
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН АЙҚЫНДАЙДЫ
Алайда еліміздің әр өңірлерінде осы мемлекеттік
рәміздерге салғырт караған фактілер көптеп тіркеліп
келе ді. Сондықтан осындай жағдайлардың алдын
алу мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйым
дастыруымен семинаркеңес болып өтті. Семи нарға
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас шысы Ғ.Телібаев,
техникалық реттеу және метро логия комитетінің
Қызылорда облысы бойынша депар таментінің
бас маманы С.Қасымов және блогер Ж.Серіков
сонымен бірге ауылдық округ әкімдері, бөлім жә не
мекеме басшылары, білім саласының қызмет керлері
қатысты.
Семинар барысында С.Қасымов мемлекеттік
рәміз дердің қолданылуына тоқталып, олардың
стандартқа сай орналасу тәртібін түсіндірді.
Сондайақ, әрбір мемлекеттік мекеме басшылары
герб пен туды орналастыру барысында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы
заңның баптарына және оның ереже, тәртібіне
сүйену керектігін айтты. Қатысушылар тарапынан
қазірде еліміздің көк байрағы – ту матасының
сапасыздығы, елтаңба пішінінің өлшемі стан дартқа
сәйкес келе бермейтіні және әнұран мәтінін дегі
тыныс белгілерінің дұрыс, бұрыстығы төңірегінде
сауалдар қойып, жауап алды.
Сондайақ, Ж.Серіков әлеуметтік желілерді
тиімді пайдалану мен қауіпсіздігі жайында оқу
тренинг өткізді.
Қ.АХЕТОВ.
ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ