ЖАҢА ИДЕЯЛАР ЖАРШЫСЫ
МЕКТЕПТЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (1-сурет) әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етеді. Осыған сәйкес біздің елімізде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектеп үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңыздылығы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?» деген келелі тұжырымдар. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен, біз, мұғалімдер, өзгеруіміз қажет. Ол үшін заманауи тәсілдерді меңгеруіміз керек.
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, 21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқу әдістемелері арасында сыңдарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын оқып келгеннен кейін мектепте мұғалімдердің көшбасшылық идеясын дамытуды жүзеге асыруды мақсат еттім. Өйткені, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.
Тақырыбы: Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы
Мақсаты: Оқушылардың оқу сапасын арттыру негізінде, өз әріптестеріммен тәжірибе алмасу арқылы мұғалімнің көшбасшылық идеясын жүзеге асыру және дамыту.
Міндеттері:
1.Іс -тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу.
2.Мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құру.
3.Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестеріммен стратегиялық шешімдерді бірлесіп таңдау.
4.Мұғалімдермен бірге оқытудың түрлі әдістерін қолдана отырып, оқу сапасын арттыруға байланысты эксперимент жасау және оның тимділігін анықтау мақсатында ақпарат жинау.
5.Коучинг және тәлімгерлік жүргізу.
6.Бір топ мұғалімдермен қысқа мерзімді жоспарды және материалды бірлесіп әзірлеу, жасау және тәжірибеде қолдану.
7.Мұғалім көшбасшылығын дамыту
Шыны призмадан өткен ақ жарық жеті түске жіктелетіндіктен, ақ жарық мақсат болып,ал жеті түспен көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатқа жету жолы болып табылады.
Көшбасшылықтың негізі:
Көшбасшылықтың келесі кезеңі мұғалімдерге коучинг және тәлімгерлік жүргізу.Мектептегі көшбасшы мұғалім коуч және тәлімгер міндетін атқарады. Коучинг – оқудың нәтижелілік дәрежесін арттыру арқылы оны жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс. Тәлімгерлік – тәжірибесі аздау мұғалімнің білімін, ойлауын, практикалық қызметінің тиімділігін жетілдіру қарқынын арттыру мақсатында тәжірибелі мұғалім мен тәжірибесі аздау мұғалім арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас орнату үдерісі болып табылады. Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістердің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін, өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады.Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылары мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін, оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді.
Бір топ мұғалімдермен қысқа мерзімді жоспарды және материалды бірлесіп әзірлейді, жасайды және тәжірибеде қолданады.
Көшбасшы мұғалім ретінде әріптестеріме өз тәжірибесіне жеті модульді енгізуге көмектесу мақсатында олармен жұмыс істеп, өз әріптестерім жүзеге асыратын өзгерістерді ойластырып, зерттедім. Бейнетаспаға түсірген сабақтарды бірге талқылап,келесі өткізетін сабақтарына жоспар бірлесіп жасалады.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту:
Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады. Көшбасшылықты дамытуда Lesson Study қолдану.
Lesson Study мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады, бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді.
Өзімді өзі әріптестерімнің ортасында көшбасшы сезіну мен үшін үлкен бақыт. Атқарып жатқан еңбегім далаға кетіп жатпағанын сезінемін. Сол себептен де аянбай еңбек етуге бар күш – жігерімді жұмсаймын.
Алда атқаратын жұмыстар жетерлік. Мектебімізде жыл санап деңгейлі мұғалімдердің саны артып келеді. Осы мұғалімдермен бірлесе отырып, болашақтың жоспарын құрып, мектептің жоғары деңгейден көрінуіне, оқушыларға дұрыс білім алуына жағдай жасалады деген сенімдемін.
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Тақырыбы: Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда.Оқыту барысында озық,тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады », -деген болатын. Ал қазақтың заңгер жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен «Халық пен халықты теңеретін-білім» деп айтқандай,білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу-біздің мақсатымыз.Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі,жаңа тәжірибе ,жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Диалог бойынша оқыту
|
Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді.
|
Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады
|
Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады.
|
Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.
|
Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады.
|
Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.
| 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты оын алған өзгерітерге тоқталғым келеді.
Сыныпқа ынтымақтастық Топқа бөлу
атмосфераны қалыптастыру кезеңі
Топ ережесін құру Посетрді қорғау
Оқушылар өзін - өзі бағалауда Рефлекция
7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады..
7 модульді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |