№87 (9160) 4 қараша сәрсенбі 2015 жыл КӘсіпкерлерге



жүктеу 38,76 Mb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата23.11.2018
өлшемі38,76 Mb.
#23719
1   2   3   4

АСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

Асқар таудай әкеміз, біріміздің бауырымыз Кенжебек Жанаев  

өткен  жылы  11  қаңтар  күні  кенеттен  келген  науқастың 

кесірінен  қайтыс болды. Тағдырдың жазғанына қолдан келер 

шара бар ма?! Жазмыштан озмыш жоқ. 

1962  жылы  20  шілде  күні  Мәдениет  ауылында  дүниеге 

келген әкеміз Аққыр ауылында  мал шаруашылығында еңбек 

етті. Бұдан кейін Мәдениет ауылында автокөлік жүргізушісі 

болды.  Өмірінің  соңына  дейін  «Газель»  автокөлігімен 

жолаушылар тасымалдап, халыққа қызмет етті. 

Адамгершілігі 

мол 


әкеміз 

туған-туыс, 

жора-

жолдастарының  алдында  сыйлы,  беделді  еді.  Амал  қанша, 



енді  қолымыздан  келетіні  сағынышпен  еске  алып,  рухына 

құран бағыштаймыз. 

7 қараша күні қонаға, 8 қараша күні Мәдениет ауылында 

әкеміз К.Жанаевтың асы берілетінін хабарлаймыз. 

Біз есейдік айырып ақ-қараны,

Балдарың сеніміңді ақтар әлі.

Жайлы жатшы жан әке, жарқын бейнең,

Жадымызда  мәңгілік сақталады.



Еске  алушылар:  жұбайы  Айжамал,  балалары  Ерлан,  Гүлжанат-Аслан, 

Жадыра-Ермек, Гүлжайна-Медеу және немерелері.  

3

№87   (9160)   04.11.2015

ТАҒЗЫМ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Байтабын»  жауапкершілігі  шектеулі    серіктестігі 

жер  үлесшілерінің    жалпы    жиналысының    2015  жылы 

19  қараша сағат 10.00-де, мына мекен-жайда  өткізу ту-

ралы  хабарлайды. Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ау-

ылы, Бұқарбай батыр көшесі, №3 үй («Байтабын»  ЖШС 

ғимаратында)

Күн  тәртібі:

1.«Байтабын»  жауапкершілігі    шектеулі    серіктестігі  

жер үлесшілерінің «Ауыл» кредиттік  серіктестігі жауап-

кер шілігі  шектеулі  серіктестігінен    несие  қаржысын  алу  

үш ін серік тестіктің егістік  жерлерін кепілге қоюға келі-

сі мін беру туралы.

2.Серіктестік  басшысына  кепіл  шартына  қосымша 

келісім шарттарына, жеке қарыз шарттарына, негіздемелік 

келісімдерге серіктестік атынан қол қоюға келісім беру ту-

ралы.


Сонымен қатар күн тәртібіне қосатын ұсыныс – пікір-

лері ңіз  бар болса, 10 күн ішінде жиналыс ашылғанға дей ін 

сер іктестікке ұсынуларыңызды, жиналысқа мін дет ті түрде 

қа ты суларыңызды сұраймыз. «Байтабын» жауап кершілігі 

шек теулі    серіктестігінің    мекен-жайы:  Бұқарбай  батыр 

ауы лы, Бұқарбай батыр көшесі, № 3 үй.



ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИНАЛЫСЫ

Аққыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының  

2015 жылдың 26 қазандағы №3 шешімі.

Жалағаш  ауданы  Аққыр  ауылдық  округіне  қарасты  Мектеп 

көшесіне Нұрылда Таспеновтің есімін беру туралы ұсыныс ауылдық 

округі әкімі аппаратына ұсынылсын.

Қоғамдастық жиналыстың төрағасы   Ө.Әбиұлы

Қоғамдастық жиналыст ың хатшысы  З.Избасова



ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ЖАЛАҒАШ  АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

АҚҚЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ

ШЕШІМ

 №7           « 26 » қазан            2015 года

(нормативтік құқықтық актілерді

Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы

29 қазанда №5202 болып тіркелген)

Көшелерді қайта атау туралы

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы 

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 

жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-

аумақтық  құрылысы  туралы»  1993  жылғы  8  желтоқсандағы 

Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 

жылғы 27 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес, Жалағаш ауданы 

Аққыр ауылдық оркугінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Жалағаш    ауданы  Аққыр  ауылдық  округінің  «Садовая»    

көшесі  «Адис  Ахетұлы»  есімімен,  «Қазақстанның  50  жылдығы» 

көшесі «Ыдырыс Ақмырзаев»  есімімен қайта аталсын.

2.  Осы  шешім  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аққыр ауылдық округінің   әкімі                          Ж.Матаев

КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

ЖАЛАГАШСКИЙ РАЙОН

АКИМ СЕЛЬСКОГО ОКРУГА АККЫР

РЕШЕНИЯ

 №7             « 26 » октября              2015 года

(зарегистрировано в Реестре

государственной регистрации

нормативных правовых актов за

номерам  №5202 от 29 октября

2015 года )

О переименовании улиц

  В  соответствии  с  Законами  Республики  Казахстан  от  23 

января  2001  года  «О  местном  государственном  управлении  и 

самоуправлении  в  Республике  Казахстан»  и  от  8  декабря  1993 

года  "Об  административно-территориальном  устройстве  в 

Республике  Казахстан",  заключением  Кызылординской  областной 

ономастической комиссии от 27 августа 2015 года №3 аким сельского 

округа Аккыр Жалагашского района РЕШИЛ:

 1. Переименовать  улицу «Садовая» на имя «Адиса Ахетулы», 

улицу «50 лет Казахстана» на имя «Ыдырыса Акмырзаева» сельского 

округа Аккыр Жалагашского района.

 2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти 

календарных дней после дня первого официального опубликования.

  Аким сельского округа Аккыр                       Матаев Ж.



Ауыл  шаруашылығының  көрнекті  қайраткері,  Социалистік  Еңбек 

Ері,  Қызылорда  облысының,  Жалағаш  ауданының  Құрметті  азаматы, 

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын-жазушы Ұзақ Еспановтың 

өмірден озғанына бір жыл толып отыр. Үстіміздегі жылдың 6 қарашасы 

күні  «Ақжол»  мейрамханасында  берілетін  батыр  ағаның,  ақын  ағаның 

жылдық  асына  шақыру  келді.  Еңбек  те,  ерлік  те  ұмытылмайды.  Еңбек 

Ерінің есімі ел есінде. 

Оны  білетіндер  көп.  Қарапайым  тіркестермен 

айтсақ  –ауыл,  сосын  аудан  одан  соң  облыс,  яғни 

бүкіл  Сыр  бойы,  айта  берсек  республикаға  да 

мәшһүр.  Оның  өзгелерден  ерекшелігі  сол,  онымен 

бірге  болған  күндер,  қалай  болғанда  да  естен 

кете  қоймайды.  Ф.М.Достоевскийдің:  «Мына  бір 

өсиетімді  есте  сақтаңдар:  ешбір  оқиғаны,  ешбір 

қақтығыс­шиеленісті  ойдан  шығармаңдар.  Өмірдің 

өзінде  не  бар,  соны  алыңдар.  Өмір  біздің    ойдан 

шығаратындарымыздың  бәрінен  де  бай.  Кәдімгі 

күнделікті  өмірдің  беретінін  ешқандай  ой­қиял  бере 

алмайды, өмірді құрметтеңдер» деген сөзі осы тұста 

ойға оралады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, сөз еткелі отырған 

кейіпкеріміздің алдын ала былайша айтуға болар еді.

Жүрген жерінде ізі қалады, болмаса сөзі қалады. 

Әйтеуір  ағамыз  жайлы  айтылатын  әңгіме  де  көп, 

баршаға  мәлім  аталы  сөздері  де  жеткілікті,  кімнің 

де  болса  көңілін  қалдырмайды,  орынсыз  ешкімге 

салмағын салдырмайды, алды­артын болжай біледі, 

қай  кезде  де  халқына  сенеді.  Орнымен    ақылын 

айтады,  көргені  де  көп,  білетіні  де  аз  емес,  айта  да 

біледі,  қайта  да  біледі,  талайды  басынан  өткізген, 

елінің  сөзін  тиісті  жеріне  жеткізген,  жақсыны  да 

көрген, жаманды да көрген, бірақ аспаған да таспаған, 

табиғи  қалпын  сақтаған,  үлкенге  де,  кішіге  де  «Сіз» 

дейді,  өзімшілдіктен аулақ болған, соның арқасында 

Социалистік Еңбек Ері атанып, батыр болған.

Сонда осы айтып отырғаны кім? – деуі мүмкін ғой 

оқырман қауымның. Ендеше айтайын:

Бұл  –  халқының    қалаулы  ұлы,    ардагер­  ақын  

ағамыз Ұзақ Еспанов.

Бұл  –  кезінде  ақ  күріштен  тау  тұрғызған  батыр 

ағамыз  Ұзақ Еспанов. Енді оның өзі туралы тікелей 

айтқанымыз  жөн  болар.  Ол  1928  жылы  қазіргі 

Мақпалкөл  ауылында  дүниеге  келді.  Орта  мектепте 

оқи жүріп, 1944 жылы еңбек жолын  қолхозшылықтан 

бастады.  1947  жылы  орта  мектепті  бітірісімен 

Қызылорда  педагогикалық  институтының  қазақ    тілі 

мен  әдебиеті  факультетіне  түсіп,  оны  1951  жылы 

бітіріп шықты. Екі жылдай мектепте мұғалім, мектеп 

директоры  қызметін  атқарды.  1953  жылдан  бастап 

он  жыл  бойы  аудандық  оқу  бөлімінің  меңгерушісі 

қызметін атқарды. 1963 жылдан  үздіксіз 30 жыл бойы 

аудандағы  «Мәдениет»  және  Қазақстанның  Ленин  

комсомолы атындағы  совхоздың директоры болды.

Еңбек еткен кезінде бес рет қатарынан облыстық 

Советке, ХІ сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне 

депутат болып сайланған. Қырық жыл бойы аудандық, 

облыстық  партия  комитетінің  мүшесі,  Қазақстан 

Компартиясының ХІV съезінің делегаты болды.

Тау деген әр кез алыстан ғана асқақ, әрі тәкаппар 

көрінеді. Ал бір белесінен бір белесіне көтерілген сай­

ын жерде тұрып қарағанда бас айналдыратын шырқау  

биіктер көзге үйреншікті сыңай  танытып, алыс асула­

рына жетелей береді. Өмірде  солай, оны  Ұзақ Еспа­

нов  ағамыздың  өмір  жолдарынан  анық  аңғарамыз. 

Соның нәтижесін мынадан көруге  болады. Бір өзінде 

он бестен астам медаль, алты ордені бар. 1973 жылы 

10 қазанда КСРО Жоғарғы  Кеңесі Президиумның Ука­

зымен  ауылшаруашылық  өнімдерін  өнідіруде  үздік 

көрсеткіштерге  жеткені  үшін  Социалистік  Еңбек  Ері 

атағы беріліп, «Ленин» ордені мен «Алтын жұлдызды»  

төсіне тақты.

Бүкілодақтық  көрмеге  алты  рет  қатысып,  үш  рет 

алтын, үш рет күміс медаліне  ие болды.

1953­1960­1978 

жылдарда 

өткен 


респу­

блика  мұғалімдерінің,    1976  жылы  Қазақстан 

Компартиясының XIV съезіне делегат болып қатысты. 

1974  жылдан  Жалағаш    поселкесінің,  1998  жылдан 

Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы».

Ағамыз  жайлы  жазғанда  өткен  тарих  беттерінен 

деректер    келтірмесек  көңіліміз  көншімейтін  сияқты. 

Оның  үстіне  қазіргі  жастар  хабардар  емес  сәттерді 

айтып  өткеннің,  еске  түсіргеннің  артықшылығы  сірә 

бола қоймас.

Әсіресе, Ұзекеннің директорлық қызмет атқарған 

кезінде 1971 жылдың алатын орны ерекше еді. Жал­

пы ол аудан өмірінде де күріш дақылынан өнім алуда 

айрықша  бетбұрыс  жасалынған  жыл  болды.  Соның 

көш  басында  «Мәдениет»  совхозының  еңбеккерлері  

болғанды.

Сонымен  «Мәдениет»  совхозының  ұжымы  осы 

жылы 2500 гектар жердің әр гектарынан 56 центнер­

ден өнім алып, мемлекет қоймасына 131 360 центнер 

Сыр маржанын құйып, облыста үлкен сілкініс тудыр­

ды. Сондағы совхоз еңбеккерлерінің атынан жоғарғы 

басшылық  орындарына  берілген    рапортты  оқып 



көрейік: 

«КПСС  XXIV    съезінің  тарихи  шешімдерін 

жүзеге асыра отырып,     тоғызыншы бесжылдықтың 

шешуші жылында астық өндіруді арттыру жөніндегі 

Бүкілодақтық  социалистік  жарысқа  қосылған 

Жалағаш  ауданындағы  «Мәдениет»  совхозының 

еңбеккерлері 2500   гек   тар    жерге күріш егіп, оны бітік 

өсірді  және  егін  жинау  жұмысын  ұйымшылдықпен 

25  жұмыс  күнінде  аяқтады.  Совхоз  қазақстандық 

 миллиард есебіне мемлекетке 131 360 центнер күріш 

сатып  қабылданған  социалистік  міндеттемесін 

 абыроймен  аяқтап,  мемлекетке  астық  сату 

жөніндегі бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын үш 

жылда 101,3 процент орындауды қамтамасыз етті. 

Совхоздың  №1  бөлімшесінің  коллективі  әрбір  гек-

тардан  67  центнерден,  №3  бөлімше  63  центнер-

ден өнім жинады. Сейтасқар Сүйіндіков пен Дәужан 

Ыдырысов  басқарған  бригадалар  әрқайсысындағы 

400  гектар  егіс  көлемінде  әрбір  гектарынан  68-70 

центнерден  сыр  салысын  өндірді.  Звено  жетекшісі 

Жақсылық  Шайманов  әрбір   гектардан  119,3  цент-

нерден,  Ұлмекен  Төлегенова  –  103,3  Нұрлыбек  Ба-

санов  –  101,  Молшыбек  Рысжанов  –  107,3  цент-

нерден  өнім  жинап,  қабылдаған  міндеттемелерін 

артығымен орындады.

Егін жинау кезінде жаткашылар Қуанбай Алпыс-

баев,  Өтебай  Досанов,  Кеңесбек  Жайлаубаев,  Ібан 

Тілеуов,  Маралхан  Әбсатов,  Жолан  Сейсеков,  жүк 

машинасының  жүргізушілері  –  Сәбетбай  Мәліков, 

Әскербек Қасымов, Тілемес Байділдаевтар күн сай-

ын  екі  нормаға  дейін  орындап  отырды.  Комбай-

ыншылар  –  Оңғарбек  Қанатов,  Бөрібай  Пірманов, 

Асқарбек  Пірмантаев,  Мұстафа  Тұрмаханов,  Ба-

тырбек  Жапақов,  Қуандық  Баймаханов,  Ерсін 

Ақбергенов,  Сайлау  Алмасовтар  маусым  кезінде 

5000-7000  центнер  астық  бастырды.  Үлкен 

орақ    кезінде  совхоз  еңбеккерлеріне  Алматы  шет 

тілдер  институтының,  Қызылорда  педагогикалық 

институтының  студенттері,  Түркістан  авто-

транспорт  кәсіпорынның  және  №2585  Қызылорда 

автоколонасының  коллективтері  үлкен  көмек 

көрсетті.  Совхоз  келесі  жылдың  егісіне  қажетті 

тұқымды толық құйып алды.

Совхозда  мемлекеттік  міндеттемеден  және 

бесжылдық жоспардан тыс астық тапсыру онан әрі 

жүргізілуде».

Ұзақ Еспанов – совхоз директоры,

Өтеп Сәрсенбаев –партком секретары,

Тоқтасын Әбдіреев –жұмысшылар комитетінің 

председателі,

Мағанат Елемесов – комсомол комитетінің 

 секретары.

25 сентябрь 1972 жыл.

Бүкіл облыста мемлекетке күріш тапсырудан жүз 

мың  центнерден  астам  астық  тапсыруды  бастаған 

«Мәдениет» совхозының ұжымы, оның жетекшісі Ұзақ 

Еспанов  ағамыз  алтын  әріппен  жазылуының  басы 

болды.


Міне осы жылдан бастап 20 жыл бойы 1991 жылғы 

дейін  зейнеткерлікке  шыққанша  мемлекетке  күріш 

тапсырудан  жүз  мыңдықтардың  көш  бастаушысы 

болып,  социалистік  жарыста  ешкімді  де  алдына 

салмады.

Бұл  жылдарды,  яғни  «Мәдениет»  және 

Қазақстанның 

Ленин 


комсомолы 

атындағы 

совхоздарға  басшылық  жасаған  кезеңін  ол  жыр 

жолдарымен былайша:

Тағдырдың көріп жеңіл, ауырын да,

Ел жұрттың жүрдім бірге қауымында.

Өткіздім өмірімнің сәтті шағын,

«Еңбек» пен «Мәдениет» ауылында.

Үлкенін де, екі елдің кішісін де,

Жасаған маған жақсы ісі үшін де,

Өмірден өткенімше сыйлап өтем,

Келсе де жаз ішінде, қыс ішінде, ­ деп еске алады.

Шаруашылық 

басшысының 

инициативасы 

мен  іскерлігі  әр  мәселенің  бабына  бара  білетін, 

бүге  –  шүгесіне  дейін  талдап,  зерделей  алатын 

қасиетті  қаншалықты  алымды  алғыр  болғанымен 

жеке  адамның  көкейкесті  ойларымен  қабыспаса  ол 

құрғақ  қиял  ғана  болар  еді.  Өйткені  ондай  мақсат 

ойлаушысы  бар  да,  орындаушысы  жоқ    мақсат  қой. 

Бұл  жағынан  алып  қарағанда  Ұзекеңнен  үйренетін 

де,  басшылыққа  алатын  да  қасиеттер  мол.  Содан 

болса керек­ті қай жерде, қай салада еңбек етсе де 

оның тасы өрге қарай өрмеледі. Оның тағы  бір басты 

себебі қарауындағы адамдарға қамқор бола білуінде. 

Адамдарға «Сіз», «Біз», деген сөздердің қажет екені 

шындық. Ол бір­біріне деген құрметтің, сыйластықтың 

белгісі.  «Мың  сіз­бізден  бір  шыж­быж  артық»  деген 

сөз тағы бар ғой халықта. Ұзекеңнің «сіз­бізі» үлкенге 

де, кішіге де шынайы құрмет, ағалық ақыл кеңес, тәлім 

тәрбие болса, «шыж­быжы» еңбек тетігін тауып, оның 

жемісін жегізу. Бұл атап айтқанда, мол еңбек табысы. 

Мұны ақын ағамыз бұлай деп жырлайды:

Көргенімнен көрмегенім көп менің,

Тек сөнбесін кең кеудемнен от демім.

Аянбадым  адал  еңбек  еткенім,

Алла берген абыройымды төкпедім.

Сан салалы көрдім тағдыр өткелін,

Қуып мақтан, асып­ тасып кетпедім.

Шүкір алла, туған халқым алдында,

Жаздан өтіп, күзге қарай беттедім.

Арпалысып тіршілік деп жүргенде,

Қалдық білмей жылдардың да тез өткенін.

Айта алмаймын ағайынға өкпе­наз,

Еңбегімді ескермеді деп менің.

Небір қиын өткелдерден өтесің,

Деп түсінбе өмір жолы теп тегін.

Елге сіңген еңбегімнің арқасы,

Көп  ұшырдым  көңілдің көк  кептерін.

Туған елдің ынтымағы бірлігін,

Қазіргі  күн ойлайтыным тек менің.

Қазақстан  егеменді  ел  атанып,

Мақтан тұтам бостандыққа жеткенін!

Енді  кезінде  идеология  майданының  танымал 

қайраткері  болған  алаштың  зиялы  азаматтарының 

бірі  Дәуірхан  Жәлиұлы  Айдаров  ағамыздың  жетпіс 

жылдық  мерейтойына  жолдаған  құттықтауын  тағы 

бір еске түсіріп, айта кетуді жөн көріп отырмын. Онда 

былай делінген еді:



Қадірлі, Ұзеке!

Сен  табиғатыңнан  ғажайып  адамсың,  сен 

туралы  сыр  айту  оңай  да,  қиын  да,  қысқа  да 

қайыруға болады. Елу жылдан аса өміріңіз өзектес, 

тағдырымыз  тағдарлас  келеді.  Бүгін  бізді  шынайы 

адами  құрмет,  қимастық    сезім  билегендей. 

Қайсымызда  өз  замандасымыздың  ұлы  болдық, 

жемісті  еңбек  етіп,  мәнді  өмір  сүрдік.  Сенімен 

аралас-құралас ұзақ жылдар  сағынышты кезең ғой, 

ешбір өкінбеймін.

Біз  сені  замандастар  ретінде  не  үшін 

құрметтейміз?  Ең  алдымен  жақсы  адам  екенің 

жанарыңнан  танылады,  жүзіңнен  нұр,  ниетіңнен 

шапағат шашып тұрады, құйма құлақ, зерек зерделі 

жансың,  әр  уақыт  жақсылыққа  жақын,  жаңалыққа 

бейім тұрасың. Оның үстіне күшіңе емес, ісіңе сеніп, 

ұлық болсаң да кішік болдың, еңбек адамның жүрегіне 

жол  таптың.  Өзің  жазғандай  барға  мастанбадың, 

басқаны күндемедің, көңілге дақ салмадың, алғаның 

алғыс  болды.    Ал,  дініңе  берік,  ділің  жоғары,  тілге 

бай, барынша ақ көңіл дос-жараның көп екенін бәрі 

біледі.  Ақыр  соңында  адалдық  пен  әділдікті  мұрат 

тұттың, мұнан асқан құндылық болар ма?!

Келесі  сұрақ  кім  едің,  кім  болдың?  Сені  өмір 

үйретті,  еңбек  ширатты.  Бар  болмысыңа  ата-

баба  әруағы  дарыған,  тәніңе  киелі  нан  иісі  сіңген, 

атақ-абыройың  термен,  ақыл-оймен  келген 

сиректердің  бірісің.  Бұл  айтылғанды  «Еңбек»  пен 

«Мәдениет»  кеңшарларының  өткен  шаралары 

дәлелдейді. Ал, рухани темірқазығың – адамгершілік 

пен  парасаттылық,    имандылық  пен  ізеттілік  деп 

білемін.  Еңбек,  ізденіс,  бойыңа  біткен  қазақтың 

киелі  қасиеттері  биік  мәреге  жеткізді.  Еңбек 

Ері  атандың.  Жоғарғы  Кеңес  депутаттығына 

сайландың.  Оған  қоса  өңірдегі  мәшһүр  адам  Ұзақ, 

Азамат  Ұзақ,  Батыр  Ұзақ,  Қайраткер  Ұзақ,  Ақын 

Ұзақ,  енді  міне  Ақсақал  Ұзақсың,  қысқасы  атаның 

ғана емес, адамның ұлы, ірі тұлға болып танылдың. 

Алаштың  зиялы  азаматтарының  ардагерлерінің 

бірісің.

Осының  бәрі  бір  адамның  басына  жетерлік 

мәртебе.  Біз  жастайыңнан  қатар  өскен,  әрі 

сырлас жолдастарың, достарың өмір жолында бар 

жеңісіне бибатыма, асыл ана Дәмештің үлесін бөліп 

айтамыз.  Ұл-қыздарың,  немерелерің  атыңа  лайық 

өсіп-жетіліп  келеді.  Мұратқа  жетті  деген  осы 

болар.  Сен  бақытты  адамсың,  Ұзақ  мырза,  тәуба 

дегейсің!

Мерейтойыңмен шын жүректен құттықтаймыз. 

Денің сау, өмірің ұзақ болып, абыройың ортаймасын. 

Айналаңа амандық, береке тілейміз.

Алматы, 13 желтоқсан 1998 жыл.

Осындай сипаттама жазбадан кейін кейіпкерімізге 

тағы  да  бір  қосымша  ой  айтудың,  сөз  қосудың  өзі 

қиынның қиыны сияқты. Алайда ағамыздың өмір жолы 

тұнып  тұрған  бір  тарих  екенін  еске  алсақ  айтпасқа 

болмайды. Осы орайда ағаның үйі ақ жайлау екенін 

тілге тиек етпекпіз. Шын мәнінде бұл үйден жыл бойы 

қонақ  арылмайды­ау,  арылмайды.  Бірі  кетіп  жатса, 

енді бірі келіп жатады. Несін айтасыз, бұл отбасында 

небір сайранды, небір дәуренді күндер өтті ғой. Оның 

өзіміз де талай рет куәсі болдық.

Бүгінде  талайлардың  жырына  арқау  болған 

сексеннен  асып  тоқсанға  қадам  басқан  ағамыздың 

жүріс­тұрысына, түр әлпетіне қарап әлі де болса оған 

мойынсынбай, мойымай сол бұрынғы қалпын сақтап, 

нағыз  қайраткерлік  қабілет  пен  өмір  кешіп  келе 

жатқанын  аңғарамыз.  Олай  дейтініміз  –  баяғы  әзілі, 

баяғы  әңгімесі,  баяғы  қонақжайлылығы,  оның  үстіне 

өзінің  жан  дүниесінің  тазалығымен  қатар  мұнтаздай 

болып  киініп,  үстіне  шаң  жуытпай  көрікті  қалпын 

сақтауының  өзі  адам  сүйсінерлік.  Мінекей  тектінің 

ұрпағы деген осы. Мұны өз сөзімен айтқанда:

Абыроймен, ағайын, өтті күнім,

Арқасында достардың көптігінің.

Есептеймін өзімді бірімін деп,

Қарапайым қазақтың текті ұлының.

Ақын  жанды  ағамыз  өмірге  «Сыр  күріші  – 

ел  ырысы»,  «Өрелі  өзгерістер»  атты  прозалық 

шығармалар  мен  «Көңіл  көктемі»,  «Шуақты  күндер» 

атты жыр жинақтарын әкелді.

Ағамыз    жеңгеміз  Дәмеш  екеуі  өмірге  әкелген 

балаларының,  олардан  өрбіген  немерелердің 

барлығын  да  тәрбиелі  етіп  өсірді.  Баяны  –дәрігер 

болса,  Зәуреші  мен  Бақыты  ата­ана  жолын  қуып 

ұстаздықты  қалады.  Ал,  Мейрамбек  пен  Манарбек 

және Каналбегі ауылшаруашылығының мамандығын 

игерсе,  Жанарбегі биология ғылымының кандидаты, 

Айдосы үлкен кәсіп иесі.

Бұлардың барлығы да бүгінде егеменді еліміздің 

сан  қилы  шаруашылықтарында  абыройлы  еңбек 

етуде.  Батыр  ағамыздың  өмірі  осылар  арқылы 

жалғаса бермекші.

Өткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдардың  аяғы 

мен  жетпісінші  жылдары  ауданның  «Коммунизм» 

совхозында 

Мөрәлі 


Шәменов, 

«Жаңаталап» 

совхозында 

Алдаберген 

Бисенов, 

«Аққыр» 


совхозында  Камал  Бердаулетов,  «Жаңадария»  

совхозында  Асанбек  Оспанов,  Қазақстанның  Ленин 

Комсомолы  атындағы  совхозда  Молдағали  Сариев, 

«Аққұм»  совхозында  Нағымар  Назмаханов,  «Таң» 

совхозында Молдаш Мусаев, «Жалағаш» совхозында 

Далдабай Жалтынов, «Калинин» атындағы совхозда 

Төлеген  Сүлеев,  «Мәдениет»  совхозында  Ұзақ 

Еспанов  сынды  азаматтар  директорлық  қызметті 

атқарған еді.

Олар  жәй  атқарған  жоқ  ауылшаруашылығын 

көтеру арқылы аудан экономикасын мен мәдениетін, 

елдің  әлеуметтік­  тұрмыстық  жағдайларын  жақсарту 

бағытында  ел  есінде  қалатындай  басшылар  болды. 

Кезінде  солардың  бел  ортасында  жүрген    Ұзақ 

Еспанов  ағамыз  осы  жоғарыда  аты  аталған  тау 

тұлғалы азаматтардың ең соңғы көзі еді.

Міне,  ол  кісінің  ортамыздағы  орны  ойсырап 

қалғанынада  жылдың  жүзі  көрініпті.  Алайда  еңбек 

майданы  батырының  зор  тұлғасы  жыл  өткен  сайын 

бейіктей түсері сөзсіз.



ЕҢБЕК ЕРІ

Шыңғыс  АЙБОСЫНОВ,

Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі.

Қазан  айының  30  күні  №123  Т.Жүргенов  атындағы  мектеп­

лицейде «Жастар  ресурстық  орталығы» КММ Жалағаш аудан­

дық бөлімінің ұйымдастыруымен Алтын күз мерекесіне арналған 

8­10 сыныптар арасында  «Күз ханзадасы мен ханшайымы­2015» 

атты жұптар сайысы өтті.

Кештің  қонақтары  «Жастар    ресурстық    орталығы»  КММ  

Жалағаш аудандық бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар 

ісі  жөніндегі  маманы  Мырзалиев  Ернұр,  Жалағаш  ауданы  жас­

тарының  «Темірқазық»  қоғамдық  бірлестігінің  үйлестірушісі 

Мәлік  Гүлайым  және  «Жас  ұлан»  ұйымының  мүшелері  мен 

мектеп оқушылары қатысты. 

8­10  сыныптар  арасынан  6  жұп  қатысты.  Жұптар    7  кезең 

бойынша  сайысқа  түсті.  Сайысқа  кеш  қонақтарымен    мектеп 

тәлім гері Елікбаева Гүлфайруз әділ­қазылық етті. Сайыс бары­

сында  әр  сыныптан  қатысушылар  «Бақытты  жұптар»  ханшай­

ым  мен  ханзаданың  ертегісі  арқылы  өздерін  ертегімен  таныс­

тырып, «Күз» тақырыбына арнап ақын өлеңдерін  жатқа айтып, 

өздерінің  сөз  шеберліктерін  көрсетті.  «Қас­қағым  сәт»  сұрақ­

жауап  бөлімінде  күзге  байланысты    сұрақтар  қойылса,  күзгі 

дастархан  мәзірінде  күзгі  өнімдерден  жасалған  көрме,  түрлі 

салаттар  жасалды.  Күз  ханшайымдары  өздерінің  жасап  әкел­

ген  салаттарымен  таныстырды.  «Өнерліге  өріс  кең»  бөлімінде 

жұптардың  бірі  би  билесе,  бірі  ән  салып,  бірі  монолог  оқыды. 

«Күз,  Әсемдік,  Табиғат»  деп  аталатын    жұптардың  күзгі 

жемістерден әзірленген киімдерін көрсетуінде өздерінің қолдарымен 

жеміс жапсырылып дайындалған  киім үлгілерін көрсетті. Соңғы бөлім 

бойынша  Ханзадалар    мен  ханшайымдардың  Алтын  күз  сарайын­

дағы мерекелік жұптар биі биленді. Барлық қатысушы сыныптар өз 

дәрежелерінде қатысып, марапаттауларға ие болды.

Әділқазылар  алқасының  шешімімен  І  орынды    9  «б»  сынып 

атынан қатысқан Бахтиярқызы Ақерке мен Қанибай Оралбек иелен­

се,  ІІ  орынды  9  «а»  сыныбы  Садық  Ақниет  пен  Оспан  Ернар,  ІІІ 

орын  ды  10  «а»  сынып  Жақсылық  Заманбек  пен  Әділбаева  Аягөз 

ие  болды.  Сонымен  қатар  «Жарасымды  жұп»  номинациясымен  8 

«а» сынып Тоқтарбай Сымбат пен Русланбекұлы Тыныбек, «Өнерлі 

жұп» номинациясымен 8 «ә» Нағашыбай Мадияр мен Нұрымбетова 

Меруерт,  «Белсенді  жұп»  номинациясымен  8  «б»  сынып  оқушысы 

Орынбек Бауыржан мен Асқар Ақалтын ие болды. І, ІІ, ІІІорын иеле­

ріне «Жастар  ресурстық  орталығының» бағалы сыйлықтары табыс 

етіл ді.  Орын    алған  жұптар    алдағы  уақытта  өтетін  аудандық  «Күз 

ханзадасы мен ханшайымы» байқауына қатысады.



Р.САҒЫНДЫҚОВ,

«Жастар ресурстық орталығы» КММ

Жалағаш аудандық бөлімінің аға кеңесшісі.

«СЫБДЫРЛА, СҰЛУ АЛТЫН КҮЗ»

   

Дүниені сары түске бөлеп, берекесін арқалап келген алтын 



күз  биыл  ауданымызға  да  мол  ырыс­несібесін  тарту  етті. 

Қамбасы  алтын  астыққа  толған  ауданымыздағы  молшылық 

мерекесі аудан мектептерінде де жалғасты. Осы күз мезгілінде 

жылда  дәстүрлі  түрде  табиғат­ана  мен  адамзат  баласы 

арасындағы  байланысты  арттыру,  табиғатты  аялау,  оның 

сұлулығын  бағалай  білуді  оқушыларға  ұғындыру  мақсатында 

өтетін  «Күзгі  бал»  Таң  ауылындағы  №118  мектепте  жоғары 

дәрежеде  ұйымдастырылды.  Алдымен  қазан  айының  27  күні 

2,3,4  сыныптар  аралығында  «Күз  ханшайымы­2015»  және 

«Күз  ханзадасы­2015»  кеші  өтті.  «Таныстыру»,  «Өз  өнерлерін 

көрсету»,  «Жұлдызды  сәт»,  «Сән  үлгісі»,  «Күз  сыйы»  секілді 

бес кезеңнен тұратын сайыстың нәтижесінде 2 сынып оқушысы 

К.Ердан  2015  жылдың  «Күз  ханшайымы»  атанды  және  осы 

сыныптың  өнерлі  оқушысы  Д.Қуандық    «Күз  ханзадасы» 

атағын  иеленіп,  бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.  Ал, 

5,6,7  сыныптар  аралығында  өткен  күзгі  бал  сайысында  бас 

жүлде 6 сынып оқушыларынан құралған «Берекелі күз» тобына 

бұйырса,  І  орынды  «Алтын  тұлпар»,  (5  а  сынып),  ІІ  орынды 

«Ару күз» (5 ә сынып), ІІІ орынды «Жайқалған жапырақтар» (7 

сынып) тобы иеленіп, мақтау қағаздары табыс етілді. Ал, 8,9,10 

сыныптар  аралығында  өткен  сайыста  «Күз  ханшайымы­2015» 

атағын 9 сынып оқушысы А.Әбдіғани иеленсе, І орынды «Күрең 

күз»  тобы  (8  сынып),  ІІ  орынды  «Көркем  күз»  (9  сынып)  жеңіп 

алса,  ІІІ  орынды  «Жауһар»  тобы  (10  сынып)  иеленіп,  бағалы 

сыйлықтар  мен  арнайы  мақтау  қағаздарымен  марапатталды. 

Кешке мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ө.Шүйішбаев, 

ауылдық  мәдениет  үйінің  көркемдік  жетекшісі  А.Есжанов, 

информатика  пәнінің  мұғалімі  Ә.Жүсіпова,  мектеп  психологы 

Б.Шыныбековалар  қазылық  етті.  Думанды  кешті  8  сынып 

оқушысы  Ж.Сахиева  және  9  сынып  оқушысы  Р.Назарқұлов 

жүргізді. 

Ән айтылып, би билеп, ақындар өлеңі оқылып, күзгі сән үлгісі­

нің сан түрі көрсетілген думанды кеш тағылымға толы болды. 

Меруерт МАЛБАҒАРОВА,

№118 мектептің тәлімгері.

“Күз ханзадасы мен ханшайымы-2015”



КӨҢІЛ АЙТУ

«Байтабын»  ЖШС  басқармасы  серіктестіктің 

өндіріс  бригадасының  бри га дирі  Берістемов 

Асылбекке  аға сы  Әмірбектің  қайтыс  болуына 

бай ланысты қайғысына ортақтасып көң іл айтады. 

***


Жалағаш  темір  жол  ұжымы  мен  Қызылорда 

су  шаруашылығының  ұжы мы  және  ардагерлер 

ұжымы  те мір  жол  ардагері  Байтынов  Мың байға 

жұбайы  Байтынова  Тынымкүлдің  қайтыс 

болуына  бай ла нысты  отбасы  мен  туған-туыс қан-

дарына қайғысына ортақта сып көң іл айтады.



***

Аудандық  жұмыспен  қамту,  әлеуметтік 

бағдарламалар  және  азаматтық  хал-актілерін 

тіркеу  бөлімінің  ұжымы  мен  кәсіподақ  ұйымы 

осы  мекеменің  әлеуметтік  қызметкері  Әбиева 

Индираның әкесі Әбдіжамалұлы Алтынбайдың 

қайтыс 

болуына 


байланысты 

қайғысына 

ортақтасып отбасына, туған-туысқандарына көңіл 

айтады.



жүктеу 38,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау