78. Реактивтілік, ұғым және түрлері.
Реактивтілік, ұғым және түрлері
Кейбір жұқпалардың індеттері кездерінде (мәселен тұмау) барлық адамдар бірдей ауыра бермейтіні көптен белгілі. Жұқпалы ауруларға қарсы екпелер жасағанда кейбір адамдарда жұқпалардың клиникалық көріністері байқалып, иммунитет дамыса, басқалары иммунитет дамуымен мүлде жауап қайтармайды. Қандай да болмасын ауру туындататын белгілі бір қоздырғышқа әр адам әртүрлі жауап қайтаратыны көне заманнан белгілі болған. Мәселен, Абу Али ибн Синаның, Парацельстің т.б еңбектерінде осындай ерекшеліктер туралы нұсқамалрды кездестіруге болады. Соған қарамай организмінің ректифтілігі туралы түсінік хх-ғ дың басында, аллрегия туралы түсінікті Пирке енгізгеннен кейін ғана пайда болды. Ауру туындатан ықпал әсер еткеннен кейін аурулардың пайда болуы немесе болмауы және оның өту түрі организм реактифтілігімен байланысты болады. Сондықтан реактифтілікті және оның даму жолдарын білу аурудың патогезін жете түсінуге, одан алдын ала сақтану мен емдеу жолдарын нәтижелі қолдануға мүмкіншілік береді.
Н.Н.Сиротинин: «организм реактивтілігі- қоршаған ортаның ықпалдарына организ белгілі жолмен жауап қайтару қасиеті деп анықталған.
«Реактивтілік-қоршаған ортаның әртүрлі, солардың ішінде ауру туындататын ықпалдарына тұтам организмнің және оның жекелеген жүйелерімен ағзаларының жауап қайтару қабілетін айтады. Организмнің төзімділігі (резистенттілік) ауру туындататын ықпалдарға организімнің тұрақтылығын айтады. Төзімділік пен реактвтілік өзара бір бірімен тығыз байланысты және екеуіде тірі организмнің негізгі қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Төзімділік спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады. Реактивтіліктің түрлері.Организмнің реак-і: Түрлік,топтық,даралық болып ажыратылады.Клиника жағдайларында даралық реактивтіліктің маңызы өте зор. Даралық р-к адамнын тектік ерекшеліктеріне, дене бітіміне, жүйкелік, эндокриндік, имундық жүйелерінің жағдайына, науқастың мекендеу ортасының ықпалдарына, қоректену ерекшеліктеріне, оның жасы мен жынысына байланысты. Даралық р-к: спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады олар өз алдына ф-ялық және дерттік болып бөлінеді.
79. Шок негізгі түрлері. Жарақаттық, геморрагиялық және анафилактикалық шок этиологиясы. Емдеудегі негізгі принциптері.
Шок
Шок – өте қыйын ауыр ахуал, экстремальдық факторлардың шамадан тыс әсерінен пайда болады және ағзаның өмір сүруінің үдемелі бұзылыстарымен сипатталады , нәтижесінде жүйке жүйесінің күшейе түскен қызметтік бұзылыстары , сонымен бірге эндокриндік, жүрек-тамырлық және басқа өмірге қажетті жүйедегі бұзылыстар. Егер шұғыл дәрігерлік шара жасалмаса, шок міндетті түрде өлімге әкеледі.
Этиологиясы. Шоктың ең жиі кездесетін себептері:
Әр түрлі зақымдар;
Көп қан жоғалту;
Сыйымсыз қан құю;
Ағзаға аллергеннің түсуі;
Жедел ишемия немесе жүрек , бүйрек , бауыр және т.б. ағзалардың некрозы.
Шок түрлері. Пайда болу себептеріне қарай шоктың келесі түрлері болады: тавмадан (жарақат), күйіктен, пространсфузиялық, аллергиялық (анафилакциялық), кардиогендік , токсикалық, психогендік (жанкүйерлік).
Шок патогенезі2сатыдан құралады:
Адаптациялық немесе компенсициялық күтпеген жоғары жарақаттаушы фактор әсер еткеннен кейін сол мезетте дамиды арнайы емес адаптациялық реакциялар активтелінеді:
Деадаптациялық немесе декомпенсация, егер адаптациялық процестер жеткіліксіз болған жағдайда олар дамиды және сипатталады:
-әлсіреу және ағза адаптациялық реакциясының күрт кетуі;
-нейроэндокриндік реттелу эффектісінің үдемелі төмендеуі;
- ағзалар мен жүйелерде өршіген жетіспеушіліктің даму.
Шок морфологиясы. Шок шақыратын зақымдар, күюлер, ісінулерден басқа , ағзада морфологиялық өзгерістер дамиды, олар бірқатар патологияның айқын түрлерімен сипатталады.
Тамыр ішінн жайылған қан қою (ТЖҚ) – синдромымен, онда микроциркуляция арнасының тамырлары ішінде, бірнінші кезекте бүйректерде , өкпеде, жүректе, бас миында және басқа ағзаларда капиллярлары мен венуллары фибринді тромбалармен жабылған. Соған орай кенет микроциркуляторлық қанайналым бүлінеді және жедел гиппоксия дамиды, сонымен бірге тез тамыр қабырғалары өткізгіштігі артады, сондықтан ағзаларда әсіресе бас миында және өкпелерде жедел ісіну дамиды.
«Шоктық бүйректер» дамиды – бүйректерде патологиялық өзгерістер, қанайналым бұзылысының компенсаторлық реакциясын көрсетеді және АҚ түседі. Осында рефлекс арқылы қан бүйрек қыртысынан милық затына ауыстырылады, бүйректер шумағының ЮГА жедел ишемия пайда болады, қанға ренин түседі, тағы да гипертензиялық заттар. Олар артериолдар жиырылуын шақырады және АҚ жоғарылайды, бұл гипоксия дәрежесін төмендетуге және жүрек пен бас миының функциясын қамтамасыз етуге қажет. Бүйректер бұнда арнайы көрініс алады, ақ-сары ишемияланған қыртыс және қараңғы-қызыл қанға толып кеткен милы зат. Бірақ, егер бүйрек қыртысы ишемиясы жеткілікті ұзаққа созылса, онда қыртысты некрозға ұшырайды, некроздық нефроз дамиды, уремия болады және осыда сырқаттар өледі.
«Шоктық өкпе» дамиды, бұл бірінші кезекте ТЖҚ синдромының өршуімен және өкпе капиллярларында фибриндік тромбалар жасалуымен байланысты, ол өкпелер тінінде- периваскулярлық қан төгіліс, ателектаз бен дистресс синдромы дамиды.
Гипоксиялық өзгерістердің дамуы, олар паренхимиялық ағзаларда майлы дистрофия шақырады, ол реконвалесценция (сауығу) кезеңінде дейін сақталады.
80. Ісіктер. Ісіктердің этиологиясы, түрлері, қатерлі ісіктердің қатерсіз ісіктерден айырмашылығы
Ісік (грекше blastoma) - тканьдердің патологиялық ұлғаюын айтады. Ісік өскіні клетканың шексіз ұлғаюынан, организмдегі басқа тканьдердің өсуімен үйлеспеуімен, соның салдарынан маңайындағы тканьдердің бүлінуге ұшырауымен сипатталады.
Ісік кез келген органдар мен тканьдердегі клеткаларда пайда болады. Ісік түсі ісік тканьдерінің түріне және тамырлардың даму дәрежесіне байланысты.
Сау тканьдерге қарағанда ісік тканьдерінде су, калий, холестерин көп, бірақ кальций мен темір аз болады.
Ісік клеткаларының организмдегі басқа клеткалардан өзгешелігі - жаңа, ерекше тұқым қуалайтын морфологиялық және функционалдық қасиетке ие болғандығында.
Қалыпты тканьдерден ісіктің өзгешелігі өз клеткасының формасы мен көлемі, тканьдердің құрылымы, химиялық құрамы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді, сондықтан мұны ткань атепиясы деп аталатын ұғымға біріктіреді. Ткань атепиясының дәрежесіне қарай ісікті : қатерлі және қатерсіз деп бөледі.
Қатерлі ісік - қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерсіз ісік - баяу өседі. Ол маңайындағы сау тканьдерді қыса және ығыстыра отырып өседі (экспансивтік өсу).
Ісік өскінінің екі формасы бар : экспансиялық және инфильтрациялық. Экспансиялық өскін - ісік маңайындағы тканьдерді ығыстырады. Олардың аралық шегі, кейде капсуласы айқын көрінеді, сондықтан оны сылып тастау оңай. Экспансиялық өскін қатерсіз жетілген ісікке айналады. Инфильтарциялық өскін - ісік ткань маңайындағы клеткалар аралығында ұлғайып, қан және лимфа тамырларының саңылауларына енеді де, қан мен лимфа арқылы организмнің көптеген учаскелеріне таралып, метастазға айналады, сөйтіп жүдетуге - кахексияға ұшыратады. Инфильтрациялық өскін катерлі ісікке душар етеді.
Ісіктің сырт көрінісі алуан түрлі. Олар дөңгелек, ұзынша, саңырауқұлақ тәріздес және ағаш тәріздес формада, ал беті тегіс, бұдырлы болуы мүмкін.
Кейде ісіктің диаметрі бірнеше сантиметрге және салмағы бірнеше килограммға дейін жеетеді.
Көп жағдайда ісік бір органда түйін түрінде (уницентрлік өскін) өседі, кейде ісік ошағы бірден бірнеше органдарда пайда болады (мультицентрлік өскін).
Ісік атауларын белгілегенде ісік тканіне "ома" жалғауын жалғайды. Мәселен, талшықты дәнекер ткань ісігі - фиброма, бұлшық еттікі - миома, майлы тканьдікі - липома, нерв тканьдері - нерврома, т.б. деп аталады.
Ісік түрлері:
Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік - қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады. Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаз берумен сипатталады. Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады, жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады. Қатерлі ісіктің қорытынды диагнозын гистологиялық тінді зерттеуден кейін патоморфолог қояды.
Қатерлі ісіктердің аталуы өзгеше болады. Мәселен, эпителий тканьдерінің қатерлі ісігі - рак (грекше carcinoma, латынша cancer), дәнекер тканьдерде - саркома деп аталады.
Рак ісіктері лимфогендік метастаздар береді. Рактің түріне қарай жіктеледі:
1. Жалпақ жасушалы түлеуші
2. Жалпақ жасушалы түлемеуші
3. безді
4. пигментті
5. базалиома
Жалпақ жасушалы түлеуші рагі (канкроид)
Жиі осы ісік тері мен кілегейлі қабықта кездеседі, өсуі баяу, (тамыр тәрізді, түсті қырық қабаққа үқсас) метастаздарды кем береді, түсі сұрғылт ақ. Ісікте қан құйылымдар мен гиперемия болуы мүмкін.
Жалпақ жасушалы түлемеуші рак
Жалпақ жасушалы түлемеуші рак лезде өсуімен және метастаз беруімен сипатталады.
Макроскопиялық осындай ісік ақшыл сұр түйін тәрізді, саусақпен басқанда ұгітіледі. Кілегейлі қабат рак кезінде қалыңдайды, қырындысы көп, борпылдақ, жағылтқыш.
Аденокарцинома немесе безді рак
Бұл ісік мүшелер эпителийінен өсіп шығады, өсуі баяу, метастаздар береді.
Микроскоппен қарағанда, ұлпа өскіні безді түтіктер тәрізді және дәнекер ұлпамен қоршалған. Түтіктер бағыты мен қалыңдығы алуан түрлі. Аденокарцинома жиі кілегей бөледі. Қасындағы қоршаған ұлпаға кіріп өседі.
Қатерсіз ісік - баяу өседі. Ол маңайындағы сау тканьдерді қыса және ығыстыра отырып өседі (экспансивтік өсу). Баяу өскенімен ол едәуір мөлшерге жетуі мүмкін. Қатерсіз ісіктен метастаздар мен рецидивтер болмайды. Ол кахексия тудырмайды. Алайда қатерсіз ісік те зақымдау дәрежесіне қарай организмге қолайсыз әсер етуі мүмкін.
Қатерсіз ісіктер жетілген эпителиалдық ұлпадан тұрады. Оған жататындар: папиллолар мен аденомалар.
Папиллома - эпителиалдық және дәнекер ұлпалардан тұратын қатерсіз ісік, жапқыш эпителийден құралған.
Папилломалар екі түрге бөлінеді:
1. қатты 2. жұмсақ
Қатты папилломалар теріде дамиды. Оларға жататындар - сүйелдер.
Жұмсақ папиломалар кілегейлі қабықтарды (қуық, қарын, жатыр, кенірдек) зақымдайды, олар полип тәрізді өседі.
Терінің қатты папилломасы (сүйел)
Микроскоптың кіші ұлғайтуымен қарағанда, өсіп кеткен эпителий тері тереңдігіне енген. Талшықты дәнекер ұлпада орналасқан эпителиалдық өскіндер көп қабатты жалпақ эпителийдан тұрады, беткейі оның мүйізделген және эпителиалдық жасушалармен жабылған. Дәнекер ұлпа алуан түрлі қан тамырлары бар еміздіктер құрайды. Папиллома дәнекер ұлпасы созылыңқы жасушалардан (фибробластар, лимфоидтық, сирек эпителиодтық жасушалар) тұрады.
Қатты папиллома
Микроскоптың орташа үлғайтуында, коллаген талшықтары мен оның будаларының орналасуы әр бағытта, кейбіреуі тамырдың маңында бір-бірімен байланыста, оның арасында фибробластар жиналып, кейбіреуі тамыр тамырды қоршаған. Қалыптағы дәнекер ұлпа талшықтарының параллелдік орналасуы байкалмайды.
Жұмсақ папиллома
Микроскоппен қарағанда, кілегей қабықты жұмсақ ісік өскіні түрінде көптеген папилломалар көрінеді. Папилломалар бір-бірден немесе түсті қырық қабақ тәрізді орналасады. Папилломалар орналасуы да әр түрлі, біреулері ілініп, біреулері түйін тәрізді, басқалары кілегей қабықпен тығыз байланыста болады. Жұмсақ папилломалардың себебі, бірде вирус болса, кейде ұлпа аномалиялары болуы мүмкін.
Ісік этиологиясы:
Ісіктің пайда болуына әр түрлі факторлар (биологиялық, химиялық, вирустар) әсер етуі мүмкін.
Ісіктің дамуына белгілі бір дәрежеде әсер ететін сыртқы орта факторларына қоректенуді (көмірсулар, холестерин, калий), мамандықтарды (кен, уран, кобальт өндірушілер, рентгенологтар), тұрмыстық жағдайларды ( өкпе рагы, шылым тарту, ультракүлгін сәулелер) жатқызуға болады.
Ісік өскіні организм ерекшелігіне де байланысты. Ісік көбінесе ересек жастағыларда, қарын және өкпе рагы - еркектерге, жыныс органдарының рагы - әйелдерде көбірек болады.
Ісіктің пайда болуына және өтуіне регуляторлық функцияның бұзылуы (нерв жүйесі мен эндокринді без) ықпал ететіндігі анықталды (16-сурет).
Ісік өскінінде тұқым қуалағыштықтың да әсері болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |